Алматы экономика және статистика академиясы



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата12.03.2017
өлшемі1,42 Mb.
#9253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

14.2 Емтихан сҧрақтары 
 
1.
 
Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті. 
2.
 
Экономикалық  ақпарат  кӛзі  ретінде  бухгалтерлік  есеп  беру  және  оны 
пайдаланушылар. 
3.
 
Каржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. 
4.
 
Активтердің құрамы мен сипаттамасы. 
5.
 
Үзақ мерзімді активтер. 
6.
 
Ағымдағы активтер. 
7.
 
Үзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің кұрамы мен сипаттамасы. 
8.
 
Меншікті капиталдың құрамы мен сипаттамасы. 
9.
 
Табыстар жайлы түсінік және оны танудың әдістері. 
10.
 
Шығыстар жайлы түсінік. 
11.
 
Бухгалтерлік баланстың кұрылымы мен мазмұны және негізгі бухгалтерлік теңдеу. 
12.
 
Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа әсері. 
13.
 
Бухгалтерлік шоттар жайлы  түсінік және, оның жіктелінуі. 
14.
 
Екі жақгы жазу жүйесі. Шоттар корреспонденциясы. 
15.
 
Есептік цикл. 
16.
 
Бухгалтерлік қүжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. 
17.
 
Түгендеу. 
18.
 
Бухгалтерлік есепке еңгізу формалары.  
19.
 
Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері.  
20.
 
Ағымдағы активтер: ақшалар және оның сипаттамасы.  
21.
 
Акшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі.  
22.
 
Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануының есебі.  

23.
 
Тауарлық-материалдық  қорлар есебі бағалау. 
24.
 
Тауарлық-материалдық    қорлардың  қоймадағы,  бухгалтериядағы  есебі  және  оларды 
түгендеу.  
25.
 
Үзақ мерзімді  активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі мен бағалануы. 
26.
 
Негізгі құралдардың кіріске алынуы және шығыс етілуі.  
27.
 
Негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы).  
28.
 
Жал туралы түсінік.  
29.
 
Негізгі құралдардың ағымдағы жал есебі. 
30.
 
Міндеттемелердің анықгамасы мен жіктелуі.  
31.
 
Бюджет пен есеп айырысу.  
32.
 
Еңбекақы есебі.  
33.
 
Ақшаның уақытша құны.  
34.
 
Тӛленуге тиісті- облигациялардың есебі.  
35.
 
Капитал туралы түсінік: Жарғылық капитал, Резервтік капитал. 
36.
 
Бӛлінбеген кіріс жӛне есепті кезеңнің шығысы.  
37.
 
Қаржылық есеп беру. 
 
15. Студенттің білімін бағалау жҥйесі  
Ағымдағы  үлгерімді  бағалау  ағымдағы  бақылау  және  рубеждік  (аралық)  бақылау 
бағаларынан тұрады.  
Үлгерімді  ағымдық  бақылау  –  оқу  сабағын  жүргізуші  оқытушының  пәннің  әр  оқу 
тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі. 
Рубеждік  бақылау  оқу  пәнінің  ірі  бӛлімдерін  (модульдерін)  аяқтаған  соң  жүргізілетін 
бақылау.  
Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың 
бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау (жіберу рейтингі) пән бойынша қорытынды 
бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.   
Студенттің  білімін  бағалау  балдық-  рейтингтік  әріптік  жүйе  бойынша  сәйкесінше 
бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.   
15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы 
 
№  Бақылау түрі 
Ба-
ға-
лау  
 
кр
ите
ри
я-
сы 
Аптасына 
1
-ші 
рей
ти
нгт
ің
 
қо
рытынд
ыс
ы
 
Ба-
ға-
лау  
 
кри
тер
ия-
сы 
Аптасына 
2
-ші 
рей
ти
нгт
ің
 
қо
рытынд
ы
 
 
 
 
 
 
1  2  3  4  5  6 
7   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
30



10 
11 
12 
13 
14 
 
15 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
30


 Практикалық 
сабаққа қатысуы 
28 
4  4  4  4  4  4 

32 

4  4 






Лекцияны  
конспектілеу 

1  1  1  1  1  1 



1  1 






СОӚЖ – 
тапсырмаларын 
орындау 
14 
2  2  2  2  2  2 

16 

2  2 






СӚЖ - 
тапсырмаларын 
орындау  
14 
2  2  2  2  2  2 

16 

2  2 






Рубеждік бақылау 
тапсырмаларын  
орындау  
37 
 
 
 
 
 
 
 
28 
 
 
 
 
 
 
 
 

Курстық жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиынтығы 
100 
 
 
 
 
 
 
 
100   
 
 
 
 
 
 
 
 
Жиынтық баға үлесі   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
15.2 Қорытынды бағаны есептеу 
 
Пән  бойынша  қорытынды  баға  пайыздық  мазмұнда  келесі  формула  бойынша 
есептеледі: 
 
И% = Р1+Р2  х 0,6 + Э х 0,4 
                                                           2
                         
мұндағы: 
       Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны; 
           
Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны; 
       Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).
        
 
 
15.3  Студенттің  оқу  жетістіктерінің  балдық-  рейтингтік  әріптік  жҥйе  бойынша 
бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстҥрлі шкаласына аудару  
 
Әріптік жүйе бойынша 
бағалау 
Баллдардың сандық 
баламасы 
Оқу пәнін меңгерудің 
%-қ мазмұны 
Дәстүрлі жүйе бойынша 
бағалау 

4,0 
95-100 
үздік 
A

3,67 
90-94 
 
B

3,33 
85-89 
жақсы 
B
 
3,0 
80-84 
B

2,67 
75-79 
C

2,33 
70-74 
қанағаттанарлық 

2,0 
65-69 
C

1,67 
60-64 
D

1,33 
55-59 

1,0 
50-54 


0-49 
қанағаттанарлықсыз 
      
15.4 Академиялық тәртіп саясаты 
 
№ 
Тәртіпті бағалау критерийлері 
Баллдар саны*  
1. 
Сабақтан кешігу 
-1 
2. 
Сабақ кезінде ұялы телефонмен сӛйлесу 
-2 
3. 
Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу 
+3 
4. 
Басқа да критерийлер 
 
 
*Ескерту: студенттің рейтингін тӛмендететін баллдар минуспен, жоғарылататын баллдар плюспен қойылады.    
                                                                              
 
                  
 

 
Глосарий 
 
Тҥсініктілік  -  ақпараттар  сапасы.  Ақпараттар  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысушылар 
үшін  жеткілікті  және  қолайлы  қалыптасуы  керек.  Егер  кәсіпкерлік  әрекеттермен 
айналысушылардың белгілі дәрежеде кәсіби білімі болмаса да, қаржылық қорытынды есепке 
тән жасалған ақпараттар пайдаланушылар үшін қолайлы және түсінікті болуы шарт. 
Орнықтылық - Ақпараттардың орнықтылық принципінің негізін нақтылы әрекеттерді 
қамтитын  ақпараттар  құрайды.  Орнықты  ақпараттар  қаржылық  шешім  қабылдаушылардың 
алдына  қойған  мақсатына  жетуіне  тікелей  әсер  етеді.  Орнықты  ақпараттардың  мысалына 
дивиденттер  және  еңбек  ақы  тӛлеуді,  құнды  қағаздар  курсының  ӛзгеруін,  сондай-ақ 
ұйымдардың деркезінде алған міндеттемелерін жабу жӛніндегі мәліметтер жатады. Орнықты 
ақпараттарды  пайдалану  мен  талдау  нәтижесінде  ӛткен  кездердегі  орын  алған  нәтижелерді 
бекіту немесе түзету, сондай-ақ болжау процестерін шешуге болады. 
Сенімділік  принципі  –  деп  мәні  жағынан  маңызды  және  қатесіз  жасалған 
ақпараттардың  қасиетін  сипаттауды  айтамыз.  Арнайы  қабылданған  есеп  жүргізу  жӛніндегі 
ережелер мен стандарттар талабын сақтай отырып, қорытындылынатын қаржылық қортынды 
есеп  дайындау  барысында  осы  ұйымның  қызмет  ақарушы  бухгалтерлері  ресми  қойылған 
талаптарға  сай  ұйымның  қаржылық  жағдайы  жӛніндегі  барлық  ақпараттарды,  сондай-ақ 
бухгалтерлік  қорытынды  есеп  жӛніндегі  ақпараттарды  да  аса  бір  шындық  және  сенімді 
жолдармен сапалы дайындауы керек. 
Салыстырмалық  -  Есеп  ақпараттарын  пайдаланушылырдың  қабылдайтын  шешімі 
кӛпварианттылыққа және бәсекелестікке байланысты. Бұған мысал ретінде бәсекеге түсүші 
жақтар  арасында  кӛлемі  жағынан  шектеулі  экономикалық  ресурстарды  инвестициялау 
жӛнінде  қабылданатын  әр  түрлі  шешімді  айтуға  болады.  Салыстыру  принципі  ұқсас  екі 
компания  арасындағы  нәтижені  немесе  осы  жыл  ішіндегі  нәтижені  ӛткен  жылдардағы 
нәтижелермен ӛзара салыстыру арқылы жүргізіледі. 
Ұйымдар  активі=меншікті  капитал+міндеттемелер  теңдеуі  әрқашанда  бухгалтерлік 
және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде сақталады. 
Табыстар=жумсалған  ресурстар  сомасы+  еңбек  ақы  шығындары+міндеттемелер 
жӛніндегі пайыздар+салық тӛлеу шығындары+бӛленбеген табыс тендігі сақталады. 
Бӛленбеген  табыс=  дивиденттер+мақсаттық  қорлар  құру  резерві+бӛленбей  қалған 
табыс (таза пайда) сабақтастығы сақталуы керек 
Операциялық  қызметтен  түскен  ақша  түсімі+инвестициялық  қызметтен  түскен 
ақша+қаржылық  қызметтен  түскен  ақша=мендеттемелерді  тӛлеу+бюджет  сыртындағы 
қорларға  тӛлеу+меншік  иелері  алдындағы  міндеттемелерді  тӛлеу+ӛтеушілік  дәрежесінің 
ӛсімін тӛлеу. 
Инвестиции  –  Инвестициялар  процент  немесе  дивиденд  түрінде  табыс  алу, 
капиталдың құнын кӛбейту арқылы немесе басқа да тәсілмен капиталды кӛбейту мақсатымен 
субъект иеленетін актив. 
Инвестор (ағыл. Investor) Салымшы       
Инфляция (лат. inflation- желбуаз)  
Консолидация (лат. consolidation, беркіту) шоғырланым  
Корреспонденция  счетов-  Шоттар  корреспонденциясы  операсияларды  екі  қайтара 
жазу,  бухгалтерлік  шоттардағы  жүргізу  тәсілі,  ол  операциялардың  бір  шамада  екі  шотта 
жазылуын кӛрініс табады. 
 Кредиторская  задалженность  –  Кредиторлық  берешек  –  субъект  уақытша  тартқан 
ақшалай қаражат, ол шарт бойынша белгіленген мерзімде қайтаруға тиіс. 
Камулятивный  метод  –  Кумулятивтік  әдіс  бухгалтерлік  есепте  негізгі  құрал-
жабдықтың ӛтеммін (амартизация) есептеудің үш әдісінің бірі. 
Лизинг  (ағыл.  Leasing-жалгерлік)  қандайда  болсын  мүлік,  әдетте  негізгі  құрал 
жабдық жӛніндегі контракт. 

Инвестиции  –  Инвестициялар:  Ұйымның  опреациялық    қызметіне  жұмсалмайтын, 
келесі жылдар ішінде ақша қаражатына айналмайтын ұзақ мерзімді активтер. 
Инвестиционная деятельность – Ұзақ мерзімді активтерді алу және сатудан тұратын 
және нарықтық құнды қағаздарды алу мен сатудан тұратын шаруашылық қызметтер. 
Истощение  –  Байлықтың  тӛмендеуі:  кесіп  алу,  сырып  алу,  қазып  алу  нәтижесінде 
табиғат ресурстарының біртіндеп азаюы жӛніндегі шығындарды есепке алып тарату. 
Капитальные  затраты  –  Күрделі  шығындар  игеру:  Активтер  счетында  кӛрсетілген 
ұзақ мерзімді активтер құру немесе сатып алу шығындары. 
Консигнация:  Тауар  иесінің  (консигнант)  басқа  компанияның  (консигнаттар) 
қоймасына орналастырылған тауарлар. 
Коммерческий кредит – Коммерциялық несие: Кӛтерме немесе бӛлшек сауда жүргізу 
үшін сатып алушыларға берілген несие. 
Контроль  –  Бақылау:  Ұтымдылық  мақсатты  орындау  барысында  компанияның 
қаржылық және операциялық саясатын басқарудың құқығы. 
Кредитная линия – Несие үлесі: Талап етілген соманы коммерциялық банкпен алдын-
ала жасалған келісімге сай алып отыру. 
Ликвидность  -  Ӛтеушілік:  Міндеттемелерді  ӛз  уақытында  тӛлеуге  жететін  қолда  бар 
қаражаттар. 
Лимит – Шек қою: шектеу, белгілі бір нәрсені алып пайдалануға норма қойып қажетті 
саны мен кӛлемін қою. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы экономика және статистика академиясы 
 
 «Есеп және аудит» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ 
«Бухгалтерлік есеп » пәні бойынша 
10FNSK0101 «Қаржы мамандығы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2012г. 
 

1-тақырып.Нарықтық экономикадағы бухгалетрлік есептің  концепциялары. 
 
1. Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері 
2. Есеп жүйесінің түрлері және бухгалтерлік есеп пәні 
3. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы 
 
1. Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері 
Бухгалтерлік  есепке  тән  әдістерді,  арнайы  қолданбалы  элементтердің  маңызы 
мен  мақсатын  терең  түсініп,  күнделікті  эконмикалық  ӛмірге  пайдалану  үшін,  біздер 
қарапайым,  түсінікті  тілмен  сӛйлесе  білуіміз  керек.  Бухгалтерлік  есеп  жүйесінде 
кӛптеген күрделі  және осы пәнге тән арнайы терминдер кӛптеп  қолданылады.  Нарықтық 
экономика  заманында  бухгалтерлік  есепті  «бизнес  тілі»  деп  те  атайды.  Сондықтан, 
бухгалтерлердің  сӛйлем  қүрап  сӛйлеуі,  терминдер  мен  ұғымдарды,  синонимдерді  ӛз 
орнымен  мәдениетті  түрде  қолданып,  пайдалануы  түсінікті  болуы  керек.  Мұның 
барлығының  түпкі  мақсаты  -  бухгалтерлік  есеп  ерісіндегі  күрделі  фактілерді  бағалау  мен 
ӛлшеу,  сондай-ақ  шаруашылық  жүргізудің  ұтымды  жолдарын  таңдап  алу  үшін  арнайы 
қолданбалы  тіл  мен  терминдерді  білу.  Яғни  ең  бірінші  кезектегі  сенімді  ақпараттар  алу, 
есепке  түсетін  объектінің  аты-жӛнін  анықтау,  ӛлшеуге  түсетін,  байқап  қарауға 
жататын  шаруашылық  фактілерін  анықтап  білу  -  бухгалтерлік  есептің  объектісіне 
жатады.  Уақыт  пен  кезеңдер  ӛзгерген  сайын  шаруашылық  фактілері  немесе 
ұйымдардың шаруашылық жүргізудегі тәртібі, ӛнімдер ӛндіру, айырбас саудаға түсу, 
материалдар  мен  тауарлар  пайдалану,  аралық  қатынастарға  түсуші  жақтармен  сенімді 
жұмыстар  атқару  жиі-жиі  ӛзгеріп  отырады.  Сондықтан  да  әрбір  шаруашылық  фактілерін, 
есеп  ақпараттарын  тұрақты  түрде  тексеріп,  экономикалық  кӛрсеткіштермен 
салыстырып отыру талабы туындайды. 
Экономикалық  тиімді  шешім  кабылдау  талаптарын  орындау  үшін  ең  әузлі  тиісті 
және  орын  алған  фактілердің  дүрыстығы  анықталады.  Шаруашылық  фактілерін бірден  ала 
салып, ӛз орнына қою мүмкін емес. Мұның үшін ең әуелі бастапқы құжаттар рәсімделіп, 
мұндағы  мәліметтер  жинақталып,  сенімді  ақпараттар  қалыптастырылады.  Сенімді 
ақпараттар  жүйесі  бухгалтерлік  есеп  объектілеріне  жазылып,  шын  мәніндегі  шаруашылық 
фактілері  туындайды.  Ендігі  жерде  шаруашылық  фактілері  деп  -  заңды  тұлғалар 
арасындағы экономикалық қатынастарды  (операцияларды) айтамыз. 
Бизнестік  әрекеттерге  түсуші  барлық  құрылымдар  бір-біріне  тауарлар  қояды, 
қызметтер  кӛрсетеді,  счет-фактуралар  қойып,  ӛз  счеттарын  тӛлеп  отырады,  сатып 
алушылардан ақша алып, бухгалтерлік есепке тән құжаттар жасайды. Бизнестік әрекеттерге 
қатысушылардың  мақсаты  -  бухгалтерлік  есеп  ӛрісінде  қалыптасып  жинақталатын 
ақпараттардың сенімділігі және тұнықтылығы. 
Сондықтан  бухгалтерлік  есеп  жүйесіне  тіркелетін  барлық  шаруашылық  фактілері 
сенімді және екі жаққа да ұтымды, ешбір қатесіз және толығымен орындалуы керек. Сенімді 
және  тұнық  қалыптастырылған  шаруашылық  фактілерінің  негізінде  басқарушылық 
шешімдер  қабылдап,  мұның  ӛзін  шаруашылық  үрдісін  ары  қарай  дамытуга 
оңтайландырады.  Шаруашылық  фактілерін  тіркеу  мен  жүйелеуге  жұмсалған 
шығындар  басқарушылықтың  тиімділігіне  жұмсалған  шығындардан  аз  болуы  шарт.  Яғни 
шаруашылық  фактілерінің  құны,  қабылданған  экономикалық  шешімдерге  жұмсалған 
қүннан тӛмен болғаны жӛн. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесінде  жинақталған  маңызды  ақпараттар  бизнестің  тілі  ретінде 
танылып,  мұның  негізінде  түсінуге  жеңіл  экономикалық  шешім  қабылданады.  Яғни 
шаруашылық  фактілері  бухгалтерлік  есептің  тілі  және  аралық  бизнестік  қатынастарды 
ӛзара  түсінуге  арналған  сӛйлемдер  жүйесі  болып  табылады.  Бухгалтерлік  есеп  жүйесін 
бизнестің  тілі  деп  атаудың  басты  себебі,  әуелгіде  рәсімделген  бастапқы  құжаттар  негізінде 
қалыптасқан  ақпараттарды  жақсы  және  ӛз  бағыты  мен  мақсатына  қарай  пайдалана 
отырып,  алға  қойған  мақсаттарға  жетуге  немесе  ұтымды  экономикалық  бағытты  таңдап 

алуға  болады.  Шаруашылық  фактілеріне,  бизнестік  қатынастарға,  әсіресе  қаржылық 
үрдіске, ұйымдардың шаруашылық қызметіне тікелей қатысы бар әрбір  адам бухгалтерлік 
есеп  жүйесіндегі  ақпараттарды  жеңіл  және  түсінікті  түрде  оқи  білуі  керек.  Осыған  орай 
әрбір  бухгалтерлік  қызмет  атқарушы  маман  кез-келген  бухгалтерлік  ақпараттар  мен 
стандарттарды,  бухгалтерлік  есепке  тән  принциптерді  толығымен  түсініп,  бұлардың 
барлығын  да  бухгалтерлік  есептің  тілінде  сӛйлете  білуі  керек.  Әрбір  бухгалтерлік  есеп 
стандарттары  мен  принциптерінің  түсініктілігі  кез  келген  шаруашылық  фактілерінің 
экономикалық маңызы мен мақсатына байланысты болады. Яғни бухгалтерлік есеп ӛрісінде 
қолданылатын әдістер мен ережелер, арнайы қолданылатын принциптер мен стандарттардың 
түпкі  мақсаты  -  шаруашылық  фактілерінің  маңызын  түсінікті  тілмен  жинақтап 
пайдаланушыларға хабарлау болып табылады. 
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды зерттеп экономикалық ӛмірде қолдану бір 
жағынан  ӛте  киын,  екіншіден  ӛте  пайдалы.  Мұның  қиындығы  сол,  бухгалтерлік  есеп 
жүйесіндегі  ақпараттар  ӛзіне  тән  айрықша  тілмен  баяндалады.  Ал  бухгалтерлік  есептің 
пайдалылығы сол, мұнда кәсіпкерліктің кӛптеген аспектілері сандық және сапалық жағынан 
ӛлшеніп,  арнайы  жолдармен  тіркеліп,  жинақталып,  пайдалы  экономикалық  шешімдер 
қабылданады. 
Нарық  экономикасы  дәуірінде  ешнәрсе  ешкімге  жайдан-жай  беріле  салмайды.  Әр 
нәрсенің  қаржылық  кӛзі  болады.  Сондықтан  әрбір  бухгалтер  жекелеген  экономикалық 
фактілердің  барлығын  да  зерттеп,  зерделеуі  керек.  Бухгалтерлік  есепке  алынатын 
фактілердің  барлығы  бағаланады,  мұның  экономикалық  маңызы  ашылады,  әрбір  факті 
арнайы  құжаттарға  түсіріледі,  шашыранды  фактілер  жинақталып,  топтастырылып,  мұның 
негізінде арнайы басқарушылық шешімдер қабылданады. 
Сонымен, шаруашылық жүргізу үрдісі мен қызметін біздер шаруашылық фактілерінің 
жиынтығы  деп  тануымызға  болады.  Жекелеген  шаруашылық  фактілерінің  негізінде 
ұйымдардың  экономикалық  жағдайлары  ӛзгеріске  түседі.  Шаруашылық  фактілерінің 
негізінде  ӛзгеріске  түскен  экономикалық  қатынастарды  -  шаруашылық  операциялары  деп 
айтамыз. 
Шаруашылық  операциялары  бухгалтерлік  есептің  байқау  және  бақылау  объектілеріне 
жатады.  Кӛптеген  ғалымдар,  әсіресе  нарықтық  қатынастар  жағдайында,  байқау  мен 
бақылауды бухгалтерлік есептің пәні деп те есептейді. 
Жекелеген  шаруашылық  фактілерінің  маңызы  мен  мәліметтері  шаруашылық  үрдісін 
жүргізу  мақсатында  бастапқы  құжаттарға  жазылып,  тиісті  есеп  объектілерінде  тіркеледі. 
Бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде әрбір бухгалтер сабақтастық бағыттағы қызметі: 1) 
шаруашылық  операциясының  қашан  орындалғандығын;  2)  шаруашылық  операциясының 
құндық  ӛлшемін;  3)  шаруашылық  операциясының  қалай  классификацияланатындығын  (қай 
топқа жататындығын) шешуі керек. 
Сондықтан  шаруашылық  фактілерін  талдау  мен  ақылға  сиярлық  мағынасын  түсініп, 
сипаттау үшін негізінен үш мақсаттары қойылады.  
Олар:  
1)  шаруашылық фактілерін орын алған уақытына қарай теңестіру мен ұйқастыру;  
2)    шаруашылық фактілерін бағалау;  
3)  бухгалтерлік  есеп  счеттары  номенклатурасына  (тізіміне)  қарай  шаруашылық 
фактілерін топтастыру. 
Теңестіру  мен  үйлестіру  мақсатында  шаруашылық  операцияларын  қай  кезеңде  тіркеу 
керектігі  (теңестіру  нүктесі)  туындайды.  Мысалы,  кейбір  ұйымдар  сату  мен  сатып  алу 
операцияларын  жүргізген  кезде  осы  ұйымға  қоюшылардан  түскен  счет-фактураларды, 
тауардың  түсуі  немесе  түспеуіне  қарамастан  шаруашылық  операциясының  нақтылы 
орындалғандығы деп санайды. Кейбір ұйымдар сатып алушылардың қоймасына тауарлардың 
нақтылы  түскен  уақытындағы  операцияларды  орындалған  фактілер  деп  қабылдайды. 
Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  талаптарына  сай  қызмет  атқарушы  ұйымдар 
меншік құқысы сатушылардан сатып алушыларға ӛткен кезеңді орындалған факті деп санап, 

тауарлардың 
жӛнелтілген 
уақытын 
шаруашылық 
операциясының 
толығымен 
орындалғандығы деп таныйды. 
Мысалы,  кейбір  ауыл  шаруашылығы  құрылымдары  бірінші  жылы шығындар  жұмсап, 
келесі жылы ӛнімдер жинайды. Сол сияқты салынып жатқан үй құрлысына бірнеше жылдар 
бойы  әр  түрлі  шығындар  жұмсап,  құрлыс  аяқталған  кезде  құрлысқа  жұмсалған  шығындар 
мен  нақтылы  бағаланып  кіріске  алынған  осы  құрлыстың  құны  теңестіріледі.  Шаруашылық 
ӛмірінде  болатын  осындай  операцияларды  теңестіру  (теңестіру  нүктесі)  үшін  әрбір 
кезеңдерде  (ӛткен  шақтарда,  осы  кезде,  болашақта)  нақтылы  орын  алған  шаруашылық 
операцияларының маңызын үйлестік мәніне қарай бухгалтерлік есеп объектілеріне теңестіру 
жолдарымен кезеңдеп жазуға тура келеді. 
Шаруашылық  фактілерін бағалау. Шаруашылық фактілері деңгейінде нақтылы орын 
алған  шаруашылық  операцияларының  маңызы  ұйымдардың  қаржылық  жағдайына  тікелей 
әсер  етеді.  Сондықтан  шаруашылық  операциясын  жүргізуші  бухгалтер  кез  келген 
шаруашылық  фактіні  бағалауы  керек  немесе  бағасын  анықтау  арқылы  осы  операцияның 
мазмұны  жазылған  бастапқы  құжатты  рәсімдеуге  міндетті.  Яғни  шаруашылық  фактісін 
растайтын  бастапқы  құжаттарда  орындалған  операциялардың  құндық  бағасы  шығарылып 
отырады.  Тауарларды  қою,  немесе  алу,  жӛнелту,  сату  операциялары  орындалған  кезде 
алдын-ала  жасалған  келісім  шарттардағы  бағаның  дұрыстығы  немесе  қолданылған 
прейскуранттық  бағалардың  дұрыс  рәсімделгендігін,  сондай-ақ  қойылған  бағалардың 
бастапқы  құжаттарға  дұрыс  жазылғандығы  салыстырылып,  тексеріліп  отырады. 
Шаруашылық  операцияларын  құндық  бағалаудың  мысалына  ӛндірілген  ӛнімдердің, 
орындалған жұмыстардың, кӛрсетілген қызметтердің ӛзіндік құнын есептеу, калькуляциялау 
жатады.  Калькуляциялау  арқылы  жекелеген  бұйымдардың,  қызметтердің,  аяқталмаған 
ӛндірістің т.б. құнын шығаруға болады. 
Бухгалтерлік  есеп  счеттары  номенклатурасына  қарай  шаруашылық  фактілерін 
топтастыру.  Бухгалтерлік  есеп  ақпараттары  жүйесін  жүргізу  үшін  және  бұларға 
бухгалтерлік  есептің  әрбір  объектілері  жӛніндегі  мәліметтерді  күнделікті  түсіру  мен 
бухгалтерлік есептің тексеру жәй байқау функцияларын іске асыру үшін тіркеушілік міндет 
атқаратын бухгалтерлік есеп счеттары қолданылады. Есеп жүргізу  циклының сабақтастығы 
мақсатында ұйымдардың бухгалтериясында ашылған және жүргізілетін счеттардың тізімін - 
счеттар жоспары деп атаймыз. Ұйым деңгейінде орындалған шаруашылық фактілеріне тән 
шаруашылық операцияларының мазмұны ақшалай ӛлшеммен ӛлшеніп, жекелеген счеттарға 
жазылады.  Есеп  жүргізу  тәжірибесінде  бухгалтерлік  есеп  счеттары  ӛз  номенклатурасына 
қарай  шаруашылық  фактілерін  жинақтап  топтастырады  және  классификациялық  тұрғыдан 
әрбір жекелеген счеттарға жазады. 
 
2. Есеп жүйесінің түрлері және бухгалтерлік есеп пәні 
Есеп  жүйесін  жіктеп,  топқа  бӛлу  жӛнінде  кӛптеген  ғалымдардың  кӛзқарасы  әртүрлі. 
Жүздеген  жылдардан  бері  бухгалтерлер  арасында  бухгалтерлік  есеп  жекелеген  ұйымдар 
деңгейінде жүргізіле ме, жоқ, немесе мемлекеттік экономика деңгейінде жүргізіле ме? деген 
сұрақтарға  күні  бүгінге  дейін  жауап  табылмай  келеді.  Бұл  тұрғыдан  сын  айтып,  кімнің 
бағытының  дұрыстығын,  кімнің  бағытының  бұрыстығын  қолдау  мәселесі  емес,  мәселе 
нарықтық қатынастарға қарай жалпы есеп жүйесінің түрлеріне тоқталу қажеттігі туындайды. 
Сонымен,  микроесеп  бухгалтерлік  есеп  ӛрісінде  жүргізіледі.  Мұнда  кәсіпорындағы 
мүліктер  мен  құндылықтар  қозғалысының  есебі,  табыстар  мен  шығындар  есебі,  т.б. 
бухгалтерлік есепке тән операциялар жүргізіледі. Ал макроесеп мемлекеттік деңгейде болып 
жатқан бүкілхалықтық әлеуметтік және экономикалық ӛзгерістердің барлығын, адамдар мен 
табиғаттағы құбылыстарды есепке алады. 
Ендігі жерде жоғарыда кӛрсетілген есептің екі түрінің мән-мағынасын қысқаша түрде 
сипатталық. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесі  ұйымдардағы  активті  қаражаттар  мен  меншікті  капитал, 
міндеттемелер мен алынған несие, негізгі құралдар мен материалды емес активтер, тауарлы-

материалды  құндылықтар,  ақша  қаражаттары,  есеп  айырысудың  жағдайы,  алашақ-
берешектермен  есеп  айырысу,  ӛндірілген  ӛнім,  мұның  ӛзіндік  құны,  түскен  табыс, 
жұмсалған шығын, жалға беру мен алу, жылдық қорытынды есеп жасау, салықтың жекелеген 
түрлері  бойынша  есеп  айырысу,  инвестициялық  қаржы  салымы,  үлес  қосушылармен  есеп 
айырысу дивиденттік тӛлемдер сияқты т.б. қозғалыстарды және осы жоғарыда айтылған есеп 
объектілерін  бағалау  қызметтерін  атқарады.  Сонымен  қатар  осы  жоғарыда  кӛрсетілген 
бухгалтерлік  есеп  объектілері  бойынша  экономикалық  және  қаржылық  талдау  жасау,  есеп 
ақпараттарын пайдаланушылардың талабын қанағаттандыру жұмыстары да атқарылады. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесін  жүргізу  үрдісі  негізінен  ресми  қабылданған  нұсқау 
ережелерге,  тәжірибеде  қолданылатын  бухгалтерлік  есепке  тән  теориялық  принциптерге, 
баланстың  тәсілге,  бухгалтерлік  есеп  жүргізудің  әдіснамаларына,  бухгалтерлік  есеп 
счеттарына  негізделген.  Бухгалтерлік  есеп  жүйесі  бастапқы  құжаттар  жасаудан  бастап 
бұларды жинақтап, тіркеу жӛніндегі нақтылы мәліметтерді арнайы үлгідегі реестрлерге жазу, 
бас  кітаптарға  жазу,  бүлардың  негізінде  жылдық  баланстық  қорытынды  есеп  жасаумен 
аяқталады.  Есеп  жүйесі  тек  қана  бастапқы  құжаттар  негізінде  және  ақшалай  ӛлшеммен 
жүргізіледі. Яғни әрбір құжатқа жазылып кӛрсетілетін мәліметтер үлгі пішімі мен мәтіні бар 
қағаздарға  ақшалай  ӛлшеммен  жазылып  қабылданған  арнайы  счеттарға  түсіріледі. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесіне  қатаң  талап  қойылып,  бұл  үрдіс  арқылы  бақылау  мен  тексеру, 
түгендеу  мен  бағалау,  жинақтау  мен  талдау  сияқты  маңызы  зор  мәселелер  зерделеніп 
отырады. 
Жоғарыда  айтылғандардың  негізіне  сүйене  отырып,  біздер  бухгалтерлік  есептің  ӛз 
ерекшеліктеріне  тән  пәні  мен  мәні  бар  жүйе  деп  санауымыз  керек.  Бухгалтерлік  есеп 
объектілерінің  есебін  дұрыс  жүргізу  мұндағы  қолданылатын  қолданбалы  әдістер  мен 
принциптер ұдайы зерттеліп, жетілдіріліп отыруға тиісті. 
Сонымен «есеп» деп - орын алған шаруашылық фактілерін байқау, жинақтау, теңестіру 
мен  үйлестіру  (барынша  топтастыру),  бағалау,  классификациялық  топтарға  жіктеу,  ӛңдеу 
және  осылайша  жинақталған  ақпараттарды  есеп  ақпараттарын  пайдаланушыларға 
хабарлауды айтады. 
Есептің  қай  түрі  болмасын  экономикалық  үрдісті  басқарудың  динамикалық  моделін 
құруға  қызмет  атқаруы  керек.  Басқаруды  модельдеу  ешқашанда  біржақты  болмайды.  Есеп 
жүйесінің  бірегейлігі  оперативтік  жедел,  басқарушылық,  қаржылық,  бухгалтерлік, 
статистикалық  есеп  түрлері  арасындағы  қондырмалық  (синтездік)  байланыстардың  ӛзара 
сабақтастығынан  тұрады.  Аталмыш  есеп  түрлері  бірінің  маңызын  бірі  толықтырып, 
басқарушылык  тұрғыда  ӛзара  экономикалық  байланыстарды  жүйелей  отырып,  ӛз 
міндеттерін  атқаруға  тиісті.  Кӛпшілік  жағдайда  есептің  бұл  түрлері  басқарушылық  шешім 
қабылдау үшін біртектес ақпараттарды топтастырып пайдаланады. 
Жоғарыда  айтылған  макро  және  микро  немесе  статистикалық,  басқарушылық  есеп 
үлгілерін  даярлау  мен  талдау  экономикалық  және  бухгалтерлік  қызмет  атқарушы 
мамандармен бірлесіп жасалады (ӛзіндік құн, еңбек, ӛндіріс кӛлемі, т.с.с.). 
Алайда  басқару  үрдісін  тиісті  ақпараттармен  қамтамасыз  ету  мақсатында  жоғарыда 
айтылған есеп түрлері ӛз ӛрісіне тән әртүрлі айрықша рӛлдер атқарады. 
Оперативтік  жедел  есеп.  Есептің  бүл  түрі  тиісті  ақпараттарды  жедел  алу  мен 
пайдалану  және  ағымдағы  шаруашылық  фактілерін  дұрыс  жолға  қою,  сондай-ақ  ӛндірістік 
үрдістің ағымдағы оңтайлылығын жақсы жолға салу мақсатын іске асыруға арналған. 
Бухгалтерлік  есепке  алынбайтын  сапалы  дәрежеде,  объективтік  тұрғыда  және  толық 
жинақталған  ағымдағы  ақпараттар  арқылы  ӛндірістік  үрдістің,  сондай-ақ  шаруашылық 
фактілерінің  сандық  және  сапалық  барысы,  осы  оперативтік  жедел  есеп  арқылы  күнделікті 
басқарылады. Негізінен оперативтік жедел есеп ақпараттары бастапқы құжаттардан, ауызша 
берілген  хабарламалардан,  телефон,  телеграф,  факс,  интернет  жүйесіндегі  мәліметтерден 
қалыптасады.  Есептің  бұл  түріне  ӛлшеу  бірлігінің  барлық  атаулары  мен  амалдары 
қолданылып, негізінен натуралды және еңбек ӛлшемдері пайдаланылады. 

Оперативтік  жедел  есеп  міндеттеріне  ұйымдар  ӛміріндегі  шаруашылық  фактілерінің 
ағымдағы барысын байқау, бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделгендігін тексеру, бастапқы 
ақпараттардың сапалы ӛңделгендігін, сондай-ақ жедел шешім қабылдау, ӛндірістік үрдістің 
барысын тексеру сиякты функционалды міндеттер жатады. 
Салалық  ӛндірістік  үрдіс  ерекшеліктеріне  және  жекелеген  фактілерді  (шығарылған 
ӛнімдер  есебін,  тапсырыс  берушілермен  жасалған  келісім-шарт  негізінде  қойылатын 
тауарлар  есебін,  жабдықтар  мен  машиналардың,  басқа  да  ӛндірістік  күштерді,  ӛнім  ӛндіру 
нормасының  орындалуын,  ӛндірілген  ӛнімнің  сапасын,  тауар  айналысының  барысын, 
тауарлар т.б. сатылуын) кӛрсету мен бақылау, тексеру жұмыстары да осы оперативтік жедел 
есеп ӛрісінде жүргізіледі. 
Оперативтік  жедел  есеп  ерекшеліктеріне:  ақпараттарды  тездетіп  алу  мен  пайдалану, 
шаруашылық үрдісі мен фактілердің нақтылы орындалған. 
1. сүлбе 
 
Осы кезеңдегі бухгалтерлік есептің құрылымы 
 
 
 
 
жедел  есеп  ақпараттарының  заңды  тұрғыда  маңызы  мен  мәні  болмайтындығын  есте 
сақтаған жӛн.. 
Бухгалтерлік  есеп  жӛнінде  қысқаша  түсінік.  Есептің  басқа  да  түрлеріне  қарағанда 
бухгалтерлік  есеп  сенімді  және  кӛп  тараған  есеп.  Бухгалтерлік  есеп  қандай  да  болмасын 
ұйымдар  құрылғаннан  бастап  үздіксіз  хронологиялық  тәртіппен  шаруашылық  фактілерін 
бастапқы  құжаттар  негізінде  тіркеп  отырады.  Мұндағы  есеп  тск  ақшалай  ӛлшеммен 
жүргізіледі. Яғни натуралды және еңбек ӛлшемдері ақшалай ӛлшемге айналдырылады. 
Бухгалтерлік  ақпараттық  жүйе  қаржылық  және  басқарушылық  болып  екіге  бӛлінеді. 
Қаржылық есепті - сыртқы есеп деп, ал басқарушылық есепті - ішкі есеп деп те атайды. 
Осы кезеңдегі жалпы есеп жүйесінің құрылымы 2.1. сүлбеде берілді. 
1. сүлбеге сай бухгалтерлік есеп жүйесі ӛзіндік ақпараттардан және жалпы жинақталған 
басқа  да  ақпараттардан  тұрады.  Егер  бухгалтерлік  есеп  ақпараттары  пайдаланушы 

жақтардың мүддесін қанағаттандырмаған жағдайда, онда бухгалтерлік есептің қажеттілігі де 
болмайды. 
Кӛрсетілген  сүлбеге  қарағанда  ақпараттар  жүйесі  екі  саладан  тұрады:  1)  сыртқы 
пайдаланушылардың  мүддесіне  арналған  ұйымдардың  қаржылық  қызметі  жағдайын 
бағалауға  қызмет  ететін  қаржылық  есеп;  2)  ішкі  пайдаланушылардың  мүддесіне  арналған 
ұйымдардың шаруашылық қызметін талдау мен бағалауға қызмет ететін басқарушылық есеп. 
 
3. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы 
Бухгалтерлік есеп жүйесі  ұйымдардағы сатылы экономикалық  үрдісті қамтамасыз  ету 
бағытында  құрылуы  керек.  Шаруашылық  фактілері  экономикалық  үрдістің  кезеңдік 
негіздерін қүрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін болып қалыптасады. 
 
Ол мынандай кезеңдерге бӛлінеді: 
1)
 
активтер мен бұлардың кӛздерін қалыптастыру; 
2)
 
инвестициялар келтіру; 
3)
 
қаржылық  активтерді  (экономикалық  ресурстарды)  қаржыландыру  және  несиелік 
міндеттемелер қабылдау; 
4)
 
қалыпты  жағдайда  жүргізілетін  ӛндірістік  үрдістің  ӛзгерістері  мен  қалыптасуын 
есепке алу; 
5)
 
ӛндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының есебін жүргізу; 
6)
 
түскен табыстар (пайданы) бӛлу және қайта бӛлу; 
7)
 
бӛлінбеген таза пайданың ұдайы кӛбеюін камтамасыз ету және түскен таза пайданы 
ӛндіріс  үрдісін  кеңейту  мен  ары  қарай  жетілдіруге,  бұлардың  қорлануын  қалыптастыруға 
жұмсау. 
Экономикалық  заңдылықтардың  ӛндірістік  үрдісте  іске  асырылатын  кезеңдеріне  тән 
құрылған  жоғарыдағы  сабақтастық  кезеңдер  қаржылық  талдау  мен  басқарушылық  шешім 
қабылдау үшін аса қажет. 
Бұл  мақсаттар  мен  міндеттердің  нақтылы  іске  асатындығын  есепке  алып,  ақпараттар 
жүйесін  қалыптастыруда  бухгалтерлік  есептің  атқаратын  релі  ӛте  зор.  Бухгалтерлік  есеп 
жұмысы  экономикалық  кезеңді  қатынастарды  кӛрсетеді  және  әр  кезеңдерге  сай  дамиды. 
Бухгалтерлік  есеп  -  базарлы  сауданы,  технологиялық  ерекшеліктерге  сай  ӛнім  ӛндіруді, 
экономикалық  бостандықты,  кәсіпкерлік  қатынастарды,  бірлескен  әрекеттерді  т.с.с. 
байланыстар  жӛніндегі  кӛрсеткіш  мәліметтерді  даярлап,  тиісті  тұтынушыларға  хабарлап, 
талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, ӛз орны мен әдісі және принципі бар 
пән.  Сондықтан  бухгалтерлік  есептің  алғы  шарты  экономикалық  қатынастарға,  мұның  ӛзін 
теориялық  тұрғыда  зерттеуге,  басқарудың  тиімді  жолдарын  анықтауға  ақпараттар 
дайындайтын ерекше бағыттағы айрықша жүйе. 
Қандайда  болмасын  есеп  ақпаратары  мен  кӛрсеткіштерін,  мұндағы  цифрларды 
экономикалық  маңызы  зор  мәселелер  деп  қараған  жӛн.  Бухгалтерлік  есеп  нарықтық 
қатынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде жүргізу мен мәліметтерді жан-жақты 
қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпаратар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы 
және  зиянды  мәліметтер  жүйесін  топтастырып,  белгілі  дәрежеде  шешім  қабылдау  үшін 
кӛрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды. 
Нарықтық  қатынастар  мен  меншік  иелігіне  сүйеніп  қол  ұшымен  жалғасып, 
сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне пайдаланушы, 
заңсыз  жүріп  қаражат  табушы  алаяқтар  арасында  күрес  жүргізуде  де  бухгалтерлік  есептің 
атқартын рӛлі зор. Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер ӛз кәсібін 
сыйлап, таза және сапалы еңбек етуі керек. 
Бухгалтерлік  есеп  бүкіл  халықтық  ілімге  жатады.  Мұның  диапазон  кеңістігі  мол, 
Сондықтан,  экономиканы  басқару  жүйесін  жетілдіру,  халықтың  сұранысы  мен  тұтынысын 
зерттеу,  базарлы  саудаға  тән  шешім  қабылдау,  тексеру  мен  бақылау  жүйесін  кеңінен 

қолдану,  есеп  кӛрсеткіштерін  қарапайымдау,  заңсыз  қағаз  бастылықты  болдырмау  үшін 
бухгалтерлік есеп ілімі ӛз мәні мен мақсатын жоймайтын сабақтастық бағытта болуы керек. 
Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі  - мәтін, бастапқы 
құжаттарды  рәсімдеу,  есеп  регистрлары  және  қорытынды  есеп  кӛрсеткіштері  т.б. 
жазулардың  кӛлемі  мен  маңызы  қарапайым  жолдармен  жасалып,  пайдаланушы  қауымға 
түсінікті болуы керек. 
Енді  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  алдына  қойылған  жалпы  мақсаттар  мен  талаптарды 
шешудің  бастапқы  сабақтастығына  тоқталалық.  Жалпы  есеп  жүйесінде  қабылданған 
тәжірибеге және кӛптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бухгалтерлік есеп ең әуелі 
ӛзінің байқау, ӛлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады. 
Байқау  принципі  деп  -  шаруашылық  жүргізушілер  ӛрісіндегі  фактіні  немесе  объектіні 
кӛзбен кӛруді айтамыз. 
Ӛлшеу  деп  -  натуралдық  ӛлшеммен  берілген  есеп  объектісін  ақшалай  ӛлшемге 
айналдыруды айтады. 
Тіркеу  деп  -  бухгалтерлік  есеп  мәліметтері  мен  кӛрсеткіштерін  ақпараттар  тасушы 
құралдарға түсіруді айтамыз. 
Сонымен  байқау,  ӛлшеу  және  тіркеу  принциптері  бірімен-бірі  тығыз  байланысқан, 
бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп таныуымыз керек. 
Бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні және бұл жүйені жүргізу мен аяқтау үрдісі, ең 
әуелі бухгалтерлік есеп негізін біліп үйренуден, қаржы есебін жүргізу тәсілдерінен, басқару 
есебіндегі  кӛрсеткіштерді  бағалай  білуден,  қаржылык  қорытынды  есепті  сапалы  жасаудан, 
сондай-ақ  ұйымдардың  қаржы-шаруашылық  қызметін  экономикалық  жағынан  талдаудан 
тұрады. 
Бухгалтерлік  есеп  жүйесіндегі  ақпараттар  қазырғы  кездегі  Қазақстандық  бухгалтерлік 
есеп стандарттар талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық және қаржы салаларындағы 
қызметкерлерге,  т.б.  тұлғаларға  қызмет  кӛрсетеді.  Потенциалды  қаржы  салымшы 
инвесторлардың,  басқа  да  несиелендіруші  заңды  тұлғалардың  қаражаттарын  іске  қосып, 
түпкі  мақсат  -  таза  табыстың  кӛлемін  арттырып  отыру  үшін  бухгалтерлік  есеп  ӛрісіндегі 
қалыптасқан ақпараттарды хабарлап отыру қажеттігі туындайды. 
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сай бухгалтерлік есеп жүйесіне 
негізінен үш түрлі талап қойылған. Ол талаптар  шындықты, жан-жақты объективтілікті 
және іске асырылатындың  сенімділікті кӛрсететін принциптерге жауап беруі керек. 
Белгілі бір ұйым ӛрісінде даярланған мәліметтер шындық жолмен арнайы қабылданған 
ереже-нұсқауларға  сай  орындалып,  сыртқы  пайдаланушылардың  күмәні  мен  күдігін 
туғызбайтын  болса,  онда  даярланған  мәліметтер  шындық  принципімен,  басқа  да 
мамандардың  қатысуымен  жасалып,  осы  ұйымның  экономикалық  жағдайын  толығымен 
сипаттайтын  болып,  сараптаушылар  талабын  қанағаттандырса,  онда  даярланған  мәліметтер 
объективтік  принциппен  орындалды  деуге  болады.  Белгілі  ережелерді,  қағидалар  мен 
әдістемелерді  толығымен  қолданып,  жасалған  ақпараттар  ішкі  және  сыртқы 
пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандырса, онда сенімділік принципі орындалды деуге 
болады. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келіп,  бухгалтерлік  есеп  пәніне  анықтама 
берелік. 
Бухгалтерлік  есеп  пәні  деп  -  ұйымдардың  шаруашылық  ӛміріндегі  (меншігіндегі) 
активтер,  меншікті  капитал  және  міндеттемелер  ӛрісіндегі  козғалыстарды  байқап, 
ӛлшеп,  тіркеп,  жинақтап,  үздіксіздік  жолдармен  құжаттап,  қорытындылайтын  үрдісті 
айтамыз. 
Бухгалтерлік есеп кӛптеген әдістер мен принциптерді, арнайы ережелерді зерттейді. 
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүргізу мақсаты екі деңгейде танылады. 
Бірінші  деңгейде  бухгалтерлік  есептің  тіркеу  қызметі  және  кӛптеген  шаруашылық 
фактілері  мен  экономикалық  ӛзгерістерін  жинақтау,  ақшалай  ӛлшемге  айналдыру  қызметі 
орындалады. 

Екінші деңгейде бухгалтерлік есептің күрделі мәселелері атқарылып, әртүрлі әдістерді, 
ережелер  мен  принциптерді  қолдана  отырып,  бухгалтерлік  есеп  жүйесінде  жасалған 
қорытынды ақпараттар жүйесіндегі шаруашылық фактілерінің маңызы бағаланып ӛлшенеді, 
шашыранды фактілер жинақталып талданады. 
Басқару  үрдісінің  негізгі  саласы  болып  танылған  бухгалтерлік  есеп  жүйесі  арқылы 
ұйымдардың  ағымдағы  қызметінің  барысы  тексеріледі,  сапалы  даярланған  ақпараттарды 
талдай  отырып,  стратегиялык  және  тактикалық  бағыт  анықталады,  ресурстарды  тиімді 
пайдаланудың жолдарын қабылдаудағы субъективтік факторларды болдырмаудың тәсілдері 
қарастырылады. 
Сапалы  жүргізілген  бухгалтерлік  есептің  мақсаты  тӛмендегі  сатылы  қызметтерді 
қамтамасыз етуге арналған: 
- ұйымдардың табыс түсіріп, бәсекелестік ортадағы тиімділігін арттыру үшін жасалған 
бизнес-жоспарының орындалуы дәрежесін тексеру; 
-  активтерді  ӛз  орнымен  тиімді  жұмсау  арқылы  ӛндірілген  ӛнімдердің  ӛсу  қарқынын 
және бұларды сатудан түскен түсім кӛлемін бухгалтерлік есеп жүйесінде айрықша зерттеу; 
- меншіктің барлық түрлерінің сақталуын, активтердің қолда бары мен қозғалысын
ұйымдардың қаржылық және тӛлем ӛтеушілік қабылетінің орындалуын тексеру; 
- алдау, ұрлау, кӛзбояушылық және сыбайластық жағдайларды болдырмау, ақша т.б. 
құндылықтарды жеке адамдардың сіңіріп кетушілігіне жол бермеу, тексеру жүргізу және 
мұндай жағдайларды тиісті орындарға дер кезінде хабарлау; 
-  бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет және салық жӛніндегі заңдардың сақталуы мен 
нормативті актілердің орындалуын қадағалауға мүмкіндік жасап отыру. 
Бухгалтерлік есеп ӛрісінде тӛмендегі мәселелердің шешілуі қамтамасыз етіледі: 
-
 
ұйымдар 
ӛрісіндегі 
шаруашылық 
үрдістің 
қорытындысын 
шығарып, 
басқарушылық  шешім  қабылдауға  қажетті  ақпараттар  қалыптастыру,  сондай-ақ  қаржы 
салымшы инвесторлар, қоюшылар, сатып алушылар, несиелендірушілер, салық және қаржы 
органдары  арасындағы  қалыпты  жағдай  жасау  мақсатында  толық  және  сенімді  ақпараттар 
қалыптастыру; 
-
 
экономикалық ресурстардың және активті мүліктерді тиімді әрі орынды пайдалану 
үшін, бұлардың қолда бары мен қозғалысын тексеріп отыруды қамтамасыз ету. 
Бухгалтерлік  есептің  ең  негізгі  мақсаты  —  ұйымдар  қызметінің  ӛсу  қарқынын 
қамтамасыз  ету,  әртүрлі  варианттағы  салыстырмалы  мәліметтер  қалыптастыру,  талдау 
шараларын орынды жүргізу арқылы басқарушылық шешім қабылдау болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет