Сөзформалардың лексикалық құрамы төмендегідей рəсімделді: а) онимдер (мəтінде көбінесе кісі аттары мен топонимдер жиі кездесті) алынып тасталды. Онимдер арнайы файлда бөлек жинақталды. Ал топонимдер-
ге -лық/лік жұрнақтары жалғанған, зат есім, қатыстық сын есім сөздер сөздікте
берілді: алматылық, астаналық, астрахандық, атбасарлық, атыраулық т.б.;
ə) қысқарған сөздер (бас əріппен жазылатын буынға бөлінбейтіндері) сөздіктен бөлек алынып, жеке файлда жинақталды. Ал сөздің алдында пре-
фикс сияқты жалғанатындары сөздікте берілді. Мысалы: агро-: агроөндіріс, агроөнеркəсіп, агроодақ, агрохимия; авто-: автобекет, автобизнес, автобөлшек, автокөлік; авиа-: авиакасса, авиабилет, инфра-: инфрақұрылым, инфрадыбыс т.б.;
б) тіліміздегі баламасы кең қолданысқа енген орыс сөздері сөзтізбеге енбеді, бөлек жиналды, ал термин болып қалыптасқандары берілді, алайда белгілі бір
кезеңдегі тіл дамуының үдерісін көрсететіндіктен, алфавит, артист, аэропорт т.б. сияқты жарыспалы орыс варианттары, баламасы (əліпби, əртіс, əуежай) бола
тұра, қалдырылды. Орыс сөздерінің игерілгендері сөздікте берілді. Мысалы:
кəстөм, мөшек, кəмпит, кəртішке, сөмке, кінешке, кəстірөл т.б.; в) мəтіндер əдеби тілде жазылуына қарай таңдалып алынса да, біршама жергілікті сөздер кездесті. Сөзформалар сөзтізбесінде жергілікті сөздер, жаппай
болмаса да, мағынасы түсінікті, аймақтық сөздіктерде тіркелген біразы берілді.
Мысалы, албаты (беталды), алжұмыр (помидор), алқайды (мадақтау), алқаулас
42 (арқалас), бозым (айыр өркеш түйе), бұлаңшы, турамыш (тамақ түрі), боқша (сөмке), əгүршік (қияр) т.б
19
;
г) жиілік сөздікке алынған мəтіндерде көне сөздер мен көне формалар да ұшырасады. Бұлардың түсіндірме сөздіктерде мағыналары берілгендіктен, сөз-
тізбеде сақталды. Мысалы, албыс (албасты), беркіді (берік болды), бұғра (лауа- зым аты) т.б.;
ғ) жиілік сөздік базасындағы мəтіндерде мемлекет, жер т.б. географиялық
нысан атауларынан жасалған -лық/лік тұлғалы қатыстық сын есімдердің бірлі-
жарымы екі түрлі нұсқада кездесетіндігі байқалды. Мысалы, америкалық – американдық, италиялық – итальяндық. Бұлардың біріншісі (америкалық, италиялық) қазақ тілінің сөзжасамдық нормасына сəйкес болса, екіншісі
(американдық, итальяндық: орыс тіліндегі -н- сына дыбысы – интерфиксі
қазақ сөзінде сақталмауы тиіс) қ а т е қолданыс. Алайда екеуі де сөзтізбеде өз
жиіліктерімен берілді, мұндағы мақсат – қазіргі жазба мəтін мəдениетіне қатысты
ортологиялық зерттеулер үшін құнды болып табылатын деректерді сақтау.