Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі


Етістіктің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Етістіктің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері:
– сөзтізбеде етістіктің барлық семантикалық түрі қамтылды;
– бірен-сараң немесе небары бір ғана контексте етістікпен қолданылатын 
қимыл атауын білдіретін идеомалық тіркес құрылымдағы бірінші компонент қос 
нүктемен көрсетіліп, бұлар сөзтізбеде етістік ретінде берілді: жүзе: жүзеге ас, 
қолды-аяқ: қолды-аяққа тұрма, сеспей: сеспей қат, сағы: сағы сыну;
– өмірем: өмірем қап пен өрем: өрем қап – екі нұсқа да мəтіндегі қолданысына 
қарай берілді, алайда соңғысының жиілі (небары 2) аз;


37
қазақ тіліндегі отыр, тұр, жүр, жатыр 4 қалып етістігі құрамындағы 
түбірі жат болып келетін соңғысының осы шақтағы жатыр формасы леммаға 
келтірілмеді, сондықтан сөзтізбеде оның жат түбірінің де, жатыр осы шақ 
формасының да жиілігі бөлек-бөлек есептелді. Себебі мəтінде ол жатыр 
зат есімімен омонимдес болып келеді. Сондықтан жатыр/зт мен жатыр/ет 
контекстегі жиіліктері бөлек саналды;
– алып бар, солай ет, олай еттің сөйлеу тіліндегі редукцияланған апар, сөйт, 
өйт формалары не себепті етістік ретінде сөзтізбеде берілді;
– етістіктің -ғыр, -қыр, -гір, -кір тұлғалы қарғыс формалары сөйлеуде дайын 
түрінде қолданылатындықтан, леммаға келтірілмеді, олардың жиілігі түбірінен 
бөлек есептеліп берілді: атқыр, ұрғыр, жамандатқыр, құрғыр, қиылғыр, 
қағынғыр, көгергір т.б.;
– кейбір сөйлеу тіліндегі етістіктер мен етістіктің нұсқалары берілді: кедейле 
(кедей болу), құса (ұқсау);
көсемшенің -й, əсіресе -п формасымен дайын күйінде сөйлеуде қолда-
нылатын кейбір сөздер қимылдың сын-сипатын білдіргенімен, үстеу катего-
риясына жатпайтындықтан, сөзтізбеде етістік ретінде таптастырылып, түбірге 
(леммаға) келтірілмеді: айтып-айтпай, асығып-үсігіп, салдырлатып-күлдірлетіп, 
тұрып-жығылып, алаулатып-жалаулатып, аптығып-үптігіп, бырысып-ты-
рысып, кіріп-шығып, өкіріп-бақырып, сылқылдап-былқылдап, сыпырып-сиы-
рып, таласып-тармасып т.б. Бұлардың дені экспрессиялық бояулы сөздер екені
байқалды;
– мəтінде тек  тұлғасында дайын күйде қолданылатын, онсыз өз мəнінен, 
тұрпаттық тұтастығынан айырылып қалатын кейбір етістіктер түбірге келтіріл-
меді: бақылау-қадағалау (бақылау-қадағала бола алмайды), бақылау-реттеу 
(бақылау-ретте бола алмайды), бақылау-тексеру (бақылау-тексер бола алмай-
ды), ақыру-зекіру (ақыру-зекір бола алмайды). Бұлардың дені терминдік мəні бар 
қос сөз формасында келетіні байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет