Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау



Pdf көрінісі
бет240/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   309
2. Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау.
Адам 
тығыз болмаса да Мәсжидул-Харамның ішінде Қағба 
мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан 
алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул-
Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.
3. Жеті айналымның кем дегенде төртеуін 
жасау. 
Қалған үшеуін жасау уәжіп болғандықтан, жа-
салмай қалған жағдайда да тауабы дұрыс деп есептеледі. 
Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар. 
Бұл парыз және уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал 
сүннет және нәпіл тауаптарда қанша аз жасалса да жаза 
керек емес.
4. Парыз және уәжіп тауаптардың әрқайсысын 
арнайы белгіленген уақытында жасау.
Тауап уәжіптері
1. Тауап еткен уақытта әрқашан дәретті болу. Дәрет 
бұзылған жағдайда, тауап тоқтатылып, дәрет алынады. 
Сосын қалған айналымдар толықтырылып, тәмамдалады. 
Жүніп, хайыз және нифас күйінде тауап жасауға бол-
майды.


411
Қажылық
Әйелдер қажылық уақытында 
хайыз күндерін кешіктіру үшін дәрі 
қолдануларына бола ма?
Әйелдер хайыз күнінде Қағбаны тауап жасай 
алмайтындықтан, хайыз күндерін кешіктірулері үшін 
денсаулықтарына зияны тимейтін дәрі қолдануларына 
болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде кейбір 
әйелдер «а’рәк» деп аталатын су ішу арқылы хайыз 
күндерін белгілі бір уақыт кешіктіретін-ді. Қазіргі заман-
да әйел адамдардың денсаулыққа зияны тимейтін арнайы 
дәрілер арқылы қажылық уақытында хайыз күндерін 
кешіктірулеріне болады.
Қажылықтың үш парызының біреуі 
саналатын зиярат тауабының уақыты 
әйелдердің хайыз күндеріне тура келіп 
қалған жағдайда, бұл парызды қашан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет