Алматы экономика және статистика академиясы



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата12.03.2017
өлшемі1,42 Mb.
#9253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
Ӛзін-ӛзі бақылау сұрақтары: 
1. Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне нелер кіреді. 
2. Бас бухгалтердің қызметіне кімдер тағайындалады. 
3. Бастапкы құжаттар дегеніміз не?  Түрлерін атап ӛтіңіз. 
4. Есеп регистрлеріне нелер жатады. 
5. Түгендеу дегеніміз не. 
6. Түгендеу әдісі қалай жүргізіледі. 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2007ж., 544-бет. 
2.
 
Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп 
беру. Алматы  2005.  
3.
 
«Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2000. 
4.
 
Кеулімжаев Қ.К. "Қаржылық есеп" Алматы, 2001. 
5.
 
Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000 
6.
 
Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на 
предприятии» Алматы, 2002. 

7.
 
Тулешова  Г.К.  Халықаралық  стандарттарға  сәйкес  қаржылық  есеп  және  есептілік 
Алматы, ―Бизнес информация‖ 2005. 
8.
 
Палий В.Ф., Соколов Я.В., ―Бухгалтерлік есеп теориясы‖, М Финансы и статистика 
1998ж. 
 
 
2-тақырып.   Екіжақтылық принципі және баланстық теңдік. 
1. Екіжақтылық принцип жӛніндегі ұғым 
2. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері 
 3. Баланс кӛрсеткіштерінің типтік ӛзгеріске түсуі 
 
1. Екіжақтылық принцип жӛніндегі ұғым
 
Нарықтық  қатынастар  мен  жеке  меншіктік  жағдайында  кез  келген  заңды  және  жеке 
тұлғалар ӛзінің бизнесін ашып, белгілі бір мақсаттағы кәсіптік құрылымдар құруына құқылы. 
Бизнес  пен  кәсіпкерліктің  түпкі  мақсаты  -  халықтың  (отандық,  шетелдік)  сұранысы  мен 
тұтынысына  жауап  берерлік,  базарлы  сауда  жүйесінде  бәсекеге  түсерлік  сапалы  ӛнімдер 
ӛндіріп, қызметтер кӛрсетіп, жұмыстар орындап, табыс табу болып табылады. 
Айталық  Асан  атты  азамат  ӛзінің  жылдар  бойы  жинаған  950,0  мың  теңге  ақшасын 
жаңадан  ашқан  «Асан  және  Ү»  компаниясына  салып,  бұл  компанияны  тиісті  орындарда 
заңды түрде тіркеуден ӛткізді. Яғни Асанның сандығындағы (қалтасындағы) 950,0 мың теңге 
банктегі  Асан  ашқан,  заңды  тұлға  болып  танылған  «Асан  және  Ү»  компаниясының  есеп 
шотына  құйылды.  Ең  бірінші  операция  басталды  деп  есептелік.  Біздер  бұл  операцияның 
негізінде  меншікті  капиталдың  қалыптаса  бастағандығын,  мұның  негізінде  Асан,  осы 
құрылған  «Асан  және  К»  компаниясынан  акция  (құжат)  алатындығын  және  Асанның 
акционер екендігін түсіндік. «Асан және Ү» компаниясының банктегі есеп шотына құйылған 
950,0 мың теңге ақша қаражаты - «актив» болып танылады да, берілген акцияның негізіндегі 
меншікті капитал 950,0 мың теңге міндеттемелер «пассив» болып танылады. 
Ендігі жерде  «Асан  және Ү»  компаниясы 950,0 мың теңгенің активтік қаражатына ие 
болып,  бұл  қаражаттың  кӛзі  меншікті  капитал  екендігіне  сендік.  Осы  екі  үрдіс  әрқашанда 
тепе-теңдікте болуы керек. Нақты ақша - 950,0 мың теңге = Меншікті капиталға яғни 950,0 
мың  теңгеге  теңестірілді.  Сонымен  «Асан  және  Ү»  компаниясының  қызметіндегі  бірінші 
операцияға  сай  екі  жактылық  принцип  пайда  болып,  операцияның  маңызы  бухгалтерлік 
есептің екі счетына жазылды. Ең бірінші операцияның экономикалық маңызына қарай «Асан 
және  Ү»  компаниясы  Асанға  950,0  мың  теңге  қарыз  болды.  Есеп  жүргізу  ережесіне  қарай 
Асанның жеке меншігінде болған  ақшаны  инвестицияланған капитал деп атаймыз. Немесе 
активті  қаражат  Асаннан  «Асан  және  Ү»  компаниясына  ӛтті.  «Асан  және  Ү»  компаниясы 
Асанның  салған  950,0  мың  теңгесін  табыс  тауып,  пайда  түсірудің  негізінде  қайтарып  беру 
міндеттемесін  қабылдады.  Нӛлден  бастап  жаңадан  құрылған  «Асан  және  К»  компаниясына 
Асанның  салған  ақшасы  -  меншік  иесінің  осы  компанияға  билік  жүргізушінің,  яғни  осы 
компанияны  қаржыландырушының  ақшасы  болып  табылады.  Бұл  қаражаттың  дұрыс  және 
тиімді  жұмсалуы,  қайда,  қалай  жұмсалуы  бақылау  мен  тексеру  үрдісінде  болуы  қажет. 
Мұндай  жүмыстарды  «Асан  және  Ү»  компаниясына  тағайындалған  бухгалтер  орындауға 
тиісті. 
Ендігі  жерде  жоғарыда  келтірілген  операциялар  маңызын  түсінсек,  онда  меншік 
иесінің,  яғни  Асанның  қаржыландырған  сомасын  неге  инвестицияланған  (келтірілген) 
капитал немесе қабылданған міндеттеме деп айтқанымызға жауап беріп кӛрелік. 
Біріншіден, меншік иесі  ӛзінің салған (бастапқыда құйған) ақшасын қайтарып  алғысы 
келеді. 
Екіншіден,  бизнес  жүргізудің,  оны  басқарудын  тәртібін  акционерлер  белгілейді. 
Акционерлер осы компанияға билік жүргізіп, тапсырмалар береді, салған ақшасын қайтарып 
алуды мақсат тұтады. 

Сонымен,  «Асан  және  К»  компаниясы  950,0  мың  теңгенің  активін  ала  отырып, 
Асанның  алдында  950,0  мың  теңгеге  міндеттеме  қабылдап,  бұл  міндеттемені  Асанның 
инвестициялаған  капиталы  деп  атайды.  Яғни  950,0  мың  теңге  Асан  жағынан  қарағанда  -
инвестиция,  ал  «Асан  және  К»  компаниясы  тұрғысынан  қарағанда  —  міндеттеме  екендігін 
түсіндік.  Егер  ақша  тұрғысынан  қарағанда  Асанның  ақшасы  акцияға  айырбасталып, 
ақшаның айырбасқа түсетін қасиеті орындалды. Ақшаның иесі ақшаны ӛз қалауы бойынша 
санаға сиярлық жолдармен ұтымды жұмсауы керек. Еңбекпен табылған ақша сенімді жерде 
сақталып, алдағы уақытта ӛз иесінің мұқтажын ӛтейді. 
Айтқандарға сүйене отырып, біздер: 
Активтер  қарапайым  екіжақтылық  теңеудің  сол  жағында  (сол  жаққа),  ал  меншікті 
капитал оң жағында (оң жаққа) орналасатындығын түсіндік. Бүл теңдік бухгалтерлік есепке 
тән болғандықтан, мұның ӛзін екі жақтылық принциптің бастапқы кезеңдегі қалыптасуы деп 
атаймыз.  Бұдан  біздер,  активтердің  жалпы  сомасы  әрқашанда  меншікті  капитал  сомасымен 
тепе-теңдікте  болатындығын  білдік.  Яғни  активтер  мен  меншікті  капитал  ерісіндегі 
қозғалыстардың  барлық  сомасы  тепе-теңдік  жағдайда  сақталуы  керек.  Бухгалтерлік  есеп 
жүргізудің  мыңдаған  жылдардан  бері  қалыптасқан  ережесіне  сай  активтер  мен  меншікті 
капитал  сомасының  тепе-теңдігі  -  баланс  деп  аталады.  Сондықтан  бухгалтерлік  баланстың 
сол жағында кӛрсетілетін 950,0 мың теңге активті ресурстар ретінде танылып, бұл соманың 
кӛздері меншікті капитал - 950,0 мың теңгеге тең болатындығын тағы да есте сақтау керек. 
Баланстық тепе-теңдік әрқашанда сақталып, активтер баланстың сол жағында, ал пассивтер 
баланстың  оң  жағында  орналасатындығын  біз  екіжақтылық  принцип  деп  атаймыз.  
Бухгалтерлік есеп ӛрісінде қалыптасқан екі жақтылық қағидаға сай, кез келген шаруашылық 
операциялары балансқа жазылатындығын ешқашанда естен шығармау керек. 
Шаруашылық  операциялары  (фактілер)  деп  -  ақшаның,  тауарлардың,  кӛрсетілген 
қызметтердің  құны  жағынан  эквиваленттік  айырбасқа  түсуін  айтады.  Орындалған 
операциялар  негізінде  «ненің  қайдан  келіп»,  «қайдан  кеткендігін»  білеміз.  Ұйымдардың 
экономикалық қызметінде күнделікті орындалған операциялар немесе шаруашылық әрекетке 
түскен  фактілер  бухгалтерлік  есеп  счеттары  арқылы  тіркеледі.  Демек,  кез  келген 
шаруашылық операцияларының мазмұны екі жақты жазуды талап етеді. 
Сонымен,  жоғарыда  аты  аталған  «Асан  және  К»  компаниясы  шаруашылық 
операцияларын  жүргізе  бастады  деп  есептелік.  Алайда,  «Асан  және  К»  компаниясы  осы 
компанияны ары қарай ұлғайту жӛніндегі бизнес-жоспарын жасай келіп, бастапқы 950,0 мың 
теңге  қаражаттың  жеткіліксіз  екендігін  түсінді.  Ендігі  жерде,  «Асан  жК»  компаниясы  бұл 
компанияның  үздіксіз  жұмыс  істеуіне  қажетті  қаржыландыру  кӛздерін  іздей  бастайды. 
Қосымша  қаржы  кӛзін  банктерден  несие  алу  арқылы  толтыруға  болатындығын  Асан 
(компанияның  кожайыны)  біледі.  Заңды  мүмкіндікті  пайдалана  отырып,  Асан  ӛзінің  «Асан 
және К» компаниясына қосымша 900,0 мың теңге банктен несие алды. Кез келген банк ӛзінің 
берген  несиесінің  үстіне  пайыздық  үстеме  қойып  беретіндігі  белгілі.  «Асан  және  К» 
компаниясының  шаруашылық  жүргізу  ӛрісінде  банктен  несие  алуға  байланысты  екінші 
операция  орындалды.  Банктен  алынған  900,0  мың  теңге  несие  бухгалтерлік  есептің  тиісті 
счеттарына  екі  жақтылық  принциппен  жазылады.  Мұның  негізінде  «Асан  және  К» 
компаниясының  ақша  қаражаты  900,0  мың  теңгеге  ӛсіп,  сонымен  бірге  банк  алдындағы 
міндеттеме  сомасы  да  кӛбейді.  Баланстық  мәліметте  «Банктер  несиесі»  деген  бап  пайда 
болды.  «Банктер  несиесі»  «Асан  және  К»  компаниясының  балансында  ағымдағы 
міндеттемелер болып танылады. 
Енді «Асан және К» компаниясының құзырында: 950,0 мың теңге меншікті капиталға + 
900,0  мьщ  теңге  міндеттемелер  қосылып,  «Асан  және  К»  компаниясының  активті  ақша 
қаражатының  сомасы  1850,0  мың  теңгені  құрады.  Яғни  «Асан  және  К»  компаниясының 
бухгалтері  қанша  кӛлемдегі  ақшаның  қайдан  түскендігін,  (кӛздерін)  бұл  ақшаның  қандай 
жолдармен  тиімді  жұмсалатындығын  (активтерді)  білетін  болды.  Осы  мысалдардан  кӛріп 
тұрғандай,  әрбір  шаруашылық  операцияларының  маңызы  сомалары  баланстық  теңдікке 
түсіп, ұйымдар мен т.б. құрылымдардағы активтер мен бұлардың кӛздері әрқашан баланстық 

теңдікке  сай  келетіндігін  білдік.  Яғни,  Активтер  =  Меншікті  капитал  +  Міндеттемелер 
теңдеуі әрқашанда сақталуы керек. 
Нарықтық  қатынастар  ӛрісінде,  кәсіпкерлікті  іске  асыруда,  бизнестік  жүйені  тиімді 
жүргізуде, аралық экономикалық қатынастарды дұрыс бағытқа салу мен шешуде екіжаққа да 
ұтымды  жасалған  шаруашылық  операциялары  арқылы  бухгалтерлік  есеп  жүйесі 
қалыптасады. 
Кез  келген  ұйымның  қалыпты  жағдайда  ӛз  қызметін  іске  асыруы  үшін  белгілі  бір 
кӛлемде  қаражат  керек  екендігін  айттық.  Ұйымның  ӛнім  ӛндіріп,  қызмет  кӛрсетуі  үшін, 
басқаларға жұмыстар орындап беруі үшін белгілі сыртқы тұлғалардан алынған қаражаттарын 
бухгалтерлік есеп тілінде - активтер деп атадық. Егер активтердің белгілі бір бӛлігін меншік 
иесі ӛз қалтасынан, ӛзінің жинаған ақшасынан осы ұйымға (компанияға) салса, онда мұндай 
активтер кӛзін меншікті капитал деп атадық. Меншік иесі тек бір ғана тұлға болып танылып, 
ақша қаражаты, тек меншік иесінің қалтасынан ғана қалыптасқан жағдайда, мына қарапайым 
теңдеу туындайды: Активтер = Меншікті капитал. 
Егер  активтердің  белгілі  бір  бӛлігі  меншік  иесі  болып  танылмаған  (меншік  иесіне 
жатпайтын)  сыртқы  тұлғалардан  қалыптасса,  онда  мұндай  қаражат  кӛздерін  міндеттемелер 
деп  атадық.  Яғни  осы  ұйымның  басқалардан  уақытша  алған  қарызы  активтер  сомасын 
кӛбейтіп отыратындығын, мұндай қарыздар түбінде қайтарылатындығын міндеттемелер деп 
таныдық. 
Сонымен  қатар  жоғарыда  айтылған  баланстық  теңдеуден  активтер  (сол  жағы)  және 
меншікті  капитал  мен  міндеттемелер  (оң  жағы)  сомасы  бірдей  болатындығы  бухгалтерлік 
есептегі екі жақтылық принципке тән екендігін білдік. 
Яғни  активтер  ұйымның  меншігіндегі  қаражаттарды  кӛрсетсе,  капитал  және 
міндеттемелер  кімнің  қанша  кӛлемде  осы  ұйымға  салған  қаражаттарының  кӛздерін 
кӛрсетеді.  Теңдеудің  екі  жағындағы  сомалар  жинағы  бірдей  болатындығын  екіжақтылық 
принциппен тағы да дәлелдедік. 
Ұйымдар  ӛз  мақсаты  мен  қызметін  ары  қарай  жүргізу  мен  ұлғайту  үшін  кӛптеген 
әртүрлі шаруашылық операциялары мен фактілерді іске асырып, бұлардың мазмұнын есепке 
алуға  тиісті.  Яғни  күнделікті  орындалған  экономикалық  қатынастар  мен  бизнес-жоспарды, 
бәсекелестік  үрдісті  іске  асыру  тұрғысында  ұйымдардағы  активтер,  меншікті  капитал  мен 
міндеттемелер  ӛрісінде  жиі-жиі  екі  жақтылық  ӛзгерістер  болып  отырады.  Қандайда 
болмасын  ӛзгерістерге  қарамастан  әрқашан  да  активтер  сомасы  =  меншікті  капитал  + 
міндеттемелер сомасымен тепе-теңдікте болатындығын естен шығармау керек. 
Ӛз  кезегінде  активтер:  ғимараттардан,  жабдықтаушы  құралдардан,  тауарлы-
материалды құндылықтардан, тасымалдау құралдарынан, осы ұйымның басқалардан алатын 
алашақтарынан  немесе  берешек  қарыздардан,  сондай-ақ  кассадағы  және  есеп  айырысу 
шоттарындағы ақшалардан тұрады. 
Міндеттемелер:  осы  ұйымның  басқаларға  тӛлеуге  тиісті  ақшаларынан  және  қарызға 
алынған тауарлар мен  материалдар үшін тӛленетін ақшаларды қайтарып  беру сомаларынан 
тұрады. 
Ендігі  жердегі  әңгімені  осы  жоғарыда  айтылғандарды  дәлелдеп,  екі  жақтылық 
принципті оқырмандарға ары қарай түсіндіру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі баланстың 
(екі жақтылық теңдеудің) қалыптасуынан бастағанды жӛн кӛрдік. 
 
2. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
 
Бухгалтерлік  баланс  деп  -  ақшалай  ӛлшеммен  ӛлшенетін  капитал  мен  міндеттемелер 
жӛніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы 
ұйымның  қаражаттарын)  және  бұларды  қаржыландыру  кӛздерін  экоиомикалық  маңызына 
қарай  белгілі  бір  уақытта  жинақтап  отырады.  Баланс  кӛрсеткіштері  ақшалай  бағаланады, 
Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын кӛрсетеді. Активтер алынған ақшаның 
немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын кӛрсетеді. 

Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған 
ақшасынан тұрады. 
Нәтижесінде  активтердің  жалпы  сомасы  алынған  міндеттемелер  мен  меншікті 
капиталдың  жалпы  сомасымен  тепе-тең  болатындығын  тағыда  қайталаймыз.  Осындай 
сабақтастық  жолдармен  бухгалтерлік  баланс  әдісі  қалыптасып  қордаланып  отырады.  Кез 
келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа 
қорытындыланып жасалған күні жазылады. 
Баланс  деп—  ұйымдар  қызметіндегі  активтер,  меншікті  капитал  және 
міндеттемелер  ӛрісінде  болған  ӛзгеріс  кӛрсеткіштерді  экономикалық  маңызына  қарай 
белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай ӛлшеммен ӛлшеуді айтады. Бұл анықтамада  
1) баланс;  
2) үлгі;  
3) пайдаланушылардың мүддесі; 
 4) сыртқы сипаты;  
5) белгілі бір мерзім;  
6) қаржы жағдайы; 
 7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс»  - латын сӛзі. 
Бұл сӛз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.  
Үлгі  -  баланс  мәліметтерін  пайдаланушылардың  талабына  сай,  кәсіпорынның  активті 
қаражаттары  мен  меншікті  капиталының,  міндеттемелерінің  жағдайы  мен  бұлардың 
қозғалысын  жинақтап  кӛрсетуші  ресми  қағаз.  Баланстық  үлгі  қағаз  қорытынды  есеп  жасау 
қажеттігінен  туындаған.  Бұл  үлгіге  жазылған  жазулар  ұйымның  қаржылық  жағдайын 
кӛрсетеді.  Баланстық  үлгі  қағазға  (сызық  жолдарға)  жазылған  жекелеген  кӛрсеткіштер 
баланстың  белгілі  баптары  деп  аталынады.  Балансты  тек  үлгі  қағаз  ретінде  ғана  қарамай, 
мұның  ӛзі  ұйымдардың  шашыранды  шаруашылық  қызметін  жинақтап  кӛрсететін 
бухгалтерлік  есеп  объектілерінен туындайтын  жалпы  есеп  жүйесінің  маңызды  категориясы 
екендігін білген жӛн. 
Пайдаланушылардың  мүддесі.  Баланс  кӛрсеткіштеріндегі  сомаларды  оқып  отырып, 
әрбір  пайдаланушылар  ӛз  мақсатын  шешуге  ұмтылады.  Бухгалтер  баланстағы  жекелеген 
баптарға  жазылған  сомалардың  дұрыстығын  тексереді.  Бұдан  баланстың  теңдігі  -  активтер 
мен  пассивтер  сомаларының  дәлдігі  туындайды.  Несиелендірушілер  ұйымның  тӛлем 
ӛтеушілік  қабілетін  біліп  отырғысы  келеді.  Яғни  ұйымның  мүліктік  жағдайы  бухгалтерлік 
балансқа жазылуы керек. 
Сонымен  қатар,  ұйым  басшылары  мен  қожайындары  таза  пайдамен  жұмыс  істеуге 
ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал 
қозғалысы  кӛрсеткіштері  де  бухгалтерлік  баланска  жазылуы  керек.  Салық  органдары  үшін 
барлық  ұйымдар  декларация  жасап  тапсырады.  Декларация  кӛрсеткіштері  мен  баланс 
кӛрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне 
қарай  топтастырылуы  мүмкін.  Яғни  баланста  кӛрсетілген  пайда  кӛлемі  салық  салынатын 
кӛлеммен бірдей болуы міндетті. 
Сыртқы  сипаты.  Баланс  кӛрсеткіштерін  тігінен  және  кӛлденеңінен  оқып  сипаттауға 
болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы 
пассив  болып  екіге  бӛлінеді.  Сыртқы  пайдаланушылардың  мүддесін  қанағаттандыру 
мақсатымен  активтерді  қаражаттар,  ал  пассивтерді  қаражат  кӛздері  деп  те  атауға  болады. 
Сонымен  қатар  капитал  айналысына  тікелей  байланысты  қозғалыстарды  да  бухгалтерлік 
баланс арқылы талдауға болады. 
Балансқа  кӛлденең  жазылған  кӛрсеткіштер  есеп  объектілерінің  ӛзара  байланысын 
кӛрсетеді.  Қандай  жағдайда  болмасын  балансқа  кӛлденең  жазылатын  кӛрсеткіштер 
счеттардағы  қалдық  сомаларымен  бірдей  сомада  болуы  керек.  Яғни  дебеттік  қалдық 
баланстың активінде, ал  кредиттік қалдық пассивінде жазылады.  Белгілі бір мезім.  Әдетте 
бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, ұйымның қаржылық 
қызметінің жағдайын кӛрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мӛлшерімен 

сипатталады.  Сондықтан  пайда  айдың,  тоқсанның,  жылдың  біріне  ғана  жаза  салатын 
кӛрсеткіш емес, пайда ӛткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін кӛрсететін ең 
негізгі кӛрсеткіш болып табылады. 
Қаржы  жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі 
кӛздерден  қалыптасады.  Сондықтан  баланстың  әрбір  баптары  арқылы  ұйымдардың  қаржы-
шаруашылық  қызметін  бағалап,  талдау  әдістерін  қолдану  мүмкіндігі  қарастырылған. 
Ұйымның 
меншікті 
активтері 
әр 
түрлі 
ресурстар 
мен 
қаражат 
кӛздерінен 
қалыптасатындықтан  ұйымдардың  ресурстары  шын  мәнінде  кӛбейіп  отыратын  болса,  онда 
бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін кӛрсетеді. 
Құнсыздануға  (инфляцияға)  байланысты  ұйымның  активтері  кӛбейіп  кеткен  жағдайда 
түскен  пайда  -  таза  пайдаға  жатқызылмайды.  Мұны  шындыққа  жанаспайтын  пайда  деп 
таныған  жӛн.  Егер  ұйым  ақысыз  (құнын  тӛлемей)  түбінде  қайтарылмайтын  активтерді 
басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана 
баланстың кӛбеюуін білдіреді. 
Кәсіпорындар  (ұйымдар).  Ұйымдар  деп  -  кез  келген  шаруашылық  қызмет  атқарушы 
құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып 
табылады. 
Бухгалтерлік  баланс  түрлері.  Ұйымның  құрылуын,  қаржылық  жағдайын,  үздіксіз 
қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын 
ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бӛлінеді:  
1) кіріспе баланс;  
2) аралық баланс; 
3) жойылуға байланысты баланс. 
Баланс жүргізу қажеттілігінің кейбір теориялық мәселелері 
Баланс  жүргізу  жалпы  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  териялық  негізін  қалайтын 
әдіснамалардан  тұрады.  Баланс  жүргізу  теориясы  балансқа  тән  принциптерді,  баланстың 
экономикалық  күрылымын,  баланстағы  тараулар  мен  баптардың  экономикалық  мәнін 
бағалау,  осылардың  негізінде  экономикалық  жағынан  тиімді  шешімдер  қабылдау  болып 
табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізу бағытында 
капитал  қалыптастыру,  мүның  функционалды  аспектілерін  зерттеу  үрдісіндегі  маңызы  ӛте 
зор.  Екі  жақтылық  теория  бухгалтерлік  баланспен  тікелей  байланыста  болады.  Баланс 
жүргізу  теориясының  негізінде  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  әдіснамалық  ережелері 
қалыптасады.  Бухгалтерлік  есеп  счеттарын  жүргізу  арқылы  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің 
техникалық жақтары іске асырылады. 
Бухгалтерлік  есепті  арнайы  жүйеге  келтіру  үш  аспектіден  және  күрамдас 
сабақтастықтан тұрады: 
Екі  жақтылық  ---------Бухгалтерлік   есеп   счеттары  --------  
Бухгалтерлік баланс 
Баланс  жүргізу  теориясы  екі  жақтылық  принциптен  (тұрақты  түрде  екі  жақтылықтың 
сақталуынан), сондай-ақ шаруашылық операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп 
объектілері  деп  -  әрбір  ұйымдардағы  орын  алған  фактілер  мен  операцияларды  және 
атқарылған қызметтерді айтуға болады. 
Он  тоғызыншы  ғасырдың  басында  Италияның  ғалымы  Эмануэл  Пизани  баланстық 
теорияның  негізін  салды.  Ол  «статмография»  ұғымын  енгізген.  Грек  тілінде  «статмо»  - 
баланс, «графия» - жазып талдау деген ұғым береді. 
Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа 
бӛлінген. Мүмкін осылайша бӛлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған 
болар. 
Бухгалтерлік  баланс  -  ұйымдардың  экономикалық  ӛміріндегі  капиталдың  шеңберлі 
айналысы  процесін  зерттеуші  әдіс.  Ӛзінің  пәндік  қасиеті  тұрғысынан  капитал  әрқашан  да 
нақтылық  мақсатта,  құндық  маңызда  болады.  Капталдың  негізгі  орындаушылық  қасиеті 
бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады. Баланстың 

пассивіндегі  кӛздер  міндеттемелер  түрінде  мақсаттық  сипатта  болып,  құқықтық 
қатынастарды  құрайды.  Пассивтік  кӛздер  құқықтық  қатынастардың  пайда  болуы  мен 
себебтерін, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) мүддесін қорғайды. 
Несиелендірушілер, акционерлер, қаржы салымшы инвесторлар мақсаты осы ұйымның 
мүліктерін  таратып  алу  емес,  ақшаны  ақшаға  айналдырып  табыс  алу  болып  табылады. 
Мұндай  мақсаттар  мен  себептер  негізінде  ұйымдар  мүмкіндігін  (активтерін)  екі  түрге: 
құқықтық  мүліктерге  (таза  активтер)  және  мүліктік  міндеттемелерге  бӛліп  қараған  жӛн. 
Бұдан таза активтер және шартты активтер ұғымы туындайды. 
Ұйымдарды  ең  әуелгі  бастапқы  кезеңде  ұйымдастыру  үшін  активті  қаражаттар 
қалыптастырудың  кӛздері  қарастырылады.  Белгілі  кӛлемде  қаржы  кӛздері  табылмаған 
жағдайда,  ұйымдардағы  бухгалтерлік  баланс  инвестицияланған  капиталдың  шеңберлі 
айналысын әрбір экономикалық фазаларға қарай багалап отыруды мақсат тұтады. 
Инвестицияланған  капитал  кәсіпкерлік  әрекеттің  негізін  құрап,  осы  кәсіпкерліктің 
(ұйымның) құрылу себептерін және капитал айналысының базисін қалыптастырады. 
Егер,  біздер  екі  жақтылық  дүниені  пәлсафалық  категория  түрінде  қарайтын  болсақ, 
онда бухгалтерлік есепке тән қор кӛздерін - «базис», ал активті қаражаттарды - «қондырма» 
деп сипаттауға да болады. Яғни «статмо» үғымын базистік түрақтылық, ал «графия» ұғымын 
қозғалыстағы  қондырма  деп  қарайтын  болсақ,  онда  бухгалтерлік  есеп  дүниесіндегі  екі 
жақтылық принципті пәлсафалық жағынан ары қарай зерттеу мүмкіндігі зор болар ма еді. 
Активтерді  қозғалыстағы  қондырма  категориясына  тән  деп  қараған  жағдайда  капитал 
айналысының  мақсаты  есепті  жылы  алынған  қаржылық  қорытындының  ӛсу  қарқынымен 
ӛлшенеді.  Қаржылық  қорытындының  ӛсу  қарқыны  жылдан-жылға  кӛбейген  жағдайда 
капиталды  қайта  инвестициялау,  мұның  кӛлемін  арттырып  отыру  мүмкіндігі  туындайды. 
Осы  айтылғандарға  байланысты  капиталдың  шеңберлі  айналысы  есебін  жүргізіп, 
жинақтауға, талдауға арналған бухгалтерлік баланстың әдіснамалық  функциялары (қасиеті) 
ӛте зор. Сонымен қатар бухгалтерлік баланстағы жинақталған кӛрсеткіштер мен ақпараттар 
негізінде  қаржылық  қорытынды  есеп  жасап,  капитал  қозғалысын  бағалау  мен  талдауға 
болады. 
Бухгалтерлік  балансты  экономикалық,  қаржылық,  құқықтық  заңдылығын  және 
капиталдың  пайда  болуы  мен  қозғалысын,  мұның  бір  түрден  екінші  түрге  ауысуын, 
капиталдың  ӛсу  қарқынын,  капиталдың  сандық  мағанасының  сапалық  және  қаржылық 
мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. 
Сондықтан  қандай  да  болмасын  ұйымдарда  жасалатын  балансты  капитал  рыногын,  мұның 
айналымы  мен  шеңберлі  айналысын,  таза  пайданың  ӛсу  қарқынын,  инвестицияның 
тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жұмыстарының әдіснамасы деп караған да жӛн. 
 
 3. Баланс кӛрсеткіштерінің типтік ӛзгеріске түсуі
 
Ұйымдардың  шаруашылык  қызметі  ӛрісінде  кӛптеген  операциялар  (фактілер) 
орындалып,  әрбір  операциялар  мазмұны  тиісті  счеттарға  жазылатындығын  білдік.  Әрбір 
шаруашылық операцияларының мазмұнын счеттарға жазу кезінде екі жақтылық принципке 
сай  бухгалтерлік  баланстың  активі  мен  пассивіндегі  сомалар  жинағы  бірдей  болып,  тепе-
теңдікте болуы шарт. 
Шаруашылық  операцияларының  мазмұны  мен  сомасы  ұйымдардың  активті 
қаражаттары, меншікті капитал және міндеттемелердің қалыптасуы мен қозғалыста болуына 
тікелей әсер етеді. Яғни баланстың активі мен пассивіне жазылған сомалар баланстың тиісті 
жекелеген  баптарының  сомасын  ӛзгертіп  отырады.  Бір  операция  баланстың  екі  бабын 
ӛзгертеді. Баланс баптарының ӛзгеруі активтер мен пассивтер ӛрісінде ғана болады. 
Баланс  баптарының  ӛзгеру  сипатына  карай  нақтылы  орын  алған  шаруашылық 
операциялары мазмүнын тӛрт типке бӛліп қарау керек. 
Бірінші тип - шаруашылык операцияларының мазмұны мен сомасы тек қана баланстың 
активтеріндегі  баптарды  ӛзгертеді.  Бірдей  сома  баланстың  актив  жағындағы  бір  бапты 
кӛбейтіп,  бір  бапты  азайтады.  Баланстық  жинак  ӛзгермейді.  Мысал:  Осы  ұйымның 

жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбек ақы тӛлеу үшін банктегі ақшадан 400 000 теңге 
ұйым  кассасына  алынады.  Бұл  операцияның  мазмұны  мен  сомасы  баланстың  актив 
жағындағы  екі  бапты  ӛзгертті.  Яғни  банкте  сақтауда  тұрған  ақша  азайып,  бұл  сома  ұйым 
кассасындағы ақша кӛлемін кӛбейтті. Баланстың активтік жинағы ӛзгеріссіз қалды. 
Екінші тип - шаруашылық операцияларының мазмұны мен сомасы тек қана баланстың 
пассив жағындағы баптарды ӛзгертеді. Бірдей сома баланстың пассив жағындағы бір бапты 
кӛбейтіп, бір бапты азайтады. Баланстық жинақ ӛзгермейді. Мысал: Акционерлер шығарған 
қаттамаға сай осы ұйым құзырына қалдырылған бӛлінбеген пайданың бір бӛлігі 200000 теңге 
резервтік  капиталды  кӛбейтуге  бағытталды.  Бұл  операцияның  мазмұны  мен  сомасы 
баланстың пассив жағындағы екі бапты ӛзгеріске түсірді. Яғни бӛлінбеген таза пайда азайып, 
бұл сома резервтік капитал кӛлемін кӛбейтті. Баланстың пассивтік жинағы ӛзгеріссіз қалды. 
Үшінші  тип  -  шаруашылық  операцияларының  мазмұны  мен  сомасы  баланстың  әрі 
активтік, әрі пассивтік жақтарындағы баптарды кӛбейту жағына қарай ӛзгертеді. Яғни бірдей 
сомаға баланстың активі мен пассивінің жинағы кӛбейеді. Мысал: Тауар қоюшылардан келіп 
түскен  100000  теңгенің  материалдары  қоймаға  кіріске  алынды.  Осы  операцияның  мазмұны 
мен  сомасы  қоймадағы  материалдар  құнын  100000  теңгеге  кӛбейтті.  Бұл  материалдардың 
құны  есеп  айырысу  шотынан  тӛленбей  тұрғандықтан,  осы  ұйымның  тауар  қоюшы  тұлғаға 
қарыз екендігі «Қоюшылармен есеп айырысу» счетының кредитінде кӛрсетіледі. Баланстың 
екі жағы да 100000 теңгеге артқандығын кӛруге болады. 
Тӛртінші  тип  -  шаруашылық  операцияларының  мазмұны  мен  сомасы  баланстың  әрі 
активтік, әрі пассивтік жақтарындағы баптарды азайту жағына қарай ӛзгертеді. Яғни бірдей 
сомаға  баланстың  активі  мен  пассивінің  жинағын  азайтады.  Мысал:  Осы  ұйымның 
жұмысшылары мен қызметкерлеріне 400000 теңгенің еңбек ақысы тӛленді. Бұл операцияның 
мазмұны мен сомасы кассадағы ақша счеты мен  «Еңбек ақымен есеп айырысу» счетындағы 
алашақтар  қарызын  азайтты.  Баланстың  екі  жағы  да  400000  теңгеге  азайғандығын  кӛруге 
болады. 
Баланс  баптарының  ӛзгерісі  кез-келген  шаруашылық операцияларының сомаларына 
қарай  туындап  отырады.  Баланс  баптарында  болатын  ӛзгерістердің  барлығының  сомалары 
актвитік  және  пассивтік  жинактықтың  бірдей  сомада  болуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Тепе-
теңдіктің  бұзылуы  есеп  жүргізудеп  жіберілген  қатені  кӛрсетеді.  Баланс  сомасының  тепе-
теңдігі  нәтижесіне  қарай  ұйымның  қаржы  жағдайын  бақылау  мен  тексеру  жұмыстарын 
жүйелі жүргізуге мүмкіндік туады. 
Сонымен, қандайда болмасын шаруашылық операциялары жоғарыда айтылған 4 типтік 
ӛзгеріске түсіп, баланстағы сомаларға әсер ететіндігін білдік, 
1)
 
Баланстың  актив  жағындағы  баптардың  бірі  кӛбейіп  (+),  бірі  азаяды  (-).  Жинақ 
ӛзгермейді; 
2)
 
Баланстың  пассив  жағындағы  баптардың  бірі  кӛбейіп  (+),  бірі  азаяды  (-).  Жинақ 
ӛзгермейді; 
3)
 
Баланстың активі мен пассиві де (+) кӛбейеді. Жалпы жинақ сомасы да кӛбейеді. 
4)
 
Баланстың активі де, пассиві де (-) азаяды. Жалпы жинақ сомасы да азаяды. 
Қорытынды: 
а)  Әрбір  шаруашылық  операцияларының  негізінде  бірдей  сома  екі  жақты  ӛзгеріске 
түседі. 
Екі  жақты  ӛзгеріс  баланстағы  активті  қаражаттар  мен  меншікті  капитал  және 
міндеттемелердің  қалыптасуы  мен  бұлардың  ағымдағы  қозғалысын  кӛрсетеді.  Мұндай 
ӛзгеріс не активті қаражатар, не меншікті капитал мен міндеттемелер ӛрісінде (не активінде, 
не пассивінде) туындайды
б)  Әрбір шаруашылық операциялары бірдей уақытта активті қаражаттар мен меншікті 
капитал және мшдеттемелер сомасын ӛзгерте отырып, баланс жинағының не кӛбейгендігін, 
не азайғандығын кӛрсетеді; 
в)  Баланстың актив жағы мен пассив жағындағы екі  жақты жинақ теңдігі кез-келген 
шаруашылық операцияларынан кейін міндетті түрде сақталуы керек. 

Аталмыш қорытындының түпкі мақсаты - шаруашылық операцияларын тудыратын екі 
жақтылық  принципті  дәлелдеу  және  баланстық  тепе-теңдікті  үнемі  сақтап  отыру  болып 
табылады. 
Ӛзін-ӛзі бақылау сұрақтары: 
1. Екі жақты жазу құрылымы.  
2. Бухгалтерлік баланс құру негіздері.  
3. Ұйымның бухгалтерлік балансына ӛзгерістердің әсер етуі.  
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. 
Алматы  2005.  
2.
 
Палий В.Ф., Соколов Я.В., ―Бухгалтерлік есеп теориясы‖, М Финансы и статистика 
1998ж. 
         3.  Бетге Й. Балансоведение. - М., 2000. 
         4.  Бернстайн Л. А. Анализ финансовой отчетности. - М., 1996. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет