Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет289/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   309
Жаназа намазы:
Өлген мұсылманға оқылатын 
намаз түрі.
Жәйіз:
Дінде рұқсат етілген жалпы іс-әрекеттер.
Жәмралар:
Минада бір-біріне жақын арақашықта 
орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тас. Бұл тіктеулі 
тастар: Кішкентей жәмра, Орта жәмра және Үлкен жәмра 
(Ақаба жәмра) деп аталады.
Жинаят: 
Қажылық немесе умра ғибадаттарындағы 
уәжіп амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті 
белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға 
кіген соң істелінуі харам тыйымдардың жасалуы.
Зиһар:
Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде 
әйелдерді талақ етудің бір жолы.


494
Ислам ғылымхалы
Зиярат тауабы: 
Қажылардың Арафаттан қайтқаннан 
кейін жасайтын тауабына зиярат тауабы немесе «ифада 
тауабы» делінеді. Бұл тауапты жасау – қажылықтың үш 
парызының бірі. Зиярат тауабындағы жеті айналымның 
төртеуі – парыз, үшеуі – уәжіп.
Ибраһим мақамы:
Қағбаны салу барысында 
Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен тас. Қажылықта осы 
тұста арнайы намаз оқылып, ерекше зиярат жасалады.
Иғтиқаф: 
Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау. 
Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі 
бір мезгіл сол жерде қалу.
Ижмағ: 
Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің 
үкімінде ортақ көзқарасы.
Изар: 
Қажылықта белден төмен қарай жабатын 
сүлгі немесе мата.
Изар:
Мәйітті орайтын кебіннің бірі.
Изтиба:
Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір 
ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, 
оң қолды иықпен бірге ашық тастау.
Истибра:
Кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей 
арылу.
Истинжа:
Қан, мәни, үлкен дәрет, кіші дәрет сияқты 
ластықтардан тазалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет