Алматы 2011 Мұхитдин исаұлы мәҢгі мұҒжиза ислам мәдениеті мен білімін



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата07.02.2017
өлшемі1,61 Mb.
#3609
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

ӘРІП ЖӘНЕ ҚАРАКЕТТЕРДЕГІ 

СӘЙКЕСТІКТЕР

Құранның сөз бен сөйлемдеріндегі қарым-қатынас-

тары болумен қатар, әріптер мен қаракеттерінің және 

сөздер  мен  мағыналарының  арасында  да  ғажайып 

байланыстар  мен  сәйкестіктер  бар.  Яғни,  Құранның 

әр  әрпі  аса  маңызды  ақиқаттарға  толы.  Кейбір  әріп 

бойына  ақиқат  қазынасын  сақтап,  кілтін  таба  білген-

дер  одан  ғажайып  інжу-маржандар  табады.  Сол  бір 

әріп талай ақиқат сырдан сыр шертіп, тыңдағанның ой-

өрісін кеңейтіп, ұстаздық етпек. Әрбір әріп дән секілді 

ақиқат  ағашының  мән-мағынасын  қамтыған.  Ендеше, 

Құран  пенденің  сөзі  болмақ  емес.  Оның  сөз,  сөйлем, 

әріптерінің  арасындағы  тығыз  байланыс  бейне  бір  әр 

тасы  әшекейленіп,  безендіріліп  салынған  сарай  секіл-



113

Құран кімнің сөзі?

ді. Ондай сарайдың әшекейлі бір тасының орнын ауыс-

тыра  қалсаңыз,  сол  сарайдан  орны  толмас  кемшілік, 

нұқсандық байқайсыз. Өйткені, оның әрбір тасының өзі  

сарайдың тұтастық ролін атқарады. Сондықтан оның бір 

тасын өз орнына қою үшін сол тастың бүтін сарайдағы 

ара-қатынастарын  дәлдікпен  білу  шарт.  Яки,  Құран 

ғажайып  жаратылған  адамның  денесі  тәрізді.  Оның 

жүрегін  орнына  қоюшы  дененің  барлық  мүшелерінің 

атқаратын ролін, әрі қойылған жүректің солармен бай-

ланысын жақсы білуі тиіс. Жүрек тұрмақ, кішкене бір 

мүшесінің ауысуы – дененің астан-кестеңін шығарып, 

істен  шығуына  әсер  етеді.  Сондықтан  Құранның 

әрбір  әрпі  бейне  бір  жүректей  өзге  сөз  бен  сөйлем 

мүшелерімен тығыз байланыса алады. Әрі Құран Хақ 

тағаланың  барлық  нәрсені  қамтыған  ілімі  мен  шексіз 

еркіне арқа сүйегендіктен әріптері арқылы орналасқан 

орны мен тақырыптары тұрғысынан ғаламның сансыз 

сырларын паш ете алады. 

Мысалы,  «Ясин»  сүресінің  отыз  сегізінші  аятын 

алып қарайық. 

اَهَّل ٍّرَقَت ْسُمِل يِر ْجَت  ُسْمَّشلاَو

 «Күн де өз өсінде 

айналуда».

Осы  аяттағы  «ләм»  (л)  әрпі  араб  тілінде  меншік-

тік, бір нәрсенің себебін білдіру мағынасын білдірумен 

қатар кейде «илә» (барыс септігінің жалғаулары -қа, -ке, 

ға, ге) кейде «фи» (жатыс септігінің жалғаулары -да, -де, 

та, те) мағынасында қолданады.  Осы аяттағы «ләмді» 



«илә» мағынасында алсақ  (яғни, «діттелген межесіне 

қарай»)  онда  күннің  ақыр  соңында  саяхатын  аяқтап, 

діттеген  межесіне  жететінін  білдіреді.  Сондықтан  да 

күндердің бір күнінде сол межесіне жеткенде, уазипа-

сы аяқталып, бір жола жүзінен нұры тайып, сөнуге бет 


114

Мәңгі мұғжиза

алмақ.  Қазіргі  ғалымдар  да  күннің  сөнетінін  ғылыми 

жолмен дәлелдеген. 

Енді, осы ләмдегі «илә» мағынасының басқа қырына 

қарап, аятқа қайта зер салсақ, онда күн тек қана көкте 

жағылған шырақ емес, сонымен қатар жаз бен көктемде 

жер бетінде тоқылған түрлі-түсті кілемнің арқауы яки 

һәм  күндіз  бен  түннің  парақтарында  жазылған  Ұлы 

Жаратушының  өзінің  ұлылығын  таныту  мақсатымен 

кестеленген  хаттардың  сиясы,  төккен  нұры  екендігін 

аңғарамыз. Яғни, күннің көрінген қозғалысы жер мен 

әлемдегі жүйенің белгісі ретінде тепе-теңдікті сақтаушы 

міндет атқаратынын байқаймыз. 

Осы  «ләмді»  енді  «фи»  (да,  де)  мағынасымен 

қарасақ онда, күннің өз орбитасы мен шеңберінде тіл-

дерін орнымен жүргізген сағаттай он екі планетаны Ұлы 

Жаратушының әмірімен әрекет еттіргенін ұғамыз. Әрі 

былайша мағына да бар. Барлық істі жаратып, жүргізетін 

Ұлы Жаратушы. Бірақ ол себеп-салдар заңдылықтарын 

өзіне перде еткен. Осы Ұлы Жаратушы  «тартылыс күші 

заңдылығы» арқылы планеталарды күнге байлап, осы 

күш арқылы әртүрлі бағыт, бірақ жүйелі бір әрекетпен 

планеталарды хикмет шеңберінде айналдырып, күннің 

өз орталығындағы әрекетін сол тартылыс күшінің пай-

да болуына арқау еткен. Яғни, күн өз шеңберінің ішінде 

жүйесінің тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау үшін 

қозғалады.  Міне,  осы  әріптен  осыған  ұқсас  басқа  да 

мағыналар  шығаруға  болады.  Аталмыш  мағыналарды 

жаратылыстану ғылымдарымен салыстырып қарасаңыз, 

қайшы келмейтінін қайта оларға бағыт-бағдар көрсете-

тінін  байқаймыз.  Бірақ  осы  мағыналар  аяттың  негізгі 

мағынасы деуден аулақпыз. Баржоғы бір әріп арқылы 

аңғарған кейбір ғалымдардың пайымдары ғана.


115

Құран кімнің сөзі?

Әріпке  қатысты  мысалды  «Фатиха»  сүресінің 

төртінші аятын алып қарайық. 

   ُنيِعَت ْسَن َكاَّيِإو ُدُبْعَن َكاَّيِإ



 (Саған ғана құлшылық  етіп, 

Сенен  ғана  жәрдем  сұраймыз).  Міне,  осы  аят  жеке-

ше түрде емес, көпше түрде айтылған. Осы көпше түр 

арабшада  «нун»  яғни,  «н»  (бір  етістіктің  басына  «н» 

әрпі жалғанда «біз» деген мағынаны білдіреді) әрпімен 

беріледі. Алайда осы аяттың көпше түрде айтылуының 

сыры неде? Бір мұсылман жеке оқығанда неге «мен» де-

мей неге «біз» дейді? Осы аяттың көпше түрде берілуі 

– үш жамағатты  білдіреді.

Әуелі, жеке адам – кіші әлем. Онда сансыз атом-

нан бастап, клеткалар, дене мүшелері, сансыз сезімдер 

бар.  Ал  барлық  әлемнің  өз  тілі  мен  халі  арқылы  Хақ 

тағалаға құлшылық етіп, зікір ететіні белгілі. Ендеше, 

кіші  әлем  атанған  адамның  да  барлық  мүшелері  Ұлы 

Жаратушыға құлшылық етеді. Міне, бір адам осы аятты 

оқығанда өзінің барлық мүшесінің атынан имам секілді 

оқымақ. 


Екінші, осы «біз» көпше түрі жербетіндегі Аллаһ 

Тағалаға  иман  еткен  барлық  мұсылмандарға  ишарат 

етеді. Жер беті – мешіт, Мекке мен Қағба сол мешіттің 

михрабы,  ал  жер  бетіндегі  барлық  мұсылмандар  сол 

михрабқа  бетін  бұрып,  бірі  шығыста,  бірі  батыста 

тұрғанмен, негізі жер беті – мешітте бірге болғандықтан 

бір-бірінің атынан «Саған ғана құлшылық етіп, Сенен 

ғана жәрдем сұраймыз» дейді. 

Ақырғысы,  осы  көпше  түр  барлық  әлем  мен 

жаратылысқа ишарат етеді. Себебі, күллі ғалам өз тілі 

һәм хал, іс-әрекетімен Аллаһ Тағалаға құлшылық етіп, 

Оны  пәктеп,  ұлықтығын  паш  етеді.  Ендеше,  бір  адам 

осы аятты оқығанда бейне бір имам секілді жалпы жа-



116

Мәңгі мұғжиза

ратылыс  атынан  «Саған  ғана  құлшылық  етіп,  Сенен 



ғана жәрдем сұраймыз» дейді. Иә, негізінде жер бетін-

дегі адам баласы жалпы жаратылыстың имамы. Оның 

дәлелі  Аллаһ  Тағала  оны  жер  бетіне  «халифа»  яғни, 

Өзінің  ұлылығын  әлемге  танытушы  етіп,  жаратып, 

жаратылысты  сол  пендесіне  бағындырған.  Бағындыр-

ғаны  сол  –  Аллаһ  Тағала  оған  өзгеден  ерек  ақыл, 

ұғынар сана, ерік берген. Осы ой-санасы арқылы өзінің 

ерекше  уазипасының  салмағын  ұғынған  пенде  күллі 

жаратылыстың өкілі ретінде саптың алдына шығып Жа-

ратушы Жаппар Иесінің алдында қолын байлап, өзінің 

һәм  ғаламның  қауқарсыздығын,  Оның  ұлылығы  мен 

ғаламат шексіз құдіреттілігін іштей терең сезініп «Саған 

ғана құлшылық етіп, Сенен ғана жәрдем сұраймыз» дей-

ді. Әрі осы мағынадан Ұлы Жаратушының жалғыздығы 

мен  даралығы  аңғарылады.  Өйткені,  күллі  жараты-

лыс  Оған  құлшылық  етіп,  жәрдем  сұрап,  қауқарсыз 

болғанына қарағанда, өзгеден тіленгеннің ешбір пайда-

сы болмақ емес. Осы мағынаның бәрін біз бір әріптен 

ұғынсақ,  әлбетте,  Құран  аяттары  мен  сөздерінде  ғана 

емес оның әріптері де ғажайып сырдың кілттері болып 

саналады. 

ӘРІПТЕРДІҢ БІР-БІРІМЕН СӘЙКЕСТІГІ 

МЕН ДЫБЫС үНДЕСТІГІ

Құрандағы әріптерге екі тұрғыдан қарауға болады. 

Әріптердің дыбыстық және сәйкестік жағынан. Осыған 

қатысты Құраннан ұзын сүре «Әли Имранның» жүз елу 

төртінші аятын алып қарайық:

ْدَق ٌةَفِئآ َطَو ْم ُكنِّم ًةَفِئآَط ى َشْغَي ًاساَعُّن ًةَنَمَأ ِّمَغْلا ِدْعَب نِّم م ُكْيَلَع َلَزنَأ َّمُث 

ِرْمَلأا  َنِم اَنَّل لَه َنوُلوُقَي ِةَّيِلِها َجْلا  َّنَظ ِّق َحْلاَرْيَغ ِ ّللاِب َنوُّنُظَي ْمُه ُسُفنَأ ْمُهْتَّمَهَأ 


117

Құран кімнің сөзі?

ْوَل  َنوُلوُقَي  َكَل  َنو ُدْبُي َلا اَّم مِه ِسُفنَأ يِف َنوُف ْخُي ِ َّ ِلل ُهَّلُك َرْمَلأا َّنِإ  ْلُق ٍء ْي َش نِم 

َبِتُك  َنيِذَّلا َزَرَبَل ْم ُكِتوُيُب يِف ْمُتنُك ْوَّل لُق اَنُهاَه اَنْلِتُق اَّم ٌء ْي َش ِرْمَلأا  َنِم اَنَل َناَك 

يِف اَم  َص َّحَمُيِلَو ْمُكِروُد ُص يِف اَم ُ ّللا َيِلَتْبَيِلَو  ْمِهِع ِجا َضَم ىَلِإ  ُلْتَقْلا ُمِهْيَلَع 

ِروُد ُّصلا  ِتاَذِب ٌميِلَع ُ ّللاَو ْمُكِبوُلُق 

Міне, осы аятты мұқият зерттесек, араб әріптерінің 

бәрін  көреміз.  Арабтың  барлық  әріптері  осы  бір  аят-

та орналасқан. Сондықтан барлық үнді, ұяң, дауысты, 

дауыссыз  дыбыстар  болғанмен  аят  өзіне  тән  әуезін 

бұзбаған.  Қайта  осылай  болуы  ноталардан  құралған 

ғажайып  әуен  сықылды  оның  әсемдігін  арттырған. 

Осы аяттағы әріптерге қарасақ, өте бір қырағылықпен 

қойылғанын аңғарамыз. Әсіресе, жұмсақ дыбыстар мен 

айтылуы жеңіл келген әріптердің басқа дыбыстардан ба-

сым екендігі байқалады. Мысалы, ا (ә),  ى  ( и) әріптері ең 

жеңіл әрі бір-біріне жақын болғандықтан әрбірі жиыр-

ма бір рет қайталанған. م (м), ن (н) әріптері бір-біріне 

жақындығынан  әрбірі  отыз  үш  рет  қайталанған.  س  ش 

ص (ш, с, жуан с әрпі) айтылуы жағынан ұқсастығынан 

әрбірі  үш  рет  қайталанған.  ع,  (айн)  غ  (ғ)  әріптері 

ұқсас  болғандықтан  әрі  «айн»  әрпі  «ғ»  әрпінен  жеңіл 

болғандықтан  алты  рет  «ғ»  әрпі  ауыр  болғандықтан 

жартысындай-ақ үш рет берілген. ط ,ظ ,ذ  ,ز, (з, жіңішке з, 

жуан з, жуан т әрпі) айтылу, ауыздан шығу жағынан бір-

біріне жақын болғандықтан әрбірі екі реттен айтылған. 

ل (л) және ا (ә) екеуі لا түрінде жазылады. Сондықтан 

«әлифтің»  «ләмнән»  пайы  жарты.  Сондықтан  «әлиф» 

жиырма  бір  рет  берілсе,  «ләм»  қырық  екі  рет  беріл-

ген.  ء (хамза), ه (һ) әріптері бір-біріне жақындығынан 

хамза әрпі он үш рет, «һ» әрпі одан бір дәреже жеңіл 

болғандықтан он төрт рет берілген. ك (к), ف (ф), ق (қ) 


118

Мәңгі мұғжиза

әріптері бір-біріне жақындығынан «к» әрпі тоғыз, «ф» 

әрпі тоғыз, «қ» әрпі он рет берілген. Қалған әріптерін 

де зерттеп қарасаңыз осындай сәйкестікке тап боласыз. 

Осылайша,  арнайы  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды 

белгілі сандар арқылы рет-ретімен қойып, одан терең 

мән-мағынаға  толы  аяттарды  беруі  пенденің  қолынан 

келетін іс емес. Әрі Аллаһ Елшісі осындай аяттарды ой-

ланбай айтқан. Оның осындай аяттарды ойланбай ай-

туы – Құранның адам сөзі еместігін айғақ ете алады

125



СөЗДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР



Құранның тағы бір ғажайыптылығы сол – ондағы 

сөздердің  бәрі  өз  орнына  аса  дәлдікпен  қойылған. 

Сондықтан  да  олар  бір-бірімен  ілік  байланысқан. 

Таңғаларлығы сол – егер сіз бір сүредегі екі сөздің ор-

нын  алмастырып  яки  бір  сөздің  орнына  соған  ұқсас 

мағыналы бір сөз қойсаңыз сүредегі олқылықты сезер 

едіңіз. Мысалы, «Фатиха» сүресіндегі 

َ

نيِذَّلا  َطاَر ِص   َتمَعنَأ   ْمِهيَلَع



«Бізді  әрқашанда  ырыс-берекең  мен  жақсылық-

тарыңды  берген  салихалы  құлдарыңның  жолымен 

жүргіз»  аяты  өзінен  бұрын  тұрған  барлық  сөздермен 

жеке-жеке байланысы бар. Мысалы, сүренің басындағы 

ِ ّلل ُدْم َحْلا

 «Барлық хамдтар, мадақ пен мақтаулар Аллаһ 



Тағалаға  тән»  аятымен  тікелей  қатысы  бар.  Өйткені, 

нығмет,  ырыс-береке  шүкіршілік  пен  мадақтаудың 

дәлелі. Ал аталмыш аятта ырыс-береке айтылады. 

ِّبَر 


  َنيِمَلاَعْلا

  «Әлемдердің  Раббы»  аятымен  де  қатысы  бар. 

125

 М. Килежи, Куран мужизесі, 157 бет.



119

Құран кімнің сөзі?

Рабб  –  Аллаһ  Тағаланың  барлық  нәрсенің  ризығын 

берген,  атомнан  бастап  планеталар  мен  галактика-

ларды әмірімен басқарып, жөнге салған, күллі жанды 

нәрселердің тәрбиелеуші сипаты. Сондықтан тәрбиенің 

кемелі, нағыз тәрбие нығметтер мен ырыстың жалғасы 

мен  тоқтаусыз  келуі  арқылы  болмақ. 

ِمي ِحَّرلا   ِنـم ْحَّرلا

  

«Рахман  да  Рақымды»  аятымен  де  байланысы  бар. 

Өйткені,  َ

نيِذَّلا

  «сонау  салихалы  құлдар»  аятында 

қамтылған  пайғамбарлар,  шейіттер,  салихалы  жан-

дар  Аллаһ  Тағаланың  рақымдылығына  бөленгендер. 

Демек  бұл  жерде  Аллаһ  Тағаланың  рақымдылығына 

бөлену жағынан байланыс бар. Сонымен қатар 

ِمْوَي

  ِكِلاَم



 

ِنيِّدلا


 «Есеп пен ақырет күнінің жалғыз Иесі» аятымен 

де тығыз қатынасы бар. Себебі, нағыз нығмет дін ғана. 

Өмірде Аллаһ Тағаланың нәсіп еткен дініне жүрегіңде 

иманың болмаса алтыннан сарай тұрғызсаң да пәнилік 

тұрғысынан бекершілік. Ақырет ғұмырыңа оның ешбір 

пайдасы  жоқ.  Нағыз  нығмет  пен  ырыс  бұл  дүниеде 

жасаған  амалың  мен  байлығыңды  ақыретте  миллион 

есе  етіп  қайтарып  беруге  арқау  болар  дін  ғана. 

ُدُبْعَ

ن 

«Саған  ғана  құлшылық  етеміз»  аятымен  де  қатысы 



бар.  Өйткені,  Аллаһ  Тағалаға  құлшылық  етуде  нағыз 

өнеге көрсеткен ұстаз-имамдар осылар. Яғни, аталмыш 

аяттағы  пайғамбарлар,  салихалы  жандар. 

ُنيِعَت ْسَن

  «Се-

нен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз» аятымен де 

жақындығы бар. Өйткені, пайғамбарлар мен салихалы 

жандар табыс пен илаһи көмекке ие болған. 

اــــَنِدها

 «Тура 

жолға сал» аятымен де қатысы бар. Себебі, түзу жолдан 

таймай,  тура  жүруді  қалаған  адамдар  пайғамбарларға 



120

Мәңгі мұғжиза

еріп, олардың жүрген іздерімен жүреді. َ

ميِقَتسُملا  َطاَر ِّصلا 

  

«Тұп-тура жол» сөздерімен де байланысы бар. Өйткені, 

тура жол көрсету олардың тікелей ісі. 

Әрі  осы  сүредегі  ешбір  сөздің  орны  ауыстыруға 

келмейді. Мысалы, «сират» (даңғыл жол) сөзінің орнын 

синонимі «себил»«тариқ» (жол) сөзімен алмастырсақ, 

онда  орны  толмас  кемістік  байқар  едік.  Өйткені,  сол 

екі синоним қаншама «сиратқа» ұқсағанымен «сират» 

сөзінің берер мағынасы мүлде басқа һәм терең. 

ҚҰРАННЫҢ БАРЛЫҚ ЗАМАН МЕН 

ЖАЛПЫ САНАҒА ҰЗТАЗДЫҚ ЕТУІ

Адамзатқа келген ақырғы дін – Ислам әлемдік дін 

болған соң әлбетте оның кітабы да әлемдік болуы ләзім. 

Құран  өзінен  бұрынғы  кітап  пен  парақтар  секілді  ар-

найы бір елге яки ұлтқа түскен кітап емес. Оның түскен 

ортасы Араб түбегі ал тілі арабша болғанмен тек қана 

арабтарға  арналған  кітап  емес.  Ешбір  араб  Құранды 

бізге ғана тән кітап, ендеше, оған лайық біз, дінді біз 

өзгеден  артық  білеміз  дей  алмаған.  Десе,  Құранға  ең 

қашық пенде сол болмақ еді. Араб әлемінде христиан 

арабтар да бар. Сонымен қатар Құран бір заманға ғана 

сиярлық  өлшеулі  кітап  та  емес.  Ол  қияметке  дейінгі 

барлық ғасыр мен заманға ұстаздық етуге келген кітап. 

Құранның  «Ей,  адамдар!  Сендерге  Раббыларыңнан 



дәлел (Құран) келді» аяты осының бұлтартпас айғағы.

Иә,  Құран  күллі  адамзатқа  түскен  ақырғы  кітап. 

Сондықтан ол барлық заман мен мекенді тұтас қамтып, 

көріп, білетін һәм Өзі сол мекен мен заманнан ада, әуелі 

мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушының жаратылмаған 

мәңгілік «әзәли» (бастауы жоқ) сөзі. Міне, осы мекен 

мен  заманнан  пәк  Хақ  тағаланың  әзәли  сөзі  –  Құран 


121

Құран кімнің сөзі?

әртүрлі  заман  мен  әр  түрлі  мекендерде  ғұмыр  кеш-

кен адамдарға лайықты түрде жол көрсетіп, ұзтаздық 

ете алады. Яғни, ол күллі заман мен мекеннің тізгінін 

құдірет қолына ұстаған һәм шексіз ілім мен құдірет иесі 

Құдай  тағаланың  уахиы  болғандықтан,  Құран  өзінің 

шексіз ілім тұрғысынан барлық ғасыр мен мекендерге 

ұстаздық  етіп,  кез  келген  заманның  қараңғы  қапасын 

өткір алмас жарығымен қақ айырып, нұрға бөлеп, адам-

дарды  тура  жолға  бастайды.  Құран  бейне  заманның 

әрбір ғасырына жеке-жеке түскендей ондағы адамдарға 

тікелей әсер етеді. Әсері сол – әр ғасырдың адамдары өз 

заманының көкейтесті мәселелерін осы Құран арқылы  

шешіп, оны ұстаз етіп қабылдайды. 

Құран  өзіне  тән  мұғжизалығын  әр  түрлі  дәреже 

мен мамандықтарға, атап айтқанда әдебиетші, жазушы, 

тарихшы,  құқықшы,  философ,  саясатшы,  биолог,  фи-

зик,  химик,  жай  қауым,  зиялы  қауым  т.б.  топтарға 

сездіріп,  әркім  өздерінің  тереңдіктеріне  қарай  одан 

пайдалана  алады.  Өйткені,  Құранның  жол  көрсетіп, 

бағыт-бағдар  беру  тәсілі  аса  кең.  Жебірейіл  мен  мек-

тепке жаңа барған бала бірге бір партада отырып одан 

дәріс алуы әбден мүмкін. Әл-Фарабидей бір кемеңгер 

мен жай қарапайым адам бірге тұрып, Құраннан дәріс 

тыңдай  алады.  Бірақ  әр  кім  өздерінің  қабілеттеріне 

қарай  ұғына,  тұшына  алмақ.  Құранның  беретін  дәрісі 

бөлек-бөлек емес біреу-ақ. Алайда Құран әр дәрежедегі 

адамдардың  ой-санасы  қанағат  етерлік  мағыналарды 

қамтыған.  Не  болмаса  белгі  қойып,  ишарат  еткен. 

Бұған Құранда көптеген мысалдар бар. Бұған аталмыш 

«Ықылас» сүресінің

ٌد َحَأ ًاوُفُك ُهَّل ن ُكَي ْمَلَو  ْدَلوُي ْمَلَو ْدِلَي ْمَل 



  

122

Мәңгі мұғжиза

«Ол  –  тумаған,  туылмаған.  Оның  ешбір  теңдесі 

жоқ»  аятын  алалық.  Осы  аятты  оқыған  жалпы 

қарапайым халық өз түсінігіне қарай: «Жарықтық Құдай 

тағаланың не әкесі, не баласы, тіпті әйелі болмақ емес. 

Һәм Оған тең келер ешкім жоқ. Жаратқан Ием жалғыз 

ғой, жалғыз. Ей, Жасаған Ием қуат беріп, қолдай гөр» 

деп, өзгеге табынудан бойын мүлде аулақ ұстап, жүрегін 

пәк ұстайды. Ал, орта дәрежедегі ғылым, білімнен аз-

дап жан-жақтан хабары бар адамдар олардан тереңірек 

ойлап: «Осы аят періштелердің де, хазіреті Исаның да, 

тіпті  туған  нәрсенің  бәрінің  де  Құдай  бола  алмайты-

нын жоққа шығаруда» дейді. Олардан да ой-өрісі кең 

дәрежедегілер:  «Аллаһ  Тағала  жаратылысқа  тән  туу 

мен туылу атаулыдан мүлдем пәк һәм ада. Ортағы мен 

көмекшісі болудан да пәк. Оның жаратылыспен қатысы 

олардың Ұлы Жаратушысы болуы ғана. Барлық нәрсе 

Оның «бол» деген әмірімен болған» деп терең ойға ба-

тады. Олардан жоғары ірі ғалымдар: «Аллаһ тағаланың 

бастауы да, соңы да жоқ. Ол жаратылмаған. Туу, туы-

лу – бөлінудің белгісі. Ал бөліну, көбейу жаратылысқа 

ғана  тән  нәрсе.  Ендеше,  Аллаһ  жаратылысқа  тән  си-

паттардан  пәк.  Һәм  Оның  затында,  сипатында,  іс-

әрекетінде ешбір ұқсасы, ортағы жоқ. Ұқсасы, ортағы 

болу – әлсіздіктің белгісі. Ендеше, Аллаһтың теңі бо-

луы  қисынсыз  ұғым»  деп,  аяттың  астарына  терең  ой 

жүгіртеді. Одан әрі «толық адам шыңына» қарай қанат 

қағып, қадам басқан әрбір жан өз биігіне қарай аяттың 

көкжиегіне көз тастап, оның таңғажайып сырлылығына 

боялып, Ұлы Жаратушыға тағзым етеді. 

Тағы бір мысал ретінде мына аятты берелік.

 

ًاداَتْوَأ َلاَب ِجْلاَو



 

123

Құран кімнің сөзі?

«(Аллаһ)  Тауларды  жерге  қазық  еттік».  Жай 

қарапайым  адам  осы  аятты  оқығанда  бейне  бір  жер-

ге  қағылған  қазықтай  тік  тұрған  тауларға  қарап,  сол 

арқылы  тіршілікке  берілген  нығметті  ойлап,  Құдай 

тағалаға іштей шүкір етер. Һәм осы аятты оқыған бір 

ақын жер мен көкті бейне алты қанат көк отау секіл-

ді  шаңырағы  самсаған  шырақтарға  толған,  ал  таулар-

ды  сол  шаңырақты  мықтаған  уықтар  яки  қағылған 

бақандар  тәрізді  көріп  ойға  батар.  Яки  сол  жер  мен 

көкті құдды көк күмбезді алып ғимарат, таулар соның 

мызғымас тіректеріндей ойлап, шабыттанып, санасында 

сурет самсап, қолына қалам алып, Ұлы Жаратушының 

ұлылығын паш етіп, поэзияның тұңғиығына батар.

Географиядан терең хабары бар әдебиетші ғалым 

осы  аятты  оқығанда  алып  жерді  бейне  бір  кеңістік 

мұхитында саяхат еткен алып кеме, ал тауларды соның 

тепе-теңдігін  сақтайтын  діңгектер,  тауды  ораған  ақ-

қара бұлттар сол алып таудың желкендері тәрізді көрер. 

Сонда сол бір алып кемеге саналы жандарды мінгізіп, 

өзінің ұлылығын таныту мақсатымен, телегей кеңістік-

теңізінде  таудіңгегі  арқылы  тепе-теңдігін  сақтатып, 

өзіне тән жылдамдықпен аққудай сырғытып, айсберг-

жұлдыздарға соқтыртпай, шексіз ғаламға саяхат еттір-

ген Ұлы Жаратушы Раббысына бас қойып, терең сәжде 

етер. 

Дүниенің парқын білген бір ойшыл да осы аятты 



оқып, былайша ойға батар: Жер бетіндегі барлық тір-

шілік  атаулы  құдды  бір  шаңырақтың  астында  ғұмыр 

кешуде. Сол тіршіліктің тірегі – су, ауа, топырақ. Міне, 

су, ауа, топырақтың тірегі мен қазығы – таулар. Өйткені, 

таулар  су  қоймасы  һәм  ауаны  ластықтан  тазартушы. 

Әрі  шалшыққа  айналудан  және  теңіздің  тасқынынан 



124

Мәңгі мұғжиза

қорғау жағынан топырақтың қорғаны. Сонымен қатар 

адам өмірінің басқа да қажеттіліктері үшін түгесілмес 

қазына.  Демек,  тау  жай  ғана  бізден  бейхабар  жатқан 

дүлей  дүние  емес,  ғұмырымыздың  арқауы.  Тауларды 

тіршілікке  тірек  еткен  Ұлы  Жаратушымызға  шексіз 

алғыс айтып, сансыз мадақ етеміз. 

Геолог  ғалымдар  аталмыш  аятты  оқып,  бұл  аят-

тан мынадай мағынаны ұқпақ: Жер астындағы вулкан 

оттардың  қозғалуы  арқылы  болатын  зілзалалар,  сол 

бір  алып  тауларды  мұржа  етумен  ғана  тыныштық  та-

бады. Негізі зілзала жерді қозғалтқанда, оны өз орби-

тасынан шығармауға сол таулардың жер бетіне қазық 

болып  қағылып,  биікте  тұрулары  себепкер  болады. 

Осылайша  жұмыр  жердің  тұла  бойын  ашу  кернеген-

де,  осы  таулардың  түңліктері  арқылы  тыныс  алып, 

тыныштық  таппақ.  Жаратушы  Жаппар  Иеміз  аса  ұлы 

һәм рақымды. 

Иә, Құран түскелі замана талай көйлек тоздырып, 

қаншама  кемеңгерлердің  нақыл  сөздері  сол  көнерген 

көйлектің жағасына ілініп бірге кеткен. Өткен ғасырда 

ғана ел-жұртты таңдандырған жаңа текникалық құралдар 

бүгінде мұражайлардан ғана табылмақ. Адам заманның 

төл перзенті болған соң, оның пікірі де сол заманның 

жағалауында қалмақ. Тек Құран ғана сан ғасырлардың 

жал-жал асау толқындарын бұзып-жарып, батпас алып 

кемедей әлі күнге дейін қардай таза, судай жаңалығын 

сақтауда. Иә, адамның жасанды сөз-қайығы суға батар, 

ал Ұлы Жаратушының «әзәли» бастауы болмаған сөз-

кемесі ешқашан батпас. Ол таңғажайып әуені мен әуезі 

арқылы  кемел  адамдар  мен  қарапайым  адамдардың 

жүректері мен санасын өзіне тартып, ұшқыр қиялдарын 



125

Құран кімнің сөзі?

ұштай түспек. Ендеше, Құран – барлық сана иелеріне 

шырын, нәр берген илаһи дастархан. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет