Шарт еркіндігі қАҒидатын жеке қҰҚЫҚта жүзеге асырудың МӘселелері «M. S. Narikbaev аtyndagy kazguu universiteti»



бет1/2
Дата19.10.2022
өлшемі27,66 Kb.
#44166
  1   2

ШАРТ ЕРКІНДІГІ ҚАҒИДАТЫН ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ


«M.S. Narikbaev аtyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ 4 курс студенті Молдабек Сырым


Аннотация:Азаматтық заңнаманың негізгі бастауларының бірі, әрі ерік автономиясының іргетасын қалаушы шарт еркіндігі болып табылады.Шарт еркіндігі диспозитивтіліктің айқын көрінісі болып табылғанмен, өкінішке орай бұл қағидаттың қолданылуын не теория жүзінде, не практикалық тәжірибеде байқай алмаймыз.Қағидат бірінші кезекте экономикалық сипатта маңызды рөл атқарады. Құқық мемлекетіміздің заматтық айналымның қарқынды дамуына қағидаттың оң нәтижеге беретіні сөзсіз.Алайда, оны жүзеге асыру асыру процесі бірқатар мәселелердің кесірінен баяу орын алуда.


Кілт сөздер: шарт,ерік автономиясы,диспозивтілік,шарт еркіндігі, корпоративтік шарт,

Азаматтық заңнамаға шарт еркіндігі жаңа, әрі өзінің қағидат ретінде өзінің тынысын толық ашып , бар диспозитивтілік мүмкіндігін қолдана алмай жатыр деген пікірдемін. Шарт еркіндігінің анықтамасын заңнама толық көрсетпесе де, біз шарт жасасу не жасаспау, шарттың тараптарын таңдау, шарттың пәні мен мазмұны анықтау деп түсінеміз. Қағидатты қолдану барысында бірқатар мемлекеттік шектеулерге ұшырайтынымыз мәлім. Ол шектеулердің өзінің экономикалық , саяси-құқықтық негіздері бары сөзсіз. Мысал , келтіретін болсақ тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында монополист қызмет көрсетуші субъектілердің баға мен олар жасасатын шарттың әділдігіне заң шығарушы актілер шығару арқылы мемлекеттің қорғаншылық функциясын жүзеге асырады. Азаматтық заңнамада қоғамның мүддесін қорғау айқын көрінісі ретінде бірқатар баптар бекітілген (ҚР АҚ 8-баб.4-тарм.,1090-бап)1. Дәл осыған ұқсас норма Францияның азаматтық заңнамасында шарт еркіндігін қолданғанда әділ әрекет ету мен жария тәртіпке қайшы келмеу керектігі айтылған2.


Шарт еркіндігін қолдану кез келген елде әр түрлі деп болып табылады. Шарт еркіндігін қолдану барысында Идрышева С.К.-ның пікірінше жария шарттың ережелерімен қақтығысқа түсіп, норманың мазмұнын түсінуде кереғар тұстарын көрсетеді және шарт еркіндігін қолдануда мемлекеттік тарифтардың императивтілігін сақтау қажет деп санаған[1].
Осыған қарама қайшы түпкілікті позицияны англо-саксондық жүйеде презенденттік құқық бойынша АҚШ-та сонау 1905 жылы болған кейсте байқаймыз3.
Шарт еркіндігінің қолдануда нақты позициялар мен түсініктердің жоқтығынан, құқыққа қайшы қолданғысы келмеген кәсіпкерлік субъектілері шетел заңнамасына не шетел құқығының элементімен күрделенген шарттарды жасауға мәжбүр болуда.
Кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет еркіндігіне және заңда өз мүлкін кәсіп үшін қолдануға құқығы көзделген4. Жеке құқық салаларының бірі корпоративтік құқықтың алатын орны ерекше. Еліміздегі азаматтық айналымның тез дамуына әсер ететін маңызды факторларының бірі корпоративтік заңнамалардың тиімділігі болып табылады. Бұл жерде туындайтын мәселе корпоративтік заңнаманың өзі қаншалықты диспозитивтілігінде. Ресей зерттеушісі Степановтың пайымдауынша заңды тұлғаның құрудың өзі диспозитивтіліктің көрінісі болып табылып, тараптардың ерікті түрде шешімге келуін негіздей отыра, корпоративтік заңнама диспозицияға толы деп санайды[2].Суханов Е.А. бұл позицияға түбегейлі қарсы , оның санауы бойынша бұл англо-американдық саясаттағы шарттық қарым қатынастарды экономикалық аспіктіге барынша жақындату деп санайды[3]. Осы бір позицияны жақтаушылардың бірі болып Кузнецов А.А. болып табылады[4].Оның пікірінше біздің заңнамаға ұқсас Ресейдің корпоративтік заңнамасы көбінесе императивті сипатта деп ойлайды.Біріншіден автор заңнаманың элиталық көрінісі бар санайды. Корпоративтік құқық қиын әрі , түсініксіз болғандықтан, субъект оның нормаларынан кішкене алыстағанда , уәжді негізбен соттар оны жарамсыз деп таниды деген қауіп бар. Екіншіден, «заңда өзгеше көзделмесе» сөз тіркесін енгізе отыра, заң шығарушы заңнан басқа көзделгеннен аластауға болмайды деген уәж келтіреді. Менің пікірім бойынша диспозитивтілік басым алады. Алайда, императивтілікті ұстанатын тұлғалардың пікірінен де алыстай алмаймыз себебі қазіргі таңда жоғарғы әділдіктің көрінесі болып табылатын судьялар КСРО-да білім алған ескеріп, олардың кезінде заңнама императивтіліктен көз ашпаған десек қателеспейміз. Карапетов А.Г., Савельев А.И. өздерінің еңбектерінде қарастырып отырған мәселе бойынша ақылға қонымды дәйек келтіреді: «Система юридических взглядов любого судьи, законодателя или даже ученого правоведа находится под прямым влиянием тех экономических воззрений, которые он вольно или невольно впитал в студенческие годы и закрепил позднее собственным жизненным опытом.»[5].
Корпоравтивтік құқықты қолдану барысында диспозитивлікке күмән тудыратын нақты мәселелерге тоқтайтын болсақ. Заңды тұлға теория бойынша белгілі бір мақсатта құрылып, ұдайы түрде оған жетуге бағытталады. Шарт еркіндігі қағидатын қолданып, жарғыға «заңды тұлға N мерзімде, N мақсатқа жетпеген жағдайда автоматты түрде таратылады» деген норма жазған жағдайда, кейіннен қосылған қатысушылар оны даулай алады ма деген сұрақ туындайды. Заңда тек мәжбүрлі түрде не ерікті түрде тараудың негіздері көзделген. Дау туындаған жағдайда судьяға өзін сақтандырып кез келген күмән тудыратын ережені заңсыз деп таныған ыңғайлырақ.
Заң шығарушының корпоративтік қатынастарды диспозитивті сипатта қойғанымен, қайта қайта араласып заңға түзетулер енгізіп, императивтік нормаларды көбейтуі ақылға қонымсыз деп санаймын. Менің тұжырымым бойынша белгілі бір субъект заң шығарушы заңда қарастырылмаған нәрсені ойлап тапқан сайын , ол сондай шектеулерді көбейтуде.
Заңды тұлғаның жалпы жиналысында заң және іскерлік айналым бойынша әр қатысушының бір ғана дауысы бар деп санайды.Алайда, заңнамаға қарайтын болсақ, әр қатысушының жалпы жиналыста бір дауысы бар екені нақты айтылмаған5. Сонымен қатар, жалпы жиналыста белгілі бір мәселені көтеруде мүдделі тұлғаның дауыс беруге құқығын алып тастау керек ойлаймын. Мысал келтіретін болсақ, бір компанияда екі қатысушы бар деп есептейік,олардың үлестері тең және бір қатысушы директор болып табылады. Белгілі мерзім өткен соң директорды ауыстырғысы келген екінші қатысушы оны ауыстыру мүмкіндігі болмайды, себебі келесі қатысушы ол көтерілген сұраққа мақұлдай жүре беруге құқылы. Бұл жағдайда заңды тұлғаның әрі қарай жасауына кедергі болып табылады. Англо-cаксондық жүйеде бұл терминді «deadlock» деп атайды. Естемиров М.А. өзінің мақаласында бұл мәселе бойынша соттың не уәкілетті органның шешімі бойынша қайта ұйымдастыру қажет деп санайды[6]. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында шарт еркіндігі қағидаты негізінде менің ойымша келесідей норманы жазуға болады:«жалпы жиналыстың қарастыратын мәселесі бойынша мүдделі тұлға сол сұраққа байланысты өзінің дауыс беру құқығынан шектеледі».
Келесі кезекте, койылатын мәселе қатысушылардың бірін мәжбүрлі түрде шығару болып табылады. Заңда бізге қатысушылардың бірі елеулі зиян келтірген жағдайда, шығару туралы мәселені көтеруге құқылы екені бекітілген. Алайда, шарт еркіндігі арқылы біз өзге негіздерді қарастыра аламыз ба деген мәселе туындайды. Мысалы , қатысушылардың бірі қылмыстық соттың үкімімен сотталып жатқандықтан, заңды тұлға онысының негізінде іскерлік беделін сақтау мақсатында, акциялардың түсуіне әсер етпесін деген ниетпен алып тастауға ма деген сұрақ туындайды. Ресей сот практикасы бұл сұраққа ия деген жауап береді6. Сонымен қатар, заңмен бір қатысушының өзге заңды тұлғаларда қатысушы болуға құқығын шарт еркіндігі арқылы басқа қатысушылар бұл құқықты шектей алауы мүмкін бе деген болжам да бар. Заңды тұлғаның жарғылық мақсатында құрылтай шартына қатысушылар құрамынан шығару ережелер заңға қайшылығы бар ма жоқ па , әрқашан құқықтанушыға сұрақтар туындатады. Себебі заң шығарушы бұны тікелей көрсетпеген , өзінің диспозивті реттеуге рұқсат беруші тіркесін (заңда не шартта өзгеше көзделмесе) қолданбаса, бұл ережелерді шартқа енгізе отыра оның құқықтық тағдырана сот оны жарамсыз деп танымай ма деген тәуекелмен қараймыз.
Жоғарыдағылардың негізінде байқайтынымыздай шарт еркіндігі қағидатын қолдануда , корпоративтік заңнаманың диспозивтілігі шарт еркіндігін қолдануда бірқатар мәселелер тудырады. Сол себепті отанымызда ірі-ірі мәмілер мен шарттар отандық заңнамамен емес, шетел заңнамасында жасалуына тура келеді. Өйткені, елімізде шарт еркіндігі қағидатының презумциясынан, «рұқсат етілмесе, тыйым салынады» презумпциясы жоғары басымдылыққа ие болып отыр. Менің пайымдауымша, осы мәселелерді шешуде менің ұсынысым Ресей заңнамасы секілді Жоғарғы сот өзінің қаулысында талдау жүргізе отырып, анық көрсетуі қажет деген пікірдемін. Сонымен қатар, судьялардың совет үкіметінің қалыптасқан көзқарасын өзгерту мақсатында , ұдайы түрде шетелге біліктілікті арттыруға жіберіп отыру қажет. Келесі кезекте, заңнамада жалпы жиналысқа қатысуда бір не пропорциналды дауыс беруді бекіту қажет деп ойлаймын. Ізденушінің негізгі мақсаты заң мәтінін қайта оқып,оған түсініктеме беруде емес, оның мазмұнын позитивтік құқыққа сәйкестігін қайта қайта тексеріп, оны жетілдірудің жолдарын іздеуде болып табылады деген сөзбен өз ойымды аяқтағым келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет