494
Ислам ғылымхалы
Зиярат тауабы:
Қажылардың Арафаттан қайтқаннан
кейін жасайтын тауабына зиярат тауабы немесе «ифада
тауабы» делінеді. Бұл тауапты жасау – қажылықтың үш
парызының бірі. Зиярат тауабындағы жеті айналымның
төртеуі – парыз, үшеуі – уәжіп.
Ибраһим мақамы:
Қағбаны салу барысында
Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен тас. Қажылықта осы
тұста арнайы намаз оқылып, ерекше зиярат жасалады.
Иғтиқаф:
Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау.
Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі
бір мезгіл сол жерде қалу.
Ижмағ:
Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің
үкімінде ортақ көзқарасы.
Изар:
Қажылықта белден төмен қарай жабатын
сүлгі немесе мата.
Изар:
Мәйітті орайтын кебіннің бірі.
Изтиба:
Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір
ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап,
оң қолды иықпен бірге ашық тастау.
Истибра:
Кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей
арылу.
Истинжа:
Қан, мәни, үлкен дәрет, кіші дәрет сияқты
ластықтардан тазалану.
Достарыңызбен бөлісу: