23
Ислам ғылымхалы
көрмеді. Пайғамбар ұрпағы үнемі қуғынға ұшырады.
Олардың бұларға
соншалықты қысым жасауының
басты себебі – қолдағы биліктен айрылып қалмау. Имам
Ағзам қашанда Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) ұрпағының
жанында болып, оларға қолдау көрсетіп отырды. Бұл
әділеттілікті жақтағандығы мен Пайғамбарымызға деген
зор сүйіспеншілікте
болғандығын көрсетеді
9
.
Әбу Ханифа екі ерекшелігі үшін ылғи да екі ди-
настиядан қорлық көріп өтті. Бірде Омияттардың
ең соңғы халифасы
Мәруан ибн Мұхаммедтің Ирак
әкімі Язид ибн Омар ибн Хубайра Әбу Ханифаның
сейіттерге жақтасқанын біліп, шақырып алып, әдейі
сынады. Қазылық жұмысын ұсынды. Ол қабылдамады.
Одан кейін мемлекеттегі әр түрлі лауазымды орындарға
шақырды. Имам Ағзам бұлардың ешқайсысын қабыл
етпеді. Ибн Хубайра Әбу Ханифаны қапасқа қамап, жапа
шектірді. Ауыр азаптан басы жарылып, күп болып ісіп
кетті. Қанша дүре соқса да, бас тартып тұрып алды.
Көзінен жас шықпады. Кейін анасының баласына жаны
ашып, қамыққанын естігенде, анасын аяп жылады. Нағыз
қуатты да қайратты адам осындай болар. Өзі үшін қандай
қиындықтың бәріне шыдап, бірақ өзгенің өзегін жалын
шарпығанда шыдай алмай көз жасына ерік берген.
9
Пайғамбарымыз: «Мен сендерге екі нәрсе қалдырамын: «Бірі
– Құран, бірі – Сүннетім», басқа хадисте: Бірі – Құран, бірі
– менің ұрпағым», – дейді. Өйткені, хазіреті Әлиден тараған
ұрпағы (әһли бәйт) қияметке дейін Пайғамбарымыздың дінін
жандандыруға,
адамзаттың иманды болуын қалап, мәңгілік
бақыттылық
мекеніне қол жеткізіп, Ұлы Жаратушысына
қауышуларына себепкер
болуды өмірінің негізі санап,
өзгелердің бақыты үшін күресе келген қаһарман жандар.