Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Оразаның парыз болу шарттары



Pdf көрінісі
бет185/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   309
Оразаның парыз болу шарттары
1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. 
Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен 
327
Бухари, Саум,11.


313
Ораза
жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек 
емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық 
күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) 
«Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйыл-
са, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, 
сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де»
328
.
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: 
Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас 
адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық 
болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам 
жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-
есі түзу болғанга дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін 
ұйқыда жатқан адамға
329
. Яғни, сана аса маңызды. 
Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа 
кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер 
балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат 
– балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен 
танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз 
емес. Ақылға орнына келсе, қазасы өтелмейді.
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: 
Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ 
ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа 
күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай 
дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса 
яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін»
330
. Кәрілік 
жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға 
ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі 
328
Әнфал, 8/38.
329
Бухари, Талақ, 11. Әбу Дәәуд, Худуд, 17.
330
Бақара, 2/184.


314
Ислам ғылымхалы
әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиуі ықтимал 
екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз 
емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар 
оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 
шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы 
саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған 
күндерінің қазасын өтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет