Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет239/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   309
Қажылық
4. Нәпіл тауабы
419
Мекке мұсылмандарының әрдайым жасап тұратын 
тауабы. Сырттан келгендерге де жасауға болады. Нәпіл 
тауап жасау, нәпіл намаз оқудан да абзал. Өйткені на-
мазды әр жерде оқуға болады. Ал, тауап Қағбада ғана 
жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың кереметтігін 
былай деп сүйіншілейді: 
«Кімде-кім Байтуллаһқа
420
 
тауап жасаса, анасынан жаңа туылғандай күнәларынан 
арылып, тазарады
421

5. Умра тауабы
Умраға барғанда жасалатын тауап. Бұл тауаптың 
алғашқы төрт айналымы – умраның парыздарынан, 
міндетті түрде жасалуы керек. Жасалмаса, умрасы дұрыс 
емес. Қалған үш айналым орындалмаса, арнайы жаза 
өтеледі (қажылықта істелетін кемшіліктер және олардың 
жазасы бөліміне қараңыз).
Тауаптың дұрыс орындалуының шарттары
1. Ниет.
Ниет – істелетін амалдың жүрекпен 
бекітіліп белгіленуі. Ниетті тілмен айту – мұстахап. 
Ниетсіз жасалған тауап дұрыс емес. Ниетте жасалайын 
деп жатқан тауаптың түрін белгілеу шарт емес. Жалпы 
ғибадат ниетімен тауап жасауды ниет етсе жеткілікті. 
Умра тауабы үшін былай ниет етіледі: 
«Аллаһумма 
инни уриду тауафа байтикал-харам, уа иассирһу ли 
уа тақаббалһу минни саб’ата ашуатин тауафа ‘умрати 
лилләһи Тағала а’зза уа жәлла»
Қазақша мағынасы: 
419
Парыз және уәжіп болмаған тауап.
420
Қағба.
421
Тирмизи, Хаж,41.


410
Ислам ғылымхалы
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Қағбаны жеті рет 
айналу арқылы умра тауабын жасауды ниет еттім. Оны 
маған жеңілдет және менен қабыл ал»
. Қажылық тауабы 
үшін «
тауафа ‘умрати
» деудің орнына «
тауафал-хаж
» 
делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет