Алматы 2014 almaty 2


Formation and development of securities market of kazakhstan



Pdf көрінісі
бет76/101
Дата06.03.2017
өлшемі37,51 Mb.
#7966
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101

Formation and development of securities market of kazakhstan 

Summary. The securities market of Kazakhstan passed a difficult way of formation and, despite financial and 

economic crisis of 2008-2009, continues forward development. Over the last ten years in stock market of our country 

the characteristic and effective infrastructure of securities market was created, the first was carried out, very successful, 

the  National  IPO  Program  which  gave  a  powerful  spur  of  development  of  RTsB  of  the  state,  attraction  of  a  large 

number  of  private  investors,  huge  surge  in  interest  to  stock  market  of  the  country.  The  stock  market  becomes  an 

important factor of effective, stable economy. 



Key  words:    securities  market,  stock  market,  investment  capital,  a  regional  financial  center  of  Almaty, 

Kazakhstan Stock Exchange. 

 

Овчинникова В., А. К. Шайхутдинова 



Казақстандағы құнды қағаз нарығының дамуы мен қалыптасуы 

Түйіндеме.  Қазақстандағы  кұнды  қағаз  нарығы  күрделі  жолдын  өтті.    Осыған  қарамастан  2008-2009 

жылдары  қаржылық  –экономикалық  дағдырыс  болды.  Демен  даму  жолы  жалғасын  тауып  келеді,  соңғы  он 

жылдықта    еліміздегі  нарық  қорында  кұнды  қағаз  нарығының  инфрақұрылымы   құрылып,  табысты  дамыды. 

«Халықтың  ІРО»  бағдарламасы  мемлекеттегі  РЦБ  дамуына  жоғалып  ,  жеке  инвестрорларды  жартты,  демек 

елдегі нарық қорына қызығушылық артты. Нарықтың қор экономикалық дамуындағы тиімді фактор. 

Түйін  сөздер:    құнды  қағаздар  нарығы,  қор  нарығы,  инвестициялық  қаржының  нарығы,  Алматы 

қаласының аймақтық қаржылық орталығы, қазақстандық фондылық биржа. 

 

 

 



 

 

498 



УДК 336 

 

Бектемирова Н.Т., Ошай Қайсар, студент 

Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы 



 

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ХАЛЫҚТЫ НЕСИЕЛЕУ 

ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ 

 

Аңдатпа. Мақалада коммерциялық банктердің несиелеу түрлері мен нысандары зерттелген. 

Коммерциялық  несиенің  басты  мақсаты  –  тауарлардың  сатылу  процесін  жеделдету  және  пайданың 

жылдам алынуын қамтамасыз ету. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. 

Негізгі сөздер: несиелеу, несие құрылымы, банктік несиелеу, тұтынушылық несиелеу. 

 

Нарықтық экономиканың маңызды бір саласы несие болғандықтан, ол экономика ғылымының 

объектісі болып табылады. 

Несиені  барынша  талдап  түсіндіру  экономика  категориясы  ретінде  20  ғасырда  қалыптасты. 

Несиенің  мәні,  рөліне  анықтама  жасауға  экономика  теориясының  әртүрлі  бағыттағы  мектептері 

атсалысты  (К.  Маркс,  Т.  Веблен,  Дж.  М.  Кларк,  К,  Виеселль,  Й.  Шумптер  және  т.б.).  Соған  орай 

несие  трактовкасының  әртүрлі  моделі  пайда  болды.  Оның  ішінде  капитал  жасаудағы  несиенің 

теориясы мен маркстік концепциясын ерекше атауға болады. 

Сондай-ақ  көп  жағдайда  несиеге  қатысты  сенім  негізгі  рөл  атқармайды,  себебі  оның 

қайтарылуы онсыз да  ойластырылып қойған. Сол себепті несиенің мән-мазмұны маркстік теорияда 

кеңінен қарастырылған. 

Маркстік  теория  «несие»  сөзін  латынның  «kreditum»  қарыз,  ссуда  деген  сөзінен  талдайды. 

Осыған байланысты, көптеген авторлар осы теорияны басшылыққа ала отырып, несиенің мағынасын 

ақшалай немесе тауар күйіндегі ссуда деп қарастырады. 

Несие мен оның экономикалық жүйедегі мәні төмендегі функциялармен анықталады.  

Қайта бөлу функциясы: уақытша бос тұрған қаржы ресурстарын халық шаруашылығының бір 

сферасынан екінші сферасына аудару. Бұл жағдайда жоғары табыс табу көзделеді. 

Айналыс  шығындарын  үнемдеу:  несиенің  көмегімен  қаржы  ресурстарының  тапшылығы 

жойылады, капитал айналымы тездейді, демек, айналыс шығындары үнемделеді. 

Капиталдың шоғырлануын тездету: несие өндірістің көлемін кеңейтеді, сөйтіп, қосымша табыс 

көзі ашылады. 

Тауар  айналымына  қызмет  көрсету:  несие  тауар  айналымын  жеделдетіп  қоймайды,  сонымен 

бірге ақша айналымын тездетеді.  

Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн 

бiлдiредi.  Оны  барлық  шаруашылық  субъектiлерiмен  қатар,  мемлекетте,  үкіметте,  сондай-ақ  жеке 

азаматтар да пайдаланады. 

Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, 

қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр 

түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды. 

Сонымен  қатар,  несие  мен  қаржы  категорияларын  бiр  санайтындар  да  аз  емес,  несие  -  бұл 

ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң 

қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: 

дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие. 

Несие  —  бұл  пайыз  төлеу  және  қайтару  шартында  уақытша  пайдалануға  (қарызға)  берiлетін 

ссудалық капитал қозғалысы. 

Несие  мен  ссуданың арасында  да  өзара  айырмашылық  бар.  Несие  —  бұл  банктiң  қаражатын 

құрайтын  көзi  ретiнде  барлық  несиелiк  қатынастарды  ұйымдастырудың  әр  түрлi  формаларының 

болуын  және  сондай-ақ  олардың жұмсалымдарының  формасын  бiлдiретiн  кең  ұғымды  сипаттайды. 

Ссуда  –  бұл  ссудалық  шот  ашумен  байланысты  қалыптасатын  несиелiк  қатынастарды 

ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.  

Несие беруші борышқордан берген қарызын қайтаруда немесе басқа да міндеттемелерді талап 

ету құқы бар субъект. 

Қарызға  алушы  несиені  кедей  болғаны  үшін  алмайды,  ол  өзінің  меншікті  қорларының 

ауыспалы  айналым  мен  капитал  айналымының  объективті  күшіне  толық  шамада  жетпей 

тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады. 


 

 

499 



Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі: 

–  жеке  тауар  өндірушілердің  өндірістік  (негізгі  және  айналымдық)  қорлар  айналымы  мен 

жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі; 

–  несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі; 

–  несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы. 

Несие  құрылымы  несие  беруші  мен  қарыз  алушыдан,  сондай-ақ  қарыз  капиталынан  тұрады. 

Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды 

оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік 

мәміле  жасалмайды.  Несие  берушілерге  мемлекет,  банктер  (орталық  және  коммерциялық),  банк 

типтес  мекемелер  мен  қаржылық  ұйымдар,  сондай-ақ  халықаралық  қаржы  ұйымдары  да  жатады.  

Кейбір  жағдайларда,  несиенің  коммерциялық  нысанда  берілуіне  байланысты  несие  берушіге  өнім 

өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі 

бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады. 

Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай 

қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған 

болуы да мүмкін. 

Қазіргі  уақытта  қарызға  ақша  ұсынатын  негізгі  несие  беруші  –  банк  болып  табылады.  Ол 

кәсіпорындардың,  ұйымдардың,  кеңселер  мен  халықтың  уақытша  бос  қаражаттарын 

шоғырландырып,  оларды  қарызға  алушыға  уақытша  пайдалану  үшін  несие  түрінде  ұсынады.  Бұл 

ретте  банктен  алған  несиені  тек  қарызға  алушы  ғана  емес,  сондай-ақ  соңғысы  да  меншік  иесіне 

(кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір 

жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді. 

Қарызға  алушы  –  несиелік  қатынастар  жағы,  несие  алып,  алған  қарызды  қайтаруға  міндетті 

жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып 

табылады.  Қазіргі  заман  талабына  сай  қарызға  алушылар  –  кәсіпорындар,  кәсіпкерлер,  халық, 

мемлекеттер  мен  банктер  болуы  мүмкін.  Алайда,  қарызға  алушы  қарызға  алынған  қаражаттың 

меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл 

жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін 

оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. 

Несие  берушілер  мен  қарызға  алушылардан  басқа  несие  қатынасы  құрылымының  элементі 

алыс-берістің  объектісі  –  құнның  негізгі  бөлігі  сияқты  өзіндік  өтелмеген  құны  –  несиеленген  құн 

болып табылады. 

Несиенің  мәнін  тану  оның  негізін  ашады,  яғни  несиелік  қатынастар  туындайтын  базада 

қарастыруды ұйғарады. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын базаның неден 

тұратынын  О.И.  Лаврушкин  ашып  көрсетіп  оның  қайтарылуын  есептейді.  Ол  несие  қозғалысының 

бір  сатысы  бола  тұрып,  бір  мезгілде  несиеленген  құн  қозғалысының  барлық  сатыларын  қамтиды. 

Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану – қайтарым негізінде жүзеге асады. 

Несиеленген  құнның  қайтарылу  кезеңі  оның  жалпы  ауыспалы  айналымын  ғана  аяқтайды. 

Қайтарымдылық – несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді. 

 

           



 

 

1-cурет. Несиенің құрылымы 



 

Несиенің 

құрылымы 

 

 



Несие беруші 

 

 



Несиеленген құн 

(несие) 


 

 

Қарызға алушы 



 

 

 

500 



Несиеленген  құн  ұдайы  өндіріс  процесін  жылдамдататын  ерекшелікке  ие.  Себебі,  қарызға 

адушының  қайсыбір  маусымдық  жұмыстарды  жүргізуге  және  болжанбаған  шығындарға  қажет 

меншікті  қорларын  жинақтаудың  қажеттігі  жоқ.  Сондықтан,  бұл  қосымша  қажеттіліктер  несие 

есебінен қанағаттандырылады. 

Осылайша,  несиеленген  құн  өндірістік  қорлардың  ауыспалы  айналымының  үздіксіз  болуын 

қамтамасыз  етеді  және  олардың  қозғалысындағы  іркілістерді  жояды.  Бұл  жағдайда  бастапқы 

несиеленген  құн  ғана  емес,  сонымен  қатар  өскен  пайызбен  қоса,  несиенің  қайтарымдылығы 

қамтамасыз  етіледі.  Несие  өз  құнын  осылайша  бүкіл  қозғалысында:  басынан  бастап,  оның  банкке 

қайтарылуына дейін сақтайды. 

Несиенің  қарастырылған  құрылымы  оның  біртұтастылығын  айқындайды.  Ол  элементтерінің 

бірлігін болжайды. 

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі: 

Н – Қ – Н...Р...Н...– Б                                                           

Мұндағы, 

Н – несие орналастыру; 

Қ – қарызға алушының несиені алуы; 

Н – несиенің пайдаланылуы; 

Р – ресурстарды босату; 

Н – несиенің қайтарылуы; 

Б – банктің аталмыш қарызды алуы. 

Несиеленген  құнды  орналастыру  (несиенің  ұсынылуы)  Н  –  несие  қозғалысының  алғашқы 

баспалдағы  болып  табылады.  Оған  құнның  жинақталуы  (аккумуляциясы),  яғни  уақытша  бос 

қаражаттар  себепкер  болады.  Несие  беруші  қарыз  алушыға  белгіленген  мерзімде  пайызбен 

төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады. 

Несие алу (Қ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік 

қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді. 

Несиені пайдалану (Н) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге 

несиенің  қайтарылуын  қамтамасыз  ету  керектігін  білдіреді.  Ресурстардың  босатылуы  (Б)  қарыз 

алушының  шаруашылығында  құнның  ауыспалы  айналымның  аяқталу  актісін,  несие  алушының 

уақытша  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мүддесіне  құнның  пайдаланылу  процесін  сипаттайды. 

Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады. 

Несиенің  қайтарылуы  (Н)  уақытша  пайдаланылған  құнның  қарыз  алушыдан  несие  берушіге 

қайтуын  көрсетеді.  Қарыз  алушының  шаруашылығында  белгілі  бір  ауыспалы  айналымда  жүзеге 

асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді. 

Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Н) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының 

аяқталу  сатысы  болып  табылады.  Уақыт  бойынша  несиенің  қайтарылуы  (Н)  және  несие  берушінің 

алған қаражаты (несиеге бергені)  Қ сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатылары сөз болып отырған сол 

бір  құнның  сомалары  біріктіреді:қарыз  алушы  қарыздың  белгілі  бір  бөлігін  несие  берушіге 

қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады. 

Осы  қарастырылған  кезеңдер  несиеленген  құнның  толық  айналымының  бір  бөлігі  болып 

саналатын  несиенің  қозғалысын  көруге  болады,  ол  тек  несиеге  ғана  қатысты  емес.  Белгілі  болып 

отырғандай,  несиелік  қатынастар  айналым  шеңберінде  ғана  туындайды,  сондықтан  несиеге  несие 

беруші қарыз алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн. 

Несиенің  қайтарылуы  –  уақытша  пайдаланған  несиеленген  құнды  несие  берушіге  қайтару 

процесі.  Ол  өзінен-өзі  туындамайды.  Ол  құнның  ауыспалы  айналымында  аяқталатын  материалдық 

процестерге негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған 

ақшалай  қаражатты  қайтаруға  босаған  қаражаттар  қарыз  алушыға  мүмкіндік  берген  кезде  ғана 

несиені  қайтару  басталады.  Несиенің  қайтарылуы  объективті  процесс  болып  табылады,  яғни  оны 

мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды.  

 

 



 

 

 



 

 

501 



 

 

 



2-сурет. Несиенің маңызды формалары 

 

Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. 



Халық  шаруашылығы  деңгейінде  несиенің  қайтарылуы  тұтас  алғанда  несиенің  бір  ғана  белгісін 

көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді. 

Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны 

бір шаруашылық жүргізуші субъект екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем 

мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және  сауда капиталының 

бірігуі  нәтижесін  білдіретін  тауар  капиталы  жатады.  Коммерциялық  несие  тауарларды  өндіру  мен 

өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және  оның пайдалану шегі 

болады.  Ең  алдымен  оның  мөлшері  шектеулі  болады,  өйткені  әрбір  кәсіпкер,  әрбір  өзге  субъекті 

коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық несиені 

тиісті тауарларды сатып алғын кәсіпорындар ғана пайдалана алады.  

Коммерциялық  несиенің  басты  мақсаты  –  тауарлардың  сатылу  процесін  жеделдету  және 

пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету. 

Коммерциялық  несие  көбінесе  ауыл  шаруашылығында  қолданылады.  Азық-түлік  корпорациясы 

фермерлерге,  шаруа  қожалықтарына  жанар-жағар  май  материалдарын,  тұқымды,  минералды 

тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдырды тауарлық несие түрінде үсынады.  

Дамыған  нарықтық  экономика  жағдайына  коммерциялық  несие  банк  несиесімен  әрдайым 

аралас болады. 

Нарықтық  экономикада  несиенің  негізгі  формасы  банк  несиесі.  Бұл  жағдайда  несие 

қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша 

қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз 

алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі. 

Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан 

ғана  емес,  сонымен  бірге,  тартылған  ресурстардан  да  (заңды  және  жеке  тұлғалардың  депозитінен) 

береді.  Қазақстан  банктерінің  несие  ресурстарындағы  өзіндік  капиталының  үлесі  шамамен  алғанда 

18-20%-ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар). 

Осы несие формасының екінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты ссудаға өздігінен өсетін құн 

ретінде  болатын  капитал  формасында  береді.  Мәселенің  мәнісі  мынада:  қарыз  алушы  бұл  ссуданы 

пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан 

кейін  пайда  алады  әрі  оның  есебінен  несиегерге  пайыз  төлейді  несиеге  қажетттілік  оның  ажырағысыз 

атрибуты  болып  табылады.  Банк  несиесінің  айналыс  саласында  ғана  қызмет  ететін  коммерциялық 

несиеден  айырмашылығы,  ол,  сонымен  қатар,  өндіріс  саласында  және  жинақтау  саласында  да  қызмет 

етеді.  Банк  несиесінің  қолданылу  аясы  коммерциялық  несиеге  қарағанда  әлдеқайды  кең,  өйткені 

коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шектеліп қалған. 

Несие формасы 

 

Ұлттық 


 

Халықаралық 

 

Ақшалай 


 

Банктік 


 

Мемлекеттік 

 

Ипотекалық 



 

Коммерциялы

қ 

 

Тауарлық 



 

Тұтынушылы

қ 

 

Ақшалай 



 

Лизингтік 

 

Тұтынушылық 



 

Аралас 


 

Тауарлық 

 


 

 

502 



ЛИТЕРАТУРА 

1  Мақыш С.Б.  Банк ісі. – ИздатМаркет, 2007. 

2  Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы «Қаржы-Қаражат» 1998. 

3  Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы: Қазақ Университеті, 2010. 

4 Мақыш C.Б. Коммерциялық банктің қызметін басқару: жағдайы және болашағы. – Алматы,2009. 

12 Нурсеит Н., Нурсеитова Р. Текущее состояние развития и кредитования малого бизнеса // Экономика 

и статистика. – 2010-№2. 

 

Бектемирова Н.Т., Ошай Қайсар 



Формы и виды потребительского кредитования коммерческими банками 

Резюме. В данной  статье  исследованы виды и формы кредитования  коммерческими банками. Главная 

цель  коммерческог  кредита    –  ускорения  процесса  продажи  товаров  и  получения  прибыли.  В  условиях 

рыночной экономики основной формой кредитования является банковская система. . 

Ключевые слова: кредиты, структура кредитования, банковские кредиты, потребительские кредиты 

 

Bektemirova NT, Oshay Kaysar  



Forms and types of consumer lending by commercial banks 

Summary.  This  article  investigates  the  types  and  forms  of  lending  by  commercial  banks.  The  main  goal: 

commercial loan - accelerate the sale of goods and profit. In a market economy is the main form of lending banking 

system



Keywords: loans, the structure of lending, bank loans, consumer loans 



 

     


Ә

ОЖ  336.777 



 

Сакибаева Қ.С.

1

, Таджиходжаева Ж.

2

 

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚОРЖЫН САПАСЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 



 

Андатпа.

  Аталған  мақалада  банктердегі  несие  қоржынының  сапасының  төмендеу  мәселелері  мен 

оларды басқарудың тиімді жүйесін құру шаралары қарастырылады. 

Ілмекті сөздер:

 Несие қоржыны, несие қоржын сапасы, несиелік саясат, Банктер несие қоржын сапасын 

басқару. 

 

Банктер  қызметтерін  зерттеулер  көрсеткендей,  жалпы  алғанда  банктерде  несие  қоржынының 



сапасын  басқару  үшін  негіздемелер  бар,  олар:  несиелеу  саласында  стратегиялар  анықталған  және 

стратегиялар аясында несиелік процесті басқару құрылымдары құрылған; несиелеу механизмдері мен 

несиелердің  сапасын  бағалау  әдістемелері  жасалған;  басқару  деңгейлері  шектеліп,  әр  деңгей  үшін 

міндеттер  мен  құзыреттіліктер  айқындалған;  ақпараттық,  кадрлық  және  қауіпсіздік  жүйелерімен 

қамтамасыз етілген; тәуекелдерді ішкі бағалау мен бақылаудың жүйелері құрылған. 

Дегенмен,  тәжірбие  көрсеткендей,  банктердегі  несиелік  саясаттың,  активтердің  сапасын 

бағалау  регламенттерінің  және  процедураларының,  сондай  ақ  несиелеу  процесін  ұйымдастырудың  

болуы несиелер сапасын басқарудың жоғары деңгейінің кепілі бола аламай отыр. Несие қоржынын 

тиімді басқаруды бағалау критерилері болып оларды банктік тәжірбиде оңтайлы қолдану табылады. 

Жалпы алғанда бантерде қолданылып жүрген несие қоржынының сапасын басқару жүйесіндегі 

кездесетін кемшіліктер келесідей топтастыруға болады: 

- несиелік қоржынды құруда бір жүйеліліктің болмауы; 

- несиелеу  процесіне  қатысатын  банк  қызметкерлерінің  банктің  несиелеу  стратегиясы  мен 

мақсаттарын толығымен түсінбеуі; 

- несие  қоржынының  сапасын  басқарудың  жүйелік  әдістерін  ұйымдастыруда  банк 

басшыларның практикалық тәжірбиелерінің болмауы; 

- несиелік  қоржынды  талдауда  консервативтілік;  банктердің  несие  қоржынының  сапасын 

басқару принциптері мен механизмдерін құрудағы жетіспеушіліктер; 

- банктердің несиелік қызметкерлерінің арасындағы құзыреттілікті дұрыс бөлмеу; 

- ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудағы кемшіліктер. 

Қазақстандық  тәжірбиеде  несие  қоржынының  сапасын  басқару  процессі  Ұлттық  Банктің 

нормативтік  құжаттарымен  толық  қарастырылмаған,  яғни  барлық  банктер  үшін  және  ссудалық 



 

 

503 



қарыздар түрлері үшін несиелерді басқару жүйесін құрудың бірдей стандартты моделі мен несиелер 

сапасын бағалау модельдері жеткіліксіз. 

Сонымен  қатар  банктердің  судалардың  сапасын  бағалау  шегінде  қарыз  алушының  қаржылық 

жағдайын талдау үшін нақты айқындалған әдістемелердің болмауы, банктерге қарыз алушылардың 

қаржылық  жағдайын  бағалау  критерилері  мен  көрсеткіштеріне  өз  бетінше  таңдау  жасауға 

итермелейді. 

Бұл  бір  жағынан  қарыз  алушылардың  қаржылық  жағдайын  бағалауда  нормативтік 

құжаттарымен ссуда бойынша тәуекелдер шамасына әсер етуі мүмкін барлық факторларды анықтау 

мүмкін еместігімен түсіндіріледі.  

Сонымен  қатар  банктер  қарыз  алушылардың  қаржылық  жағдайын  бағалау  негізінде  ссудалар 

сапасын бағалау көрсеткіштері қарыз алушылардың барлық категориялары мен несие түрлері үшін 

бірдей бола бемейтіндігін түсінулері керек. 

Басқа  жағынан,  қарыз  алушының  несиеге  қабілеттігін  бағалаудағы  стандартты  әдістеменің 

жоқтығына  байланысты,  банктер  саны  мен  сапасы  бойынша  әр  түрлі  көрсеткіштер  жиынтығын 

қолданып,  кейде  олар  қарыз  алушылардың  қаржылық  жағдайын  бағалаудың  (әдетте  қаржылық 

жағдай көрсеткішерін жақсарту және несиелік қоржын сапасын көтермелеу мақсатында) толыққанды 

және сенімділігне кері әсерін де тигізіп жатады. 

Банктер несие қоржын сапасын басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында бірқатар шаралар 

кешенін жүзеге асырулары тиіс, оның ішінде: 

-  несие  қоржынын  таңдалып  алынған  несиелеу  стратегиясына  сай,  нарықтық  жағдайға  орай 

кезеңді түрде түзетіліп отыратындай және несиелік тәуекел, өтімділік пен рентабельділіктің оңтайлы 

кқрсеткіштерін қанағаттандыратындай етіп құру қажет; 

- нақты мотивациялау әдістерін қолдана отырып, тәжірбиелі менеджерлердің басшылығымен өз 

функцияларын орындай алатын білікті персоналдарды таңдау; 

-  банк  басшылығына  алға  қойылған  мақсаттарға  жетуге  мүмкіндік  беретін  банкте  несиелік 

мәдениеттің қалыптасуына жауапкершілікті арту; 

-  нарықты  зерттеу,  сатуды  басқару,  персоналдарды  даярлау,  потенциалды  клиенттерді 

айқындау және оларды несиелеудің болашағын талдау бойынша нақты механизмдерді жасау; 

-  несиелік  қоржынның  тұрақсыздығына  қатысты,  ең  алдымен  нашарлаған  несиелерді 

айқындауға қатысты несиелік активтерге тұрақты мониторинг жүргізіп отыру; 

-  несиелердің  шоғырлануын  реттеу  және  несиелеудің  мақсатты  көрсеткіштерін  анықтау, 

мысалы проблемалық несиелер көлемінің жоғары деңгейінің ағымдық несиелеу көлеміне қатынасы; 

төлемдері  бойынша  кешіктерілген  несиелердің  максималды  көлемі  (кешігу  мерзімдері  бойынша 

бөлінген);  проблемаалық  несиелерді  шегеру  бойынша  шеккен  зияндар  көлемі;  пайыздары 

төленбейтін несиелердің максималды көлемі есептеу есебінен тұрақты рентабельділікке жету; 

-  несиелеу  стратегиясынан  алшақтап  бара  жатқандығын  банк  басшылығына  дер  кезінде 

хабарлап отыру үшін несиелік қоржынның реторспективті және ағымды жай күйін талдауды тұрақты 

түрде жүргізіп отыру. 

Банктердің  несие  қоржын  сапасын  басқару  жүйесін  құру  кезінде    сәйкес  әдістемелік 

қамтамысыз  ету  қажет,  оның  ішінде  банктік  қадағалау  органдары  тарапынан  әдістемелік 

нұсқаулықтар керек. Несие қоржын сапасын басқару әдістемесін жасау өзектілігі өз кезегінде банктік 

қадағалау  бойынша  еуропалық  келісіммен  (Базель  ІІ)  анықталған  жаңа  халықаралық  әдістерді  әске 

асырумен  негізделді.  Базель  ІІ  келісімінің  басты  жаңашылдығы  несие  сапасын  бағалау 

критерилерінің  бірі  несиелік  тәуекелді  бағлудың  принциптерін  қайта  қарауда.    Несиелік  тәуекелді 

бағалау кезінде  банктерге үш әдістің бірін: стандартты (Ұлттық банктің барлық банктерге міндетті 

орындауы  тиіс  орнатқан);  базалық  (стандартты  әдіске  негізделген,  бірақ  банктердің  ішкі 

рейтингісімен  өңделге);  жетілдірілген  (толығымен  банктің  ішкі  рейтингісі  негізінде;  бағалаудың 

мұндай моделі банктің 7 жылдан кем емес кезеңде ретроспективті талдау көрсеткіштерімен расталып, 

реттеуші  органмен  бекітілген  болуы  тиіс).  Ішкі  рейтингтіктер  негізіндегі  әдісте  несиелік  тәуекелді 

есептеу  кезінде  ескерілуі  тиіс  параметрлерді  банкке  осы  параметрлердің  мәнін  өздері  анықтауға 

мүмкіндік бере отырып, тіркейді.  

Бірақ  несиелерлің  сапасын  және  олардың  несиелік  тәуекелдер  деңгейін  бағалаудың  нақты 

ә

дісін  таңдауда  банктер  үшін  ішкі  рейтинг  жүйесін  құрайтын  әдістерді  мемлекеттік  реттеуші 



органмен міндетті түрде келісумен байланысты мәселе туындайды. Мемлекеттік реттеуші орган (ҚР 

Ұлттық  банкі  ҚҚК)  үшін  ағымдағы  кезеңде  басты  мәселе  коммерциялық  банктің  таңдап  алған 

тәуекелдерді  бағалау  модельдерінің  тиімділігін  бағалауға  көмектесетін  тәуекелдерді  бағалаудың 

нақты критерилері мен модельдерінің жоқтығы болып тұр. 



 

 

504 



Банктердегі  несиелік  активтерді  басқару  сапасын  көтеруге  қаржылық  есеп  берудің 

халықаралық стандарттарын енгізу оң әсерін тигізеді. Мұндай стандарттарды пайдалану банктерге өз 

есеп  берулерінде  активтері  мен  міндеттемелерінің,  оның  ішінде  несиелік  талаптарының  нақты 

сапасын көрсетуді талап етеді. 

ҚР Ұлттық банкі ҚҚК жасаған несиелік активтерді жіктеу және бағалау әдістері халықаралық 

стандарттар  мен  принциптерге  негізделген.  Мысалы  ҚР  Қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын 

реттеу  мен  қадағалау  агенттігі  Басқармасының  «Активтерді,  шартты  міндеттемелерді  жіктеу  және 

оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы 

№  296  қаулысында    және  «Екінші  деңгейдегі  банктердің  кредиттік  портфельдерінің  сапасын 

жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді 

жүзеге  асыру  қағидаларын,  сондай-ақ  Иемденетін  (иемденген)  күмәнді  және  үмітсіз  активтерге 

қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 215 қаулысының негізіне Базель 

комитетінің  банктік  қадағалау  бойынша  несиелік  талаптардың  сапасын  бағалау  тәртібін 

үйымдастыру,  несие  сапасын  бағалау  үшін  қарыз  алушы  туралы  барлық  қол  жетімді  ақпараттарды 

пайдалану,  мүмкін  болатын  зияндардың  орнын  жабуға  құрылған  провизиялар  мөлшері  туралы 

өңдемелелері енгізілген. 

Ссудалардың  сапасын  бағалауда  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  банктің  қолындағы  қарыз 

алушының  қаржылық  жағдайы  туралы  ақпараттың  қаншалықты  сенімді  екендігі  қарастырылады. 

Несиенің  сапасын  бағалау,  яғни  қарыз  алушының  несиеге  қабілеттігін  бағалауда  банк  қарыз 

алушының банке  ұсынған ресми бухгалтерлік есеп берулерін қолданады және оның ресмилігі әдетте 

салық  комитетінің  осындай  есеп  беруді  қабылдағаны  жқніндегі  мөрімен  расталады.  Бірақ  тәжірбие 

көрсеткендей,  бұл  есептіліктердің  мәліметтері  бұрмаланған  немесе  дұрыс  көрсетілмеген  болып 

шығады.  Есептіліктің  сенімділігін  растау  тек  қарыз  алушының  қызметін  тексеру  барысында  ғана 

айқындалуы мүмкін, бірақ банктердің мұндай тексерулер жүргізуге заңнамалық құқықтары жоқ, тіпті 

техникалық  мүмкідіктері  де  жоқ.  Мұндай  мәселені  шешуде  немесе  ең  болмаса  банктерден  қарыз 

алушының  қаржылық  жағдайы  туралы  мәліметтің  сенімсіздігі  жауапкершілігін  азайту  үшін  біздің 

ойымызша,  мемлекет  деңгейінде  салық  органдарының,  Ұлттық  банктің  және  банктердің  қарыз 

алушының қаржылық қызметінің көрсеткіштері туралы ақпараттар алмасуда (яғни, есептілік алмасу) 

өзара әрекеттестігі механизмін ойластыру керек. 

Несиелік  қоржынды  сапалық  талдау  мақсатында  банктер  басқарудың  ақпараттық  жүйесін 

(БАЖ) құру арқылы мәліметтерді талдауда жүйелік әдістерді жүзеге асыру қажет. БАЖ моделін құру 

нормативтік құжаттармен бекітілмеген және банктер өздерінің қызметтерінің жеке даралығын ескере 

отырып  жүргізілуі  тиіс.  БАЖ  –бұл  банктік  стратегиялар  мен  несиелік  саясатпен  бекітілген 

мақсаттарға  жетуде  процесті  бақылап  отыруға  көмектесетін  есептілік  жүйесі.  Сондықтан  ол  банк 

басшылығына  келесідей  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  беруі  тиіс:  қоржынды  басқару  қызметтің 

күтілетін  нәтижелерін  (пайдалылық)  қамтамасыз  ету  ықтималдығын  анықтау;  несиелік  қоржынды 

түзету  қажеттігін  дер  кезінде  анықтауға;  несиелік  қоржынның  банктік  мәдениет  пен  қоржындық 

жоспарлау бағыттарына сәйкестігін анықтауға; қатардағы қызметкерлердің іс құлық моделіне ықпал 

етуге. 

 

Ә



ДЕБИЕТТЕР 

1. Мақыш С.Б. Банк ісі. Алматы: Жеті жарғы, 2009ж.  

2. Банковское дело // учебник под ред. д.э.н. профессора Сейткасымова Г.С. – Астана .: КазЭУФМТ, 2009 

. Банковское дело// учебник под ред. д.э.н. профессора Лаврушина О.И. – Москва.: ФиС, 2010 



. Основы банковской деятельности // учебник под ред. д.э.н. профессора Тагирбекова К.Р. – Москва.: 

Инфра М,2003 

. Мақыш С.Б. Банк ісі. Алматы: Жеті жарғы, 2009ж.  



. Банковское дело//учебник под ред. д.э.н. профессора Сейткасымова Г.С. – Астана: КазЭУФМТ, 2009 

. Банковское дело// учебник под ред. д.э.н. профессора Лаврушина О.И. – Москва.: ФиС,2010 



. Основы банковской деятельности // учебник под ред. д.э.н. профессора Тагирбекова К.Р. – Москва.: 

Инфра М,2003 

 

Сакибаева Қ.С., Таджиходжаева Ж. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет