Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет146/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   309
орайды»
282
– деп жердің шар тәріздес екендігін анық 
білдіреді.
Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыр-
тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. 
Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн 
үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің 
тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы – Жер 
шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге 
асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы 
Жердің шар тәріздес екендігін білдіруде. «Назиғат» 
сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау 
екендігін: 
﴾اَها َحَد َكِلَذ َدْعَب َضْرَ ْلأاَو﴿
 «Содан кейін жерді 
түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді»
283
– 
деп айқын білдіреді.
Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің 
домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви-
зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны 
тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы 
282
Зумар сүресі/5
283
Бұл аяттағы «
اَها َحَد
», «дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген 
мағыналары да бар.


249
Намаз
болғандығынан туындады. Батыста Жердің домалақ 
екендігін әрі өз өсін және күнді айналатындығын атақты 
ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас 
шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады. 
Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние 
салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл 
еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде ты-йым 
салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.
Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали-
лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және 
күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда 
инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып, 
сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Га-
лилей сот тарқағаннан кейін «Жер бәрібір айналыста» 
деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден 
кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Копер-
ник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты 
пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан 
аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айтысты. Міне, 
батыс әлемі жердің домалақтығын әрі өз өсін және 
күнді айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың 
өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам 
әлемі оны ғылыми тұрғыда оныншы ғасырларда-ақ анық 
дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті 
көптеген мұсылман ғалымдар оныншы ғасырға дейінгі 
өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға көз жіберіп, 
Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тарихи 
кітаптардың өзі куә. Жердің домалақтығын ғылыми 
тұрғыда әл-Бируни атты ғалым оныншы ғасырларда 
дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін 
әрі өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті 


250
Ислам ғылымхалы
жердің «тартылыс» күші жайында да сөз қозғаған. Әл-
Бируни Жердің «тартылыс» күшін кейіннен дәлелдеген 
Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі «тартылыс» 
күшін былай деп дәлелдеген: «Жер айналып тұрса, онда 
жер бетіндегі тау-тас, ағаш, жанды-жансыздар неге 
ғарыш кеңістігіне құлап кетпейді» деп сұралса, былай деп 
жауап беремін: Бұл жағдай жердің айналуына қатысты 
жаңалығымызға қайшы емес. Өйткені, барлық нәрсе 
жердің орталығына түсуде. Демек, жердің орталығында 
тартылыс бар. Міне, жердегі осы «тартылыс» күші жер 
бетіндегі барлық нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне 
кедергі жасауда.»
284


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет