Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет67/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   309
Намаз
Бесін намазы
Бесін уақыты – күннің көктің ең жоғары тұсынан 
батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің 
көлеңкесі өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады. 
Бесіннің осы уақыты – алғашқы аср (намаздыгер) деп 
аталады. Бұл – Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед, Шафиғи, 
Малик және Ханбәлдің көзқарастары. Әбу Ханифа бо-
йынша, бесіннің уақыты барлық нәрсенің көлеңкесі, екі 
есе ұзарғанға дейін жалғасады. Осы кезде бесін намазы 
шығып, аср (намаздыгер) уақыты кіреді. Бұны – екінші 
аср деп атайды.
Фақиһтердің көпшілігінің дәлелі мына хадис: 
Жебірейіл (а.с.) Хазіреті Пайғамбарға намаздың уақытын 
үйреткен кезде, екінші күні барлық дененің көлеңкесі бір 
есе болғанға дейін намазын оқыған
129
. Әбу Ханифаның 
дәлелі болса, Хазіреті Пайғамбардың мына хадисі: 
«Бесін 
намазын салқын түскен сәтте оқыңдар. Өйткені, бесін 
уақытындағы ыстықтың дәрежесі, жаһаннамның 
ыстығын еске түсіреді»
130
. Араб түбегінде қатты ыстық 
болған уақыт – барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе болған 
кез. Сол себепті, бесінді жаздың салқын уақытында оқу 
– мұстахап.
Бесін намазы уақытының бастауына байланысты 
барлық мүштәһиттердің сүйенген дәлелі мына аят: 
«Күн 
батысқа ауғаннан, түн қараңғылығына дейін намаз 
оқы»
131
. Бесін намазының соңғы уақыты жайлы екі түрлі 
көзқарастан құтылу үшін бесін намазын алғашқы асыр-
129
Әбу Дәәуд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1;
130
Бухари, Мауақит, 9-10. Муслим, Масажид, 180-181.
131
Исра, 17/78.


124
Ислам ғылымхалы
дан бұрын оқу, ал аср (намаздыгер) намазын – екінші 
аср болғанша оқымаған абзал.
Аср (намаздыгер)
Аср уақыты – бесін уақытының шыққан сәтінен 
бастап, күннің батуына дейінгі мезгіл. Жоғарыда айтылған 
көзқарас бойынша, аср уақыты – мүштәһиттердің басым 
көпшілігі бойынша, барлық нәрсенің көлеңкесі бір 
есе, ал Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, екі есе 
болған сәттен басталып, күннің батқан уақытына дейін 
жалғасады.
Бұған мына хадис дәлел: 
«Күн батпай тұрып, аср 
намазының бір рәкатына үлгерген адам, аср намазына 
үлгереді»
132
.
Мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, аср на-
мазын күннің сарғаю уақытына дейін кешіктіру – мәкрүһ. 
Өйткені, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: 
«Бұл уақытта 
оқылатын намаз – мұнафықтардың (екі жүзді) намазы. 
Мұнафық отырып алып, күнді күтеді. Күн шайтанның 
екі мүйізінің арасына кірген (бата бастаған) кезде, 
апыл-ғұпыл аср намазын төрт бас оқып, Аллаһты өте 
аз еске алады»
133
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет