366
Ислам ғылымхалы
2,550 грамм алтын зекеті болып алынады. Бірақ 17 грамға
жетпейтін алтынға иелігіндегі басқа зекет малдарын,
мысалға, ақшаны қосқан жағдайда нисап көлеміне жетіп
жатса, зекет беріледі. Ал бұл мәселеде Имам Мұхаммед
пен Әбу Юсуптың пікіріне сүйенсек, 85 грамнан асқан
алтыннан 17 грамм мөлшеріне жетсін-жетпесін қырықта
бірі зекетке алынады.
Егер алтыннан жасалған заттар мен бұйымдары
нисап
көлеміне жетіп жатса, зекеті міндетті түрде
берілуі тиіс. Аталмыш заттардың зекетін екі түрде беруге
болады. Алтындай немесе басқа зекет малдарынан. Егер
алтындай берсе, бұйымның салмағы өлшеніп, қырық
та бірі беріледі. Ал басқа зекет малдарынан берілетін
болса, бұйымның салмағына қарай емес, бағасына қарай
беріледі.
Басқа кендермен араласқан таза емес қоспа алтынның
(мағшушун) зекеті жайында Ислам ғұламаларының әр
түрлі пікірлері бар. Ханафи мәзһабында алтынның көлемі
басқа кендерден басым немесе тең болса, барлығы алтын
деп есептеліп, соған қарай зекеті беріледі. Ал, Шафиғи
мәзһабында басқа кендерден тыс таза алтынның салмағы
нисап мөлшеріне жетпей зекет алынбайды.
Күмістің зекеті
Күмістің нисап мөлшері – 200 дирһам, яғни, 595
грамм. Кімде-кімнің 595 грамм күмісі болса, оның қырық
та бірін зекетке беруі – парыз.
Әбу Са’д әл-Худриден (р.а.) риуаят етілген хади-
сте Пайғамбарымыз (с.а.у.) күмістің нисап мөлшерін
былай деп білдірген:
«Бес уқийеден аз күмістен, бес
заудден аз түйеден, бес уасқтан аз егістік өнімдерінен
367
Зекет
зекет алынбайды»
391
.
Бес уқийе – 200 дирхамға тең. Ибн
Омар хазіреті Әлиге:
«Сахабалардан күміс нисабының
200 дирһам екендігіне қарсы шыққан пенде болмады»,
– деген.
Достарыңызбен бөлісу: