Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Құлшылық Аллаһ Тағалаға емес



Pdf көрінісі
бет20/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   309
Құлшылық Аллаһ Тағалаға емес
өзімізге қажет
Ешқандай қайтарымын күтпестен шынайы жақсылық 
істеу – адамдыққа лайық ең асыл қасиет. Алайда, 
бұны түсіне бермейтіндер халдерінше жорамал жасап, 
ақиқаттан алыс тұжырымдар шығарып жатады. Тіпті 
кейбіреулердің: «Аллаһ Тағала өзін таныту мен сүйдіру 


38
Ислам ғылымхалы
үшін әлемді жаратып, бізге намаз оқуды бұйыруға 
сонша мұқтаж болатыны несі?» – дегендей қисынсыз 
сұрақтар қоятыны бар. Солар айналасына ойлана көз 
тастап, саналы түрде ден қойса, сансыз сұрақтарына 
жауап табары шүбәсіз. Әттең, таяз бойлап, қисық ойлап 
қор болады ғой...
Мәселен, күнді алайық: күні бойы жарқырап
адамдарға нұрын шашып тұрғаны үшін ақы сұрай ма? 
Немесе қара жер – адамдарды көтеріп тұрғаны үшін 
бір нәрсе талап ете ме? Қарапайым лимон ағашы С 
витаминіне бай лимондарды бізге тарту ете отырып, 
ақысына не сұрайды? Келтіре берсек, мұндай мысалдар 
жеткілікті...
Мінеки, осы жаратылыстар адамның еш нәрсесіне 
мұқтаж емес қой. Олай болса, он сегіз мың ғаламның 
Жаратушысы–Аллаһты біздің ғибадатымызға мұқтаж 
деуді ақылсыздық демеске амал кем.
Бір мейірімді дәрігер кедей халықты тегін емдесе: 
«Бұл дәрігердің бұлай істеуі неге керек болды екен? 
Оған сонша не қажет?» – деп ешкімнің сұрамасы анық. 
Өйткені дәрігер үшін оның еш қажеттілігі жоқ, тек өзінің 
мейірімділігінен, жанашырлығынан істеп отырғаны тайға 
таңба басқандай белгілі. Сол секілді бір дәрігер ауру 
адамға берген дәрілерін қоймай ішкізсе, әлгі аурудың 
«Осы дәрілерді маған ішкізбесе, бірдеңесі кете ме екен? 
Оған не үшін қажет?» – деуі де кішкентай баланың 
әңгімесі.
Сол сияқты Аллаһтың осынау әлемді біз үшін 
жаратуының, адамдарға ғибадат етуді бұйыруының 
түбінде де Оның орасан зор Рақымдылығы мен 
Мейірімділігі жатыр. Яғни, жоғарыдағы мысалдағыдай 


39


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет