35
– есімдіктерге
-дай, -дей теңеу мəнді қосымшаларының жалғануы арқылы
жасалған сөздер лексикаланып, сапа ұғымын білдіретіндіктен, сын есімдерге тап-
тастырылды:
осындай, андай-мұндай, сондай т.б.;
– қасқабас үйрек сияқты күрделі атаулардағы анықтаушы компонент
қасқабас
сөзі бірге тұлғаланғандықтан олар сөзтізбеде сын есім ретінде таптастырылды;
– қоснүкте арқылы берілген сын есімдік мағынадағы тіркес сөздер бір сөз та-
бымен берілді:
тыр: тыр жалаңаш; тыр: тырдай жалаңаш;
– кейбір диалектілер сөзтізбеден орын алды:
самсақ (
самсаған), пешеттеуші
(мөр қоюшы) т.б.;
– кейбір универбтенген фразеологизмдер бір
ғана сипатты білдіретіндіктен,
əрі мəтінде бірге таңбаланғандықтан, олардың орфографиялық сөздікте берілген
бөлек таңбалану орфограммасы мəтіндерде кездеспегендіктен, сөзтізбеде де бір
сөз ретінде жазылды:
қараборбай,
қарасирақ;
– жалпы есімдерге сын есім тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалған со-
ветизмдер көрініс тапты:
марксшіл, сталиндік т.б.
– əдетте алдында қандай да бір анықталушының болуын міндетті түрде талап
ететін, əрі онсыз жалаң қолданыла алмайтын етістік түбірге болымсыз -
сыз, -сіз
формалы сөздер сын есімдер категориясында берілді:
жеткісіз, бергісіз, көргісіз;
– бірге жазылуға сұранып тұрған, мəтіндерде екі түрлі – бірде бөлек,
бірде
біріктітіріліп жазылған, бірақ орфографиялық сөздікте бөлек тұлғаланатын сын
есімдер қос нүкте арқылы берілді: қара
: қара кесек; сан: сан түрлі;
– сөйлеу тіліндегі сингармофонетикалық варианттар сақталды:
сүп-сүркей
(
сұп-сұрқай);
– бала тіліне тəн қолданыстар кездесті:
əйей/сн;
– дағы, -дегі функционалды жұрнақтары арқылы жасалғанымен
(сондағы,
ағымдағы, алдындағы, жоғарыдағы, жылдағы, қатардағы, маңайдағы, ойдағы)
қатыстық сапа мағынасында тұрақты қолданысқа ие болған сөздер сын есім
ретінде берілді;
– қос сөздер қатарында -
у тұлғасымен келген, детерминанттылығы күшті,
яғни анықталушының болуын міндетті түрде талап ететін, жалаң түрде
қолданылмайтын кейбір күрделі сөздер сөзтізбеде
сын есімдер категориясында
берілді:
тарихи-ағарту/сн, спорт-сауықтыру/сн;
– бұрынғы мəтіндерде сол кездің орфограммасымен жазылған сөздер ескіше
тұрпатын сақтады:
алфавиттік/сн (қазір:
əліпбилік).
Достарыңызбен бөлісу: