Арбитраждық келісімнің нысаны. Арбитраждық келісімнің нысанына қойылатын талаптар Заңда анық көрсетілген. Ол жазбаша нысанда жасалынуы керек. Бұл талап императивті норма ретінде көрсетілген және оны орындамау арбитраждық келісімнің жарамсыздығына алып келеді. Заңда көрсетілгендей, арбитраждық келісім жазбаша нысанда жасалынады егер ол тараптармен қол қойылған құжаттың ішінде көрініс тапқан жағдайда ғана емес, заңда көрсетілген тағы екі жағдайда болады:
а) егер ол субъектілер мен олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электронды құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалынса;
ә) егер тараптардың бірі төрелік келісімнің бар екендігі туралы ал екінші тарап ол жағдайды жоққа шығармайтын талап арызбен талап арызға жауаптардың алмасуы арқылы жасалынса.
Арбитраждық келісімнің нысаны арбитраждық іс жүргізу елінің заңдарында көрсетілген талаптарға сай етіліп жасалынуы керек. Арбитраждық келісімнің нысанына байланысты мәселелер сыртқыэкономикалық арбитраж мәселелерін реттейтін негізгі халықаралық конвенцияларда да көрініс табады.
Нью-Йорк Конвенциясына сәйкес арбитраждық келісім жазбаша нысанда жасалынуы керек. Сыртқы сауда төрелігі туралы 1961 жылы Еуропа Конвенциясына сәйкес арбитраждық келісім-шарт ауызша нысанда жасалынуы мүмкін.
Егер арбитраждық іс жүргізу елі осы екі конвенциялардың қатысушысы болса, арбитраждық келісімнің жарамдылығы туралы мәселе туындаса, олардың ережелерінің коллизиясы туындайды. Еуропа конвенциясы Нью-Йорк Конвенциясына қарағанда кешірек жасалынды және оған қол қоюдың мақсаты, оның кіріспесінде көрсетілген «еуропалық сауданың дамуына мүмкіндігінше сыртқы сауда арбитражының әрекет етуіндегі қиыншылықтарды жоюға жәрдемдесу» болды, яғни екі конвенцияның мүшесі болатын елдер контрагенттерінің қатынастары Еуропа конвенциясының нормаларымен реттелінеді.
Мысалы, Германияның сотында Батыс Герман фирмасымен австриялық корпорация арасындағы дау қаралды. Батысгерман фирмасы жазбаша нысанда растамаған австриялық корпорацияның батысгерман фирмасына жіберген хаттағы арбитраждық келісімге тараптардың бірі дау айтады. Австрия да Германия мемлекеті де Еуропа және Нью-Йорк Конвенцияларының қатысушылары болғандықтан, қандай конвенцияның ережелерін қолдану керектігі туралы мәселе сот алдында дауды шешкен кезде туындады. Сот Еуропа конвенциясының нормаларын қолдану керек деген шешімге келеді, өйткені оның ережелері Нью-Йорк Конвенциясына қарағанда кешірек қабылданды. Еуропа конвенциясының 1-бабына сәйкес және Германияның құқық нормаларына сәйкес, арбитраждық келісімді жасау туралы ұсыныс алғаннан кейін қарсылықтар жібермеу салдарынан осы келісіммен байланысты болады, сот арбитраждық келісімді жарамды деп тапты. 28 Арбитраждық келісімге нысанынан басқа оның қолданылатын құқықтық нормаларымен белгіленген басқа да талаптар қойылады. Ең алдымен, арбитраждық келісім тараптардың құқықтық қатынастарынан туындаған дауларға байланысты жасалынуы керек. Арбитраждық келісімді тек әрекетке қабілетті тарап қана жасауы мүмкін, ал әрекетке қабілетсіз тараптың атынан келісімді оның өкілі жасайды.
Қазақстанда арбитраждық келісімді жасау туралы құқық қабілеттілікке байланысты қандай да бір шектеулер қойылмаған. Арбитраждық келісімдерді қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер және жеке кәсіпкерлер де жасай алады.
Арбитраждық келісімді жасау кезінде тараптар еркінің болуы керек. Егер келісім мәжбүрлеу негізінде жасалынса, ол жарамсыз болып танылады. Арбитраждық келісімге сондай- ақ, даудың арбитражда қаралу жағдайлары талабы да қойылады. Әдетте заңнамада қандай даулар арбитраждық соттың қарауына жататындығы туралы көрсетіледі. Осыған байланысты арбитраждық келісімнің мерзімі де анықталады.
«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, төрелік келісімнің пәні ретінде егер, тараптардың ең болмаса бірі Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасындағы азаматтық- құқықттық шарттардан туындайтын даулар тараптардың келісімі бойынша төрелікке беріледі.29