Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды
INSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» — білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді.
ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау
10. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында lesson study қолдану
Алдымен,біз үш мұғалім болып, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды аламыз. А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі өте жақсы» оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі орташа» оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі төмен» оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіземіз. Бірінші және екінші сабақтарда оқушылар ашыла алмауы, өз ойларын еркін жеткізе алмауы, бұл үрдіске дағдыланбауы да мүмкін. Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі, диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асады. Әр сабақта 3 баланы яғни «А» «В» және «С» деңгейдегі балаларды үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң олармен талқылау болып отырады. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын арқылы өткізуді жоспарлаймыз. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы барлық оқушыдан жылдам орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасап, не болғанда да қатарынан қалмауға тырысып бақты. Ал С деңгейіндегі оқушы басқа оқушыдан көшіріп алуға тырысып, бірақ та ойын сабақтарын өткізген кезде, суреттер салу болған кезде қызығушылық танытып,үздік оқушылармен сабаққа аралсақандығын байқаймыз.
Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте аламыз. Бағдарламаның жеті модулін қарастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырамыз. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырамыз. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз С>В>А.
Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |