Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


Үстеудің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Үстеудің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері:
– сөзтізбеде үстеулердің барлық семантикалық түрі қамтылды;
– есімдік негізге адъективтік мəн беретін сөзжасамдық қосымшалар жалғану 
арқылы жасалған сөздер үстеу ретінде таптастырылды: солай, онда, мынадай, 
өзімен-өзі, өзіне-өзі;
– алғашқы компоненті жалаң түрде қолданылмайтын, идиомаланған үстеулік 
мағынадағы тіркес қос нүкте арқылы таңбаланды: жуыр: жуыр арада;
– ған (-ген, -қан, -кен) есімше формалы сөздер үстеуленгендіктен, үстеудің 
сөзтізбесіне алынды: мыңғырған, аумаған; 
– де етістігінің есімше формасына теңеулік -дай, -дей мəнді функционалды 
жұрнағынан жасалған дегендей сөзі үстеу ретінде көрсетілді;
– кейбір сөйлеу тілі мен диалектілік элементтер берілді: сонсын – сонан соңның 
сөйлеу формасы, беталбаты (Шығыс Қазақстан өңіріне тəн жергілікті сөз);
– екі сыңары да көсемшенің  формасымен жасалған етістік негізді дайын 
күйінде қолданылатын қос сөздер, қимылдың сипатын білдіретіндіктен, үстеу 


38
ретінде таптастырылды: ауырмай-сырқамай, арымай-талмай, аспай-саспай, 
ерінбей-жалықпай, бұзбай-шашпай, жатпай-тұрмай, жылай-жылай т.б.;
– ырақ, -ірек формасындағы үстеуленген сөздер берілді: жайырақ, нақтырақ, 
оқшауырақ, соңырақ, шапшаңырақ, арырақ, бұрынырақ, жоғарырақ, тезірек, 
əрірек, берірек, дəлірек, ертерек, кейінірек, кешірек т.б.
Шылаулардың жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері
– сөзтізбеде шылаулардың барлық түрі қамтылды;
– -ақ, -ау, -ай шылау сөздері негізгі сөзбен дефис арқылы ерекшеленіп, 
бірақ бірге тұлғаланатынына қарамастан, сөзтізбеге негізгі сөзінен бөлек, жеке 
шығарылды;
– ма, ме, ба, бе, па, пе жəне ша, ше сұраулық шылауларының фонетикалық 
варианттары сөзтізбеде бөлек-бөлек, əрқайсысының жиілігі жеке-жеке берілді;
– қана, ғана, демеуліктері, көрі, гөрі, дейін, шейін септеуліктері, мен, бен, пен, 
менен, пенен жалғаулықтарының да фонетикалық варианттары бөлек-бөлек алы-
нып, сөзтізбеде олардың əрқайсысының жиілігі жеке көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет