Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

 ТЕҢДЕССІЗ СЕНІМ

Мекке заманындағы хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) 

іс-әрекеттері мен сөздеріне психологтардың көзімен де 

бір қарап өтелік. Оның жалпы өмірін зерделеп қарасақ 

өзіне нық сенімді халін һәм әкелген дінінің адамзатқа 

106


 «Саф» сүресі, 61:8.

107


 «Ұлттар  бір-бірін  дастарқанға  шақырған  адамдардай 

сендерге  қарсы  шығу  үшін  жиналады».  Бір  адам  сұрады: 

«Біздің  аздығымыздан  ба?»  –  Ол:  «Жоқ,  керісінше  сендер 

сол  күні  өте  көп  боласыңдар.  Бірақ  сел  басқан  шөп-шалам 

секілді... Аллаһ дұшпандарыңның жүрегінен сендерге деген 

қорқынышын  алып  тастайды  да  сендердің  жүректеріңе 

«уәһнді» тастайды», – деді. Сонда біреу: «Пайғамбарым уәһн 

деген не?». Ол былай деп жауап қайырды: «Өлімді қаламау 

дүние сүйіспеншілігі!». Муснәд,  5278.


84

Мәңгі мұғжиза

тек қана жеткізуші екендігіне куә боламыз. Ол әкелген 

дінінің  барлық  діндерден  үстем  болып,  өткінші  емес, 

мәңгілік қанат жаятындығына бейне бір атқан таңның 

артынан  күн  шығатынына  сенгендей  нық  сенімде 

еді.  Ол  қаншама  үйдің  есігін  қағып,  ізгі  адамдар  із-

деген.  Бірақ  есіктер  тарс  жабылып,  мүбәрак  жүзіне 

түкірік  шашылған-ды.  Ол  сондай  кезде  күні-түні 

Ұлы  Жаратушыға  «халқымды  Өзіңнің  тура    жолыңа 

сала  гөр»  деп  жылап,  жалбарынған.  Оның  бұрын 

Құранға, иманға қатысты пікірі болмағанын меккелік-

тер жақсы білген. Құран түскен шақтарда ешкім «сен 

мына  пікіріңнің  шет  жағасын  бұрын  да  айтқан  едің 

ғой»  демеген.  Оған  Құран  тосыннан  келген.  Ол  елші 

болатынын  өзі  де  білмеген.  Елдің  ешбірі  де  одан  он-

дай сөз естімеген. Құранда: «Сен өзіңе (Құран) кітап 



түседі  деп  үміт  етпеген  едің.  Бірақ  бұл  тек  қана 

Раббыңның  рақымдылығы»

108


  дейді.  Оған  алғаш  рет 

уахи келгенде үйіне жүрегі дүрсілдеп келіп, жан жары 

Хадишаға  «үстімді  жап,  үстімді  жап»  дейді.  Қорқуы 

басылғаннан кейін жарына болған оқиғаны баян етіп: 

«өзімнен  корқамын»  дейді.  Болған  оқиғаның  сырын 

жақсы  білген  Хадиша  қайта  оны  жұбатып:  «Аллаһқа 

ант  етейін!  Раббың  сені  ұятқа  қалдырмайды.  Өйткені 

сен туыстарыңа жәрдем етіп, әлсіздерге жанашырлық 

танытқан һәм жарлыларға қараған, қонақ күткен, ақиқат 

жолында халыққа жәрдем жасаған жансың», – дейді. 

Міне, пайғамбарлық осылай басталған. Оның осы 

жағдайына  қарасақ,  «Алақ»  сүресінің  алғашқы  бес 

аятының  ғайыптан  келгені,  тұңғыш  уахидың  да  тұла 

бойына  ерекше  әсер  еткені  байқалады.  Осыдан  кейін 

Хадиша  хазіреті  Мұхаммедті  (с.а.с.)  туысы  Уарақа 

108


 «Қасас» сүресі, 28:86.

85

Құран кімнің сөзі?

ибн  Нәуфәлға  алып  барады.  Уарақа  кейіннен  хрис-

тиан  болған,  ибрани  тілін  білетін,  Інжілден  кейбір 

нәрселер жазатын кісі еді. Ол болған оқиғаны хазіреті 

Мұхаммедтің  (с.а.с.)  өз  аузынан  естіген  сәтте-ақ 

«Көргенің Аллаһтың Мұсаға түсірген Ұлы Намус (пері-

ште). Әттең, сенің пайғамбарлық күндеріңде жас жігіт 

болып, сені халқыңның туып өскен жеріңнен аластата-

тын заманыңды көрсем ғой, шіркін», – дейді. Ол сонда: 

«Мені қуа ма?» – деді. Уарақа: «Иә, сен секілділердің 

ешбірінің дұшпандық көрмегені жоқ. Егер сенің дінге 

шақыру күніңе өмірім жетсе, саған көмектесер едім», 

– деп сөзін аяқтайды

109


. Осы жайттар да оның Құранды 

Уарақа арқылы христиан, еврей кітабынан алғандығы 

емес,  қайта  Уарақаның  оның  пайғамбарлығын 

растағаны  әрі  қудалатыны  хақында  хабар  бергені 

анық  байқалады.  Ол  уақытта  қос  жанарын  су  алған, 

төрінен көрі жақын Уарақа оның кейін қудаланатынын 

қайдан білген? Алайда кейіннен өзінің шеттетілетінін 

білсе де, Меккеде әкелген жаңа діннің үстем болаты-

нына  хазіреті  Мұхаммед  (с.а.с.)  өте  сенімді  еді.  Сол 

Меккедегі  пұтқа  табынушылардың  мұсылмандарға 

көрсеткен азабы шегіне жеткен шақта бір күні Ақырғы 

Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаға арқасын сүйеп отырған еді. 

Жанына бір сахаба келіп, одан Аллаһ Тағалаға қолын 

жайып, кәпірлерге қарсы жәрдем тілеуін өтінеді. Сон-

да өз қалпын бұзбаған хазіреті Мұхаммед (с.а.с.) былай 

дейді: «Аллаһ атымен ант етейін, сендерден бұрынғы 



өткен үмбеттер бұдан да қиын азап шеккен. Олардың 

кейбірі қазылған орларға тасталып, темір аралармен 

денелері  екіге  айырылған.  Бірақ  сонда  да  діндерінен 

бас тартпаған. Еттері мен сүйектері ажыратылып 

109


 Бухари, 1:3-4.

86

Мәңгі мұғжиза

жатса да, ешқандай осалдық танытпаған. Аллаһ бұл 

дінді  сөзсіз  кемелдендіреді,  бірақ  сендер  асығыстық 

жасайсыңдар.  Сол  заман  келгенде,  бір  әйел  Хирадан 

Хадрамауытқа дейін жалғыз өзі сапарға шығады да, 

жолда жыртқыш аңдардан басқа ешқандай нәрседен 

қорықпайды»

110


Оның  осы  айтылған  сөздерінен-ақ  діннің  кемел-

денетініне  деген  толық  сенімділігі  анық  көрініп  тұр. 

Айтқанындай-ақ,  көп  ұзамай  «ақырғы  дін»  әлемдегі 

барлық діндерге өз үстемдігін паш етеді. Иә, Құранның 

басқа  кітаптардан  ерекшелігі  –  ғасырлар  озған  сайын 

өзге  кітаптар  өткен  ғасырлармен  бірге  көміліп  бара 

жатса, Құран ғасырлар өткен сайын толқын кешкен ке-

медей жаңара түсуде.   

ТЕҢДЕССІЗ МҰҒЖИЗА

Құранның  хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.с.)  өз  сөзі 

еместігіне бір дәлел – оның мұғжиза-ғажайыптылығы. 

Құран  аяттарында  бұл  кітапты  адам  баласының  жаза 

алмайтындығы айтылған. Құранның осылайша жалпы 

жын мен адамзатты өзіне бәсекеге шақыруы әрі күллі 

жын мен адамзаттың оған ұқсас ешнәрсе жаза алмауы – 

оның Аллаһ Тағаланың хақ кітабы екендігі мен хазіреті 

Мұхаммедтің  (с.а.с.)  пайғамбарлығына  бұлтартпас 

дәлел. Құран мұғжизалық тұрғысынан Аллаһ Елшісінің 

ең  керемет  дәлелі.  Ақырғы  ақиық  Пайғамбар  (с.а.с.): 

«Адамдар  иманға  келу  үшін  барлық  пайғамбарларға 

мұғжиза  беріліп  жіберілген.  Маған  берілгені  – 

Аллаһтың жіберген (Құран) уахиы. Сол үшін қиямет 

күні  үмбетімнің  басқа  пайғамбарлардың  үмбетінен 

110


 Бухари, Мәнақиб, 25; Әбу Дәуіт, Жиһад, 97.

87

Құран кімнің сөзі?

көп  болуынан  үміт  етемін»

111


.  Құран  алғаш  Меккеде 

түсе бастағанда пұтқа табынушыларға оны жай сөз етіп 

көрсету  оңай  көрінген.  Өйткені,  ол  заманда  өлеңдері 

Қағбаның  қабырғасына  ілінген  атақты  шайырлар  бар 

болған. Алайда Құран оларды ашықтан-ашық таласқа 

шақырып,  тым  құрыса  Құранға  сәл  ұқсасын  әкелуін 

талап  еткенде,  олар  өздерінің  шамасын  келмейтінін 

аңғарып, әуел баста үндері шықпай, ұқсас сөз келтіре 

алмай дал болады да, артынан әлсіздіктерін әшкере етіп, 

Құранға «сиқыр», «өлең», «сәуегейдің сөзі» деп жала 

жаба бастайды

112


. Міне, осы уақытта хазіреті Мұхаммед 

(с.а.с.) оларды Құран арқылы күреске шақырды. Бұған 

байланысты алғашқы түскен аяттар: «Я, болмаса олар: 

«Құранды өзі жасап алды» дей ме? Жоқ, олар иман кел-

тірмейді. Ендеше, олар шыншыл болса, Құран сияқты 

бір сөз келтірсін»

113




«Егер адамдар мен жындар осы Құранның ұқсасын 

келтіру үшін бір жерге жиналып, бір-біріне көмектессе 

де оның ұқсасын келтіре алмайды»

114


Міне, осы аяттар Құранның хазіреті Мұхаммедтің 

(с.а.с.)  өз  сөзі  еместігіне  тағы  да  бұлтартпас  дәлел. 

Ал, екінші аяттағы адамдар мен жындар тек қана сол 

ғасырды  емес,  сонымен  қатар  қияметке  дейінгі  күллі 

жын мен адамзатты меңзеп тұр. Сол он төрт ғасырдан 

бері  екі  топ  Құранның  ұқсасын  келтіруге  тырысқан. 

Біріне  Құран  достары  жатады.  Бұлар  Құранға  деген 

сүйіспеншіліктерімен  өз  жазғандарын  соған  ұқсатуға 

тырысқан. Екінші, Құран дұшпандары. Бұлар Құранның 

111

 Бухари, әс-Сахих, Фәдәилул-Қуран, 1.



112

 Исмайыл Каражчам, Сонсуз мужизе Қуран, 422 бет.

113

 «Тұр» сүресі, 52:33-34.



114

 «Исра» сүресі, 17:88.



88

Мәңгі мұғжиза

нұрын  сөндіру  мақсатымен  қаншама  жанталасып 

ұқсасын жазуға тырысқанмен осы ғасырға дейін олар 

бір  сөйлем  де  құрай  алмағанын  мойындады.  Ендеше, 

осы екі топ та он бес ғасыр бойы Құранға ұқсас ешнәрсе 

жаза алмағандығы – аталған аятқа куәгерлік еткендігі. 

Һәм қияметке дейін де куәлік ете бермек. Алайда Мекке 

заманында қаншама ақындар өмір сүргенмен біреуі де 

шығып, Құранмен бәсекелесе алған жоқ. Бәрі де үнсіз 

қалған.  Осыдан  кейін  Құран  оларды  он  сүремен  ғана 

күреске  шақырған.  «Я,  болмаса  «Құранды  өзі  жасап 

алды» дей ме? «Егер айтқандарың рас болса, Аллаһтан 

өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар да 

сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де. Егер осы 

шақырғандарыңа  жауап  бере  алмаса,  онда  біліңдер, 

шын мәнінде бұл Құран Аллаһтың ілімімен түсірілген әрі 

Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ. Ал енді  мойынсұнып 

мұсылман боласыңдар ма?»

115




«Егер  айтқандарың  рас  болса,  Аллаһтан  өзге 

көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар». Яғни, 

бұл Құранның Аллаһтың сөзі емес, бөгденің құрастырған 

сөзі екендігі деген тұжырымдарың рас болса, онда Аллаһ 

Тағалаға серік қосқан пұттарыңды, әдебиетші, ділмар-

лар, шайырлар, тіпті шамасы келетін жын мен адамдар-

ыңды көмекке түгел шақырыңдар да Құран секілді бір 

кітап емес, тым құрыса оның он сүресіне ұқсас сөздерді 

құрастырып,  жасап  көріңдер  қанекей!  –  дегені.  Одан 

кейінгі аятқа қарайық: «Егер осы шақырғандарыңа жа-

уап бере алмаса». Яғни, Құранның он сүресіне ұқсас он 

сүре құрастыра алмаса, мұндай қолдан келмейтін іске 

ешкімнің  де  көмектесе  алмайтындығы  айқындалса, 

бұрын  да  жасай  алмағансыңдар  және  бұдан  кейін  де 

115


 «Һұд» сүресі, 11: 13.

89

Құран кімнің сөзі?

жасай алмайтындарың анықталса, «Онда біліңдер, шын 

мәнінде  бұл  Құран  Аллаһтың  ілімімен  түсірілген». 

Яғни, оны түсіруге күші жететін Ұлы Жаратушы ғана. 

Аллаһ  Тағаланың  ілімі  ғана  осылай  болмақ.  Жалпы 

әлемдік  заңдар  мен  адамдардың  барлық  хал-ахуалын, 

қазіргі  һәм  болашақ  замандарына,  жеке  тұлға  және 

қоғамның жақсы тұрмыс құруына қатысты терең де кең 

ілімді  қамтыған  Құран  тек  Жаратушы  Жаппар  Иенің 

құзырынан ғана түсе алмақ.

Жер  бетінде  ешбір  пенде  жасанды  он  сүре  кел-

тіре  алмаған  соң,  Аллаһ  Тағала  үшінші  рет  кәпір 

қауымға Құранның бір сүресін келтіріңдер деп күреске 

шақырады.  Бұл  хақында  алғашқы  түскен  аят  мы-

нау:  «Я,  болмаса  «оны  жасап  алды»  дей  ме?  «Егер 

айтқандарың  рас  болса,  Аллаһтан  өзге  көмекке 

шақыра алатындар-ыңды шақырыңдар да, сол сияқты 

жасама бір сүре келтіріңдер» де»

116


. Кейіннен Аллаһ 

Тағала адамзаттың бұл жайындағы әлсіздігін паш етті-

ру һәм Құранның тек қана илаһи сөз екендігін нықтау 

мақсатымен  ақырғы  мына  екі  аятты  түсірген:  «Егер 



құлымызға түсіргенімізден күмәндансаңдар, онда сен-

дер де соған ұқсас бір сүре келтіріңдер, Аллаһтан өзге 

көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас бол-

са. Егер осыны жасай алмасаңдар, әлбетте, ешқашан 

жасай  алмайсыңдар.  Ендеше,  отыны  адамдар  мен 

тастардан  тұратын  кәпірлерге  әзірленген  оттан 

қорқыңдар»

117


. Яғни, Құран былайша жар салуда: «Ей, 

жын мен адамзат! Егер Құранның илаһи сөз екендігіне 

бір күмәндерің болса, онда қанекей келіңдер! Хат таны-

майтын бір адамға Құранға ұқсас бір сөз жаздырыңдар. 

116


 «Жүніс» сүресі, 38 аят.

117


 «Бақара» сүресі, 2:23-24.

90

Мәңгі мұғжиза

Мұны  да  жасай  алмасаңдар,  мейлі  умми  болмасын, 

атақты әдебиетші, ғалым болсын. Егер осыны да жа-

сай  алмасаңдар,  мейлі  біреу  емес  барлық  әдебиетші 

тіпті,  болашақтағы  әдебиетшілер  мен  ақындардың 

жәрдемдері мен пұттарыңның көмегін бірге алып, бар 

күштеріңді салыңдар да, Құранның ұқсасын жасаңдар. 

Алайда жасай алмасаңдар, онда жасанды он сүре, тіп-

ті ол да болмаса бір сүре жасаңдар. Бірақ болашақта да 

жасай алмайсыңдар! Әрі иман келтірмесеңдер қарғыс 

атсын сендерді. Жәһаннамға кіресіңдер» деп, Құранға 

сын айтқандардың намысына тиюде. Не Құранға қарсы 

шығып, ұқсасын әкеліңдер, не мал-жандарың құрдымға 

кетпек деуде.



«Әлбетте, ешқашан жасай алмайсыңдар». Яғни, 

бұрын да жасай алмағандарың секілді бұдан кейін де 

сөзсіз  жасай  алмайсыңдар.  Осы  сөз  арқылы  олардың 

«біздің бұрын жасай алмағанымыз, келер ұрпақ та жа-

сай алмайды деген сөз емес» деген ойлары мен сылтау-

ларын да жоққа шығарған

118

.

Алайда олар Құранға қарсы тұрып күресе алмаған. 



Егер олар Құранның бір сүресін жасағанда, мұсылман-

дармен  күресіп  әуре  болмас  еді.  Әрбір  мұсылманды 

діннен  тайдыру  үшін  сонша  тер  төкпей-ақ  бір  сүре 

жазса жетер еді. Өйткені, ол уақытта Құран пенденің 

сөзі болып саналар еді де, дағуасынан бас тартар еді. 

Меккеліктер өте зерек, саясатқа мықты адамдар болған. 

Осындай  кемеңгерлердің  оңай  жолды  емес,  ең  ауыр 

мал-жанына қауіпті, салмағы ауыр қиын да ұзын жол-

ды таңдауының сыры неде? Олардың өлеңі ардақталып 

Қағбаға  ілінген,  ұзақ  соғысқан  екі  елді  бір  сөзімен 

татуластырған атақты, дара ақындары жалған бір сүре 

118


 Меһмет Килежи, Куран мужизесі, Ыстанбұл, 1997, 67 бет.

91

Құран кімнің сөзі?

ойдан құрастыра салғанда мәселе бітер еді ғой. Алайда 

Құран олардың намыстарына тиіп, осыншама күреске 

шақырғанмен  ешбірі  шығып  бір  ауыз  сөз  айтпаған. 

Өйткені өз сөздері мен Құран сөзінің арасында жер мен 

көктей айырмашылық барын жақсы білген. Болмаса ел 

алдында өз  беделдерін сақтап, масқара болып  қалмау 

үшін сөзсіз Құранмен күресулері қажет еді. Бірақ олар 

Құранның  осы  шақыруына  үн  қатпай,  оңай  жолды 

емес қауіпті жолды таңдады. Міне, олардың қолдарына 

қалам емес, қылыш ұстауы – Құранның ұқсасын келтіре 

алмағандығын мойындағаны. Иә, бейне бір Құран тамы-

ры тереңде, ал жапырағы биікте жайқалған бәйтерекке 

ұқсас. Ешқандай адам ағаш тұрмақ оның жапырағының 

бір  жасушасын  жасай  алуы,  әсіресе,  оған  жан  бітіруі 

әсте мүмкін емес. 

Осы  жерде  оқырманның  ойына  «бір  сүре  жазуға 

тырысқан  ақындар  болған  шығар,  бір-біріне  жәрдем 

етіп көрген шығар» деген пікір тууы ықтимал. Өйткені, 

Құранмен  күресу  мүмкін  болғанда,  сөзсіз  сол  іске 

кірісер еді. Себебі, бұл жерде ар-намыс мәселесі, мал-

жанына  да  қауіп  бар  еді.  Егер  жасауға  тырысқанда, 

сөзсіз  олардың  жақтаушылары  көп  болмақ  еді. 

Өйткені,  ақиқатқа  қарсылық  білдірушілер  ол  кезде 

өте  көп  болған.  Егер  жақтаушылары  болғанда  сөзсіз 

тарихта мөрі қалар еді. Себебі, тарихта кейбір шағын 

шайқастың  өзі  адамзаттың  назарын  аударып,  дас-

тан  болып  жатады.  Ендеше,  Құранмен  күресу  үлкен 

шайқас саналғандықтан, мұндай оқиғаның тарихта ізі 

қалмауы  мүмкін  емес.  Ал  енді  Исламға  қарсы  тұрған 

барлық оқиғалардың бізге жеткені белгілі. Ешкім ондай 

оқиғаларды жасырмаған. Алайда сол замандағы жалған 

пайғамбар Мусәйләма кәззаптың бір-екі өлеңінен басқа 


92

Мәңгі мұғжиза

бізге хабар келмегені белгілі. Негізінде ол өзіндік әуезі 

бар сөзге шешен болған. Алайда шексіз сұлулыққа ие 

Құранмен таласпақ болған өлеңдері тарихқа аса күлкілі 

болып еніп, бізге жеткен.  

Құранның  сенімсіздерді  күреске  шақыруында 

көптен  азына  қарай  сатылық  әдістеме  болғандығына 

ғалымдар бірауыздан келіседі. Ол мынадай:

1.  Өзіндік  стилі  мен  ғайыпқа  байланысты  хабар-

лары  бар  ілімдер  мен  асқақ  ақиқаттарды  қамтыған 

Құран ұқсасын умми, оқу-жазу білмейтін бір адамнан 

әкеліңдер.

2. Егер дәл осындай Құран ұқсасын жасау қолдарың-

нан келмесе шешендік сөз өнері жағынан теңесе алаты-

нын құрастырыңдар.

3.  Егер  бұған  да  шамаларың  келмесе  он  сүренің 

ұқсасын әкеліңдер.

4. Бұған да шамаларың келмесе ұзын бір сүренің 

ұқсасын әкеліңдер.

5. Егер шама-шарқыларың бұған да келмесе қысқа 

бір сүренің ұқсасы болсын.

6.  Егер  умми  адамнан  жасай  алмасаңдар,  онда 

ғалым һәм жазушы адамнан болсын.

7. Бұл да болмаса бір-бірлеріңе көмектесу арқылы 

жасап көріңдер.

8.  Тіпті  бұған  да  шамаларың  келмесе  күллі  жын 

мен  адамзаттан  жәрдем  сұраңдар.  Арапша  жазылған 

барлық ғылым қайнар көздерін арқау етіңдер

119

.

Міне, барлық арабша кітаптар мен Құранды салыс-



тырып  қарасаңыз,  олардың  ешқайсысының  Құранға 

ұқсамағанын көресіз. Ендеше, бұдан кейін де ұқсай ал-

майды деген сөз. Ендеше, ондағы айтылған сөздер де 

119


 Меһмет Килежи, Куран мужизесі, 70 бет.

93

Құран кімнің сөзі?

бұдан  он  төрт  ғасыр  бұрын  түскен  араб  ұлтына  ғана 

емес, күллі заман перзенттеріне айтылған сөздер. Яғни, 

Құран бейне бір осы ғасырда түскендей, осы ғасырдың 

да дінсіздерін де жекпе-жекке шақыруда. Ол кітап сөз 

өнері жағынан ерекше стилі болуымен қатар, өткен шақ 

пен  болашаққа  қатысты  ғайыптық  хабарлар,  астроно-

мия, химия, биология, медицина т.б. салалар бойынша 

ғылыми  тылсымдары  болуы  шарт.  Яғни,  келер  ұрпақ 

қана  шешетін  ғаламдық  құпия-сырлар  болуы  қажет. 

Әрі  онда  қазіргі  һәм  қияметке  дейінгі  адамдардың 

барлық  мәселелерін  шешіп,  бақыттылыққа  бөлейтін 

жалпыға  бірдей  «өлшем»,  «құндылық»  болуы  ләзім. 

Әрі  жазылған  сол  кітапты  мектепке  барған  баладан, 

акадамикке дейін әркім өз санасының дәрежесіне қарай 

түсініп,  мән-мағына  алуы  қажет...  Алайда  бұл  күнге 

дейін ондай жетістік болған емес. Хазіреті Мұхаммедке 

(с.а.с.) Құран түсе бастағанда-ақ кейбір араб шайырла-

ры мен әдебиетшілері Құранның ұлылығын мойындап, 

мұсылман  болған.  Енді  кейбір  пұтқа  табынушылар 

Құранға  қарсы  шығып,  көре  алмай  «өлең»,  «сиқыр», 

«бұрынғының  аңызы  мен  хикаясы»  деп  бұлғақтаған. 

Қазіргі  еуропаның  шығыстанушылары  да  дәл  сол 

кейіпте.  Құранның  қырыққа  жуық  мұғжизалық  жағы 

бар.  Оның  мағынаға  аса  байлығы  сонша  –  «Фати-

ха»  сүресінің  өзіне  том-том  кітаптар,  тіпті  оның  бір 

аятының  өзіне  көптеген  парақтар  жазылған.  Оның 

әрбір  сөз,  әрбір  әрпінің  орналасуында  мұғжизалық-

ғажайыптылық  бар.  Әрбір  сүреде,  тіпті  әрбір  аяттағы 

әріптер қатаң, үнді болу жағынан әрі әуендік үндестік 

тұрғысынан  арнайы  саналып  қойылған.  Яғни,  әрбір 

аяттағы  әріптердің  қойылуында,  аяттардың  өзара 

бір-бірімен  байланысуында  ғажайып  математикалық 


94

Мәңгі мұғжиза

жүйе бар. Егер сіз оның бір сүредегі бір аятын яки бір 

аяттағы бір әрпін алып тастасаңыз, мағынаның өзгеріп, 

ырғақтың  бұзылып,  қысқасы  тепе-теңдіктің  астан-

кестеңі шыққанын байқайсыз. Яғни, сүрелер мен аят-

тар арасындағы үйлесімділік бейне бір планеталар, яки 

атомдар арасындағы қатынас тәрізді. Құранның «Фати-

ха» сүресі мен ақырғы «Нас» сүресінің арасында жер 

мен күннің арасындағы байланыс сықылды үйлесімділік 

бар.  Сондықтан,  оның  оқылуының  өзінің  де  арнайы 

тәсілі  бар.  Задында,  Құранның  сөзі  де,  мағынасы  да 

Аллаһ  Тағаладан.  Бірақ,  әлбетте,  Құранның  әріптері 

жаратылған  қалыптар.  Ұлы  Жаратушы  өзінің    шексіз 

мәнге ие жарлығын сол қалыптар арқылы адамзатқа жет-

кізген. Сондықтан, Құран оқушы қари сол қалыптарды 

өзіне тән ырғағы арқылы шығармаса, тыңдаушы оның 

мән-мағынасына  тереңдей  алмайды.  Жүректерге  де 

толық  жете  алмақ  емес.  Ал  хазіреті  Мұхаммедтің 

(с.а.с.) хадистері болса мұндай емес. Оның бізге жет-

кен  хадистерінің  бәрі  сөзбе-сөз  жеткен  емес.  Кейде 

хадистердің өз арасында синонимдік өзгешеліктер кез-

деседі. 


ҚҰРАНДАҒЫ МӘҢГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Өткенге  көз  салсақ,  әу  баста  мәңгілік  шырақтай 

жарқ етіп, артынша ғасыр қойнауының тереңіне батқан 

қаншама  идеялар  көреміз.  Өйткені,  фәни  пенденің 

ой-пікірлері  де  фәни  болмақ.  Алайда  Құран  мұндай 

фәниліктен  мүлдем  ада.  Керісінше,  заман  қартайған 

сайын  ол  жаңарып,  жасаруда.  Оның  бұдан  он  төрт 

ғасыр бұрын қойған ұстанымдары әлі күнге дейін құнын 

жоғалтқан емес. Мінеки, Құранның мәңгілік ұстаным-

дарынан бірнеше мысал: «Жетімдердің мал-мүліктерін 



95

Құран кімнің сөзі?

беріңдер.  Жаманды  жақсымен  алмастырмаңдар. 

Олардың  мал-мүліктерін  өз  мал-мүліктеріңе  қосып 

жемеңдер. Ол сөзсіз үлкен қылмыс» (Ниса, 4:2), «Не-

гізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты ор-

нына тапсыруларыңды және адамдар арасында билік 

еткенде әділдікпен үкім берулеріңді әмір етеді» (Ниса, 

4:58) деген аяттарда жетімдердің ақысын жемеу, ама-

нат пен міндеттердің лайықтыларға берілу, әр нәрсеге 

әділдікпен  үкім  берілу  ұстанымы,  «Негізінде  Аллаһ 



әділеттілік  пен  игілік-жақсылықты  және  ағайын-

туысқа  қарасып,  жәрдем  етуді  әмір  етуде.  Және  де 

арсыздыққа,  жамандық  жасауға  һәм  азғындыққа 

тыйым салуда. Сөздерінде тұрар, ойланар деп Ол сен-

дерге насихат беруде» (Нахыл, 16:90), «Аллаһтың қол 

астына  алынған  елден  Елшісіне  берілген  олжалары 

Аллаһқа,  Елшісіне,  жақындарына,  жетімдерге,    ке-

дейлерге  және жолда қалғандарға тиесілі нәрсе. Олар 

байлар  арасында  айналған  мал-мүлік  болмауы  керек» 

(Хашыр,  59:7)  аятында  байлық  пен  мал-мүліктің  тек 

қана байлардың қолында болмау ұстанымы, «Кімде-кім 

кісі өлтірмеген яки жер бетінде лаңкестік жасамаған 

жазықсыз біреуді өлтірсе, ол адам барлық адамзатты 

өлтіргенмен бірдей және кімде-кім бір адамды тіріл-

тсе,  ол  күллі  адамзатты  тірілткенмен  бірдей»  (Ма-

ида,  5:32)  аятындағы  ұстанымдар  мәңгілік  жасайтын 

мызғымас  негізгі  қағидалар.  Бұлар  заманның  барлық 

ағымына  бірдей  қажетті  тірек-негіздер.  Сол  сияқты 

да  жеке  тұлға,  отбасы,  қоғамды  ашкөз  ететін  пайыз, 

құмарлық ойындары, ішімдік пен зинақорлық, жалған, 

жала,  ысырапшылдыққа  тыйым  салынуы,  адамды 

«толық  адам»  шыңына  жеткізу,  бұл  дүниенің  өзінде 

жәннатқа ұқсас рахат өмір сүруі үшін намаз, ораза, зе-

кет, қажылық т.б. ғибадаттар сонымен қатар ең жақсы, 



96

Мәңгі мұғжиза

ең  көркем  мінез  қағидалары,  Ұлы  Жаратушыға  деген 

сүйіспеншілікке  ынталандыру,  жеке  тұлға,  отбасы, 

қоғамның  бақыттылығы  үшін  қойылған  идеал  өлшем 

Жаратушы  Жаппар  Иенің  сөзі  екендігіне  бұлтартпас 

дәлел, айнымас айғақ емес пе?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет