Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет86/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
Намазда жаңылысып яки ұмытып қалып қойған 
уәжіптер үшін сәһу сәждесін жасау – уәжіп.
Уәжіптердің әрқайсысын өз орнымен жасап
кешіктірмеу – уәжіп. Мысалы, қырағаттан кейін аз уақыт 
ойға шомып, одан кейін рукуғке бару секілді.
Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің көзқарасына 
қарай, намаздың рүкүндерде яғни ішкі парыздарында 
көңіл толарлықтай уақыт кідіру – уәжіп.
Намаздардан кейін сәлем беру – уәжіп. Яғни, оң 
мен сол жағына жүзін бұрып, «әс-Сәлам» (сіздерге 
сәлем) деу – уәжіп. «Алайкум уә рахматуллаһ (Аллаһтың 
рақымы сіздерге болсын) сөзі – сүннет. Ханафи мәзһабы 
фақиқтарының басым көпшілігінің көзқарасына қарай, оң 
жаққа «әс-Сәлам» деу арқылы намаз аяқталады. Кейбір 
көзқарас бойынша, сол жаққа сәлем беру – сүннет. Сол 
себепті алғаш сәлемін берген имамға кешіккен адамның 
ұюы дұрыс емес
192
.
Намаз сүннеттері
Сүннет – Аллаһ Елшісінің үнемі жасаған және 
ешқандай себепсіз тастамаған немесе кейде себепсіз 
жасамаған сөз бен іс-әрекеттері. Намазда «субханака» 
дұғасын оқу, т.б. іс-әрекеттер – сүннет. Сүннеттің орын-
далуында сауап бар. Жасалмаса жаза жоқ. Тек қана ай-
ыпталады.
Намаздың сүннеттері намаздың уәжіптерін 
толықтырып, адамды артық сауапқа кенелтеді. 
Сүннеттерді орындау, оны әрдайым жасап отыру – 
Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген шынайы махаббат.
192
Білмен, 128.


155
Намаз
1. Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан мен 
қамат оқу. Сол секілді жамағатпен оқылатын қаза на-
маздар үшін де азан, қамат – сүннет. Бірақ жамағатпен 
бірнеше қаза намазы оқылатын болса, тек қана бірінші 
намаздан бұрын азан шақырып, қалған намаздарда қамат 
айтылады. Өз үйінде жеке намаз оқитын адам үшін азан 
мен қамат – мұстахап. Жамағатпен оқылатын намаз үшін 
азан, қаматтың айтылмауы – мәкрүһ. Жұмаға қалада бола 
тұрып себепсіз қатыса алмаған жандарға бесін намазын 
оқыр алдында азан мен қамат қажет емес. Әйел заты 
үшін де азан мен қамат сүннет емес.
2. Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолдарын көтеру 
– сүннет. Ер кісілер қолдарының бас бармақтарын 
құлақтарының жұмсағының тұсына, әйелдер қолдарын 
иықтарына жететіндей кеуделеріне дейін көтеріп «Аллаһу 
әкбар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық 
күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы 
керек. Ханафилар бұл жайлы мынандай хадистерге 
сүйенеді: 
َرَّبَك اَذِإ َمَّلَسَو ِهْيَلَع َُّلا ىَّل َص ُّيِبَّنلا َناَك َلاَق ٍبِزاَع ِنْب ِءاَرَبْلا نَع
ِهْيَنُذُأ ْنِم اًبيِرَق ِهْيَماَهْبِإ ىَرَن ىَّت َح ِهْيَدَي َعَفَر
Бәра ибн А’зиб (р.а.) былай дейді: «
Аллаһ Елшісі 
тәкбір келтірген кезде қолдарын көтеретін. Сонда 
екі басбармағының екі құлағына жақын болғанын 
көретінбіз»
193

Әнәс ибн Мәликтен мына хидис риуаят етілді: 
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір 
айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының 
193
Сунануд-Дарәқутни, 3-том, 245-бет. Муснад Ахмад.


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет