Алматы қаласы Түрксіб ауданы №106 жбб мектеп Ғылыми жобаның тақырыбы



бет12/20
Дата06.01.2022
өлшемі185,5 Kb.
#12757
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Теңіз тұзының шипасы.

Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді 


бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.
Цистит ауруына тұз шипа.Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды. Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз. 

Ас тұзының емдік қасиеті туралы білу үшін мектеп медбикесі Наташа апаймен сұхбаттастым.. Наташа апайдың айтуы бойынша, тұзбен емдеу ежелгі кезінен қолданғандығы тарихтан белгілі. Орта ғасырларға дейінгі найза, қылышпен қанды қасапқа айналған майданнан соң жауынгерлер жарақаттарын тұз балшығына жатып емдеген, осылайша сауыққан деседі.

Зерттеу жұмысымен айналысып жүрген кезде, тамағым ашып ауырып, жұтыну қиын болды. Дәрігердің диагнозы – фарингит. Дәрігердің жазып берген емі бойынша, анам дәріханадан әкелген «Ингалипт» спрейі, «ангисепт» дәрісі, «фурацилин» езбесімен шаюдың орнына, тұзбен емделу әдісін таңдап көрдім. 1 стакан жылы суға 0,5 шай қасық ас тұзын қосып араластырдым. Осы тұзды сумен күніне 3 рет тамағымды шайып отырдым. Кезекті қабылдауға барғанда, дәрігер жазылғанымды айтып, мектепке баруға болады деп, анықтама жазып берді.

Байқағанымыздай, ас тұзы дәстүрлі және дәстүрлі емес медицинасында адамдарды емдеуде маңызды екендігін білдіреді, тек емделу кезінде оның мөлшерін қатаң сақтау керек.


10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет