Алматы қаласы Түрксіб ауданы №106 жбб мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы


Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі



бет10/20
Дата06.01.2022
өлшемі185,5 Kb.
#12757
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Тұздың құпиясы ЖОБА

Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі:

·Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек.

·Баспаны жазу үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп,тамақты шаю керек.

·Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады.

·Тіс ауырған кезде алдымен тісті тазалап алу керек. Ауыз қуысын тұзас содасы қосылған жылы сумен шаю керек.

·Тіс ауырған кезде үккіштен пиязбен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.

·Мұрын қабынуға және гайморитке қарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.

·Бастың тазына: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.

·Дене теміреткесіне: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.

·Тіс қақсағанға: 1-2 гр таза тұзға аз мөлшерде меруерт талқанын қосып, оны сірке суға араластырып ауызды шайқау керек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістің үгітілуіне де пайдалы.

·Маса шаққанға: аз мөлшердегі тұзды өсімдік майына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, мазалаған аурудан тез айығады.

·Шаян, көзілдірікті жылан шаққанда да осы емді қолданса уытын қайтарады.

·Ісікті қайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол ісікті жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады.

·Соқыр ішек болғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді.

·Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Ол үшін кішкене 1 қапшық тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады да мақта-матасынан дорба тігіп, соған салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам құлан-таза айығып кетеді.

·Тырнақ қатпарланып жиі сына берсе, қолды тұзды суға аптасына рет салып отыру керек. Сонда тырнақ қатаяды.

·Синусит— бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған созылмалы ауруы. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорып немесе бумен дем алу керек.

·Азғана тұз қосылған жылы сумен көзді жуса, қабақ пен көздің ісігі кетіп, жанары жалтырайды.

·Аяқтағысызаттардан тұзды ванна қабылдау арқылы арылуға болады. Сондай-ақ, тұзды ванна шаршағанда, әлсіз сезінгенде жақсы көмектеседі.
8

·Беттіқара нүктелерден тазарту үшін шай қасық ас содасы, шай қасық тұз, креммен қоспа дайындап, бетті ысқылап жуу керек.

·Майда тұзды аяқ табанын жұмсартуға қолданса болады. Легенді суға толтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспаға аяқты батыру керек. Жібіген аяқтың табандарын бірнеше минут тұзбен ысқылау керек. Аяқты таза сумен жуып, орамалмен сүрткен жөн. Дауадан кейін аяққа крем жағу керек.

·Екінші иекпайда болудың алдын алу үшін немесе оны кетіру үшін күнделікті мынадай әрекеттерді жасау керек: 3-5 минуттай тұз қосылған суға малынған орамалмен (1 стақан суға 1 шай қасық тұз) иек пен мойынды ұрғылау керек.

Сонымен, ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз – қырық аурудың емі. Жинақталған емдердің көбі тұздың зарарсыздандырғыш қасиетін білдіреді.

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.


Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал.
Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғайу, тіпті қарайу құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет