Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Аят, хадистерден тыс басқа себептер



Pdf көрінісі
бет17/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   309
Аят, хадистерден тыс басқа себептер
1. Үкімдерде әдет-ғұрыптың әсері.
2. Сахаба пәтуаларының негізге алынып-
алынбауына байланысты.
3. Пәтуа шығару тәсілдерінің, ережелерінің әр 
қилы болуы.
Жоғарыда мәзһабтардың бір мәселеде әр түрлі 
көзқараста болуының негізгі себептерін қысқаша 
11
Хадисті ибн Омар риуаят етті. Бухари, Муслим.


33
Ислам ғылымхалы
талқыладық. Демек, дініміздегі тармақталған ішкі 
мәселелерде әр түрлі көзқарастардың тууы табиғи 
нәрсе. Тіпті, періштелерде де әр түрлі көзқарастар 
болған. Мысалы, Бұхари, Муслим тәрізді хадис 
кітаптарында білдірілгеніндей, рақым періштелері 
мен азап періштелерінің жүз кісіні өлтірген кісінің 
тәубесінің қабыл болып-болмауына байланысты та-
ласулары періштелердің де кейде түрлі көзқараста 
болатындықтарын білдіруде. Бухари мен Муслим сияқты 
үлкен хадис ғұламаларының өзі хадисті қабылдау шарт-
тарында әр түрлі көзқараста болған. Адам бар жерде әр 
түрлі көзқарастың болатыны заңдылық. Әр адам – жеке 
бір әлем. Оның ойлау қабілеті, түсіну дәрежесі – бәрі-
бәрі бөлек болмақ.
Сахабалардың да одан кейін келген табиғиндардың 
да арасында діннің кейбір мәселелерінде әр түрлі 
көзқарастар болмай тұрмайтын. Мысалы, олардың ара-
сында пайғамбарымыздың (с.а.у.) миғражқа рухымен бе, 
жоқ әлде, рухымен қоса тәнімен шыққандығы, ол жерде 
Аллаһ Тағаланы көріп-көрмеуіне байланысты әр түрлі 
көзқарастар бар болатын. Бірақ бұл әр түрлі көзқарастар 
олардың бірліктері мен ынтымақтарына зәредей де кері 
әсерін тигізбейтін. Кейінгі мәзһаб ғұламалары да бір-
бірін қатты сыйлаған. Мысалы, ханафи ғұламасы әл-Қади 
Әбу Усам Шафиғи ғалымы Қаффалдың мешітіне барады. 
Әбу Усамды көрген Қаффал муәззинге азанды ханафи 
мәзһабы бойынша оқылуын тапсырады. Әбу Усам намаз 
оқытады. Бірақ өзі ханафи мәзһабын ұстанатындығына 
да қарамастан «бисмиллаһты» шафиғи мәзһабы бойын-


34
Ислам ғылымхалы
ша жария оқыған
12
. Міне, ғұламалардың арасындағы әр 
түрлі көзқарас ұстануы мен мәзһаб ерекшелігі бір-біріне 
деген сый-құрмет, ықыластарына кері әсерін тигізбеген. 
Сондықтан біздер де ортақ мәселелерімізде бір-бірімізді 
қолдап, әр түрлі келіспейтін мәселерде бір-бірімізге кең 
түсінікпен қарай білуіміз қажет.
Бір мәселеге байланысты бір ғана хадисті оқып, 
асығыс шешім қабылдауға болмайды. Мен бұл жайлы 
сахих хадис оқығанмын, олай болса басқаша болуы 
мүмкін емес деп, мұсылмандар арасында бүлік шығару 
жөн емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оның оқыған 
хадисін ғұламалар әр түрлі түсінуі мүмкін. Екіншіден, 
пайғамбарымыздың (с.а.у.) ол мәселеге байланысты басқа 
да хадистері болуы мүмкін. Мысалы, жұма намазының 
сүннетіне байланысты хадисті алып көрелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет