Алматы қаласы Түрксіб ауданы №106 жбб мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы



бет9/20
Дата06.01.2022
өлшемі185,5 Kb.
#12757
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
2. Тұздың адам өмірінде алатын орны.

2.1. Ас тұзы дәстүрлі медицинада.

Халық медицинасы дəстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасың тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол. 500 жыл бұрын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында 728 түрлі дəрілік шөп, 318 түрлі дəрілік жануар, 52 түрлі минералды дəрі, 8 түрлі бағалы дəрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған [6, 21б]. Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде. Соның ішінде, ас тұзы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, қазақ дəрігерлігінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. 
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады. 
Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы Қаламқас апаймен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. 

7

Тұз – қырық аурудың емі. Олардың ең азы мыналар: қышыма (экзема), тамақ ауруы, тіс ауруы, құлақ ауруы. Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.


Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет