Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет70/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   309
Ислам ғылымхалы
зын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер 
едім»
140
.
Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген 
адам түннің ақырына дейін кешіктіру – мұстахап. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 
«Түннің ақырына 
дейін ояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір на-
мазын түннің алғашқы уақытында оқысын
.
Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адам 
болса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі, түнгі намаз 
– періштелер қатысатын намаз.
Мәкрүһ уақыттар
Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар 
болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары 
да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз 
оқуға болмайды. Екіншісі – нәпіл намаз оқуға болмай-
тын, бірақ қаза намаз оқуға болатын уақыт.
Ешбір намаз оқылмайтын уақыттың өзі үшке 
бөлінеді:
Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге 
дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт.
Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте 
болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін 
созылады.
Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен 
бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта 
сол күннің тек намаздыгер намазын мәкрүһ түрде оқуға 
болады.
140
Тирмизи, Мәуақит, 10.


129
Намаз
Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазы да, жаназа 
намазы да оқылмайды. Бұл уақыттарда тиләуат сәждесі 
да жасалмайды. Тиләуат сәждесі жасай қалған қүнде де, 
оны кейіннен қайтадан өтеу тиіс. Нәпіл намаз оқылса, оны 
кейіннен өтеу тиіс емес. Ол – мәкрүһ ретінде іске асады. 
Бірақ кейіннен қазасын өтеу – абзал. Бұл уақытта намаз 
оқуға салынған тыйым – күнге табынғандарға ұқсамау 
үшін берілген. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн Амир 
әл-Жуһени (р.а.) былай дейді: 
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш 
уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге 
тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл 
тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және 
күн батуға бет алған уақытта»
141
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет