2012-2013 оқу жылдарында халықаралық ТЕМПУС білім беру жобасының аясында магистратура бағыты бойынша ағылшын тілінде білім беретін «Геоинформатика» мамандануы ашылды,
Бұл мамандық бойынша келесі пәндер оқытылады: «Geospatial Environmental Management», «Introduction to Geoinformation systems and Science», «Data Acquisition and Data Integration», «Spatial Analysis», «Cartography and Geovisualisation».
Сонымен қатар PhD докторантурасында ағылшын тілінде білім беретін арнайы бөлім ашылды және бұл бөлімде келесідей пәндер оқытылады: «Theory and Practice of the Spatial Organization of Territory», «Science and Technology for Development Paradigm ICT», «Environmental Regulations and Standards», «Geographic Problems of Forecasting and Management of Natural Resources».
Оқу үдерісіне қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізуінің айқын көрінісі ретінде, Интранет жүйесімен қамтамасыз етілуін, геоақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және ГАЖ-да жұмыс жасауда қосымша модульдермен қамтамасыз етілген лицензиялы ArcGIS 9.3 бағдарламасы орнатылған компьютерлермен жабдықталған 219-шы компьютерлік сыныптың ашылуын айтуға болады.
Факультетте кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты және Ноттингем университетінің (Англия) білім берудегі мемлекеттік стандарты негізінде «05060900-География» мамандығының экспериментальды білім беру бағдарламасын дайындады.
Кафедрада оқытудың жаңа әдістері белсенді қолданылуда. Кафедра оқытушылары сабақ жүргізу барысында интерактивті тақтаны жиі қолданады. Оқытушылар мен студенттер пәндер бойынша ғылыми және статистикалық ақпарат алу үшін интернет жүйесін қолдана алады.
Оқыту-тәрбие беру үдерісінде әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі мамандардың біліктілігін арттыруда қойылатын қазіргі талаптарға жауап береді. Көптеген пәндер бойынша кафедра оқытушылары оқулықтар, оқу құралдарын дайындады.