Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет288/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Терминдерге түсінік
Азан:
Хабар беру, білдіру. Парыз намаз уақытын 
білдіретін арнайы сөздер.
Айн парыз:
Жалпы парыз. Әрбір мұсылманға 
тікелей жүктеліп, өтеуге борышты парыздар.
Ақиқа құрбаны:
Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен 
перзентіне (жаңа сәбиге) шүкір ретінде шалынатын 
құрбандық мал.
Ақырғы отырыс:
Соңғы рәкаттан кейінгі «әт-
тахият» дұғасы оқылатын отырыс.
Атау, нәзір:
Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне 
тікелей міндет жүктелмесе де бір істі жасауға шешім 
қабылдап, осындай бір істі өзіне уәжіп ету мен Аллаһқа 
уәде беруі.
Әмин:
Аллаһым, дұғамызды қабыл ет!
Әт-тахият: 
Намаз отырысында оқылатын дұға.
Әурет: 
Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер. 
Ер кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, әйелдер үшін 
бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы және тобыққа дейінгі 
екі аяғынан басқа барлық жерлері.
Әһли кітап: 
Аллаһтан кітап берілген еврей мен 
христиандар.
Балиғат шағы:
Қыз баланың 9-15, ер баланың 12-15 
жасқа келіп, кәмелетке толуы.
Бәни Һашим:
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туыстары 
болып саналатын Һашим ұрпақтары.


493
Ислам ғылымхалы
Ғайру мүәккад сүннет: 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
кейде жасап, кейде жасамаған сүннеттері. Намаздыгер 
мен құптанның алғашқы сүннеттері, т.б.
Ғамус анты: 
Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі 
жалған ант ету.
Ғиддәт: 
Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан 
кейін немесе күйеуі қайтыс болғаннан кейін күтетін 
белгілі уақыт.
Ғұсыл: 
Араб тілінде жуыну, шариғатта бүтін 
дененің арнайы түрде толық жуылуы.
Дәрет: 
Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру 
үшін және жеке басы да ғибадат саналатын арнайы та-
залану түрі.
Жам’у тахир:
Бірінші намаздың уақыты шыққаннан 
кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге 
қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намазда-
рын құптан уақытында Муздәлифәда бірге қосып оқу 
– уәжіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет