Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет14/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34

 

Сахаба Муаздың имамдығы

Хазіреті Муаз бірде халыққа «Бақара» және «Ниса» 

сүрелерін оқып, имамдық жасап, бұның арты жамағаттың 

шағымдануына әкеліп соғады.

Пайғамбарымыз  осыған  байланысты  Хазреті 

Муазға мынадай ескерту жасаған: «Му’аз! Сен халықты 

жалықтырып, арадан кейіс, наразылық тудырғың келе 

ме?  Сенің  істегенің  дұрыс  емес.  Намазды  «Сәббих-

исмә-раббикә» немесе «Уәш-шәмси, уәд-духаһә» сияқты 

қысқалау сүрелермен оқығаның абзал», – деп ескерту 

жасаған.

* * *


205

Намаз

Жұма намазы

Жұма  намазы  –  дінімізде  өте  маңызды  санала-

тын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма 

күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық 

ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің 

орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық 

ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам 

діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің 

мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз 

(с.а..у) былай дейді: «Біз – бұрынғы кітап берілгендерге 



қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте–ең алға өтеміз. 

Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы 

күні  жайында  қарама-қайшы  пікірге  түсті.  Аллаһ 

оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге 

бағынады. Жұма күнінің ертеңі – яһудилердікі, одан 

кейінгі күн – христиандардікі»

232


. Пайғамбарымыздан 

(с.а.у.) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін 

сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмәнсіз, әкеңіз 

Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол 

күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі 

үшін ұсталулары да – сол күні болады. Жұма күнінің 

үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға 

еткеннің дұғасы қабыл болады»

233

, – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисте: «Мен 

дұғалардың  қабыл  болатын  сағатының  қай  уақытта 

екенін білуші едім, бірақ Қадір түні сияқты бұл да маған 

ұмыттырылды», – деп жұма күнінде дұғалардың қабыл 

болатын арнайы бір сәттің бар екенін айтады. Міне, 

сондықтан мүмкіншілік болса, жұма күнін толықтай құран 

232

 Бухари, Жұма, 1. 211.



233

 Ахмед ибн Ханбәл, III, 311.



206

Ислам ғылымхалы

оқу, намаз оқу, тәсбих, салауат айту сияқты ғибадатпен 

өткізу керек. Жұма күні тазаланып, мешітке ертерек 

барып, хұтба тыңдап, артынан намаз оқыған адамның 

алдыңғы  жұма  мен  сол  жұманың  арасында  жасаған 

күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыздың 

хадистерінде сүйінші хабар бар.

Жұма күні мұсылмандардың апталық айты, мейра-

мы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық 

және рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек 

көңіл бөлу керек. Заттық тазалықтың ең басында ғұсыл 

алу, тырнақ алу, таза киім кию, хош иісті әтір себу келеді. 

Рухани тазалық ретінде жұмадан бұрын күнәларына 

тәубе етіп, көбірек зікір, салауат айтып, дұғаның қабыл 

болатын құпия сағатына тура келуді үміт етіп, көбірек 

дұға етуге тырысу керек.

Мұсылмандардың жұма намазды оқу үшін бір жерге 

жиналулары жұма намазының осылай аталуына бірден-

бір себеп болған. Һижреттен бұрын, яғни Меккеде жұма 

намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі «Ақаба» сертінен кейін 

Мус’аб ибн Умейрді Мәдинаға мұғалім етіп жіберді. Оған 

сол жерде бесін уақытында екі рәкат намаз оқуын әмір 

етті. Міне, сондықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның 

Мәдина сыртындағы үйіне жиналып, жұма намазын оқи 

бастады. Негізінде жұма намазына байланысты аяттың 

Мәдинада түскенін және Аллаһ Елшісі алғаш жұма на-

мазын һижрет кезінде Салим ибн Ауф тайпасына тиісті 

Рануна қойнауында оқығанын ойлап қарасақ, Әсадтың 

оқыған екі рәкат намазы жұма намазының парыздығынан 

бұрын болып, оқыған намаздарының бесін намазы екенін 

аңғаруға болады.


207

Намаз

Жұма намазының үкімі – парыз. 

Парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді.

Құраннан дәләл: «Ей, иман еткендер! Жұма күні 



намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске 

алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды 

сол уақытта доғарыңдар»

234


. Сүннет дәлеліне келсек: 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын 

естіген жандарға – жұма намазы парыз

235


.

Жұма намазының парыздығының 

шарттары

Жұма  намазының  кімге  парыз  екені  жайлы 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аллаһқа және 

ақырет  күніне  сенгендерге  –  жұма  намазы  парыз. 

Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан 

тыс»

236


. Яғни бұлардан басқа барлық мұсылмандарға 

жұма намазы парыз.

1.  Ер кісі болу: Жұма намазы әйелдерге парыз емес. 

Бірақ намазды мешіттегі жұма жамағатына қатысып, 

оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет 

емес.


2.  Азат  болу:  Азаттығы  болмаған  тұтқын  мен 

қапаста жатқандарға жұма күні бесін намазын жұманың 

орнына оқулары жеткілікті.

3.  Жергілікті  тұрғын  болу:  Жолаушыға  жұма 

намазы  парыз  емес.  Себебі,  жолаушыда  жалпы  жол 

қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.

234

 Жұма, 62/9.



235

 Әбу Дәәуд, I. 244.

236

 Әбу Дәәуд, I. 644.



208

Ислам ғылымхалы

4.  Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға 

барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға – жұма 

намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз 

кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар 

секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. 

Бірақ жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың 

қажеті жоқ.



Жұма намазының дұрыс орындалу 

шарттары

1.  Жұма оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық 

болуы қажет. Бұл жайлы Хазреті Әли: «Жұма намазы, 

тәшриқ тәкбірлері, Рамазан және Құрбан айт намаз-

дары нөпір қала немесе аймақтарда оқылады», – дейді. 

Имам Ағзам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның 

көзқарасы бойынша, әкімі, көшесі, базары, бар отырықты 

жер – «нөпір қала» болып саналады. Әбу Юсуп бойынша, 

халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған 

жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшылардың 

қала санаған жерлерін қала деп есептейді.

Жұма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла 

алатыны жайлы дәлелдер бар. Әбу Һурайра Бахрейн-

де қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан жұма 

намазы  жайлы  сұрайды.  Ол  «Жұма  намазын  қайда 

болсаңдар да оқыңдар» деп жауап қатады. Ибн Аббас 

жұма намазын Мәдинадағы Пайғамбар мешітінен кейін 

алғаш рет Бахрейндегі «Жууаса» деген ауылда оқылғаны 

жайлы хабар береді

237


.

237


 Бухари, Жума, 11.

209

Намаз

2.  Жұма  оқитын  имамның  үкімет  тарапынан 

рұқсаты болуы керек. Ханафи құқықшылары бойын-

ша, жұма намазы үшін де солай. Олар мына хадиске 

сүйенеді: «Кімде-кім жұма намазын мен өмірде болған 

кезімде немесе менен кейін әділ немесе залым бір имам 

(басшы) болғанда, оны місе тұтпай немесе терістеп, 

оны  тәрк  етсе,  Аллаһ  оған  берекет  бермесін  және 

ісін ілгері бастырмасын»

238


. Міне, осы хадисте жұма 

намазының парыз болуы үшін әділ болсын, залым болсын 

бір  басшының  болуы  қажет  екенін  айтқан.  Өйткені 

үкіметтен рұқсат алмаса, бүлік шығу ықтималы бар. 

Бірақ басшылар жұмаға мән бермесе немесе себепсіз 

мұсылмандардың намаз оқуына кедергі жасаса, мұндай 

жағдайда, мұсылмандар бір имамның артына тұрып, 

жұма намазын оқуларына болады. Имам Мұхаммед мына 

дәлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мәдинада қоршауда 

қалған кезде сырттағы сахабалар Хазреті Әлидің артына 

тұрып, жұма намазын оқыған

239


.

3.  Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа 

бойынша, имамнан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп және 

имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің 

болуы шарт. Дәлелдері «Аллаһтың зікіріне (жұма на-

мазына) ұмтылыңдар»

240


 аятындағы «ұмтылыңдар» 

етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа – үш, 

қалған  екеуі  –  екі  адамды  көп  ретінде  қабыл  еткен. 

Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде жұма намазының 

оқылуын  айта  кеткен  жөн.  Әбу  Ханифа  және  Имам 

Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде жұма 

238

 Ибн Мажә, Иқама, 78



239

 әл-Касани, 1. 261.

240

 Жұма, 62/9.



210

Ислам ғылымхалы

намазын оқуға болады. Бұған дәлел Хазіреті Әлидің 

Хазіреті Осман қоршауда қалған кезінде жұма намазын 

сыртта оқығаны секілді айт намаздарын да Мәдина сыр-

тында сақарада оқыған. Сол жерге келе алмаған әлсіз, 

кәрі жандар намаздарын қала орталығында оқыған.

4.  Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық 

болуы. Өйткені жұма намазы – Исламның рәмізі, дін 

ерекшеліктерінің  бірі.  Имам  есігін  құлыптап,  жұма 

оқыса, намазы дұрыс болмайды.

5.  Уақыт.  Жұманың  уақыты–бесін  намазының 

уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: «Аллаһ Елшісі жұма 



намазын күн батысқа ауа бастағанда оқитын»

241

 – 


деген сөзі жеткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Му’саб ибн 

Умейрді  һижреттен  бұрын  мұғалім  етіп,  Мәдинаға 

жіберген кезінде оған күн батысқа ауа бастағанда жұма 

намазын оқуын айтқан.

6.  Хұтпа. Жұма сүресіндегі «Аллаһтың зікіріне 

ұмтылыңдар»  аяты  –  жұма  намазы  мен  хұтпасы. 

Хазреті Пайғамбар хұтпасыз ешқандай жұма намазын 

оқымаған. Хұтпа шарт болмағанда кейде оны тәрк ететін 

еді. Жамағаттың алдында хұтпа оқылуы керек. Хұтпа 

оқылып жатқан кезде жамағат болмай, біткеннен кейін 

келсе, намаздары дұрыс болмайды. Жамағаттың хұтпаны 

естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. 

Хұтпа кезінде жолаушы болса да, жалпы ғибадат етумен 

міндеттелген бір ер кісінің болуы жеткілікті.

Әбу Ханифа бойынша, хұтпаның шарты Аллаһты 

зікір  етуден  тұрады.  Сол  себепті,  хұтпашы  хұтпаға 

ниет етіп, «Әлхамду лилләһ» немесе «Субханаллаһ» 

немесе «Ләә иләһә ил-лАллаһ» десе, жеткілікті. Өйткені 

241


 Бухари, Жума, 16

211

Намаз

«Аллаһты зікір етуге асығыңдар» аятында зікірдің аз 

болуы мен көп болуы жайында мәселе қозғалмаған. 

Хазреті Осман халифа кезінде алғаш жұма хұтпасында 

«Әлхамду  лилләһ»  дегеннен  кейін  қобалжып,  тілі 

тұтылып,  мінберден  түсіп,  жұма  намазын  оқығаны 

осыған дәлел.

Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа 

– хұтпа делінетіндей айтылуы керек. Бұл – әт-тәхият, 

мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей 

көлемде болмақ.

Хұтпаның уәжіптері

1.  Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.

2.  Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.

3.  Әурет жері жабық болу.

242

Хұтпаның сүннеттері

1.  Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір 

тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті, 

бұны «хұтпа» деп атайды.

2.  Бұл екі хұтпаның әрбірі – шәһадат сөздерін, са-

лауатты қамту керек.

3.  Бірінші хұтпа – бір аят және насихатты, екінші 

хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші 

хұтпада хұтпашының даусы – бірінші хұтпадан төмен 

болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.

4.  Екі хұтпаны ұзатпау.

242


 Білмен, 157.

212

Ислам ғылымхалы

5.  Хұтпашы мінберге шыққан кезде оның алдын-

да азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында 

оқылған азан осы.

6.  Хұтпашы азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды 

оқып, жариялай Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын 

жамағатқа қарап оқиды.

7.  Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.

Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны 

жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын 

адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет 

етсе, оған жұма намазы – парыз. Бірақ жұмадан бұрын 

кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен 

кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы 

бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, 

басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланы-

сты, жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, 

жетіп жатыр. Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ 

түстен кейін жұма намазын оқымай шығуы – мәкрүһ. 

Жұма күні тәкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, мисуак 

қолдану, жақсы киім кию – мұстахап. Жұма күні азан 

оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін 

тоқтатып,  мешітке  дереу  баруы  –  уәжіп.  Жұма  күні 

мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, «Кәһф» сүресін 

оқу немесе тыңдау – мәндүп.

Хұтпашы  мінберге  шыққан  кезде,  жамағаттың 

тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәпіл 

намаз оқымауы керек. Жұманың екі сүннетін оқып қойса, 

қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті 

хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да са-

лауат айтпай үнсіз қалу – абзал. Бірақ Әбу Юсуп бой-

ынша, іштей салауат айтылады.



213

Намаз

Жұма намазының сүннеттері

Жұма намазының алды мен соңында төрт рәкаттан 

нәпіл намаз оқылады. Яғни, жұма намазы – бас-аяғы он 

рәкат намаз. Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан 

бұрын  төрт  рәкат  намаз  оқыған.  Басқа  бір  хадисте 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Кімде-кім  жұма  намазын 



оқыса, артынан қосымша төрт рәкат оқысын»,

243


 – 

дейді.


Айт намаздары

Айт – арабшадан тілімізге аударғанда, «мейрам» 

деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі 

Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, 

екіншісі – Құрбан айт. Мәдинадағы бір ансар-сахаба 

Исламнан бұрын тойлайтын екі күннің болғаны туралы 

Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтқанда, ол: «Аллаһ сол екі 

күннің орнына сендерге олардан әлдеқайда жақсысын 

берген. Біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт»,

244


 

– дейді. Аллаһ Елшісі екі айт намазын оқығаны жайлы 

хабар «тәуатүр» (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алғашқы оқыған айт намазы 

– һижреттің екінші жылындағы Рамазан айт намазы. 

Бұны  ибн  Аббас  айтады:  «Аллаһ  Елшісі  (с.а.у.)  Әбу 



Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына 

қатыстым. Барлығы да айт намазын хұтпадан бұрын 

оқыды».

Басқа бір хабарда ибн Аббас: «Аллаһ Елшісі айт 



намаздарын азансыз, қаматсыз оқыды», – деп риуаят 

243


 Муслим, Жума, 67

244


 Әбу Дәәуд, Салат, 239.

214

Ислам ғылымхалы

еткен


245

. Жұма намазы парыз болған жандарға осы екі 

айт намаздары да – уәжіп. Бірақ айт намаздарында хұтпа 

намаздардан кейін оқылады. Бұлай оқылуы – сүннет. Айт 

намаздарының алғашқы уақыты – күннің көкжиектен 

найза бойындай көтерілгендегі уақыт. Бұл шамамен күн 

шыққаннан кейін 50-55 минөттей өткеннен кейін баста-

лып, бесін намазының кіруіне дейін жалғасады.

Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде 

оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. Имам мысалға, 

«Екі рәкат Рамазан айт намазына ниет еттім» деп ниет 

етеді. Жамағат «Екі рәкат айт намазына ниет еттім, 



ұйыдым имамға» – деп ниет етеді. «Аллаһу әкбар» деп, 

ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі алынады. Қолдар бай-

ланып, имам мен жамағат бірге құпиялай «Субханака 

Аллаһумма» дұғасын оқиды. Одан кейін имам – жария-

лай, жамағат – құпиялай «Аллаһу әкбар» деп, үш рет 

тәкбір алады. Әрбір тәкбірді айтқанда қолдар жоғары 

көтеріліп, екі жанына түсіріледі. Әрбір тәкбірдің ара-

сында үш тәсбих айтылатындай сәт тұрады. Үшінші 

тәкбірден кейін қолдар байланып, имам «Ә’узу» мен 

«Бисмиллаһты» құпиялай, одан кейін «Фатиха» мен 

қосымша сүрені жариялай оқиды. Осыдан кейін жариялай 

«Аллаһу әкбар» деп рүкүғ пен сәждеге барады. Жамағат 

та құпиялай тәкбір алып, имамға ұйиды. Содан кейін 

екінші рәкатқа бастайды. Имам құпиялай – Бисмиллаһ, 

жариялай – «Фатиха», содан кейін қосымша сүре оқиды. 

Міне, осыдан кейін осы жерде алғашқы рәкаттағыдай үш 

рет тәкбір алады. Бұдан кейін имам – жариялай, жамағат – 

құпиялай «Аллаһу әкбар» деп, рүкүғ пен сәждеге барады. 

Одан кейін отырып, «әт-тахият», «салауат», «рәббәнә» 

245


 Әбу Дәәуд, Әдаһи, 7.

215

Намаз

дұғасы оқылып, екі жаққа сәлем беріледі. Яғни, бұл айт 

намаздарының әрбір рәкаттарында үш қосымша тәкбір 

бар. Бұл тәкбірлер – уәжіп.

Хұтпашы  айт  намаздарының  артынан  мінберге 

шығып,  тіке  тұрып,  жұмадағыдай  екі  хұтпа  оқиды. 

Айт  хұтпаларында  тәкбірмен  басталып,  жамағат  та 

осы  тәкбірге  жайлап  қосылады.  Жұма  намазындағы 

сүннеттер мұнда да сүннет. Мәкрүһ болған нәрселер 

бұл жерде де – мәкрүһ. Айт хұтпасының намаздан бұрын 

оқылуы – мәкрүһ.

Имам бірінші рәкатта айт тәкбірлерін ұмытып, «Фа-

тиханы» оқып жатқанда есіне түссе, дереу тәкбірлерді 

алып, «Фатиханы» қайта оқиды. Бірақ «Фатиха» мен 

Құранды оқығаннан кейін есіне түссе, тек қана тәкбірлерді 

алады. Қайта оқудың қажеті жоқ.



Айт намазының тәкбірлеріне кешігіп 

қалған жағдайда...

Айт  намазының  алғашқы  рәкатына  қосымша 

тәкбірлер айтылған соң үлгеріп имамға ұйыған адам иф-

титах тәкбірді алғаннан кейін, «Субханаканы» оқымай, 

дереу қосымша тәкбірлерді алады. Егер имам рүкүғте 

тұрған кезде үлгерсе, дереу түрегеп тұрған күйі тәкбір 

алып, рүкүғке барады. Рүкүғтегі тасбихтердің орнына 

қосымша тәкбірлерді қолдарын көтермей сол жерде 

айтады. Егер үлгере алмаса, ештеңе керек емес. Егер 

имамға екінші рәкатта үлгерсе, имам сәлем бергеннен 

кейін, оқи алмаған рәкатты қаза ету үшін қиямға барғанда 

қосымша тәкбірлерді «Фатиха» және қосымша сүреден 

кейін құпия алады.


216

Ислам ғылымхалы

Айт намазына үлгере алмаған адам жеке өзі айт на-

мазын оқи алмайды. Қаласа төрт рәкат намаз оқиды. Бұл 

сәске намазының орнына жатады.

Құрбан намазын кешіктірмей, ал, Рамазан айт на-

мазын аздап кешіктіру – сүннет. Рамазан айтта айт на-

мазынан бұрын құрма секілді бір нәрсе жеу, Құрбан 

айтында  болса,  айт  намазы  оқылмай  тұрып  ештеңе 

жемеу – мұстахап. Бурәйда (р.а.) былай дейді; «Аллаһ 

Елшісі (с.а.у.) Рамазан айтында дәм татпай үйден 

шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқығанға дейін 

еш нәрсе жемейтін»

246


.

Тәшриқ тәкбірі

Құрбан айттың алдындағы күнді «Арафа күні» деп 

атайды. Бұл – Зилхижжаның тоғызыншы күні. Арафа 

күнінің таң намазының парызынан кейін, құрбан айттың 

төртінші күнінің намаздыгер уақытына дейінгі айтыла-

тын тәкбірді – «Тәшриқ тәкбірі» дейді

247

.

Ол былай айтылады:



} ُد ْم َحْلا ِ َّ ِلَو ُرَبْكأ ُلأ,ُرَبْكأ ُلاَو ُلا َّلاإ َهَلإ لا ,ُرَبْكأ ُُلأ,ُرَبْكأ ُُلأ{

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә иллАллаһу 

уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд». 

Мағынасы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһтан басқа 

тәңірлер жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Барлық мадақтар 

мен мақтаулар тек Аллаһқа тән».

Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, парыз 

намазы міндетті адамға тәкбір айту – уәжіп. Яғни, жеке 

246


 Ахмед ибн Ханбәл, ІІІ, 232.

247


 Тәшриқ  (сөздікте)  –  еттерді  бөліп,  күннің  астына  қою 

деген  мағынаны  білдіреді.  Құрбан  айтта  құрбандық  бөліп 

таратылатындықтан осылай атаған.


217

Намаз

намаз оқыған адам, жолаушы, тұрғын, ауылда, қалада 

тұрған ер, әйелдің бәріне бірдей ортақ. Бірақ Әбу Ханифа 

бойынша, тәшриқ тәкбірі уәжіп болу үшін адамның 

тұрғын, азат, ер кісі және бұл тәкбірдің айтылу тиіс 

намаздың жамағатпен оқылған парыз намаз болуы керек. 

Сол себепті жолаушы, тұтқын, әйел және жеке басы намаз 

оқыған жанға тәкбір уәжіп емес. Бірақ бұлар имаммен 

бірге намаз оқыса, жамағатпен бірге тәкбір айтады. Жұма 

мен айт намаздары оқылмайтын кіші ауылдарда тәшриқ 

тәкбірі айтылмайды. Айт күндері мұсылмандардың бір-

бірлерін құтықтаулары, бір-бірлерімен қол алысып, дұға 

етулері – мәндүп.

Нәпіл намаздар

Парыз  немесе  уәжіп  намаздардан  басқа  Аллаһ 

Елшісінің оқыған жалпы намаздары «нәпіл» деп ата-

лады. Бес уақыт парыз намаздармен бірге оқылатын 

нәпіл намаздарға жүйелі (рауатиб) сүннет намаздары 

делінеді. Жүйелі сүннет намаздары «мүәккад (бекітілген) 

сүннет» және «ғайру мүәккад (бекітілмеген) сүннет» 

болып екіге бөлінеді. Бес уақыт парыз намаздармен бірге 

оқылмайтын нәпіл намаздарға «мәндүп нәпіл» намазда-

ры делінеді.



Жүйелі (рауатиб) сүннет намаздар

1. Мүәккад (бекітілген) сүннеттер

Бес уақыт намаз, жұма намаздарымен бірге оқылатын 

нәпіл  намаздардың  бір  бөлімі–мүәккад  сүннеттер. 

Аллаһ  Елшісі  былай  дейді:  «Әрбір  адам  күнделікті 



парыз намаздарынан тыс он екі рәкат намаз оқыса, 

Аллаһ оған жәннатта бір үй салады. Бұлар мына на-

218

Ислам ғылымхалы

маздар:  Таң  намазынан  бұрын–екі  рәкат,  бесіннен 

бұрын–төрт рәкат, бесіннен кейін–екі рәкат, ақшамнан 

кейін–екі рәкат және құптаннан кейін–екі рәкат»

248


Бұлар  аса  маңызды  сүннеттер.  Бейне  бір  парыздың 

қорғандарындай. Қорғаны жоқ немесе бұзылған қалаға 

әр уақытта дұшпанның кіруге дайын тұратынындай, 

сүннеттерін тәрк еткен адам әрқашан парыз намаздарын 

қаза қылуға немесе түгел тастап кетуге бейім тұрады. 

Сондықтан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) таң намазы жайында: 

«Сендерді аттылар (жау) қуса да, таң намазының екі 

рәкат сүннетін тастамаңдар»

249


 – деген. Жұманың 

алдындағы және соңындағы төрт рәкат намаз – мүәккад 

сүннет. Мүәккад сүннеттердің бірі – тарауих намазы. 

Бұл намазды жамағатпен оқу – сүннет. Аллаһ Елшісі 

Рамазанның үшінші, бесінші, жетінші, және жиырмасын-

шы түндерінде осы намазды мешітте жамағатпен бірге 

оқыған. Кейіннен мұсылмандарға парыз болар деген 

оймен мешітте оқымаған. Кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

тарауих намазын сегіз рәкат оқитын. Қалғанын сахаба-

лар өздері толықтырған. Сол себепті сахабалардан түн 

ішінде араның ызыңындай дауыстары естілетін

250


. Бұл 

намаз Рамазан айында құптан намазынан кейін үтірден 

бұрын оқылады. Ең мықты көзқарасқа қарай, осы на-

мазды жамағатпен оқу – кифая (жалпылама) сүннет. 

Бұл намазды адам жеке өзі оқи алады. Бірақ жамағатпен 

оқу абзал. Тарауих намазы – жиырма рәкат. Әрбір төрт 

рәкат намаздан кейін дем алынып, бой жазылғаны үшін 

«тарауих» деп аталған. Яғни, тарауих – дем алу, тынығу 

248

 Тирмизи, Салат, 189.



249

 Ханбәл, ІІ, 405.

250

 әз-Зухайли, а.а.е., ІІ, 43.



219

Намаз

деген сөз. Тарауих намазының әр екі рәкатында сәлем 

беріп  оқу  абзал.  Бірақ  төрт,  сегіз,  он,  тіпті  жиырма 

рәкаттан кейін де, сәлем беруге болады. Ханафилер та-

рауих намазының санын Хазіреті Омардың жасағанына 

қарай орындайды. Хазіреті Омар халифа болған кезінде 

жиырма рәкат оқытқан.

Тарауих намазы неше рәкат?

Қазіргі таңда кейбір топтар «Тарауих 

намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес

Алла елшісі (с.а.у.) тарауих намазын сегіз 

рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді 

ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда 

отырған намаз оқитындардың арасында 

осы үшін үлкен тартыс болған көрінеді. 

Тарауих намазы жиырма рәкат па, жоқ 

әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат 

тұрғысынан талдап берсеңіз?

Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей күндері 

мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадис-

те тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған. 

Омардың (р.а.) заманында отыз күн оразада тарауих на-

мазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп, 

жиырма  рәкат  оқылды.  Сол  күннен  бүгінге  дейін 

мұсылман үмбетінің шығысы мен батысы, яғни күллі 

ислам әлемі оны жиырма рәкат етіп оқып келеді. Төрт 

мәзһабта да тарауихтың рәкат саны жиырма. Тек Мәлики 

мәзһабында жиырма рәкат деген негізгі үкімнің жанын-

да отыз алты рәкат деген де көзқарас бар. Ғалым ән-

Нафрауи тарауих намазының рәкат санына байланы-


220

Ислам ғылымхалы

сты келтірген көпшілік ғұламаның дәйектерінің қуатты 

екенін әрі Мәлики мәзһабын ұстанатындардың да бұған 

қосылатындығын айтады.  Мәлики мәзһабының көрнекті 

ғалымы әд-Дардир: «Тарауих намазы құптан намазы-

нан кейін жиырма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі 

рәкаттан кейін сәлем беріледі. Рамазанның әр күні бір 

пара Құранды жиырма рәкатқа бөліп, Құранды бастан-аяқ 

бұл айда бір рет хатым ету – мұстахаб» деген. Ибн Хажар 

Һәйтами Мәлики мәзһабындағы Тарауих намазының 

отыз алты рәкат болуының негізін былай деп түсіндіреді: 

«Мекке халқы тарауихтың әрбір төрт рәкатынан кейін 

қағбаны тауап жасайтын еді. Мәдинадағы мұсылмандар 

тауап  жасай  алмайтын  болғандықтан,  оның  орнына 

қосымша он алты рәкат намаз оқыған...». 

Ханафи мәзһабында да тарауих намазының жиырма 

рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Сарахси: «Та-

рауих намазы – үтірді қоспағанда жиырма рәкат» десе, 

Кәсани: «Тарауих намазының мөлшері – он сәлемнен 

тұратын жиырма рәкат, бес таруиха. Бір таруиха екі 

сәлемнен  тұрады.  Намаздың  рәкатына  байланысты 

бұл  көзқарас  жалпы  ғұламалардың  таңдауы»  деген. 

Ибн Абидин де тарауих намазының жиырма рәкаттан 

тұратынын әрі көпшілік ғұламалардың осы көзқараста 

екенін, тіпті ислам үмбетінің батысы да, шығысы да 

осыны іс жүзінде ұстанатынын білдірген.

Шафиғи  мәзһабының  атақты  ғалымы  Имам  ән-

Нәуауий:  «Мәзһабымызда  тарауих  намазы  жиырма 

рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін сәлем 

беріледі. Жиырма рәкатта бес «таруиха» (аздап үзіліс 

беруге таруиха делінеді. Қ.Ж.) бар. Бір тәруиха – екі 

рәкат сайын сәлем берілетін төрт рәкаттан тұрады. Міне, 



221

Намаз

бұл біздің мәзһабымыздың көзқарасы. Бұл көзқарасты 

Әбу Ханифа мен оның ізбасарлары

251


, Ахмед ибн Ханбал, 

Әбу Дәуід және басқа да ғалымдар ұстанады...»

252

 – деп, 


Шафиғи мәзһабында тарауихтың жиырма рәкат екенін 

айтқан. 


Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама: 

«Әбу  Абдиллаһтың  (Ахмад  ибн  Ханбал)  таңдаған 

көзқарасы бойынша тарауих намазы – жиырма рәкат. Бұл 

көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа, Шафиғи да ұстанады» 

деп, Ханбали мәзһабында да тарауихтың жиырма рәкат 

екенін білдірген. 

Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб 

бойынша  да  жиырма  рәкат  екені  және  мұсылман 

үмбетінің  мұны  іс  жүзінде  орындағанын  байқадық. 

Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері мынан-

дай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан тарауихтың 

рәкат санының жиырма екенін яки сегіз екенін білдірген 

ешбір сахих хадис жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың 

іс жүзінде тарауих намазын қалай оқығандығы негізгі 

дәлел болуға тиіс. Олай дейтініміз, барша сахабалардың 

іс жүзінде тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты 

белгілі бір санды таңдауы – кездейсоқтық, яки бидғат 

емес,  керісінше,  олардың  бұл  мәселеге  байланысты 

Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір үкімін 

біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар белгілі бір 

санды ойдан шығаруы мүмкін емес. Тарауих намазы 

Омардың (р.а.) заманынан бастап, жамағатпен жиырма 

251

 Әбу Ханифаның Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді мүжтаһид 



шәкірттерін меңзеп тұр.

252


 Имам  Әбу  Зәкәрия  ән-Нәуауий,  әл-Мәжмууъ,  4-том,  38-бет. 

«Дәрул-фикр», Бәйрут, 1997 ж.



222

Ислам ғылымхалы

рәкат етіп оқытыла бастаған. Язид ибн Руман: «Омардың 

(р.а.)  заманында  мұсылмандар  тарауихты  (үтірді 

қосқанда) жиырма үш рәкат етіп оқитын» деген. Абдур-

Рахман ибну Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның 

бір түнінде мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде 

намаз оқуда. Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып 

жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып 

жатыр. Мұны көріп, Омар (р.а.): «Адамдардың бәрін 

бір қаридың артына жинаған дұрыс-ау, жақсы», – деді 

де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оның артына 

ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен (р.а.) 

бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр. 

Мұны көрген Омар (р.а.): «Бұл қандай жақсы бидғат», 

– деді»

253


.   дегенін жеткізді. 

Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында мұсылмандар 

рамазанның әр түнінде жамағат болып, тарауих намазын 

мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы 

кезде бірнеше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да, 

кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке 

жамағатты  жинамаған.  Әбу Бәкірдің (р.а.) заманын-

да да солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың 

бәрін  бір  имамның  артына  жинап,  тарауих  намазын 

күнде  мешітте  өткізу  үрдісін  қалыптастырған  әрі 

рәкат  санын  жиырма  рәкат  еткізген.  Омардың  (р.а.) 

бұл ісіне яғни тарауихтың күнде мешітте жамағатпен 

жиырма рәкат ретінде оқытылуына ешбір сахабаның 

қарсы шықпағандығы, олардың бұл мәселеге байланы-

сты пайғамбарымыздың берген қандай да бір үкімін 

253


 Сахихул-Бухари,  2-том,  707-бет,  Дәру  Ибни  Кәсир  баспасы, 

Бәйрут,  1987  ж.  Сунанул-Бәйһақил-кубра,  2-том,  493-бет, 

Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.


223

Намаз

білгендіктерінде. Омардың (р.а.) қолға алған ісіне қолдау 

көрсетуі сахабалардың ислам заңдарының негізі  бойын-

ша «ижмағ» болып есептеледі. Ал ижмағ Құран, Сүннет 

секілді шариғатымыздың негізгі  дәлелдеріне жатады. 

Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың (с.а.у) 

Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы мен үтірді 

оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың рәкатына байла-

нысты келген бұл риуаят әлсіз болғанымен сахабалардың 

фиғли ижмағымен (барлық сахабалардың тарауихты іс 

жүзінде жиырма рәкат оқуымен болған ижмағ) қуаттанып 

отыр. Айша анамыздың «Алла елшісі (с.а.у) рамазанның 

түндерінде мол намаз оқитын еді» делінген риуаяты мен 

сахабалардың және көпшілік мәзһаб ғұламаларының 

тарауихты жиырма рәкат оқығандығы жоғарыдағы Ибн 

Аббастан  риуаят  етілген  хадистің  дұрыс  екендігіне 

қуатты дәлел.

Ал енді тарауихтың сегіз рәкат екендігін ұстана-

тындардың дәлеліне келер болсақ:

Тарауихты секіз рәкат дейтіндердің негізгі дәлелі 

Айша анамыздың: «Алла елшісі (с.а.у) рамазан айында 

және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық намаз 

оқымайтын еді» деген риуаяты. Бұл риуаятты  Айша ана-

мыздан жеткен: «Рамазан айы кірісімен, Алла елшісінің 

(с.а.у) түрі өзгеретін әрі намаз көп оқып, Жаратқанға 

қатты жалбарынушы еді», «Алла елшісі (с.а.у) басқа 

уақыттарда көрсетпеген қажыр-қайраты мен ыждаһатын 

рамазан айының соңғы он күнінде көрсететін еді» деген 

хадистермен  топтастырып  қараған  уақытта  «Алла 

елшісі (с.а.у) Рамазан айында және одан басқа айларда 

да он бір рәкаттан артық намаз оқымайтын еді» деген 

жоғарыда келтірілген риуаяттың тарауих намазы емес, 



224

Ислам ғылымхалы

түнгі тәһәжжүд намазына қатысты екенін байқаймыз. 

Он бір рәкаттың сегіз рәкатының – тәһәжжүд, ал қалған 

үш  рәкатын  Алла  елшісінің  (с.а.у)  «Соңғы  оқыған 

намаздарың үтір намазы болсын» дегенін ескере отырып, 

үтір намазы деп түсінген жөн. 



2. Мүәккад болмаған (бекітілмеген) мәндүп 

сүннеттер

Аллаһ  Елшісінің  көбінесе  оқыған,  бірақ  кейде 

оқымаған сүннеттері мыналар:

1.  Бесін  намазынан  кейінгі  екі  рәкаттан  бұрын 

оқылатын қосымша екі рәкат.

2.  Намаздыгер намазынан бұрын оқылатын төрт 

рәкат намаз. Бұл жайында Аллаһ Елшісі былай дейді: 

«Намаздыгер  намазынан  бұрын  төрт  рәкат  намаз 

оқыған адамға Аллаһ рақым етсін»

254


.

3.  Құптан намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат 

намаз бен құптан намазының екі рәкатына қосымша 

– екі рәкат намаз. Бұл жайында Хазіреті Айша былай 

дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) құптаннан бұрын төрт рәкат 

намаз оқып, артынан құптан намазын оқитын. Одан кейін 

тағы төрт рәкат намаз оқитын. Содан кейін жатуға бет 

алатын»


255

.

4. «Әууабин» намазы: Бұл – Аллаһқа көп тәубе етуші 



адам деген сөз. Ақшам намазынан кейінгі екі немесе үш 

сәлеммен оқылатын алты рәкат намаз. Мұның дәлелі 

мына аят: «Раббыларың іштеріңдегі нәрсені жақсы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет