Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


толық тазаланыңдар. Науқастанып қалсаңдар яки



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

толық тазаланыңдар. Науқастанып қалсаңдар яки 

сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге отырып 

келсе  яки  әйелге  жақындассаңдар,  сонда  су  таба 

алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғыңдар, онымен 

беті-қолдарыңды сипаңдар. Аллаһ сендерге салмақ 

түсіруді  қаламайды.  Бірақ  сендерді  тазартуды, 

сондай-ақ, шүкіршілік етулерің үшін сендерге нығмет, 

ырыс-берекесін толықтыруды қалайды»

147

. Хадисте: 

«Дәреттерің бұзылған кезде, қайта дәрет алмай, Аллаһ 

намаздарыңды қабыл етпейді», – деп ескертеді

148

. Басқа 

бір хадисте: «Аллаһ тазаланбай оқыған ешқандай на-

мазды қабыл етпейді» делінеді

149




2. Нәжістерден тазалану (Заттық 

тазалық)

Намаздан  бұрын  дене  мен  киімді  немесе  намаз 

оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет. 

Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Намазға кедергі жа-

сайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып 

екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса, 

төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан 

астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе 

намаз оқитын жерде болса, намазға кедергі жасайды. 

Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен 

аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.

3. Әуретін жабу

Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабы-

луы парыз ұятты мүшелер.

147


 Маида, 5/6.

148


 Бухари, Уду, 2.

149


 Бухари, Уду, 2.

134

Ислам ғылымхалы

Бұл  мүшелердің  намазда  немесе  намаздан  тыс 

жерлерде жабылуы – парыз. Ерлердің әурет жерлері: 

кіндігінен  тізелерінің  астына  дейінгі  жерлері.  Бұған 

Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  мына  хадисі  дәлел: 

«Еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің арасы», 

«Кіндіктің асты – тізеден түскенге дейінгі жерлер»

150


Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене. 

Хазіреті Пайғамбар былай дейді: «Әсма! Әйел балиғат 

жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа 

жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ Елшісі осы 

сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат 

еткен еді»

151


. Хазіреті Айшадан бізге жеткен бір хади-

сте: «Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының 



намазын орамалсыз қабыл етпейді»

152


 – деп айтылып, 

шашты жабу керектігіне меңзейді.

Намазда бір мүшенің төртен бірі еріксіз ашылып, 

«субханАллаһил-а'зим»  дейтіндей  уақыт  тұрса, 

намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте 

бұзылады.

4. Құбылаға бет бұру

Намазды құбылаға қарап оқу шарт. Мұсылмандардың 

құбыласы – Меккедегі Қағба. Тек қана салынған ғимарат 

емес, сонымен қатар, сол ғимараттың орналасқан жері де 

Қағба саналады. Мәдинаға көшпес бұрын мұсылмандар 

құбыласы Қудустағы Ақса Мешіті еді. Мәдинаға көшкен 

соң: «Жүзіңді Харам Мешіті жаққа бұр»

153


 аяты арқылы 

құбыла Меккедегі Қағбаға бұрылды.

150

 А.б.Ханбәл,II, 187.



151

 Әбу Дәәуд, Либас, 31.

152

 Ибн Мажә, Таһарат, 132.



153

 Бақара, 2/144.



135

Намаз

Қағбаны  көрген  адам  жүзін  тура  сол  Қағбаға 

қаратып оқиды. Егер одан алыс болса, тікелей Қағбаға 

емес, соның бағытына қарай жүзін бұрады. Намаздың 

мақсаты – жүрекпен Аллаһ Тағалаға берілу. Әлбетте, 

Аллаһ өлшем, бағыттан пәк. Бірақ жүректің көңілі жай 

болып, намазда күллі мұсылманның жүзін бұратын бір 

жер қажет. Сырттай жүзімізді Аллаһтың үйі – Қағбаға 

бұрғанымыздай, іштей де Аллаһ назар салатын жүрегіміз 

бен көңілімізді барлық нәрселерден аластап, тазалап, тек 

Аллаһқа бет бұруымыз керек

154


.

Қағбаның  қай  бағытта  болғанын  білмеген  адам 

құбыланы  білетін  адамдардан  сұрайды.  Мүмкіндік 

болмаған  жағдайда,  құбыланы  өз  иштиһадымен 

(түйсігінің итермелеуімен) табуы ләзім. Яғни, осы тұста 

болуы тиіс деп, айға, жұлдызға, т.б. қарап, намазын 

жобалаған жағына қарай оқуы тиіс. Бірақ намазын бітір-

ген соң оқыған жағы құбыла болмай шықса, намазын 

қайта оқудың қажеті жоқ. Құбыла жайлы күмән мейлі 

дала, мейлі қала, мейлі күндіз, мейлі түнде болсын бәрі-

бір. Мұндай адамға біреудің есігін қағып, құбыланы сұрап 

жатудың қажеті жоқ

155

. Құбыла жайлы қүмәнданған кісі 



жанында адам бола тұрып, одан сұрамай өз қөзқарасымен 

бір тарапқа қарай оқыса, сол оқыған жағы құбыла болып 

шықса,  намазын  қайта  оқу  тиіс  емес.  Бұрыс  шықса, 

қайта оқуына тура келеді. Көздері көрмейтін адам да 

осы секілді. Құбыла жайлы жөн білетін сенімді кісінің 

сөзіне қанағаттанбаса да, оған сену қажет. Себебі, хабар 

– зерттеуден әлдеқайда басым тұрады.

154


 ДИА, 231-бет.

155


 Білмен, 110.

136

Ислам ғылымхалы

Құбыла жайлы әр түрлі пікірдегі адамдар әрқайсысы 

білетін жағына қарай оқиды. Олар бір-біріне имам бола 

алмайды. Жабир ибн Абдуллаһ айтады: Бірде Аллаһ 

Елшісі бір топ адамды бір жаққа жіберді. Түнде аспан 

бұлт болған соң ешкім құбыланы біле алмады. Осыдан 

барып  әркім  өз  білген  жағына  қарай  намаз  оқыды. 

Біз мұны Аллаһ Елшісіне жеткіздік. Ләм-мим демеді. 

Бірақ көп өтпей-ақ мына аят түсті: «Шығыс та, батыс 

та  Аллаһтікі.  Сондықтан  жүздеріңді  қай  жаққа 

қаратсаңдар, Аллаһтың жүзі сол жақта»

156


.

Кеме немесе пойыз, ұшақтағы адам шамасы келіп, 

мүмкіндігі болып тұрса, құбылаға қарап оқиды. Егер 

кеме бұрылса, ол да құбыла жаққа қарай бұрылуы қажет. 

Бұрылу мүмкіндігі болмаса, алғаш тұрған жағына қарай 

оқиды. Егер тікелей құбылаға қарай оқитын мүмкіндік 

тумаса,  құбылаға  ең  жақын  бағытқа  қарай  оқиды. 

Құбылаға бұрыла алмаған науқас адамның да жағдайы 

осындай. Өйткені, міндеттің орындалуы атқарушының 

мүмкіндігіне қарай шектеледі. 

Мініс атта, автомобиль мен автобуста нәпіл намазы 

оқылғанымен, парыз намаздарын уақыттары өтпей басқа 

жерде оқуға мүмкіндік бар жағдайда, аталмыш жерлер-

де оқуға болмайды. Өйткені, намаздың парыздарынан 

болған қиям мен құбыла орындалмайды. Бірақ жері 

лайсаң намаз оқуға лайықсыз жерлерде ат, көліктерін 

тоқтатып,  соның  үстінде  құбылаға  бет  бұрып,  оқи 

алады.


Ханафи мәзһабында, екі намазды біріктіріп қосып 

оқу, тек қажылық мезгілінде Арафат пен Муздәлифәда 

ғана рұқсат етілген. Бұдан тыс жолаушылық секілді се-

156


 Бақара, 2/115.

137

Намаз

бептерге байланысты қосып оқи алмайды. Бірақ басқа 

мәзһабтарда  жолаушылықта  екі  намазды  қосып  оқу 

бар. Сол себепті, жолаушылықта ханафи адам шафиғи 

мәзһабы бойынша, ниет етіп, зәру жағдайларда, екі на-

мазды қосып оқуына болады.

Құбыла жақтан 45 шамадан (градус) артық оңға 

немесе  солға  бұрылу  –  құбыланың  шартын  бұзады. 

Намазда себепсіз көкірегін құбыладан бұру намазды 

бұзады. Егер тек жүзін бұрса, дереу құбылаға бұру керек. 

Мұндай жағдайда, намазы бұзылмайды. Бірақ харамға 

жақын мәкрүһ болады

157

.

5. Уақыт



Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске 

асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз 

сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт 

шарт. Уақыты кірмейінше, парыз намазын оқу іске аспай-

тыны сияқты, уақыты шыққан соң оқылған намаз да қаза 

деп есептеледі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз 



мұсылмандарға  арнайы  белгіленген  уақыттарда 

парыз етілді»

158

, – дейді.

Бір  намаздың  ешқандай  себепсіз  белгіленген 

уақытынан кейін қаза етіп оқылуы – дұрыс емес және 

өте үлкен күнә. Бірақ бір адам ұмыту немесе ұйықтап 

қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі 

қажет. Кейбір ғалымдар себепсіз намазын қаза еткендер 

кейіннен қазасын өтерде алдымен тәубе ету керектігін 

айтады. Қаза намазға бес уақыт парыз намаз бен үтір 

намазы кіреді. Жұма мен айт, сүннет намаздары үшін 

157

 Білмен, 110.



158

 Ниса, 4/103.



138

Ислам ғылымхалы

қаза қажет емес

159

. Жұманы оқи алмаған кісі сол күннің 



бесін намазын оқиды.

6. Ниет

Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Ниет – 

намазға кіруді қалау. Адам қандай намазға кіргісі келсе, 

сол намазды жүрекпен білуі шарт. Адам намазға кірерде 

қай намаз екеніне күмәнданса, намазы дұрыс болмайды. 

Қайта ниет ету қажет.

Ниет – жасалмақ іске жүрекпен иілу. Мұны тілмен 

айту шарт емес. Мүштәһид имамдардың бұл жайлы 

иттифақтары  (ауызбірлігі)  бар.  Ниет  –  ғибадатты 

жай істерден бөлек етіп көрсету. Ниет өте маңызды. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Іс-әрекеттер тек ниетке байла-

нысты», – дейді

160

. Сондықтан рияшылдықпен жасалған 



ғибадат – Аллаһ үшін емес, адамдар үшін жасалған нәрсе. 

Оған сауап жазылмауы былай тұрсын, күнәсін алады. 

Демек, ниеттің орны – жүрек. Тілмен айту – көбірек 

айтылған көзқарас бойынша, мұстахап. Сол себепті, 

жүрекпен ниет етумен қоса, «Мына уақыттың намазына 

ниет еттім» – деп тілмен айту абзал. Айтылмаса оқасы 

жоқ.

Парыз бен уәжіп намаздарға арнайы тағайындап 



білдіретін ниеттің болуы қажет. Парыздың қаза намаз-

дары да солай. Бірақ нәпіл намаздарға жеке атын атап 

ниет етумен қатар, жалпы ниет те жетіп жатыр.

Бір  адам  жамағатпен  намаз  оқылып  жатқан  бір 

топқа үлгерсе, бірақ бұл намаздың парыз немесе тарау-

их екенін біле алмаса, парызға ниет етеді. Жамағат ниет 

159

 ДИА, 223-224.



160

 Бухари, Бәду’л-уахи, 1.



139

Намаз

еткеніндей парыз намазын оқыса, намазы дұрыс. Егер 

тарауих болып шықса, оқыған намазы «нәпіл намаз» деп 

саналады. Тарауих намазын құптан намазынан бұрын 

оқуға болмайтындықтан, оқығаны тарауих намазы болып 

есептелмей, тек қана нәпіл намаз түрінде қалады.

Жамағатпен намаз оқылғанда имамға ұюға ниет 

ету қажет. Бірақ имамның имамдыққа ниет етуі шарт 

емес. Ал, жамағатқа әйелдер де қатысса, олардың намазы 

дұрыс болуы үшін, имам кісі оларға имам болуды ниет 

етуі керек

161


.

Ниеттің  ифтитах  (бастау,  ашу)  тәкбіріне  жақын 

болуы – абзал. Бірақ тәкбірден кейін ниет етсе дұрыс 

болмайды.



Ішкі парыздары

1. Ифтитах (бастау, ашу) тәкбірі

Ифтитах – бастау, жабық нәрсені ашу, ену деген 

мағынаға саяды. Әрі «тахрим тәкбірі» деп те аталады. 

Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда алынатын тәкбір. 

Яғни, тіке тұрып, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ 

қағу. Түрегеп тұра алмаған кісі отырып тәкбір айта алады. 

Имамның жамағат естуі үшін тәкбірді жариялап айтуы – 

мұстахап. Бұл жайлы аят: «Раббыңды ұлықта»

162

. Хадис: 



«Намаздың кілті – тазалық, тахримасы – тәкбір»

163


Басқа бір хадисте: «Дәретті толық алып, содан кейін 

161

 Зуһайли, II,611.



162

 Мүдәссір, 74/3.

163

 Тирмизи, Мауақит, 62.



140

Ислам ғылымхалы

құбылаға қарап, «Аллаһу әкбар» демейінше, Аллаһ ол 

пенденің намазын қабыл етпейді»

164

 – делінген.

Тәкбір ниеттен кейін алынып, имамның тәкбірінен 

кейін алынуы қажет-дүр.



2. Қиям (түрегеп тұру)

Қиям –тіп-тік түрегеп тұру деген мағынаға келеді. 

Намазда негізгі парыздардың бірі саналып, әр рәкатта 

Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұру. Құранда 

Аллаһ: «Аллаһқа бағынып, түрегеп тік тұрыңдар»

– дейді


165

. Бірақ аяқта тұрып намаз оқи алмаса, отырып 

оқуына болады. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 

дейді: «(Намазды) түрегеп тік тұрып оқы. Егер оған 



күшің жетпесе, отырып оқы. Оған да күшің жетпесе, 

сүйеніп оқы»

166


.

Ифтитах тәкбірін алатындай күші жеткен адам тік 

тұрып, тәкбір алып, одан әрі отырып оқуына болады. 

Қысқасы,  науқас  адам  түрегеп  тұруға  күші  жетпесе 

отырып, отыра алмаса сүйеніп, болмаса жатып ишарат-

пен намаз оқи алады.

Нәпіл  намаздарды  тұрып  оқуға  күші  жете  тұра 

отырып оқуға болады. Бірақ, тұрып оқуға күші жетіп 

жатса, әрине тұрып оқығаны абзал.

Бұл  жерде  Хазіреті  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.) 

отырып намаз оқуынан мысал бере кетейік: Әбу Һурайра 

(р.а.) айтады: «Бір күні Аллаһ Елшісінің жанына бардым. 



Барсам, намазын отырып оқып жатыр екен. Намазды 

бітірген соң:

164


 Әбу Дәәуд, Салат, 144.

165


 Бақара, 2/138.

166


 Бухари, Таксир, 19.

141

Намаз

– Пайғамбарым! Сырқаттанып қалдыңыз ба? – деп 

сұрадым.

– Жоқ, аштық! Әбу Һурайра, – деді.

Мен  шыдай  алмай,  жылап  жібердім.  Менің 

жылағанымды көріп:

–  «Жылама, Әбу Һурайра! Бұл дүниеде аштық 

азабын  тартқан,  арғы  жақта  Аллаһтың  азабын 

тартпайды»

167

, – деп жұбатты.



3. Қырағат

Қырағат – оқу деген сөз. Бұл жерде «Құран оқу» 

мағынасын  білдіреді.  Намазда  оқылатын  аяттың  ең 

қысқасы Әбу Ханифа бойынша үш аят немесе осы үш 

аяттың көлеміндей бір яки екі аят. Қырағаттың парыз 

болуы. Аят: «Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар»

168



Хадис:  «Қырағатсыз  намаз  жоқ»



169

.  Екі  мейлі  төрт 

рәкат намаз болсын, оның тек екі рәкатында қырағат – 

парыз. Бірақ сол қырағатты алғашқы екі рәкатында оқу 

– уәжіп. Нәпіл мен үтір намаздарына келсек, олардың 

барлық рәкаттарында қырағат –парыз. «Фатиха» сүресін 

оқу  уәжіп.  Сондықтан  «Фатиха»  оқылмаса,  намаз 

«тахрим мәкрүһ»

170

 ретінде дұрыс. Намазда «Фатиха-



ны» оқуды ұмытқан жағдайда қателік (сәһу) сәждесін 

жасау керек. Намаздың негізгі тіректерін құраған қиям, 

рүкүғ сәжде секілді парыздарға қарағанда, қырағат – 

намаздың артық парызы. Сондықтан қиям, рүкүғ сәжде 

және соңғы отырыс мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз 

167


 Кәнзу,л-Уммал, 7/199.

168


 Мүзәмміл, 73/20.

169


 Муслим, Салат, 42.

170


 Харамға жақын мәкрүһ.

142

Ислам ғылымхалы

оқығанда тәрк етілмейді де, қырағат имамға ұйыған 

адамға міндеттелмейді. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): 

«Имам – оған ұю үшін тағайындалып қойылған. Имам 

тәкбір айтқанда, сендер де айтыңдар, Құран оқыған 

уақытта, үнсіз болыңдар»,

171


 – дейді.

Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы 

бойынша, қырағаттың тек арабша мәтіні болу керек. 

Құранды басқа бір тілге аударып оқу – дұрыс емес. 

Әбу Ханифа Құранды басқа бір тілге аударып оқуға 

болады деп иштиһад етсе де, кейіннен бұл көзқарасынан 

қайтқан.

Қырағатты намазда іштен оқыса, қырағат санал-

майды. Сол себепті, оны адамның өзі еститіндей немесе 

тілі әріптерді ақырын шығарып қимылдау керек. Бірақ 

жанындағылар еститіндей оқып, олардың көңілін бұзбау 

қажет


172

.

* * *



Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана 

араб тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде 

орындаса жеңіл болмас па еді?

Намазда мұсылмандардың Құран Кәрімнен сүрелер 

оқуға міндеттілігі бәрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз 

тілдеріне, жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед 

(с.а.у.) пайғамбар заманынан бұлжымай, заңдасқан бұл 

қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?

Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде 

құлшылығын орындау – әрі жеңіл, әрі орынды көрінері 

171

 Бухари, Таксир, 19; Әбу Дәәуд, Салат, 68, 175.



172

 ДИА, 144.



143

Намаз

рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарастырар болсақ, 

кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық.

Ең  алдымен  тілек-дұға  мен  намаздың  ара  жігін 

ажыратып алған жөн. Намаздан тыс жасалатын тілектер 

мен дұғаларда мұсылман кісіге ішкі тілегі мен мұң-

мұқтажын  қай  тілде  айтып  жеткізем  десе  де,  бұған 

тыйым салынбаған.

Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы жеке 

мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа 

тән құлшылық болғандықтан, намазға қосылатын басқа 

да мұсылмандардың қажет тілектерімен санасу керек. 

Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс. Бірақ жалғыз 

оқуға да рұқсат етілген.

Егер Ислам діні қандай да бір белгілі бір аймақтың яки 

белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол 

аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолданылар еді. Алайда, 

төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін түсінбейтін қаншама 

ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік ерекшеліктері мен 

қасиеттері болмақ.

Айталық, қытайша білмейтін қазақ Қытайға барса, 

көшеден шыққан қытайша дауыстар естісе де оны түсіне 

алмай, соның кесірінен азанның оқылғанынан бейхабар 

жұма намазын қазаға ұшыратып алуы мүмкін. (Қытайдағы 

мешіттер мұнараларымен ерекшеленбейді). Сондай-ақ, 

Қазақстанға келген басқа ұлттар да мұсылмандардың өз 

тілінде орындап жатқан ғибадаттарынан ештеңе ұқпасы 

анық. Олай болса, мұндай жалпы әлемдік діннің өзіндік 

ортақ жақтары, ортақ тұстары болу заңды. Бұл тұста 

азан мен қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса 

мәлім.


144

Ислам ғылымхалы

Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге 

болады. Айталық, Біріккен Ұлттар Ұйымында да әрбір 

мүше  мемлекет  өзара  белгіленген  ортақ  тілде  ғана 

сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайда-

сы көзделмейді.

Мәселенің  тағы  бір  жағы,  қандай  да  бір 

аударманың  ешқашандай  түпнұсқаны  толық  қамти 

алмайтындығында

173


.  Құран аяттарының әрбір сөзінің 

бірнеше  мағынасы  бар.  Аудармада  тек  біреуі  ғана 

беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің 

де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы 

әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы 

мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір 

мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен 

сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан 

да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан кейбір сөздің 

«сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баянда-

лайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны 

аудармада беру мүлдем мүмкін емес. 

Ең  бастысы,  Құран  сөздерінің  оқыған  адамды 

жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет 

оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін 

оқығанда  адам  түсінбесе  де  ерекше  рухани  ләззат 

алады. Өйткені, Аллаһ Тағала Құран сөздеріне осындай 

ерекшелік берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін 

күнделікті  әр  намазымыздың  барлық  рәкаттарында 

оқысақ та жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне 

ғана тән әуені мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне 

ағыла құйылып ерекше әсер етуі тағы бар.  

173

 Мустафа  Зарқа,  Фәтәәуа,  106-бет.  «Дарул-қалам»  баспасы, 



Димашқ. 2001 ж.

145

Намаз

Оқылған  Құранның  әрбір  сөзіне,  тіпті  әрбір 

әрпіне  сауап  жазылатындығы  көптеген  хадистер-

де білдірілген. Ал кез-келген аударма Құранның дәл 

өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу 

ерекшелігі де жоғалады.

Тағы  бір  баса  айта  кететін  жайт,  ол  –  намазда 

қолданылатын сөздердің көп емес, аз екендігі. Алды-

мен азан мен қамат, артынша «Аллаһу әкбар», «Суб-

хана раббиял-’азим», «Субхана раббиял-а’ләә» секілді 

қысқа қайырымдармен қоса «Фатиха» сүресі мен бір-екі 

қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен де 

аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай жат-

талатын, мұсылмандардың көбіне ортақ қолданылатын 

сөздер. Намазға жаңа жығылған жас бала да бұлардың 

мағыналарын бір үйреніп алса өмірі ұмытпасы анық.

Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен 

сөздіктер  жаттап,  шет  тілін  үйренетіндер  мәңгілік 

үшін Аллаһ Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттауда: 

«Ғибадат-құлшылықтарымызға  Аллаһ  Тағала  емес, 

керісінше біз зәруміз» – деген шүбәсіз шындықты есте 

ұстаған абзал

174

.  


* * *

4. Рүкүғ

Рүкүғ – иілу деген сөз. Намаздың негізгі тіректерінен 

болған рүкүғ қолдарды тізеге қойып, төмен қарай иілу. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған ең жақсы рүкүғ – арқа 

мен бастың түп-түзу иілуі. Бұл – нағыз рүкүғ. Егер рүкүғ 

қиямға жақын шықса, дұрыс емес. Рүкүғтің парыз болуы: 

174

 М.Хамидуллаһ. Құран Кәрім тарихы.



146

Ислам ғылымхалы

«Ей, иман етушілер! Рүкүғ етіңдер»

175


. Әбу Хумайд 

атты бір сахаба: «Аллаһ Елшісінің рүкүғ еткен кезде 



қолдарын тізелерінің үстіне қойғанын көрдім. Арқасын 

да  түзу  ұстаған  еді»,  –  деп,  Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) рүкүғін сипаттаған

176

. Рүкүғте бір сәт тұру, яғни 



«СубханАллаһи-а’зим» деп айтатындай уақыт тұру және 

қайта қиямға барып түзеліп, бір сәт тұрып, сәждеге бару 

– уәжіп. Бұлай істеуге тағдилул-әркан делінеді.

Имамға рүкүғте үлгерген адам түрегеп тұрып тәкбір 

алып, одан кейін рүкүғке бару керек. Бұл тәкбірді рүкүғке 

жақын алса, намазы бұзылады. Тәкбір алып, имамға 

рүкүғте үлгерген адам, сол рәкатты имаммен бірге оқыған 

саналады. Бірақ имам рүкүғте болған уақытта тәкбір 

алып, имам рүкүғтен тұрған уақытта, рүкүғке барған 

адам, ол рәкатқа үлгерген болып саналмайды. Артынан 

сол үлгере алмаған рәкатты имам сәлем бергеннен кейін 

түрегеліп жалғыз өзі оқиды. Имамға ұйыған адам имам-

нан бұрын рүкүғке барып, және имамнан бұрын рүкүғтен 

басын көтерсе, бұл рүкүғ жеткілікті емес. Осылай имам-

нан бұрын рүкүғке барған адам, имам рүкүғтен тұрмай 

тұрып, рүкүғті қайтадан жасамаса, намазы бұзылады.

Имамның рүкүғіне үлгерген адам екі тәкбір алуға 

мұқтаж  емес.  Қиямда  тұрып,  «Аллаһу  әкбар»  деп, 

намазға кіріп дереу рүкүғке сол тәкбірмен барады. Бұл 

– бір тәкбірмен әрі ифтитахты әрі рүкүғ тәкбірін жасау 

деген сөз

177


. Рүкүғте оқылатын тасбих:  

}مي ِظَعلا َيِّبَر َناحْب ُس{ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет