Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты



Pdf көрінісі
бет71/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   309
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен 
басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: 
«Бамдат намазынан бұрын және бамдат намазы кірген 
кезде, бамдат намазының екі рәкат сүннетінен басқа 
намаз жоқ»
142
– делінген.
Бамдат (таң) намазын оқығаннан кейін күн шыққанға 
дейін;
Намаздыгер намазын оқығаннан кейін күн батқанға 
дейін;
Ақшам намазының парызынан бұрын;
Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;
Айт намазынан кейін мешітте;
141
Муслим, Мусафирин, 293; Әбу Дәәуд, Жәнаиз, 51; Тирмизи, 
Жәнаиз, 41.
142
Ханбәл, II, 104.


130
Ислам ғылымхалы
Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың 
арасында;
Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;
Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда 
оқуға болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан 
тыс. Яғни, басқа сүннеттерден қарағанда бұл сүннет 
әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуға тиіс. Аллаһ 
Елшісі былай дейді:
«Бамдат (таң) намазының екі 
рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен 
артық»
143
– делінген.
Жұма күні имам мінберге шығып хұтба оқып, жұма 
намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды. 
Хадисте: 
«Жұма күні имам хұтба оқып жатқанда, 
мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш» 
дегенінің өзі қателік»
144
– делінген.
Намаздың бес уақыт болуының хикметтері
Намаздың бес уақыт болуында терең хикметтер бар. 
Мысалы, Бамдат намазы адамның өмірге жаңа туған сәби 
кезін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне, 
жаңа оянып сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем 
тыныштық бейбіт өмірге ишарат етеді. Сондай-ақ, 
бесін намазы адамның қырықтан асып, қынабынан 
шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шағына ұқсаса, 
намаздыгер уақытында Күннің батысқа бет алуы адам 
ғұмырының сексенге келіп, селкілдеп таяқ ұстап, қабір 
атты төртінші әлемге бет алып, өмір кітабының ақырғы 
тарауын тауысуға айналып бара жатқан кезеңін еске 
түсіріп, адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам 
143
Муслим, Мусафирин, 96-97.
144
Бухари, Жум, а, 36; Муслим, Жум, а, 12.


131
Намаз
намазы болса, адам баласының бұл ғұмырдан өтіп, бейне 
бір өз қабірінің басында тұрып, «Аллаһ үшін не істедің, 
артыңда қандай өлмейтұғын із қалдырдың?» деп өзін-өзі 
сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал құптан 
намазының қараңғылық қоюланып, тыныштыққа оранған 
мезгілі – беймәлім қабір әлемін еске түсіреді
145
.
Міне, осылай ойлаған әрбір мұсылман әрқашан Жа-
ратушы Жаппар Иеге іштей терең тағзым етіп, ақыретке 
қарай қадам басады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет