Тауар таңбасы. Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы – бұл осы заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қызмет ететiн белгi1.
Бұл анықтамадан тауар таңбасының басты мiндетi – қандай болмасын өндiрушiнiң (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметiн басқа өндiрушiлердiң ұқсас бiрыңғай тауарлары мен қызметтерiнен бөлу, яғни тауар немесе қызметтi дараландыру болып табылады.
Таңба неғұрлым көрнектi болса, соғұрлым оның иесiнiң оны құқықтық қорғау, жарнама және өткiзу салаларында сәттiлiгi үлкен болады.
Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингiнде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметтi көрнектi қылады.
Тауар таңбасы – бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңiл есте сақталынатын, өзге тауар белгiлерiнен ерекшеленетiн, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлi материалдарға жақсы салынатын графикалық көрiнiс.
Тауар таңбасы ретiнде сөз немесе сөздер тобы, мысалы «аспирин» «колгейт», «таид», «адидас», «проктер энд гембл» және т.б. тiркеле алады. Сонымен қатар, акустикалық тауар таңбасы – тауар таңбасын көрсетумен берiлетiн арнайы әуен тiркеле алады1.
Жаңа тауар таңбасын енгiзу үшiн көптеген батыс фирмалары шамамен 30–40 миллион доллар қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған McDonald»s корпорациясы 5 жыл iшiнде ғана жарнамаға 57 миллион доллар жұмсады.
Тауар таңбасы нарықтық қатынастардың барлық қатысушылары үшiн маңызды.
Тұтынушы үшiн тауар таңбасы – бiрыңғай тауарлар iздеу кезiнде бағыт берушi құрал болып табылады.
Өндiрушi үшiн тауар таңбасы – нарықты жаулап алушы құрал болып табылады, себебi тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлi өндiрушiлердiң бiрыңғай өнiмдерiнен дараландырады.
Мемлекет мүддесiне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарықта тәртiп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, себебi ол өндiрушiнi тануға, тұтынушының, өндiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мүмкiндiк бередi.
Тауар таңбасына келесiдей екi талап қойылады:
– тауар таңбасы айрықша болуы тиiс;
– мораль мен қоғамдық тәртiпке қайшы болмауы тиiс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек.
Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшiн айрықша болуы тиiс. Мысалы, «сусын» сөзiнде ерекшелендiретiн қабiлет жоқ және алкогольды не алкогольсыз сусындар үшiн тауар таңбасы бола алмайды, себебi ол тауарлардың бүкiл категориясын анықтайды.
Екiншi талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты – тұр-пайы тауар таңбаларын, сонымен қатар, жалған және тауардың сапасы мен өзге қасиеттерiне және олардың географиялық шығарылған жерлерiне қатысты шатыстырушы тауар таңбаларының тiркелуiн алдын алу екендiгiн атап өту қажет. Тауар таңбасы шығарылған жердi көрсетуi қажет. Мысалы, Қазақстандық өндiрушiлер атынан танымал «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық атаулар, себебi, Шампань провинциясы мен Коньяк қаласы Францияда орналасқан) тауар таңбасы ретiнде тiркеле алмайды. Мысалы, «pure wool» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киiмдер, белгiлене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды.
Тауар таңбасы қорғалуы үшiн ол тiркелуi қажет.
Тәжiрибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бiрнеше түрлерi үшiн тiркеледi. Кейбiр өндiрушiлер олар өндiретiн әр түрлi өнiмдер үшiн бiр тауар таңбасын қолданады. Өзгелерi бiрнеше тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық фирмалар да өздерiнiң әрбiр дәрi-дәрмегiне қатысты тауар таңбаларын тiркеуге ұмтылады.
Тауар таңбаларының түрлерi. Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретiнде тiркеле алатын белгiлер түрлерiнiң толық тiзiмi берiлген. Оларға әр түрлi өндiрушiлердiң бiрыңғай тауарлары мен қыз-меттерiн ажыратуға мүмкiндiк беретiн сөздiк, әрiптiк, сандық, бейнелiк, көлемдiк және өзге белгiлер немесе олардың комбинациясы жатады.
Көп жағдайда сөздiк тауар таңбалары қолданылады. Оларға тiлдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица, adventure), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), сонымен қатар, сөз тiркестерi (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тiркестерi немесе лозунг – слогандар (мысалы «өз шөлiнен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенiң») сөздер жатады.
Көлемдiк тауар таңбалар кеңiстiкте бейнеленген үш өлшемдi объектiлер болып табылады. Әдетте, көлемдiк тауар таңбалары ретiнде тауарлардың ерекше орамалары қорғалады (мысалы, иiссулардың флакондары).
Аралас тауар таңбаларына бейнелiк, сөздiк, көлемдiк эле-менттерiнiң әр түрлi комбинациялары жатады. (мысалы, қанатты барс үстiндегi батыр бейнесi «Отандық маркасы» сөздерiмен үйлесуi).
Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерiнен басқа сенсорлық (дыбыстық, жарықтық, иiстiк) және де тауар таңбаларының өзге түрлерi бар. Олардың анық және бiр мәндi идентификациясы кезiнде ғана олар тiркеле алады.
Дыбыстық тауар таңбасы – ол фонограмма түрiнде бекiтiлген және нота жазбаларында көрсетiлген немесе дыбыс түрiнде көрсетiлген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшiн теңiз дауысы). Бүкiл әлемде тiркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тiркеулердiң мысалдары әлi жоқ.
Ұжымдық тауар таңбалары ерекше категорияны құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар бiртұтас сапалық не өзге сипаттамамен тауар өндiретiн (не,немесе) жеке кәсiпкерлер ұйымының атына тiркеледi. Мысалы, Қазақстанда танымал «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелерi өндi-ретiн «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау мақсатында өз өнiмiн бiртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесiмен) шығарады және сатады. Ұжымдық тауар таңбасы ретiнде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрi тiркеле алады.
Тауар таңбалары олар тiркелген ақ-қара түрiнде де, түстi түрiнде де тiркеледi.