Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


мен намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Бірақ



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34

мен намаз арқылы Аллаһтан жәрдем тілеңдер. Бірақ 

бұл Аллаһтан қорыққандардан өзгеге қашан да ауыр 

келмек»

111


.

110


 Насаи, Ишаратун-Ниса, 1.

111


 Бақара, 2/45.

102

Ислам ғылымхалы

Намаз – адам баласының тән тазалығы мен жан 

тазалығы. Рух азығы мен ар азығы. Адам намаз арқылы 

Ұлы Жаратушыға тағзым етіп, өзінің пендешілігіне тәубе 

етеді.

Иман

Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ 

нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. 

Иман – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін 

ғажайып тылсым қазына. Ұлы Жаратушы әу баста 

адамды айналасына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, 

иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, 

шеберлігінің алдында таңғалып бас исін деп мына дүниеге 

жіберген. Демек, иман – адамның жаратылуының мән-

мағынасы, мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты. 

Міне, адамның жаратылуының негізгі мақсұты Ұлы 

Иесін табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстар-

дан ерекшелендіріп «ақыл-ой, сана» берілген. Ұлы Жа-

ратушы айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды 

Өзін танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан. 

Ондағы әрбір жаратылыс оқи білген адам үшін өз бол-

мысымен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен 

Ұлы Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың 

сырын түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны. 

Сондықтан, Аллаһ Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке 

(с.а.у.) түсірген алғашқы аятта: «Иқра...» яғни, «Оқы! 

Жаратқан Раббыңның атымен», – деп көз алдымыздағы 

осы жаратылыс кітабын оқуды бұйырған.



103

Намаз

Төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып, үйлесімді 

жүйемен тұрған сансыз жымыңдаған жұлдыздар мен 

жан-жағымызды  қоршап  жатқан  мың  бір  мағына-

хикметке толы жалпы жаратылыс және адамның өзі – 

Ұлы Жаратушымызды танытатын ерекше үлкен кітап. 

Аспан әлемінің әрбір қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-

жеке беттері, әрбір галактика – сол беттегі жеке-жеке 

мағыналы сөйлем, сол галактикалардағы әрбір жұлдыз 

– том-том кітаптарға пара-пар мағыналы жарық сөз. Жер 

шары бұл үлкен кітаптың мазмұнын қамтитын негізгі беті 

болса, адам баласы сол беттің негізгі мазмұн-мағынасы. 

Барлығы Ұлы Жаратушы Аллаһты өз болмысымен таны-

тып, Оның бар екендігін һәм бір екендігін күллі әлемге 

әйгілеп тұр.

Жалпы  жаратылысқа  қарағанымызда  ондағы  әр 

нәрсенің орын-орнында тұрғанын, әрқайсысы өзіндік 

мән-мағынамен безендірілгенін және оған белгілі бір 

міндет  жүктелгенін  көреміз.  Әр  нәрседен  сұлулық, 

кемелдік, жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат 

сияқты керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті 

біздер сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге 

қарай есептейміз. Ендеше, өзіндік мағына, міндеті бар 

кішкентай иненің де белгілі бір ұстасының болатыны 

секілді, жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің, 

жүйенің,  мән-мағынаның  да  бір  жаратушысы, 

қоюшысы болуға тиіс.

Кейбіреулердің айтқанындай бұл әлем өз-өзінен, 

кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені, 

кездейсоқтық мына өте керемет жүйемен, нәзік те ғаламат 

есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз әлемді, 

жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан алуан жан-



104

Ислам ғылымхалы

жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік әлемін 

және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылысты жа-

сайтындай күш пен ақылдан мақұрым.



АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті 

күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни 

дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не 

үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан. Бәрі 

сағым қуғандай бір арманнан екінші бір арманның, бір 

белестен екінші белестің ізіне түсуде. Біріне енді жеттім 

дегенде, екіншісі анау жақтан мен мұндалап тұрады. 

Бірақ адам бәрібір тоймайды, бәрібір қанағаттанбайды. 

Енді асыл арманыма, аңсаған мақсат мұратыма жеттім де-

генде, өлім оны қуып жетеді. Сөйтіп, адам мына пәнидің 

алдамшы  қызылына  қызығып,  қайран  бір  ғұмырды 

жоқ етеді. Бұл күнде адамдар өмірдегі өзіне жүктелген 

міндетін орындау үшін тамақ ішпейді, керісінше, тамақ 

ішу үшін өмір сүреді. Яғни, өмірдегі мақсаты – қарын 

тойдыру. Ойланғанға екеуі екі бөлек. Тамақты мақсат 

ететіндей ғаламдағы ең саналы жаратылыс – адамның 

осындай мағынасыз жаратылғаны ма? Сонда адамның 

құрсағын тойдыруы үшін мектепте он бір жыл, универ-

ситетте бес-алты жыл оқып, сол бір қарнының қамы 

үшін өтірік айтып, өсек айтып, басқаны қызғанғаны 

ма? Сол үшін қан төгіп, жауласқаны ма? Сонда адам 

бар ғұмырын құрсақтың қамы үшін арнайтындай осын-

шама төмен деңгейге түскені ғой... Жо-жооқ, әлемдегі 

ең саналы, ең кемел жаратылыстың әсте бұндай төмен 

болуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзін алып қарасақ, 



105

Намаз

әрқайсысының  белгілі  бір  мақсат  үшін  жаратылған 

көреміз. Қорадағы мөңіреген сиырдың да өзіндік міндеті 

бар. Таңертең өріске барып, кеш ауа желінін сыздата 

аппақ сүт әкеледі. Кім үшін? Адам үшін. Ара да таңның 

атысы, кештің батысымен мыңдаған гүлдерге қонып 

жүріп, кешке улы денесінен шипасы мол бал тарту етеді. 

Демек, бұл өмірдегі әрбір жаратылыс иесінің өзіндік 

міндеті бар. Олар саналы болмаған күннің өзінде сол 

міндетін мүлтіксіз орындауда. Ал ең көркем жаратылыс 

иесі адамның міндеті не? Ол сиыр, ара сияқты денесінен 

басқаға пайдалы бір нәрсе шығара ма?

Иә, ең көркем жаратылыс иесі адамның да өз санасы 

мен  абырой-дәрежесіне  қарай  өзіндік  үлкен  міндеті 

болуы тиіс. Егер адамның да өзіндік орны мен міндеті 

болмаса, онда оның кім болғаны? Жай ғана асхана мен 

дәретхананың ортасында жүріп, ас қорытып-шығарудан 

аспайтын жанды аппарат болғаны ма?! Жо-жооқ, әсте 

олай емес! Ең кемел жаратылыс иесі адамның өзіне тән 

жоғары міндеті бар. Ол міндет бәрінен де жоғары, аса 

абыройлы міндет.

Ол – өзін жоқтан бар еткен құдіреті шексіз Жа-

ратушыны тану. Ол − күллі жаратылыс атаулының 

бойынан Аллаһ Тағаланың тіл жетпес шеберлігі мен 

ұлылығын көріп, Оның құдырет-күшінің алдында 

таңғала бас иіп, құлшылық жасау.

Ол  −  өзіне  тегін  берілген  сансыз  жақсылық, 

нығметтер үшін Ұлы жаратушы Иеге алғыс-рақметін 

білдіріп, Оның алдында мәңгілік қарыздар екенін 

сезіну.

Бұған  қоса,  табиғатындағы  қызғану, 

сабырсыздық,  жалқаулық,  қанағатсыздық 


106

Ислам ғылымхалы

сияқты жаман қылықтардан арылып, бойындағы 

асыл  қасиеттерді  шыңдап,  сан  алуан  сезімдерін 

кемелдендіріп, әр түрлі қабілеттерін жетілдіру арқылы 

«кәміл  адам»  тұғырына  көтерілу.  Сөйтіп,  «кәміл 

адам» күйінде о бастағы асыл мекені – Жәннатқа 

оралу.  Хақ  Тағаланың  ризашылығына  бөленіп, 

ондағы мәңгілік бақытқа, бұрын-соңды көз көріп, 

құлақ естімеген, ақыл ойлап елестете алмаған Ұлы 

Жаратушысының өлшеусіз ғажайып сый-сияпатына 

қауышу һәм бұның бәрінен де қымбаты − Жұмақта 

Аллаһ Тағаланың аса көркем дидарын тамашалап 

шексіз ләззатқа кенелу.

Хақ Тағалаға деген құлшылықтың мәні

Күллі  жаратылыс  атаулы  −  Аллаһ  Тағаланың 

құдіретін, шеберлігін, ілімін, жалғыздығын, ұлылығын 

танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап 

Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. Аллаһ Тағала 

Құран Кәрімде:

﴾ َنوُدُبْعَيِِل َّلاإ  َسْنلاَو َّن ِجلا  ُتْقَل َخ اَمَو﴿ 

 «Мен жындар мен 

адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат 

етсін» деп жараттым»

112

 – дейді.

Демек,  Аллаһ  Тағала  бізді  бұл  дүниеге  Өзін 

мына  жаратылысқа  қарап  тапсын,  танысын,  білсін, 

құдіретінің, шеберлігінің, ілімінің алдында таңғалып, 

бас исін, құлшылық етсін деп жіберген. Мысалы, кез-

келген атақты суретшінің табиғатты өрнектеген суретіне 

қарап таңғалып, тамсана таңдай қағамыз. Оның өнерін, 

шеберлігін, талантын мойындап, оған мақтау айтамыз. 

112

 Зарият сүресі 56-аят.



107

Намаз

Ал, енді сол суретшінің салған суретін бір сәт бағалап 

көрелікші!... Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әр түрлі 

құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сулары 

ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне, 

біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттер-

ге  қарап  таңғалып,  таңдай  қағамыз.  Бірақ  сырттағы 

көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз. 

Ондағы жұпар исі аңқыған сан алуан гүлдерді, әр түрлі 

жеміс-жидегін шашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді 

мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулы-

ны, көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған 

жалпы табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшіні, шебер 

Жаратушыны  елемеуге  бола  ма?  Саналы  адам  үшін 

нағыз мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай ғана 

Оның құдыретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында 

таңғалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат 

жүре аламыз?



Ендеше,  адам  баласының  ең  басты  міндеті  – 

Ұлы Жаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп, 

«Аллаһу  әкбар»,  «Аллаһ  Тағалам,  сен  қандай 

ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту.

Иә, Оның шексіз құдыретінің, ұлылығының, 

шеберлігінің,  ілімінің  алдында  таңғала  бас  иіп, 

мақтау айту – құлшылықтың нағыз өзі.

Намазымыздың  әр  рәкаттанда  үнемі  оқылатын 

«Фатиха» сүресіндегі: «Бүкіл мадақ та, мақтау да тек 

қана бүкіл әлемнің Раббысы − Аллаһқа тән» – деудің 

мағынасы да осы болса керек.

Құлшылықтың тағы бір мәні – Ұлы Жаратушы та-

рапынан бізге тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық, 



108

Ислам ғылымхалы

ризық, нығмет үшін рақметімізді ғибадат арқылы білдіріп, 

Оның алдында қарыздар екенімізді мойындау.

Жан-жағымызды  қоршап  жатқан  күллі  болмыс 

атаулы тек қана біз үшін жаратылған. Аллаһ Тағала 

өзінің  шексіз  құдыретімен  оларды  әлсіз,  дәрменсіз 

адам баласының қызметіне бас идірген. Алып табиғат 

денелерін  Ұлы  Жаратушы  өзі  бас  идірмесе  оларды 

күшпен бағындыруға адам баласының қауқары жетпесі 

даусыз.


Арайлап таңның атуы, алаулап күннің батуы кім 

үшін?!

Жосылып бұлттың көшуі, еркелеп желдің есуі кім 

үшін?!

Сылдырлап аққан өзен мен буырқанып тасыған 

теңіз кім үшін?!

Қойнауын  қазынаға  толы,  тәккаппар  бейне-

де  жаралған,  аспанмен  таласқан  асқар  таулар  кім 

үшін?!

Етімен, сүтімен, терісімен, жүнімен өрісте жүрген 

жан-жануар атаулы кім үшін?!

Жан-тәнімізді  сүйсінтіп,  өне  бойымызды 

толқытып, ән салатын, тоты, бұлбұл жыршы құстар 

кім үшін?!

Жұпар исін аңқытып, көздің жауын алатын, сан 

алуан түсті гүлдер мен балдай тәтті жеміс-жидек 

кім үшін?!

Алып Күн денесінің жылуы мен жарығы кім үшін?! 

Бір ғана жауап − бәрі де біз үшін. Бәрі де адам баласы 

үшін.  Бәрі  де  ардақты  жаратылыс  иесі  адамзат 

үшін.

109

Намаз

Әр ай сайын қолданған ыстық, суық суымыз бен 

жаққан электр шамымыздың ақысын төлеп жатырмыз. 

Ал, көзімізді ашқаннан бері бізге жылуы мен жарығын 

күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне қандай ақы төледік?! 

Төле деп талап еткенде немізді төлер едік?! Ендеше, 

адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осы-

ларды тегін берген Ұлы Жаратушысына алғыс білдіріп, 

құлшылық жасау.

Абай атамыздың айтқанындай:



«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті».

Бізге  сүйіспеншілікпен  қарап,  таусылмас 

қымбат  нығметтерді  сыйлаған  Ұлы  иемізге  біз  де 

сүйіспеншілікпен қарап, бас иіп, алғысымызды ғибадат 

арқылы білдіруіміз – біздің ұмытылмас міндетіміз.

Адам дене мен рухтан тұрады. Денені күн сайын 

ішкен-жеген  тамақ  арқылы  қоректендіреміз.  Ал 

рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды және оның 

мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи-

ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра 

алмайды. Адамның төрт түлігі сай болып, жегені май 

болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені, 

оның  сұрағаны  заттық  емес,  рухани  болмақ.  Демек, 

материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені 

тәрізді рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай 

болса, рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі – біздің на-

мазымыз, оразамыз, жалпы күллі ғибадатымыз. «Рағд» 

сүресінде: 

ُبوُلُقْلا   ُّنِئَم ْطَت  ِ ّلا  ِرْكِذِب  َلاَأ

  «Біліп  қойыңдар! 

Жүректер тек қана Аллаһты еске алу арқылы жай 

табады», – деп, ғибадат жасаған уақытта ғана рухымыз 

еркін тыныс алып, жүрегіміз жай тауып, жан дүниеміз 



110

Ислам ғылымхалы

тыныштыққа, шексіз рахатқа қауышып, ерекше ләззатқа 

бөленетінін білдіреді.

Нұсқа айтсақ, ғибадат – рухымызға қорек, жүрегімізге 

шипа, денемізге саулық, ақылымызға туралық, ерік-

жігерімізге қуат, сезімдерімізге кемелдік, әлсіздігімізге 

сүйеніш сыйлайды. Ғибадат – өмірімізді ретке келтіріп, 

күнәлардың  батпағына  батудан,  рухани  ластықтан 

сақтайды.

Ғибадатымыз  –  екінші  дүниемізге  жинаған 

азығымыз, мәңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-

бір жолы да сол.

Ғибадатымыз – бәрінен бұрын Ұлы Жаратушының 

бізге жүктеген ең ұлы парызы.

Ғибадатымыз – иманымыздың белгісі, әлсіздігіміздің, 

мұқтаждығымыздың, шарасыздығымыздың, қысқасы, 

құлдығымыздың нышаны.

Біздің Аллаһқа бас июіміз – басқаға бас имейтіндігіміз 

үшін берілген шынайы антымыз бен сертіміз. Өйткені біз 

Аллаһқа құл болған кезде ғана нәпсіге, дүниеге жалпы 

барлық басқа жалған құлшылықтардан құтыламыз.

Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз 

Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.

Шүкіршілік

Шүкір – жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің 

мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің 

ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы 

үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп, 

алғыс-рақметіңді білдіру.

Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды 

бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен 


111

Намаз

мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты: «Құлдарымның 



арасында шүкір етушілер өте аз», – деп ескертеді.

Иә,  адам  баласы  кішкене  ойланып-толғанса, 

өзін  қоршаған  қай  нәрсенің  болмасын  Аллаһ  тара-

пынан арнайы әзірленіп, адам баласының қызметіне 

ұсынылғанын түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар 

етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет. 

Бірақ, бір қынжылтатыны, бұл нығметтің қадірін жете 

түсініп, Жаратушысына деген шүкірінен жаңылмайтын 

тіршілік иесі өте аз.

Мысалы, дарға асылайын деп тұрған жерінен бір 

адамды екінші бір адам құтқарып қалса, өлім аузынан 

қайтқан адам өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен 

саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, – деп оның 

алдында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін 

бас иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді 

жоқтан бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған 

сайын бізді бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған 

Жаратушымызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін 

алғысымызды білдірмеуіміз дұрыс па?

Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық, 

нығметтері  шексіз.  Құранда:  «Егер  Аллаһтың  сен-

дерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса 

алмайсыңдар», – делінеді.

Біз,  адам  баласы,  денсаулықтың,  әрбір  он  екі 

мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін 

түсіндік  пе?  Оларды  бізге  тегін  берген  Раббымызға 

рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар 

екенімізді сездік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа 

жауап беру оңайға соқпаса керек.


112

Ислам ғылымхалы

Егер  бізге  біреу  миллион  ақша  сыйласа,  оған 

рақметімізді жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал, 

енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі миллиардтаған 

жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та Аллаһтың 

бізге тегін берген сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып 

ала алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе 

алмайтын әрбір мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы 

Жаратушымызға алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге 

«Аллаһу әкбар» деп сәждеге бас ұрмаймыз?

Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жолмен 

сыртқа  шығарудың  өзі  де  Ұлы  Иеміздің  үлкен 

жақсылығы.  Оның  қадірін  ұғу  үшін  бұл  нығметтен 

мақұрым ауруханалардағы жандарды барып көріп, атал-

мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға 

қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!

Осыншама  жақсылықтың,  ырыс-берекенің 

алғысы «шүкір» деген үйреншікті сөзбен шектелмейді. 

Ұлы  Иемізге  деген  шынайы  алғысымыз  бен 

махаббатымыздың белгісі – Оның бұйырған әмірлерін 

«ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап, міндеттеген 

ғибадаттарын толық атқару мен тыйымдарынан 

түгелдей тыйылу. Ендеше, Оған деген алғысымыз 

бен  махаббатымызды  осылай  дәлелдеп,  осылай 

атқарайық!

Көбіне  біз  рахметімізді,  алғысымызды  шынайы 

Иесіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдіріп 

жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір алма сатып 

алдық  делік.  Сатушыға  рахметімізді  айтып,  қолына 

ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол алманы «құлым жесін» деп 

көз тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан сілекейіңді 

ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар керемет жұпар 



113

Намаз

иіспен безендіріп бізге жіберген, яғни алманың шынайы 

иесі – Аллаһ Тағалаға шүкірімізді, рахметімізді білдіріп, 

Оған деген қарыздығымызды сезінеміз бе?

Сатушының  қолына  ұстатқан  азды-көпті  тиын-

тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының 

еңбегі ғана. Себебі, алманың өз құны өлшеусіз. Ол бағамен 

өлшенбейді. Неге дейсіз бе? Егер алма жоқ болса, оны 

өсіру үшін дәнегін қайдан алар едік? Миллиардтаған 

қаржы жұмсап бір түйір дәнін жасай алар ма едік? Тіпті 

дәні бар болған күннің өзінде оның өсіп-жетілуіне керекті 

Күнді, ауаны, топырақты, ондағы әр түрлі минералдар-

ды қайдан табар едік? Бір Күннің өзін триллиондаған 

қаржыға сатып ала алмасымыз анық. Тіпті бүкіл әлем 

жиналса, алманың өсуі үшін керекті суды, ауаны жасай 

алмайды. Енді осы алмаға керекті күн, ауа, топырақ, 

су сияқты қажетті заттардың баға жетпестігін ескере 

отырып, алманы бағалап көрейікші...

Иә, біз көбіне жаратқанды ұмытып, ортадағы себеп-

терге ғана алғысымызды білдірумен шектеліп жатамыз. 

Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін білу үшін 

мына мысалға назар аударайық.



Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый 

жіберді  делік.  Әлгі  адам  сыйлықты  ала  салысымен 

рахметін үйіп-төгіп патшаның қызметшісіне айтып, 

сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, оның бұл ісі 

қаншалықты жөнсіз болар еді. Бұл тұста нағыз алғыс 

айтуға лайық жан қызметші емес, патшаның өзі емес 

пе?!

* * *


114

Ислам ғылымхалы

Намаз оқымаған жанның үкімі қандай 

болмақ?

Намаздың ақылды, балиғат жасына жеткен, хайыз 

бен нифастан тазаланған мұсылмандарға парыз екені 

жайлы ауызбірлік бар. Намаз бен ораза секілді тәндік 

ғибадаттарда өкілдік іске аспайды. Намаздың парыздығын 

теріске шығарған діннен шығады. Өйткені, намаз айқын 

аят,  хадис  және  ижмағ  дәлелдерімен  анықталған. 

Жалқаулық, немқұрайлылық себебімен намазды тастаған 

күнәкар және пасық болады.

Намаз оқымау – дүние мен ақырет азабына себеп. 

Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады: «Олар 

жәннатта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамға 

түсулеріңе  нендей  себеп  болды?»,  –  деп  сұрайды. 

Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», – деп жауап 

қатады»

113

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әдейі 

намазды тастаған адамға Аллаһ пен Пайғамбардың 

көмегі болмайды»,

114

 – дейді. «Кімде-кім жұма намазына 

немқұрайлылықпен қарап, оны үш рет тәрк етсе, Аллаһ 

Тағала оның жүрегіне мөр басады»

115

.

Имам Ағзам мәзһабы бойынша, жалқаулық жасап, 



намазды тастаған адам, намаздың парыздығын теріске 

шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәһар, пасық 

болады. Оған намаз жайлы ескертіліп, насихат етіледі 

немесе тәрбие үшін жаза беріледі

116

.

Кімде-кім намазын ұмытып немесе ұйықтап қалса 



яки жалқаулықпен оқымаса, сол оқымаған намаздарының 

113


 Мүддәссир, 74/40-43.

114


 Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.

115


 Насаи, Жума, 2; Тирмизи, Жума, 7; Ибн Мажа, Иқама, 93.

116


 Ибн Абидин, I. 32.

115

Намаз

қазасын  міндетті  түрде  оқиды.  Хадисте:  «Кімде-кім 



ұйықтап қалып, ұмытып намазын оқи алмаса, еске 

түскен сәтте дереу оқысын».

117


Намаз  –  өте  маңызды  мәселе.  Пайғамбарымыз 

(с.а.у.): «Қиямет күні адамның алғаш есепке тартыла-



тыны – парыз намазы. Егер осы намазды толық орында-

са, неткен тамаша?! Керісінше жағдайда: «Қараңдар, 

нәпіл намазы бар ма екен? Егер нәпіл намазы болса, 

парыздардың кемістігін осы намаздармен толтырыңдар. 

Бұдан кейінгі басқа парыздар да дәл осылай жасалады»

– деп айтылады

118

.

«Намаз – жүрек пен рухтың тынығуы, ар-ожданның 



сейіл құруы. Әркімнің әлсіздігі мен құмарлығы бар. 

Аллаһ Елшісінің аса ынтық құмарлығы намазға арналған 

еді»

119


. Сол үшін де әрбір намаздың уақытында Біләлға 

қарап: «Біләл, жанымызды рақатқа бөле! (Жансарай-



ымызды кеңейтші!)»

120

, – дейтін. «Намаз – көзімнің 



қарашығы»

121


, – деуі осы ерекшелікті көрсетеді.

Сондықтан  біз  жәннатқа  кірген  кезде  сезінетін 

ғажайып  сезім  мен  қуанышты  Аллаһ  Елшісі  әрбір 

намазын  оқығанда  сезіп,  келесі  намазды  аса  ынтық 

көңілмен күтетін. Намаз – адамды миғражға һәм толық 

адам шыңына жету жолдарын көрсетіп, жөнге салатын 

маңызды ғибадат. Ол – мұсылманның миғражы. Намаз 

117


 Әбу Дәәуд, Салат, 11, Ибн Мажә, Салат, 10, Насаи, Мауақит, 

53.


118

 Әбу Дәәуд, Уитр, 2; Насаи, Салат, 6; Дарими, Әбу Мухаммәд 

ибн  Абдуррахман,  Сунән,  Египет.  т.  Салат,  208;  Малик  ибн 

Әнас, Муатта, Египет, Салату, л-Лайл, 14.

119

 Мәжмау-з-Зәуәид, 2/271.



120

 Әбу Дәәуд, Әдәб, 87; Муснәд, 5/364-371.

121

 Нәсә и, Нисә, 1; Муснәд, 3/128.



116

Ислам ғылымхалы

– діннің тірегі

122

. Дін кемесін намаз жүргізеді. Онсыз 



мүмкін емес. Намаз өзі жекелей ескертуші болуымен 

қатар, оның орындалуы да дәл солай ескертуші ретінде 

іске асуы керек. Адам намазын жүрегі мен сезімдерін 

барлық  нәрселерден  аулақ  ұстап,  оқуы  қажет.  Сол 

үшін адамның дәрет қысқан сәтте намаз оқуы жақсы 

саналмаған

123

. Иә, адам ойын осындай нәрсе мазалаған 



шақта намазға тұрмағаны жөн. Сол сәтте адамның ойы 

екі нәрсені ойлайды. Ал мұндай жағдайда адам көбінесе 

маңызды  нәрселерден  айрылып  қалады.  Сонымен 

қатар, мұндай бір жағдайда намаз оқу – намазды төмен 

санау. Өйткені ол дереу өткізіп жіберетіндей жеңіл іс 

емес. Жеңіл-желпі оқи салатын жағдай емес, керісінше 

өмірімізді нұрландырып, рақатқа бөлейтін екі дүние 

игілігі.


Жүрекпен, ыстық ықыласпен намаз оқу үшін жасала-

тын барлық дайындықтар да дәл намаз оқу секілді сауап 

әкеледі. Сол үшін адам әуелі артық нәрселерді тастап, 

намазда өзін алаңдататын барлық нәрселерден бойын 

аулақ ұстап, намазға ықыласпен тұруы тиіс. Намазға 

тұру сәтіне дейін болған барлық сатылар сол адамға 

сауап ретінде жазылады. Оның ниеті – алаңсыз беріліп 

намаз  оқу.  Ал  мұсылманның  ниеті  –  жасаған  ісінен 

жақсы

124


. Көз салайық. Басқа жандар осы қажеттіліктерін 

жасағанда тек қажеттілігін іске асырумен ғана шектеледі, 

ал мұсылманның әжетханаға баруы да сауап әкеледі. 

Дәрет алудан бұрын бірнеше қадам жүруі де, дәрет алу 

үшін аздап кідіруі де оған сауап.

122


 Кәнзул-Уммал, 7/284.

123


 Ибн Маже, Таһарат, 114; Муснәд, 5/250.

124


 Мәжма’уз-Зәуәйд, 1/61, 109.

117

Намаз

Қажеттіліктің өтелуі мен дәреттің алынуы адамды 

рух  жағынан  намазға  дайындауы  тұрғысынан  өте 

маңызды. Мейлі, бұл дәрет мүшелерінің жуылуы кезінде 

денедегі қозғалыстың бағыт ауыстыруы, мейлі басқа да 

айтып түсіндірген себептер болсын, нәтиже өзгермейді. 

Мұсылман дәрет алған кезде, бұл секілді пайдаларды 

ескеріп, ойлап та жатпайды. Ол дәретті не үшін алса, 

тек қана соны ойлайды. Ойлаған нәрселердің арасында 

ең бірінші кезекке намазды қояды.

Дәрет үшін дайындық – ескертудің біріншісі, дәрет 

– екіншісі. Содан кейін азан айтылып, үшінші рет намаз 

оқуды ескертеді. Негізінде дәрет алып жатқан кезде һәм 

дәреттен кейін сүннет ретінде қалған суды ішу, дұға 

оқу секілді сүннеттерді орындаған кезде адамның жан-

дүниесі мен рухы әрқашан ақырет әлеміне кіреді. Артын-

ша бұған сүннет намазы қосылған кезде, адам парызды 

оқуға толық дайын тұрады.

Иә, парыз намазға жасалған дайындығымыздың 

барлығы бізді жан дүниемізбен шынайы беріліп, бейне 

бір Аллаһты көріп тұрғандай намаз оқуға шақырады. 

Алдымен мұнаралардан жаңғырып, Аллаһтың ұлылығын 

әлемге паш еткен сол бір дауыс көңіл-күйімізді толқытып 

әкетіп, біз Аллаһтың ұлылығын жүрегімізбен сеземіз. 

Баратын  мешітке  жетуге  асығып,  қадамдарымызды 

мығымдай бастаймыз. Осылайша азанмен, жырақтан 

келген шақыруға жауап бергендей қозғалысымызды арт-

тыра түсеміз. Азан бітуге таянған сәтте біз де еріп кете 

барамыз. Мешітке барып нәпіл намазға тұрамыз. Біз 

бейне бір нәпіл намазымызбен бет бұрып, Раббымызға 

былай деуді қалағандаймыз: «Аллаһым, арқашан жүзімді 

саған бұрайын. Іздегенімді сенен табайын… Сені көріп, 



118

Ислам ғылымхалы

Сені естиін. Әрқашан жатсам да, отырсам да, тұрсам 

да  есімнен  кетпей  Сені  ойлайын,  Сені  зікір  етейін. 

Өйткені Сенен өзгеге бет бұру, басқаларды көру, басқа 

нәрселермен айналысудың бәрі де түгел бос әурешілік. 

Мен бос нәрселерден қашып, өте маңызды бір нәрсеге 

жүзімді бұрамын». Нәпілде мұншама тырысып, Хақтың 

есігін қағып, парызға түгелдей саналы түрде бас қоюға 

тырысу – парызға терең көңіл қою үшін өте маңызды. 

Дәрет әсер еткен еді. Азан да әсер етті. Нәпілмен үшінші 

қадамды аттадық. Міне, дәл осы кезде азаншы қоңыр да-

усымен, ыстық ықыласымен Аллаһқа бет бұрып, тәкбір 

айтады. Бұл бізді қатты толқытуға себепкер ең соңғы 

әсерлі де нұрлы сөздер еді. Дәл осы сәтте адамның жан 

дүниесі толқып, Аллаһ Тағалаға түгел беріліп, жүзін 

бұрып, «Михрабым қайдасың» деп іштей терең жылай 

алмаса, ол адамда нұқсандық бар. Азаншы тәкбір айтып, 

Аллаһтан басқа адамды мазалайтын барлық нәрсеге 

соңғы рет соққы беріп, құл «Аллаһу әкбар» деп намазға 

оймен кіріп, рүкуғке, сәждеге барған кезде де осы сөзді 

қайталап айтады. Осылайша намаздың әрбір басында 

Раббтың ұлылығын, өзінің кішілігін паш етіп: «Раббым, 



Сен ұлысың, мен болсам кішімін», – деп Оның алдын-

да  толық  құлшылық  санасымен  бас  иіп,  терең  ойға 

батады»

125


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет