Алматы қаласы Түрксіб ауданы №106 жбб мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы


Зерттеу жұмысының практикалық мәні



бет8/20
Дата06.01.2022
өлшемі185,5 Kb.
#12757
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Тұздың құпиясы ЖОБА

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға пайдалану.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

5


    1. Тұздың шығу тарихы

Ежелгі адамдардың тұзды ең бірінші қай елде қай кезде пайдаланғаны белгісіз. Орталық Еуропада шамамен алғанда тұзды пайдалану біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын, Таяу Шығыста одан көп ерте - 8000 жыл шамасында басталса керек. Ежелгі дәуірде әр ел тұзды әр түрлі әдіспен өндірген. Мысалы, теңізге бөренені батырып, артынан суырып алып күнге қақтайтын. Сонан соң бөрененің үстінен тұздың «қаспағын» жонып алып асқа қосатын. Гректер мен римдіктерге осы «өмір эликсирін» өндіру қиынға соқпады, себебі олар дүниедегі ең мол тұз көзін пайдаланады. Олар теңіз жағасының суын ағызып бөгеп тұз бассейндерін жасады. Бассейндердегі теңіз суы күн сәулесінен буланып, сарқылып, шұқанақ түбінде тұз шөгетін. Ежелгі Мысырда тұз өте көп пайдаланды, себебі қайтыс болған фараондар мен жоғарғы билікті мырзалардың тәнін бальзамдайтын әдеп-ғұрпы болатын. Оған тұз керек. Мысырлықтар тұзды Ливия шөлінің көлдерінен өндірді. Тұз көл суының буланып, сарқылуынан түзілді. Ніл бойын мекендеген қайсыбір тайпалар денесіндегі тұз кемістігін толтыру үшін малдың сортаң қанын жұтқан [1,8б].

Атақты жиһанкез Марко Полоның жазуы бойынша Қытайда тұздан теңге жасалған. Қою тұздықты қайнатып, одан тиын-теңге құйып, бетін императордың мөрімен таңбалап, қызған кірпіш үстіне қойып кептірген. 80 тұз теңгеге 5г шамасындай алтын төлеген. Эфиопияда тұз теңге үстіміздегі 40-50 жылдарына дейін қолданылып келген. «Амалес» не «рей»деп аталған «теңге» ұзындығы 65 cм, қалыңдығы 5см, салмағы 640 г формасы сүйрік кірпіш тәрізді, қайрақ пішіндісі де болған. 20 aмалестің бағасы Мария Тереза ханымның бір талеріне тең болды. [1,10б]. Қала берсе, тұз теңгелер банктарда да сақталады. Ал, ақша өлшемі «таллер» атауы немістің «галль» (тұз) деген сөзінен шыққан.

Ас тұзы адам өміріне өте қажет болғандықтан қай елде болсын тұз шығатын көлдерге, бұлақтарға, тауларға, тұз кәсібі өркендеген қала, ел мекендеріне «тұз» деген сөзді түбіріне, не жалғауға қосып белгілеп отырған. Қазақстанда жер, тау, көл өзен атаулар көп: Тұзбайыр (Маңғыстау), Тұзтау (Каспий ойпаты), Тұзкен, Қайнатпатұз (Алматы облысы), Тұзтөбе, Бұралқы тұз (Шу бойында), Тұзмола, Жаңатұз, Сандықтұз, Теміртұз, Торатұз (Каспий маңы). Ресейде ертеден тұз өндіруді кәсіп еткен жер, қала атына «соль» міндетті түрде қосылып отырған: Солигалич, Соликамск, Соленоозерск, Солотва, Сольтвино, Сольвычегодск, Усолье, Соленое, Солец, Солянка, Солоничка, Белые соли деп аталады. Қырғызстанда: Құрмантұз, Малдыбайтұз, Ұлытұз, Чонтұз су көл аттары: Ащыкөл, Ащылы, Ащысу, Ащыбұлақ,Ащысай, Ақтұз [1,11б].

Сонымен, ас тұзы ежелден бері әр түрлі әдіспен өндіріліп келеді. Сол кезден-ақ оның құнды екенін байқаған елдер, оны алтыннан да бағалы деп санаған. Тұзды кендерін билеу үшін ауық-ауық қырғын жанжалдар, соғыс болып тұрған. Тұздың құрметіне ел мекендері аталған. Тұзға жарымаған халық оны қасиетті деп санап, ауруға ем, сауға қуат деп бағалаған.

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет