Намаз уақыты
Парыз намаздармен бірге қоса оқылатын сүннеттер,
үтір, тарауих және айт намаздары үшін уақыт шарт.
Парыз намаздар: бамдат (таң), бесін, намаздыгер (асыр),
ақшам (намазшам) және құптан намаздарынан тұрады.
Жұма намазы бесін намазының орнына өтеді. Уақыты
кірмей ешқандай намаз оқылмайды.
Уақытынан кейін оқылған намаз – намаздың қазасы.
Намаз парыз адамға намаздың уақыттарын білу аса
қажет. Оның уақыттары Кітап пен сүннетте берілген.
Олар мыналар:
126
Негізінде жалпы халықта жүйелі сүннет – «сүннет намаз»,
ерікті сүннет – «нәпіл намаз» деп айтылады.
127
ДИА. Ілімһал. т. 224-225-беттер.
122
Ислам ғылымхалы
Бамдат (таң) намазы
Екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі
мезгіл – бамдат намазының уақыты. Екінші таң – таңға
қарай шығыс көкжиегінің бозаруы. Бұл уақытпен бамдат
уақыты кіріп, құптан намазының уақыты шығады. Осы
сәттен бастап ораза ұстайтындар үшін ғибадат уақыты
басталады. Сол себепті бұны «шынайы шапақ» деп
атайды. Бұның алдында бірінші таң бар. Бұл – шығыс
көкжиегінің ортасында жоғарыға тікелей көтерілген,
екі жағы қараңғы бейне бір созылған сымдай жайылған
жарық. Бұл жарық аз уақыт ішінде жоғалып, орнын
қараңғылық басады. Осыдан кейін екінші таң атады. Осы
бірінші таңға, таң уақытының кіргенін көрсетпегендіктен
әрі жалған жарық болғаны үшін «жалған таң» деп ата-
лады. Бұл таң – түннің жалғасы. Бұл уақытта құптан
уақыты шықпайды да, таң намазы кірмейді де. Ораза
ұстайтындар осы уақытта ішіп-жеулеріне болады. Бұған
мына хадис дәлел:
Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай дейді:
« Таң (шапақ)
екеу. Біріншісі – бамдат намазын оқуға болмайтын,
бірақ ішіп-жеуге болатын жалған шапақ. Екіншісі –
ішіп-жеуді харам, таң намазын оқуды адал еткен таң
шапағы». «Таң намазының уақыты – екінші таңның ату-
ынан күннің шығуына дейінгі мезгіл»
128
. Күн шыққаннан
бастап, түскі уақытқа дейінгі мезгілде – ешқандай парыз
намаз міндеттелмеген аралық уақыт.
Бамдат намазын айнала көрініп жарық болған кезде
оқу – мұстахап.
128
Бухари, Мауақит, 27; Әбу Дәәуд, Салат, 2;
123
Достарыңызбен бөлісу: |