Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Дәретті бұзбайтын нәрселер



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Дәретті бұзбайтын нәрселер

1.  Адамның денесінің кез-келген жерінен шыққан 

қан, сары судың жайылмай шыққан орнында тұруы.

2.  Аузы толмай шыққан құсық.

3.  Қатқан қанның қанамай үгіліп түсуі

4.  Түкірік немесе сіңбірікке аз қан араласуы.

5.  Ауыз тола қақырық тастау.

6.  Мұрын,  құлақ,  болмаса  бір  жарадан  дене 

құртының түсуі.

7.  Тістелген жемісте не щеткада көрінген аққандығы 

білінбеген қан ізі.

8.  Кене, маса, сүліктің, т.б. тойғанша сорған қаны. 

Бірақ сүліктің сорып болғаннан кейін жалғаса аққан қан 

дәретті бұзады.

9.  Жақсылап мығым отыру немесе намазда аяқта, 

рүкүғте, сәждеде ұйықтау.

10. Намаздан тыс немесе жаназа намазында тұрып 

я болмаса тиләуәт сәждесінде дауыстап күлу.

11. Жылау дәретті бұзбайды.

12. Дауыссыз жай ғана жымию намазды да, дәретті 

де бұзбайды.


83

Тазалық

Дәретке кедергі жасамайтын нәрселер

1.  Адамның  денесінен  шыққан  терлер  мен 

тырнақтың кірлері.

2.  Бояушының қолындағы немесе тырнақтарындағы 

кетпей қалып қойған бояулар да дәретке кедергі жаса-

майды.


3.  Бір  адам  дәреті  бұзылғаннан  кейін  алып-

алмағанына күмәнданса, дәреті жоқ болып саналады. Ал, 

керісінше дәрет алғаннан кейін бұзылып-бұзылмағанына 

күмәнданса, дәреті бар деп саналады.

4.  Дәрет  кезінде  немесе  алып  болғаннан  кейін 

бір мүшенің жуып-жумағаны жайлы шүбәланса, қайта 

жуады. Егер мұндай екі ойлылық, уәсуәса жиі қайталанса, 

ондай кезде жудым деп, қанағат ету керек.



Үзірлі адамның дәреті

Денеде бір ақау болып, дәреттің жиі бұзылуына себеп 

болуы үзір деп саналады. Мысалы, мұрынның, тістің 

жиі-жиі қанауы, кіші дәреттің ағуы, әйел адамдардың 

хайыздан басқа құрсақ тамырының бұзылуынан пайда 

болған қан, т.б.

Мұндай адам әр парыз намазы үшін дәрет алады. 

Оған төмендегі хадис дәлел: «Үзір қанын көрген әйел, 



әрбір намазы үшін дәрет алады»

83

. Осылай бір намаз 

уақыт ішінде дәрет алған адам келесі намаз уақыты 

кіргенге дейін парыз, нәпіл, жаназа, қаза, айт намазда-

рын оқи алады. Сонымен қатар Құранды да ұстай алады. 

Осы үзірден тыс дәрет бұзылса, ол басқа мәселе.

83

  Зәйлаи, 1, 204.



84

Ислам ғылымхалы

Үзірлі адам таң намазы үшін сол уақытта дәрет алса, 

дәреті уақыттың шығуына дейін, яғни күн шыққанға дейін 

жалғасады. Бірақ адамның үзірі тоқтаған кезде дәрет 

алып, үзірі қайталанбай дәретті бұзатын басқа бір жағдай 

болмай тұрып, уақыт шықса, мұндай жағдайда намаз 

уақытының шығуымен алған дәреті бұзылмайды.

Бірақ бір үзірлі кісі күн шыққаннан кейін алған 

дәретпен бесін намазының уақыты шыққанға дейін дәретті 

бұзатын басқа бір жағдай болмайынша, қалағанынша 

намаз оқи алады. Өйткені, күн шыққаннан кейінгі уақыт 

пен бесін намазына дейінгі аралықтағы уақыт – екі парыз 

намазының арасы емес. Үзірлі адамның киіміне үзірден 

шыққан қан, ірің, т.б. намазына кедергі жасамайды. 

Ислам – жеңілдік діні.

Мәсіге мәсіх тарту

Дәрет алған адам егер аяғында мәсісі болса, аяқты 

жуудың орнына мәсісін мәсіх етеді. Мәсіх – аяқтың 

ұшынан жоғары қарай су қолымен сүрту. Мәсіге мәсіх ету 

мәселесі бізге Пайғамбарымыздан жеткен. Хазіреті Әли 

(р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мәсісінің үстіне мәсіх 

тартқанын көргенін айтады

84

. Сафуан ибн Ассал (р.а.): 



«Аллаһ Елшісі бізге дәрет алып, мәсі киген кезімізде егер 

жолаушы болсақ үш күн, тұрғын болсақ бір күн бір түн 

бойы мәсіх тартуымызды және мейлі кіші, мейлі үлкен 

дәрет үшін оны шешудің қажеті жоқ екенін, тек жүніп 

болған кезде ғана  шешуімізді әмір етті»

85

, – деген.

Мәсіге мәсіх тартудың парыз болған мөлшері – әр 

аяқтың алдыңғы жағындағы мәсінің үстіне қолдың үш 

84

  Әбу Дәәуд, Таһарат, 63.



85

  Тирмизи, Дәауат, 98.



85

Тазалық

саусағының ені және ұзындығының өлшеміндей. Ал 

мәсіхті саусақтарын ашық ұстап, аяқ саусақтарынан 

жоғары қарай қонышына дейін тарту – сүннет. Муғира 

ибн Шуғбә (р.а.): «Аллаһ Елшісі мәсіге мәсіх етті. Оң 

қолын – оң мәсісінің үстіне, сол қолын – сол мәсісінің 

үстіне қойып, жоғары қарай бір рет мәсіх тартты»

86

Сонымен қатар, мәсіге су төгу, ылғал матамен сүрту 



және мәсінің еніне қарай яки қонышынан бастап сүртуге 

де болады. Бірақ бұл сүннетке томпақ нәрсе. Мәсінің 

табанына мәсіх етілмейді.

Мәсіге мәсіх тарту шарттары

1.   Мәсілер аяқ жуылғаннан кейін киілуі керек. 

Сахаба Муғира: «Аллаһ Елшісімен бірге болған кезімде 

ол дәрет алды. Сол кезде мен оның мәсілерін шешуге 

ыңғайланып едім: «Тимей-ақ қой, өйткені, мен оларды 

дәрет бар кезде кидім деді»

87

 – деп риуаят етті.

2.   Мәсілер аяқтың жуылуы парыз болған жерлерін 

жауып тұруы керек. Яғни, аяқты тобықтарымен бірге 

жауып тұруы ләзім.

3.   Аяққа киілген мәсі кем дегенде 5,5 км-ден артық 

жол жүруге шыдайтындай болуы керек.

4.   Мәсінің бүтін болуы шарт. Ханафи мәзһабында 

жеңілдік қағидасына сай аз жері ғана жыртылған тесік 

мәсіге мәсіх тартуға болады. Бірақ тесік аяқтың кіші 

саусағының өлшемімен үш саусақтан артық болмауы 

керек. Және бір мәсідегі жыртық жерлері бірігіп, кіші 

үш саусақтың көлеміндей болса, мәсіге мәсіх тартылмай-

86

  Әбу Дәәуд, Таһарат, 63; Ханбәл, 6, 247.



87

  Бухари, Уду’, 49.



86

Ислам ғылымхалы

ды. Бірақ екі мәсінің жыртығын қосып, үш саусақтың 

көлемінен асты деп үкім беруге болмайды.

5.   Мәсілердің өздігінен тұра алатындай болуы. 

Және  сырттағы  суды  дереу  ішке  тартып  алатындай 

болмауы  керек.  Шұлыққа  мәсіх  тартуға  болмайды. 

Бірақ шұлық қалың болып, онда жоғарыда айтылған 

ерекшеліктер  болса,  мәсі  ретінде  саналады.  Ханафи 

мәзһабы бұған рұқсат берген.

Мәсіге мәсіх тарту мезгіліне келсек, тұрғынға – бір 

күн, бір түн, яғни 24 сағат, ал жолаушыға – үш күн, үш 

түн. Мәсіхтің уақыты – мәсіні дәрет алып киген соң, 

алғаш рет дәрет бұзылған сәттен басталады. Яғни, мәсіні 

киген кезден бастап емес, дәрет бұзылғаннан басталады. 

Мәселен, таң ертең сағат жетіде дәрет алып, мәсіңізді 

кидіңіз делік. Содан сағат екіде дәретіңіз бұзылды. Міне 

осы сағат екіден сіздің жиырма төрт сағаттық мәсіхтік 

мерзіміңіздің уақыты басталады.



Мәсіхті бұзатын нәрселер

Дәретті  бұзатын  нәрселер  мәсіхті  де  бұзады. 

• 

Сондықтан әлі мезгілі толмаған мәсіге қайта дәрет 



алынғанда мәсіх тартады.

Жүніптік, хайыз, босану секілді ғұсылды қажет 

• 

ететін жағдайлар мәсіхті жарамсыз етеді.



Мәсіх тартылған мәсінің аяқтан шығуы. Бұл кезде 

• 

егер дәрет болса тек аяқтарды жуу жеткілікті. Егер 



бір аяқ шықса, екі аяқты да жуу қажет. Мәсінің 

қонышына  дейін  аяқтың  басым  көпшілігінің 

шығуы түгел шыққанмен тең.

Аяқтың  кіші  саусақ  өлшемімен  санағанда  үш 

• 

саусақ көлеміндей бір мәсінің жыртылуы.



87

Тазалық

Мәсі мезгілінің аяқталуы. Егер дәрет бар болса, 

• 

тек қана аяқтар жуылады. Бірақ қатты суық секілді 



зәру жағдайда аяқтардың үсу қаупі болса, мәсінің 

уақыты әрі қарай жалғасады

88

.

Орауыш, таңғыш сыртынан мәсіх тарту



Денеде бір мүше сынып немесе жараланғанда жуу 

оған зиянын тигізетін болса, дәрет пен ғұсыл алған кезде 

сол жараға оралған матаға жәй ғана бір рет мәсіх тар-

тылады. Егер бұл да зиянды болса, мәсіх тартылмайды. 

Бұл тұрғыда Хазіреті Әли: «Білегім сынған еді. Аллаһ 

Елшісінен сұрағанымда таңғыштың үстіне мәсіх тар-

туымды айтты», – дейді

89

. Басынан жараланған бір 



адамның ғұсыл алып соңынан өліп кеткенін естіген Аллаһ 

Елшісі (с.а.у.): «Тәйәммүм етіп, жарасын орағышпен 



байлағаннан кейін сол жерге мәсіх тартып, денесінің 

қалған жерлерін жууы оған жетер еді», – деген

90

.



Ислам діні адамға ауырлық жүктемейді. Сол себепті, 

зәрулік харамды халал етеді. Жараға су тисе, асқынып 

кететіндіктен, тек мәсіх тарту жеткілікті. Таңғыштың 

басым көпшілігіне бір рет мәсіх етіледі. Оның барлығына 

мәсіх тартып, тіпті қайта-қайта тартып жатудың қажеті 

жоқ.  Сол  сияқты  бір  орауышқа  мәсіх  тартылғаннан 

кейін, үстіне басқа бір мата таңылса да қайта тартудың 

қажеті жоқ. Жара жазылмай тұрып орауыш ашылса, 

мұндай жағдайда да мәсіх тарту ісі бұзылмайды. Жара 

жазылғанда мәсіх жарамсыз.

88

  Кәсани, 1, 12.



89

  Зәйлаи, Насбур, 1. 186.

90

  Зәйлаи, Насбур, 1. 187.



88

Ислам ғылымхалы

Орауышқа мәсіх тартып, дәрет алған адамның дәреті 

бұзылғанда мәсіх те бұзылады

91

.



Тәйәммүм алу

Тәйәммүм – су болмаған кезде немесе су бола тұрып 

пайдалана алмаған кезде таза топыраққа соққан қолдары 

арқылы жүзін және екі қолын шынтаққа дейін мәсіх 

ету.

Тәйәммүмнің алыну тәртібі төмендегідей:



Ғұсылы жоқ немесе дәреті болмаған адам екі қолын 

топырақ жынысына жататын (құм, шаң, т.б. сияқты) 

таза нәрсеге бір рет ұрып, жүзін мәсіх етеді. Осыдан 

кейін екі қолын топыраққа қайта ұрып, осымен екі қолын 

(сол алақанымен оң қолын, оң алақанымен сол қолын) 

шынтақтарына дейін мәсіх етеді. Тәйәммүм ниет пен екі 

мәсіхтен тұрады.

Тәйәммүм  һижреттің  алтыншы  жылында  Бәни 

Мұсталық ғазауатында Аллаһ Елшісі мен мың шақты 

Ислам әскері таң намазына су таба алмаған кезде мына 

аятпен  білдірілген:  «Егер  науқастанып  қалсаңдар 

яки  сапарда  болсаңдар,  не  болмаса  біреу  түзге 

отырып келсе яки әйелдеріңе жақындасып, су таба 

алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғып, беттеріңді, 

қолдарыңды сипаңдар»

92

.

Тәйәммүмнің себептері

Су  таба  алмаған  немесе  жеткілікті  су  болмаған 

кезде, судың жолында қауіп бар кезде, судың бір милден 

(1848м) алыста немесе судың қымбаттығынан я болмаса 

91

  Ибн Абидин, 1, 129.



92

  Ниса, 4/43.



89

Тазалық

сатып алар ақшасы болмаған жағдайларда тәйәммүм 

алынады. Бірақ егер су бар екенін ұмытып тәйәммүммен 

намаз оқып, біткеннен кейін есіне түссе, Имам Ағзам 

мен Имам Мұхаммед бойынша қаза етпейді. Бірақ на-

мазда есіне түссе, намазын бұзып, сумен қайта дәрет 

алып оқиды

93

.



Суды пайдалануға шамасы жетпеу. Қапаста қалу, 

жабайы аңдардан, ұрлықтан қорқу, т.б. себептермен суды 

пайдалана алмаған адам тәйәммүм алады.

Суды  пайдаланса,  ауруға  шалдығуынан  яки 

науқасының  қозатынынан  қорыққан  адам  тәйәммүм 

алады.


Судың  аса  қатты  суық  болуы.  Суды  пайдалану 

мүшеге  қатты  зиян  немесе  ауруға  шалдықтыратын 

жағдайда тәйәммүм алады.

Тәйәммүм сүннеттері

Тәйәммүмді Аллаһ атымен бастап, тазалануға ниет 

ету.

Екі қол саусақтарының арасын ашық ұстап, таза 



топыраққа ұрып, ары-бері қозғау.

Қолдарындағы артық шаңды қағып тастап, бетті 

мәсіх ету.

Қолдарын қайта топыраққа соғып, сосын саусақтарын 

қағып, сол алақанымен оң қолын, оң алақанымен сол 

қолын шынтақтарына дейін түгелдей мәсіх ету.

Алдымен жүзді, одан кейін қолдарды мәсіх ету. 

Бұларды жасаған кезде көп кідірмеу.

Тәйәммүмді намаз уақыты кіргеннен кейін жасау.

93

  Ибн Абидин, 1, 330.



90

Ислам ғылымхалы

Тәйәммүм шарттары

Ниет. Ниет тәйәммүмде парыз. Тәйәммүм алатын 

кісі қолын тәйәммүм соғылатын топыраққа қойған кезде, 

яки тәйәммүм ала бастағанда, намаз немесе басқа дәретсіз 

жасауға болмайтын ғибадатты іске асыру мақсатымен 

алу қажет. Мұндай ниеті болмаған кісі тәйәммүммен 

намаз оқи алмайды. Яғни, әр ғибадатқа арнайы ниет 

шарт


94

.

Тәйәммүмді қажет ететін үзір. Қалада тұрып судан 



бір  мил  (1848м)  қашықта  болу.  Ауру,  қауіпті  суық, 

дұшпан,  су  болмау  қаупі,  су  шығаратын  құралдың 

жоқтығы. Жаназа намазы немесе айт намазының өтуінен 

қорқу секілді себептерге байланысты тәйәммүм алуға 

болады.

Тәйәммүм  топырақ,  тас,  тозаң,  құм  секілді 



нәрселерден алынуы тиіс. Күл, алтын, отын, темір секілді 

нәрселермен іске аспайды.

Тәйәммүм ететін мүшелерді түгелдей мәсіх ету

Қолдарды топыраққа екі рет соғу. Бірінші жүзін 

екінші, екі қолын шынтақтарына дейін мәсіх ету.

Хайыз немесе нифастың бітуі.

Дененің мәсіх етуге кедергі жасайтын май секілді 

нәрселерден таза болуы.



Тәйәммүм уақыты

Намаз  уақыты  кірмей  тұрып  тәйәммүм  соғуға 

болады. Бірақ су табылып қалар деп үміт еткен адамның 

тәйәммүмді  кешіктіріп  алуы  –  мәндүп.  Ханафилер-

де уақыттың шығуынан қорыққанда, мына кездерде 

94

  Білмен, Омер Насухи. Бүйүк Ислам илмихали. Станбул. 1967. 



99.

91

Тазалық

тәйәммүм соғуға болады. Жүніп те болса, жаназа, не 

айт намазына үлгере алмаудан қорыққан адам тәйәммүм 

соғып, имамға ұйи алады. Өйткені, бұл екі намаздың 

қазасы жоқ. Ибн Аббас былай дейді: «Кенеттен жаназа 

намазын көріп, оны өткізіп алудан қорықсаң, тәйәммүм 

ал да, жаназа намазын оқы»

95

. «Кусуф» намазы да сол 



секілді.

Тәйәммүмді бұзатын нәрселер

Дәрет пен ғұсылды бұзатын нәрселер тәйәммүмді 

де бұзады. Өйткені, тәйәммүм – сол екеуінің уақытша 

өкілі. Бірақ жүніп адам тәйәммүм алғаннан кейін дәреті 

бұзылса, оның тек дәреті ғана бұзылады.

Тәйәммүм соғуды қажет еткен себептер жоғалғанда. 

Яғни, дұшпанның кетуі, науқастың айығуы, т.б. сумен 

дәрет алу мүмкіндіктерінің пайда болуы.

Суды көру яки бір дәретке болсын жететін су табыл-

са, тәйәммүмнің қызметі аяқталады. Намаз оқып тұрған 

адам суды көрсе, тәйәммүм намазбен бірге бұзылады.

95

  Зуһайли, 1, 442.



92

93

ІІ БӨЛІМ

НАМАЗ

«(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи 

етілген кітапты оқып, намазды 

орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен 

жамандықтан тыяды»

«Анкабут» сүресі

«Үлкен күнә жасамаған адамның бес 

уақыт намазы мен жұма намазы

келесі жұмаға дейінгі жасаған 

күнәларынан арылтады»

Хадис шәриф

«Иман мен намаз – егіз. Бірақ иман 

намаздан бұрын дүниеге келген»

Қанатты сөз 

94

95

Намаз және оның дәлелдері

Аллаһтың бар екендігі мен даралығын біліп растау 

– ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені 

және ең маңыздысы – намаз. Намаз – жүректің нұры, 

рухтың күші, мұсылманның кереметі.

Намаз – сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген 

мағынаны білдіреді. Аллаһ Тағала Құранда: «Оларға 

дұға ет. Сенің дұғаң оларға рақымшылдық», – дейді

96



Шариғатта  намаз  –  тәкбірмен  басталып,  сәлеммен 

аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сөздерден 

тұратын ғажайып ғибадат.

Намаз Исламнан бұрынғы илаһи (құдайлық) діндерде 

де парыз-ды. Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) бес уақыт 

намаз парыз етілмей тұрып, тек қана таң мен ақшам 

уақытында екі рет намаз оқылған. Кейін Миғраж түнінде 

бес уақыт намаз парыз болды. Намаздың парыздығы 

Құран, сүннет және ижмағ дәлелдерімен анықталған. 

Құранның көптеген жерінде «Намаз оқыңдар және зекет 

беріңдер» – деп намаздың өте маңызды парыз екендігі 

білдірілген. Олардың кейбірі мыналар: «Барлық на-



маздарды және орта намазды сақтаңдар»

97

. «Расында, 

намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді»

98



«Алайда, олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ 

ұстап, шынайы түрде Аллаһқа құлшылық етуден, 

намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге 

96

  Тәубе, 9/103.



97

  Бақара, 2/238.

98

  Ниса, 4/103.



96

Ислам ғылымхалы

нәрсеге әмір етілмеген болатын»

99

. «Намазды толық 

оқыңдар...»

100

.

Сүннеттен дәлелдер: Бұл туралы риуаят етілген 



көптеген хадистер бар. Бұлардың кейбіреуі:

«Ибн  Омардан  (р.а.)  риуаят  етілген  бір  хади-

сте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес 

нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне 

және Мұхаммед Аллаһтың Елшісі екеніне куәлік ету, 

намаз оқу, зекет беру, шамасы келсе қажылыққа бару 

және Рамазан оразасын ұстау»

101


.

Хазіреті Пайғамбар Муаз ибн Жәбәлді (р.а.) Йе-

менге жіберіп жатқанда, оған былай дейді: «Сен әһли 

кітап саналған қоғамға бара жатырсың. Оларды ал-

дымен Аллаһқа құлшылық етуге шақыр, Аллаһты қабыл 

етсе, Аллаһтың оларға бір күнде бес уақыт намаз парыз 

еткенін айт. Намазды қабыл етсе, Аллаһ Тағаланың 

олардың ауқатты жандарына кедейлерге беру үшін 

зекет парыз еткенін айт. Қабыл етсе, олардан зекет 

ал. Бірақ адамдардың мал-мүлкінің ең жақсысын алма, 

жәбір көргеннің қарғысынан сақтан. Өйткені, оның 

дұғасы мен Аллаһ Тағаланың арасында перде жоқ»

102

.

Сонымен  қатар,  күллі  Ислам  ғалымдарында  бір 

күнде бес уақыт намаздың парыздығы жайлы бір ауыз-

дан құптаушылық бар.

Намаздың һижреттен (көш) бұрын Миғраж түнінде 

парыз болғаны жайлы нақты хабарлар бар. Әнас (р.а.) 

жеткізген  бір  хадисте  айтылады:  «Миғраж  түнінде 

99

  Бәййәна, 98/5.



100

 Хаж, 22/78.

101

 Бухари, Иман, 1,2; Муслим, Иман, 19-22.



102

 Бухари,  Зәкәт,  41,  63,  Мағази,  60,  Тәухид,  1;  Нәсаи,  Зәкәт; 

Дарими, Зәкәт, 1.


97

Намаз

Хазіреті Пайғамбарға елу уақыт намаз парыз етілген, 

кейін азайтып беске түсірді. Сол кезде Аллаһ Тағала 

былай деді: «Ей, Мұхаммед! Менің сөзім өзгермес. Бес 

уақыт намазда сен үшін елу уақыт намаздың сауабы 

бар»

103


.

Намаз балиғат жасына жеткен, ақылы толысқан 

әрбір  мұсылманға  парыз.  Бірақ  жеті  жасқа  келген 

балаларға намаз оқуды үйрету керек. Он жасқа келгенде 

намаз оқымаса, жай-жай ұруға болады. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) былай дейді: «Балаларға жеті жасқа келгенде 



намаз оқытыңдар, он жасына келгенде (намаз оқымаса 

жай) ұрыңдар және сол жаста төсегін бөлек салып 

беріңдер»

104


.

Бір күнде мұсылмандарға бес уақыт намаз – парыз. 

Атау  (нәзір),  үтір,  және  айт  намаздары  –  уәжіп.  Бір 

бәдәуи (шөл адамы) жайлы хадисте намаздың бес уақыт 

екені айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бір күннің 

ішінде парыз етілген намаз бесеу», – дейді. Бәдәуи сонда: 

«Менің бұдан басқа борышым бар ма?», – деп сұрағанда, 

Аллаһ Елшісі: «Жоқ, егер өздігіңнен нәпіл намаз оқысаң, 

ол басқа», – деп жауап қайтарады. Сонда бәдәуи: «Сені 

ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етемін. Бұдан басқа 

не артық, не кем намаз оқымаймын», – деді. Сонда 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сөзі рас болса, ол 

адам жәннатқа барады»

105


.

103


 Тирмизи, Салат, 45; Нәсаи, Салат, 1; Ахмад б. Ханбәл, 3, 161, 

4 208-209.

104

 Әбу Дәәуд, Салат, 26; А. Ханбәл, 2, 180-187.



105

 Бухари, Имам, 34; Шаһадат, Имам, 8-10-15-17-18; Әбу Дәәуд, 

Салат, 1.


98

Ислам ғылымхалы

Намаздың пайдалары мен хикметтері

Намаз – Аллаһ пен құл арасындағы байланыс негізі. 

Бес уақыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған 

адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен 

хадистер бар. Құранда былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) 

Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. 

Күдіксіз  намаз  арсыздық  пен  жамандықтан 

тыяды»

106

.

Хазіреті  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  сахабаларға: 



«Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында 

өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол 

адамда кір қала ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жо,қ 

қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі 

(с.а.у.): «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз 

да күнәларды тазалайды»

107


Басқа бір хадисте былай дейді: «Бес уақыт намаз 



бен жұма намазы үлкен күнә жасамаған адамды келесі 

жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады»

108


.

Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең ал-

дымен намаз сұралады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 

дейді: «Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тар-



тылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз». Ұлы Раббы-

мыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді: 

«Құлымның  парыз  намазына  қараңдар.  Оны  толық 

орындап па, кемістігі бар ма»? Егер оның парыз на-

маздары толық болса, намаз сауабы толықтай жазы-

106


 Анкабут, 29/45.

107


 Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 

80, 90; Насаи, Салат, 7.

108

 Муслим,  Таһарат,  14-15,  Тирмизи,  Мәуақит,  46;  Ибн  Мажә, 



Таһарат, 79,106.

99

Намаз

лады. Егер парыз намаздарында нұқсандық болса, Аллаһ 

Тағала былай дейді: «Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын 

толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет намаздарын 

толық оқыған болса, Аллаһ Тағала «Құлымның нұқсан 

парыз намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», – дейді. 

Одан кейін парыз болған басқа амалдар да осылайша 

есепке тартылады»

109


.

Иә, адамды ең көркем түрде жаратып, жерді бесік, 

көкті  шаңырақ,  күнді  шырақ  етіп  игілігіне  ұсынған 

Ұлы  Жаратушы  адамға  берген  мұншалық  ырыс-

берекетінің қарымына шүкір етулерін қалайды. Намаз 

– күллі шүкірді қамтыған ғибадат. Мына көрінген және 

көрінбеген шексіз әлем қаңыраған сарай емес. Керісінше, 

онда Аллаһ Тағалаға ғибадат еткен сансыз періштелер 

бар. Кейбір періштелер жаралғалы сәждеде. Енді бірі 

жаралғалы рүкүғта тұрып, Аллаһ Тағаланы пәктеуде. 

Енді бірі түрегеп тұрып, Аллаһ Тағаланы нұқсандық пен 

шірк атаулыдан пәктеп, ғибадат етуде. Міне, намазда осы 

періштелердегі ғибадат түрінің бәрі бар. Сол себепті, 

әлем тұтастай Ұлы Жаратушыға ғибадатта. Мысалы, 

алып бәйтеректер кішілігін паш етіп, қолдарын жерге 

жайған сүмбі талдар самал желмен тербеле қозғалып, 

Жаратушыға  ғибадат  жасайды.  Планета  мен  аспан 

денелері  бір-бірін  бейне  бір  Қағба  тәрізді  айналып, 

күллі әлем Ұлы Жаратушыны пәктеп, өз тілдері және 

іс-әрекеттерімен ғибадат үстінде. Міне, осының бәрі 

намазда бар.

Әрі намазда адамға парыз, сүннет ғибадат түрінің 

бәрі  бар.  Бір  мұсылман  намазға  тұрғанда  «Аллаһу 

әкбар» деп бастайды. Яғни, я, Ұлы Жаратушым! Мына 

109

 Тирмизи, Салат; 118.



100

Ислам ғылымхалы

әлемді сен жараттың. Мені де сен жараттың. Мен сенің 

құлыңмың. Сен Ұлысың. Одан кейін Аллаһты пәктеп, 

мадақтаған дұға оқылады. Яғни, ей, Ұлы Ием! Сенің 

ешқандай ортағың да, серігің де жоқ. Сен нұқсандық 

атаулыдан мүлдем адасың, пәксің. Осылайша мұсылман 

әрі қарай қырағатқа бастарда барлық қуылған шайтаннан 

және олардың жамандық пен кесепаттық іс-әрекеттерінен 

Аллаһ Тағалаға сиынады. Бұл жерде әлсіздігін сезініп, 

Ұлы Құдіретті паналау бар. Бұдан кейін қырағат оқиды. 

Яғни, намазда Құран оқу да бар. Әрі намазда ораза да 

бар.  Өйткені,  адам  намазда  бір  нәрсе  жесе,  намазы 

бұзылады. Намазда зекет те бар. Бүкіл бес уақыт намаз 

адамның шамамен жиырма төрт сағатының бір сағатын 

алады. Адам өзінің күндік өмірінің бір сағатын зекет 

етіп, Аллаһ Тағала жолына береді. Оның қарымы ретінде 

ақыретте Аллаһ Тағала жәннатты бермек. Жәннат – 

адамның қиялына сыймаған, көз көріп, құлақ естімеген, 

бұл фәнидің бақытты мың жылы оның бір сәтіне де 

тұрмайтын аса ғажайып мәңгілік бақыт мекені. Алайда, 

кейбір мұсылмандар бұл ғұмырда өзімнің діттеген межеме 

жетемін, сондықтан да бір сағат мен үшін аса қымбат деп 

қанша тырысып, жиырма төрт сағатын жұмсап, өмір бақи 

ұмтылғанымен көбінесе мақсаттарына жете алмайды. 

«Біреулер оқысам» деп армандайды. Оқыған соң жақсы 

қызметім болса дейді. Оған қолы жетсе де қанағаттана 

қоймайды. Одан әрі жоғары көрінген биікке шықсам деп 

армандайды. Фәни ғұмырдың биігі ешқашан бітпейді. 

Бірі бітсе, бірі мен мұндалап тұрады. Біреулер балам 

болса, артымда тұяқ қалса деп ойлайды. Бірақ ертең 

баласы әкесін дәл өзіндей жақсы көре алмауы мүмкін. 

Негізгі мақсат пен тәлім-тәрбиесін бере алмаса, қарттар 



101

Намаз

үйінен орын алуы ықтимал. Енді біреулер билікке қол 

жеткізсем  деп,  көкпен  таласқан  шыңға  қарай  күллі 

өмірін сарп етеді. Енді жеттім дегенде не өлім мұны 

қуып жетеді, не шыққан шыңының оңай емес екенін, 

оның жерден қарағанда әлдеқайда суық екенін, кез-

келген сәтте найзағай-найзаның ұшына шаншыла кету 

ықтималы  бар  екенін  аңғарып,  үлкен  дертке  душар 

болмақ. Қысқасы, фәни ғұмырдың фәни бетіне қараған 

беті ешқашан адамның жан-дүниесіне рақат әкелмейді. 

Ал намаз оқыған адамның әрбір іс-әрекеті Аллаһ үшін 

болғандықтан, қалған жиырма үш сағаты да Аллаһ үшін 

саналып, күллі өмірі құт-берекеге айналмақ. Өйткені, 

намаз  оқушы  –  ғұмырға  неге  келгенін  ұғынып,  өз 

міндетін қалтқысыз атқаруға тырысып, фәниде өзін «жат 

жұрттық» санап, мәңгілік бақыт мекені мен өзін сүйіп 

жаратқан Ұлы Жаратушысына қарай аса сағынышпен 

қадам басқан адам. Сондықтан ақырғы Пайғамбар (с.а.у.): 



«Намаз – көзімнің нұры»,

110


 – дейді.

Намазда  қажылық  та  бар.  Мұсылмандар  намаз 

оқыған кезде құбылаға қарап тұрады. Яғни, өзін бейне 

бір Қағбаның алдында күллі мұсылманмен бірге намазға 

тұрғандай  сезініп,  Ұлы  Жаратушыға  мойынсұнып, 

жүрекпен терең тағзым етеді.

Намаз  –  адамды  Жаратушы  Жаппар  Иеге 

жақындатады. Рух пен ерікті күшейтеді. Адамды сабыр 

мен шүкірге үйретеді. Құранда былай дейді: «Сабыр 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет