Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет10/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   309
Ислам ғылымхалы
– Сен мені мазақ еткің келе ме? – деді.
– Жоқ, мазақ еткені несі. Сенбесеңіз, біреуді 
шақырып бағасын сұраңыз, – деді. Әйел жөн білетін 
біреуді шақырып, матаның қанша тұратынын сұрап білді. 
Сөйтіп, Әбу Ханифа матаны жүз емес бес жүзге сатып 
алды.
Ол дүниені ойлап, өзгелердің аңғалдығын пайда-
ланбайтын. Өз пайдасын қалай қорғаса, өзгелердікін де 
солай қорғаштайтын. Кедейлерге мейлінше көмектесуге 
тырысты.
Әбу Ханифа харамнан барынша сақ еді. Егер бір 
нәрседен шүбәланса, заттарын дереу садақаға таратып 
жіберетін. Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға 
заттарын тапсырып, сатуға жіберді. Заттарының ара-
сында бір киімде ақау бар екенін ескертіп, осы киімді 
сатқанда, кем жерін айт деді. Серіктесі киімдерді сатуын 
сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені мүлдем ұмытып 
кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмаған. 
Кейін осы мәселені Әбу Ханифа білгенде, сол заттардан 
түскен барлық қаржыны садақа ғып таратты.
Сондықтан дәулетінде береке бар еді. Ғалымдардың 
тұрмыс жағдайларына көп көмектесті. Жылдың 
соңында табысынан артылған ақшаларды ілім жолында 
жүргендерге таратып: «Мына қаражатты керекті жерге 
жұмсаңдар. Бірақ Аллаһ Тағалаға шүкір етіңдер, өйткені, 
бұл дәулет менікі емес, Аллаһтың рақым етіп, менің 
қолым арқылы сендерге жіберген несібесі»
8
– дейтін.
Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Омияттар зама-
нында, 18 жылын Аббаситтер дәуірінде өткізді. Бұл 
екі династия Пайғамбарымыздың ұрпақтарын жақсы 
8
а.а.е.


23
Ислам ғылымхалы
көрмеді. Пайғамбар ұрпағы үнемі қуғынға ұшырады. 
Олардың бұларға соншалықты қысым жасауының 
басты себебі – қолдағы биліктен айрылып қалмау. Имам 
Ағзам қашанда Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) ұрпағының 
жанында болып, оларға қолдау көрсетіп отырды. Бұл 
әділеттілікті жақтағандығы мен Пайғамбарымызға деген 
зор сүйіспеншілікте болғандығын көрсетеді
9
.
Әбу Ханифа екі ерекшелігі үшін ылғи да екі ди-
настиядан қорлық көріп өтті. Бірде Омияттардың 
ең соңғы халифасы Мәруан ибн Мұхаммедтің Ирак 
әкімі Язид ибн Омар ибн Хубайра Әбу Ханифаның 
сейіттерге жақтасқанын біліп, шақырып алып, әдейі 
сынады. Қазылық жұмысын ұсынды. Ол қабылдамады. 
Одан кейін мемлекеттегі әр түрлі лауазымды орындарға 
шақырды. Имам Ағзам бұлардың ешқайсысын қабыл 
етпеді. Ибн Хубайра Әбу Ханифаны қапасқа қамап, жапа 
шектірді. Ауыр азаптан басы жарылып, күп болып ісіп 
кетті. Қанша дүре соқса да, бас тартып тұрып алды. 
Көзінен жас шықпады. Кейін анасының баласына жаны 
ашып, қамыққанын естігенде, анасын аяп жылады. Нағыз 
қуатты да қайратты адам осындай болар. Өзі үшін қандай 
қиындықтың бәріне шыдап, бірақ өзгенің өзегін жалын 
шарпығанда шыдай алмай көз жасына ерік берген. 
9
Пайғамбарымыз: «Мен сендерге екі нәрсе қалдырамын: «Бірі 
– Құран, бірі – Сүннетім», басқа хадисте: Бірі – Құран, бірі 
– менің ұрпағым», – дейді. Өйткені, хазіреті Әлиден тараған 
ұрпағы (әһли бәйт) қияметке дейін Пайғамбарымыздың дінін 
жандандыруға, адамзаттың иманды болуын қалап, мәңгілік 
бақыттылық мекеніне қол жеткізіп, Ұлы Жаратушысына 
қауышуларына себепкер болуды өмірінің негізі санап
өзгелердің бақыты үшін күресе келген қаһарман жандар.


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет