10 – дәріс. Программалау тілдері.
Компьютердегі информация екі үлкен топтан тұрады:
Программалар– әр түрлі оперцияларды орындауға арналған командалар тізбегі. Олар –
алгоритмдердің компьютерге түснікті түрде жазылған нұсқасы.
Мәліметтер – программалар ӛңдейтін немесе солардың жұмысы нәтижесінде пайда
болатын информациялар жиыны, құжаттар.
Программа жасауға қатысатындар: Тұтынушы, пайдаланушы есепті, мәселені
қоюшы. Ол программа жазбайды, бірақ қай есепті шығарып, қандай нәтиже алу керектігін
біледі. Программалаушы – программа жасаушы, яғни оны жазатын адам. Ол
тұтынушының талабына сәйкес компьютерге нұсқаулар дайындап, соларды машина
командалары ретінде жазып шығады.
Компьютер - командаларды атқарушы, орындаушы құрал. Ол командаларға сәйкес
тұтынушы мәліметтерін жылдам ӛңдейді. Мәліметтер мен программаларды ӛзіне түсінікті
екілік (он алтылық) жүйеге алмастырып, программаны орындап, нәтижесін алып, оны да
59
екілік жүйеден тұтынушыға түсінікті тілге түрлендіріп береді.Программалау тілдерін
шартты түрде келесі кластарға бӛлуге болады:
1.Машиналық кодтар тілі – компьютерге түсінікті тіл (екілік және 16-лық кодтар
түрінде жазылады).
2.Машиналы бағдарланған тілдер Ассемблер тілі осыған жақын.
3.Алгоритмдік тілдер – программалаушыға түсінікті тіл (мәтін, сӛз, команда түрінде
жазылады). Бейсик, Паскаль, Си тілдері.
3. Процедуралы-бағытталған- бұл алгоритмдік тілдердің түр і
4. Мәселелі – бағытталған (Лисп, РПГ, Симула тілдері және т.б. )
5. Программалаудың жинақталған жүйесі
6.Бейнелер (образдар) тілі – тұтынушыға түсінікті тіл (мәтін және графика). Кітап
тілі.
Программалық
жабдықтамалар–компьютерде
пайдаланылатын
программалар
жиыны.Атқаратын қызметіне қарай программалық жабдықтамалар бірнеше топтарға
бӛлінеді, олар: жүйелiк программалық жабдықтамалар, программалау жүйелері, қолданбалы
программалық жабдықтамалар
Программалық жабдықтамалар жіктелуі
Жүйелiк программалар ЭЕМ-нiң жұмыс істеуі үшін керек. Олар операциялық
жүйелерге, драйверлер мен утилиттерге, тесттерге бӛлінеді.
Операциялық жүйелернемесе системалар – компьютердi басқаратын және
құрылғыларды қолданбалы программалармен байланыстыратын программалар. Дербес
компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95/98,
WINDOWS 2000/ХР, OS/2, UNIX, т.б. жатады. WINDOWS 98/МЕ қазіргі Microsoft
корпорациясының стандарты.
Программалық қоршаулар – ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасындағы іс-әрекеттерді
жеңілдететін программалар. MS DOS үшін әдетте Norton Commander қоршауы, ал Windows
3.1 үшін – Norton Desktop, Windows 95/98 үшін – Norton Navigator, FAR пайдаланылады.
Драйверлер – ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтерлермен, дискілермен,
пернетақтамен, байланыстыратын программалар тобы.
Утилиттер– ОС-ны кеңейтіп, қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы.
Оларға орыс-қазақ әріптерін енгізуді, антивирустiк (вирустерге қарсы) программаларды,
мәлiметтердi архивтеу (қысу) программаларын келтiруге болады.
Тест программаларыкомпьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн
программалар, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, экранға мәліметтер шығарады.
Программалау жүйелері – программалау тілдері мен трансляторлардан (түрлендіргіш
программалар) тұрады, олар арқылы жүйелік және қолданбалы программалық
жабдықтамалар жасалады. Программалау тілдері – ФОРТРАН, ПАСКАЛЬ, БЕЙСИК,
ЛИСП, СИ, СИ++, ТУРБО-ПАСКАЛЬ, ТУРБО-СИ, АДА, ПРОЛОГ, ЯВА, т.б. Олар
60
ағылшын тіліне жақын жасанды тілде жазылады да, кейіннен трансляторлар кӛмегімен
машиналық кодтарға түрлендіріледі. Трансляторлар интерпретаторларға және
компиляторларға бӛлінеді.
Интерпретаторлар әрбір команданы машина тліне аудара салып, бірден орындайтын
трансляторлар тобы, олардың артықшылығы – тұтынушымен диалог режимінде жұмыс
атқарады, кемшілігі – жұмыс ӛнімділігі тӛмен болады.
Компилятор – командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын
программа. Осының нәтиже-сінде объектілік модуль деп аталатын программа жасалады,
олардың бірнешеуін біріктіру арқылы жүктеу модулі жаса-лып барып, осы модульді
орындау арқылы мәселе (есеп) шешіледі. Программалық жүйелер жасайтын мықты
фирмаларға Microsoft Corporation және Borland International жатады. Microsoft фирмасы:
Quick Basic, Visual Basic, Micro-soft С+... Borland фирмасы – Turbo Basic, Borland C, Turbo
Pascal программалық тiлдерiн жасап таратуда.
Қолданбалы программалық жабдықтамалар – белгiлi бiр мамандық саласында нақты
есептер шығара алатын программалар жиыны. Оларға қарапайым программадан бастап
күрделi есептердi шығара алатын қуатты маманданды-рылған жүйелердi (мәтіндік
процесссор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), экономикалық, ғылыми
мәселе-лерге арналған және жалпы кӛпшiлiкке қызмет ету кешендерiн де жатқызуға болады.
Дербес компьютерлердiң кең тарауына басты себеп болған қолданбалы программалардың
кең таралуы едi, бұл программалар тек бiр есептi шығарып қана қоймай, белгiлi бiр
мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтан-дыруды немесе информацияның
белгiлi бiр түрлерiн ӛңдеудi түгел қамти алатын болды.Офистік программалар осы
қолданбалы программаларға жатады. Олар мынадай түрлерге жiктеледi:мәтін редакторлары
(мәтіндік процессорлар – Блокнот, WordPad, Word, PageMaker …);графикалық редакторлар
(Paint,Fotoshop, CorelDraw …);электрондық кестелер (кестелік процессорлар–Excel, Lotus,
Works..);мәліметтер базасы (Access, Dbase, FoxPro… ); Интернетпен жұмыс істейтін
программалар тобы (Net-scape Navigator, Internet Explorer …); автоматтық жобалау
программалары (AutoCad);оқыту және ойнау программалары, т.б
Программаларды коммерциялық түрде тарату.Программаларды қызметтеріне қарай
жіктеуден басқа оларды тарату, сату істеріне қарай да жіктеуге болады. Тегін таратылатын
программалар (freeware) – кӛптеген программалаушылар жасайтын шағын утилит-
программалар және басқа сатылатын программаларға тегін қосымша толықтырмалар. Бұлар
Интернеттен кӛшіріп алынады. Коммерциялық программалар (commercialware) – сатылатын
программалар, бұларға барлық ірі-ірі программалық дестелер кіреді. Интернет-
магазиндерде, сайттарда несиелік карточкалар арқылы және қолма-қол ақшаға сатылады.
Шартты түрде тегін программалар(shareware) – кӛп тараған программалар тобы,
утилиттер, кейде керекті кӛлемді программалар да осыған кіреді. Бұларды шамалы мерзім
ішінде тегін қолданып, сонан кейін аздап ақша тӛлеу керек.Егер сол мерзімде ақша
тӛленбесе, олар мүмкіндіктерінің біразын орындамай қояды немесе жиі-жиі ақша сұрап
мазаны алады.
Тәжірибелік (пробные) нұсқалар – дұрыс жұмыс атқаратын, сатылатын
программалар. Біраз уақыт ӛткен соң, жұмыс істемей, ақша сұрайды. Кейбір мамандар
оны бұзып, ішіне кіріп уақытын ұзартып алады немесе сағаты мен датасын кейінге
ауыстырып қойып пайдаланады. Ал кейбірі бұрынғысын деинсталлятормен ӛшіріп, қайтадан
жазып алады.
Демоверсиялар (demoware) – жарнамалық нұсқалар, жұмыс істегенмен, нәтижесін
дискіде сақтамайды немесе қолдану мерзімі аз ғана уақытқа жасалады.
Әр түрлі құрылғылар мен блоктарды үйлестіру ісін атқаратын ӛтпелі аппараттық-
логикалық құрылғылар аппараттықинтерфейс деп аталады. Есептеу техникасында
аппараттық интерфейске арналған стандарттарды хаттама немесе протокол деп атайды..
61
Протокол — бір құрылғыны екінші бір құрылғымен үйлестіру үшін қамтамасыз етілуге тиіс
техникалық шарттар жиыны. Саналуан интерфейстер түрлерін шартты түрде тізбекті және
параллель деп екі үлкен топқа бӛлуге болады.
Параллель интерфейстер тізбектілерге қарағанда күрделірек құрылғыдан тұрады, бірақ
олар жоғары жұмыс ӛнімділігін қамтамасыз ете алады. Параллель интерфейстердің мәлімет
алмасу жылдамдығын бір секундтағы байттар санымен беру қалыптасқан (байт/с;
Кбайт/с; Мбайт/с)
Тізбекті интерфейстер «баяу» істейтін құрылғыларды (қарапайым баспа
құрылғыларын, таңбалық мәліметтерді енгізу-шығару құрылғыларын, жай істейтін
байланысу құрылғыларын, т.б.) бір-бірімен қосу үшін және мәлімет алмасу мерзіміне шек
қойылмайтын кездерде (цифрлық фотокамералардың кӛпшілігі) пайдаланылады.
Нег. әдеб.: 7, [209-255].
Қос. әдеб.: 18, [168-206].
Бақылау сұрақтары:
1. Программалау тілдерінің класстары
2. Программалық жабдықтамалар
3. Интерпретаторлар анықтамасы
4.Компилятордың анықтамасын бер.
11 – Дәріс.Қолданбалы программалық қамтамасыз ету, ақпаратты ӛңдеу.
Мәліметтердің негізгі құрылымдары.
Негізгі ұғымдар.Деректер қоры дегеніміз – нақты дүниедегі белгілі бір сала бойынша
бар обьектілер бойынша мағұлыматтар жиынтығы. Деректер қорын құрғанда пайдаланушы
әртүрлі белгілері бойынша реттеп, одан кӛптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша
тез таңдау жүргізе алады. Бұндай жұмысты, егер деректер құрылымы тәртіптелген болса
ғана жүргізуге болады. Құрылымдық түр жасау – ол деректерді кӛсету тәсілдері жӛнінен
келісім жасау деген сӛз. Құрылымдық түрі жоқ деректердің мысалы ретінде мәтіндік
файлды келтіруге болады.Деректер қорының пайдаланушысы ретінде әртүрлі қолданбалы
программалар, программалық кешендер жүре алады. Соңғы пайдаланушы деген атқа ие
ретінде әр сала мамандары болады. Қәзіргі кездегі деректер қоры технологияларында, ДҚ
құру, оны жұмыс қалпында ұстау пайдаланушылардың ДҚ қатынап отыруын қамтамасыз
етіп отыру деген сияқты кӛптеген қызметтерді арнайы программалық құрал – деректер
жүйесін басқару жүйесі басқарады.
Деректер қоры (ДҚ) – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар
деректердің атауы бар жинағы.ДҚ құруға, оны актуалды күйде ұстауға ондағы керек
ақпаратты іздеуді ұйымдастыруға қажет программалық және тілдік құралдар кешені.ДҚ –
дағы деректерді басқарудың орталықтандырылған сипаты, қордағы сақталатын ақпаратқа
әкімшілік қызметін жүктейтін адамның (не адамдар тобының) болуын қажет етеді.
Деректерді ӛңдеу технологиясы бойынша ДҚ орталықтандырылған және үйрестірілген деп
бӛлінеді. Орталықтандырылған ДҚ- да бір ғана есептеу жүйесінің жадында сақталады. Егер
бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компонентасы болса, онда бұндай қорғау үйлестірілген
қатынау болады. ДҚ пайдаланудың мұндай тәсілі әдетте дербес компьютерлердің (ДК)
жергілікті желілерінде қолданылады. Үйлестірілген ДҚ есептеу жүйесінің әртүрлі ЭЕМ
сақталатын, Ӛзара қиылысатын немесе бірін бірі қайталайтын бӛліктерден тұрады. Мұндай
қормен жұмыс істеу үлестірілген деректер қорын басқару жүйесі (ҮДҚБЖ) кӛмегімен іске
асады. Деректерге қатынау тәсілдері бойынша ДҚ жергілікті қатынау ДҚ және қашықтағы
немесе желілі қатынау ДҚ деп бӛлінеді. Желілік қатынау тәсіліндегі деректер қорының
орталықтандырылған жүйелерінде әртүрлі архитектура болады:∙ файл-сервер; клиент-
сервер.
62
Файл-сервер. Желілі қатынау ДҚ жүйелерінің архитектурасы бойынша желідегі бір
машина
негізгі
болып
бӛлінеді.
Бұл
машинада
басқалары
пайдаланатын
орталықтандырылған ДҚ сақталады. Желідегі басқа машиналар, пайдланушы жүйелерінің
орталықтандырылған ДҚ қатынауын қамтамасыз ететін жұмыс станцияларының қызметін
атқарады. Пайдаланушы сұратуларына сәйкес дерктер қоры файлдары жұмыс
станцияларына жіберіп, сонда ӛңделеді. Бір түрлі деректер бірнеше сұратулардың жиі түсуі
ақпараттық жүйенің жұмыс жылдамдығын азайтады. Пайдаланушылар жұмыс
станцияларында жергілікті ДҚ құрып, оны ӛздері жеке пайдалана алады.
Клиент-сервер. Бұл концепция бойынша орталық машина (ДҚ сервері)
орталықтандырылған ДҚ сақтаумен бірге деректерді ӛңдеудің негізгі қызметін ӛзі
қамтамасыз етуі керек. Клиент сұрату жасаған деректерді серверден іздеп оны табу қажеттігі
болады. Табылған деректер желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент –
сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – сұрату тілін пайдалану болып табылады.
Деректер қорының құрылымдық элементтері.Деректер қоры ұғымдары мынадай
құрылымдық элементтер ұғымдарымен: ӛріс, жазба, файл тығыз байланысты. Ӛріс-
ақпараттың бӛлінбейтін бірлігі – реквезитке сәйкес келетін деректерді логикалық
ұйымдастырудың қарапайым бірлігі. Жазба – логикалық байланыстағы ӛрістер жиынтығы.
Жазба данасы – оның ӛрістерінің нақты мәні бар жазбаның жеке іске асқан түрі. Файл
(кесте) – бір құрылымның жазба даналарының жиынтығы. Файл жазбаларының логикалық
құрылым сипаты суретте кӛрсетілгендей, ӛрістер мен олардың жазбалар тізбегінен тұрады.
Файл аты
Ӛрісі
Кілт белгісі
Ӛріс форматы
Аты (белгіленуі)
Толық атауы
Типі Ұзындығ
ы
Дәлдігі (сандар
үшін)
1 аты
N аты
Сурет- Файл жазбаларының логикалық құрылымы
Файл жазбасының құрылымында мәндері кілт болатын ӛрістер кӛрсетіледі: жазба
данасын білдіретін бірінші кілт (БК) іздеу және топтау белгілері қызметін атқаратын екінші
кілт (ЕК).
Деректер үлгілерінің түрлері.Кез – келген ДҚ ядросы ретінде деректер үлгісі бола
алады. Деректер үлгісі дегеніміз деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер
бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау.Деректер үлгісі– деректер
құрылымы жиынтығы мен оларды ӛңдеу операциялары. ДҚБЖ иерархиялық, желілік немесе
реляциялық үлгілеуге немесе осы үлгілердің белгілібір жиынындағы комбинациясына
негізделген. Деректер үлгісінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік,
реляциялық.
Иерархиялық деректерді үлгілеу.Иерархиялық құрылым бір – бірімен белгілі бір
ережелер бойынша байланысқан элементтер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы
обьектілербағытталған граф (тӛңкерілген ағаш) құрады. Иерархиялық құрылымның негізгі
ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір
бьектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиынтығы. Схемада иерархиялық ағаштың
түйіндері граф тӛбелері ретінде бейнеленген. Тӛменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары
деңгейдегі бір түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай тӛбеге
бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар (ағаш түбірі). Тәуелді
63
(бағыныңқы) түйіндер екінші, үшінші т.б. деңгейлерде орналасады. ДҚ – дағы ағаштар саны
түбір жазбалары санымен анықталады. ДҚ әрбір жазбаға түбір жазбадан тек бір жолболады
(иерархиялық).
Желілік деректерді үлгілеу. Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі ұғымдардағы
(деңгей, түйін, байланыс) әр элемент кез – келген басқа элементтен байланыста бола алады.
Реляциялық деректерді үлгілеу.Реляциялық деген ұғым (ағыл. relatіon - қатынас) ДҚ
жүйелерінің маманы белгілі американдық Е. Кодданың есімімен байланысты.Бұл үлгілер
деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы кесте түрінде
сипаттайды және бұл үлгіде қатынастардың және деректерді ӛңдеуде реляциялық
есептеулердің формалды алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар.Реляциялық
деректерді екі ӛлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға бағытталған. Әр реляциялық кесте екі
ӛлшемді массив түрінде беріледі де, мына қасиеттерге ие болады: кестенің әр элементі –
деректердің бір элементі;кестедегі бағандардың бәрі біркелкі, яғни бағандаға барлық
элементтер бір типте (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы бірдей;әр бағанның
ӛзіне ғана тән аты бар;кестеде бірдей жолдар жоқ;кестеде жолдар мен бағандардың орналасу
тәртібі әркелкі.
Қатынастар кестетүрінде беріледі. Кестедегі жолдар кортеж немесе жазба деп, ал
бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, ӛрістер деп аталады. Бір мәні жазбаны
анықтайтын ӛрісті – қарапайым кілт деп (кілтік ӛріс) атайды. Егер жазбалар бірнеше
ӛрістермен анықталса, онда мұндай кестенің құрамды кілтібар деп есептеледі. Екі
реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кетенің кілтін екінші кестенің кілтінің
құрамына енгізу керек (кілттер бір – бірін қайталауы мүмкін).Басқа жағдайда бірінші
кестенің құрылымына сыртқы кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті болады.
Инфологиялық үлгі құрудағы реляциялық жол. Ақпараттық обьект – бұл дүниенің ,
заттың логикалық байланыстағы реквизиттер түріндегі жиынтығының сипаты. Белгілі бір
реквизиттік құрамдағы және құрылымдағы ақпараттық обьект класс құрайды. Оған ӛзіне
ғана тән ат беріледі мысалы: студент, сессия, стипендия. Ақпараттық обьектінің іске асыру
– даналар жиынтығы кӛп. Олардың әрбіреуі реквизиттердің нақты мәндері мен кілт
мәндерімен анықталады Ақпараттық обьектінің басқа реквизиттер тек сипатталады.
Сонымен бірге бір реквизиттер бір ақпараттық обьектілер үшін кілттік болса, басқа
ақпараттықобьектілер үшін сипатталатын болуы мүмкін.Деректер кестелерге әртүрлі
тәсілдермен топталуы мүмкін, яғни бір – бірімен байланысқан ақпаратық обьектілердің
ұйымдасқан әр түрлі жиынтықтары болуы мүмкін. Бұлқатынастардағы атрибуттар топталуы
рационалды болуы керек, Яғни бір – бірін қайталайтын деректерді азайтуға, және оларды
ӛңдеп, жаңалап тұратын процедураларды оңайлатуға мүмкіндік болуы керек.Деректерді
енгізгенде, ӛзгерткенде, жойғанда белгілібір қатынастар жиынтығы қатынастар
қалыптылығы деп аталатын талапты қанағаттандырса онда оның басқаларға қарағанда
жақсы қасиеттерге ие болуға мүмкіндігі бар.
Қатынастар қалыптылығы– деректер қорындағы қайталауды болдырмайтын, онда
сақталатын деректердің ӛзара қарама қайшылығын болдырмайтын, ДҚ жүргізуге кететін
еңбекті азайтатын қатынастарды қалыптастыруға керек шектеулердің формальды аппараты.
В.Коддол қатынастардың үш түрлі қалыпты формасын анықтады және ол кез – келген
қатынасты үшінші (ең жетістікті) қалыпты формаға түрлендіретін механизмді ойлап тапты.
64
Бірінші қалыпты форма. Егер қатынастар атрибуттары қарапайым болса , онда қатынас,
қалыпты немесе бірінші қалыпты түрге келтірілген деп аталады. Қатынастарды бірінші
қалыпты формаға түрлендіру реквизиттер санының ӛсуіне және кілттің ӛзгеруіне әкеліп
соғады.
Екінші қалыпты форма.Қатынастарды екінші қалыпты формаға келтіру үшін ең
алдымен функциональдық тәуелділік және толық ұғымдарын түсіндіре кетейік. Ақпараттар
обьектісінің сипатталған реквизиттері олардың барлығына ортақ кілтпен логикалық
байланыста. Бұл байланыс реквизиттердің функциональдық тәуелділігі деп аталады.
Реквизиттердің функциональды тәуелділіктері – ол ақпараттар обьектісінің бір
данасындағы кілттік реквизиттің бір мәніне сипатталатын реквизиттің тек бір мәні сәйекес
келетін тәуелділік. Функциональдық тәуелділіктің мұндай анықтамасы пәндік аумақтың
реквизиттерінің барлық байланыстарын талдағанда ӛзіндік ақпараттық обьектіге бӛліп
қарауға мүмкіндік береді.
Толық функциональды тәуелділік – ол кілттік емес атрибуттар тәуелділігі. Бұл жағдайда
әр кілттік емес атрибут кілттен функционалбды түрде тәуелді болады, бірақ құрамды кілттің
ешқандай бӛлігінен функционалбды түрде тәуелді емес. Қатынас екінші қалыпты формада
мына жағдайда болады: егер ол бірінші қалыпты формада болса және әрбір кілттік емес
атрибут құрамы кілттен функциональды тәуелді түрдеболса.
Үшінші қалыпты форма.Үшінші қалыпты форма ұғымы транзитивті емес тәуелділік
ұғымына негізделеді. Транзитивті тәуелділік мына жағдайларда байқалады: егер
сипатталатын реквизиттің екеуінің бірі кілттен тәуелді болса, ал екіншісі бірінші
сипатталған реквизиттен тәуелді болса.Егер қатынас екінші қалыпты формада болса және
әр кілттік емес атрибут бірінші кілттен транзитивті емес тәуелділікте болса. Сипатталатын
реквизиттердің транзитивті тәуелділігін алып таста үшін бастапқа ақпараттық обьектілердің
―бӛлу‖-ін орындау қажет. Соның нәтижесінде реквизиттердің бір бӛлігі бастапқы
ақпараттық обьектілерге бӛлінеді және басқа ақпараттық обьектілердің құрамына (мүмкін
жаңадан құрылған) енеді.
Нег. әдеб.: 1, [226-258].
Қос. әдеб.: 25, [64-83].
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай деректер құрылымды деп аталады?Деректер қорының анықтамасын беріңіз
және оның мақсатын сипаттаңыз.Клиент – сервер және файл – серер принциптері бойынша
ұйымдастырылған ДҚ архитектурасының айырмашылығы неде?
2.Деректер қорының құрылымын түсіндіргенде қандай сипаттамалары кӛрсетіледі және
бұл түсіндірудің мақсаты неде? Деректер қорының ӛрістерінде деректердің қандай типтері
сақтала алады?Деректер үлгісінің түрлері.Реляциялық деректер қорындағы кілттік ӛрістер.
3.Бірінші, екінші және үшінші қалыпты формада келтірілген қатынастар қандай
талаптарға сай болуы керек? ДҚБЖ негізгі функциональдық мүмкіндіктері қандай?
12–Дәріс. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар.
Компьютерлік желі – бұлараларанда ақпарат тасушысы жоқ, ӛзара апарат алмаса
алатын компьютерлік жиынтығы. Жүйе құрамына кіретін компьютерлер ӛзара ақпараттар
алмаса алатын, байланыс коналдары арқылы жалғасуы керек, ал компьютерлерде жүйелер
жұмысынан,
байланыстырады
басқару
бағдарламасын
ұйымдастыратын
арнайы
бағдарламаны қамтамасыз ететін қондырғы орнатылуы қажет. Компьютерлік жүйе
тораптардың жиынтығын және оларды жалғастырып тұрған тармақтардан тұрады.
65
Жүйе тармағы — бұл бір-бірімен байланысты тораптарды жалғайтын жол. Жүйе
тораптары үш типті болады: шеткі торап — тек бір тармақтың соңында; аралық торап —
бірден кӛп тармақтардың соңында орналасқан; бір-бірімен байланысты торап — бұндай
тораптар негізінен бір-ақ жолмен байланысқан.Компьютерлер жүйеге әртүрлі қосу амалы
оның топологиясы деп аталады. Жүйе топологиясының ең кӛп тараған түрлері: сызықтық
жүйе - тек екі соңғы және кез-келген аралық тораптан тұрады, сонымен қатар кез-келген екі
тораптың арасында тек қана бір-ақ жол болады, шығыршық тәрізді жүйе - әрбір торапқа
екі тармақтан қосылады, ағаш тәрізді жүйе - екіден кӛп соңғы тораптардан және қалай
болғанда да екі аралық тораптан тұрады және екі тораптың арасында тек бір жол, жұлдыз
тәрізді жүйе-. тек бір ғана аралық тораптан тұратын жүйе, ұя сияқты жүйе- кем дегенде
екі тораптан тұратын және олардың арасында екі немесе одан да кӛп жол бар, толық
байланысқн жүйе -кез-келген екі тораптың арасында тармағы (бұтақ) бар
Жүйе архиектурасы - ол мәліметтер жіберу жүйесінің тарату құрылымы, оның
топологиясын, құрылғысы және олардың жүйедегі ӛзара әрекетінің ережесі. Жүйе
архитектурасы кӛлемінде ақпаратты кодпен хабарлау мәселелері, оның адресіне жіберу,
үздіксіз келіп түетін хабарларды басқару жүйенің жағдаындағы және сипаттаудың
нашарлауы кезіндегі қателіктерді бақылау мен талдау мәселелері қаралады. Ӛте кең тараған
архитектуралар: еthernet (ether — эфир) — кең тарататын жүйе. Бұл жүйенің барлық
станциялары алады деген сӛз. Топология-сызықтық жіберу жылдамдығы 10 немесе 100
Мбит/сек, аrcnet (Attached Resource Computer Network –ресурстар біріктірілген омпьютерлік
жүйе-кең тарататын жүйе. Физикалық топология –ағашы. Мәліметтер жӛнелту жылдамдығы
2,5 Мбит/сек, Token Rіng (эстафеталық шығыршық жүйе, маркер жіберу жүйесі) –
шығыршық жүйедегі мәліметтер жіберу принципі – бір-бірімен байланысқан тораптардан
әрбір тораптың қысқа қайталанбайтын ерекше беттер –маркердің жүйлігін тосады.
Маркердің келуі хабарды сол тораптан келесі торапқа жіберуді кӛрсетеді. Мәліметтерді
жіберу жылдамдығы 4 немесе 16 Мбит/сек, FDDІ (Fіber Dіstrіbuted Data Іnterface) —
мәліметтерді кӛп талшықты байланыс жүйелеріне жоғары жылдамдықпен жіберудің жүйелік
архитектурасы. Жіберу жылдамдығы - 100 Мбит/сек. Топология — қос шынжыр немесе
аралас (жұлдыз тәрізді немесе ағаш тәрізді жүйелерді қосу арқылы). Жүйедегі
станциялардың ең кӛп мӛлшері – 1000. Құрал-жабдықтың құны ӛте жоғары, АТМ
(Asynchronous Transfer Mode) — болашағы мол, әзірге ең қымбат архитектура, бір жүйемен
сандық, бейне кӛріністік және дыбыстық мәліметтерді қамтамасыз етеді. Жіберу
жылдамдығы 2,5 Гбит/сек-қа дейін. Байланыс жолы оптикалық.
Қарапайым компьютерлік жүйе бір-бірімен онша алыс тұрмаған екі компьютерді
жалғастыру арқылы пайда болады. Олар нуль модем деп аталатын (10-20 м. мӛлшердегі)
арнайы кабель аты келесі немесе параллель тұрған компьютерлерге қосылады. Осындай
уақытша қосу туралы компьютерлік байланыс деп аталады. Ол осылай қосылып, содан соң
оны кез-келген соңғы компьютер пайдаланушысының алып тастауына болады. Қазіргі кезде
жоғарыда кӛрсетілген қосу түрін, кабелсіз бірден байланыстыруды жүзеге асыратын
инфрақызыл порттар жетілдірілуде. ТКБ тура компьютерлік байланыс негізінен портативті
және станционарлық жеке жұмыс компьютерлері арасындағы мәліметтер мен алмасу үшін
пайдаланылады, мысалы, офистік компьютерлер, әйтсе де мұндай мәлімет алмасу екі
стационарлық және компьютерлік арасында да болуы мүмкін.
Локальді есептеу жүйесі. Бір-бірімен соншалықты қашық орналаспаған, (50-100 м
алшақ) арасында әрдайым ақпараттық алмасу ұйымдастыруды қажет ететін компьютерлер
осы мақсатқа арналған арнайы кабельдермен станционарды түрде жалғстырылады.
Кӛрсетілген жүйенің түрі локальді есептеу жүйесі деп аталады (ЛЕЖ) немесе (ЛВС) LAN-
Local Area Net. Әдетте белгіленген каналдар арқылы бір мекеменің жүйеге қосылмаған
компьютерлері біріктіріледі (қосылады). Жүйеден алынып тасталған компьютерлердің
кӛпшілігін байланыстыратын жүйені бӛлінген жүйе деп атайды. Мекемелердің мұндай
66
бӛлінген жүйлеріне, кіру тек қызметтері міндеттерін орындауларына байланысты тұлғаларға
ғана рұқсат етілген. Бұндай түрдегі жүйелер ӛз функциялары бойынша локальді жүйеге
ұқсас және региональды немесе metropolіtan Area Net – MAN деп аталады. Мекеменің
региональды жүйесінде құрылған арнайы коммуникативтік хабар алмасу жүйесі
(электронды почта, факс, құжаттармен бірігіп жұмыс жасау) корпоративті деп аталады.
Глобальды жүйе.Дүние жүзіне таралған, әрдайым ӛте жоғары үлкен кӛлемдегі әртүрлі
ақрааттарды алу мүмкіндігін беретін каналдар жүйесіндегі компьютерлер және
коммерциялық негіздегі, тілек білдірушілердің барлығына рұқсат берілген жүйе глобольді
жүйе деп аталады немесе Wіde Area Net- WAN. Осындай жүйелердің ең белгілі ӛкілі
ИНТЕРНЕТ, дегенмен басқда глобольді жүйелер (MSN – Mіcrosoft on Lіne, Amerіca on Lіne
және т.б).Компьютераралық байланысты ұйымдастырудың үш негізгі тәсілі бар: қатар
тұрған компьютерді олардың коммуникациондық порттарын басып ӛтетіндей арнайы
кабельдермен қосу; бір компьютерден екіншісіне модем арқылы ӛткізілген немесе
спутниктик байланыстың кӛмегімен мәлімет жіберу; компьютерлерді компьютерлік жүйеге
біріктіру.Екі компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыруда кӛбінесе бір компьютерге
ресурстар мен жабдықтаушы ролі, ал басқасына – бұл ресурстарды қайталанушы ролі
бекітіліп беріледі. Бұндай жағдайда бірінші компьютер сервер, ал екіншісі – клиент мен
немесе жұмысшы станциясы деп аталады. Арнайы бағдарламамен жабдықталған компьютер
– клиентке жұмыс істеуге болады.
Сервер (англ. serve — обслуживать) — бұл құнды ресурстарды бағдарлама, мәліметтеу
және шеткі құрал-жабдықтарға бірігіп пайдалануды басқаратын еске сақтау қабілеттінің
мӛлшері кӛп, жоғары ӛнімді компьютер.
Клиент — сервердің қызметіне кіре алатын кез-келген компьютер. Жүйелік сервер HP
LD PRO.Мысалы, орталық мәліметтер базасы орналасқан қуаты күшті компьютер сервер
бола алады, ал бағдарламасы қажетіне қарай серверден сұрайтын жай компьютер клиент
болады. Кейбір жағдайда компьютер бір мезгілде клиент те де, сервер де бола алады. Бұл -
ӛзін де бар ресурстар мен сақталған мәліметтерді басқа компьютерлерге бере алады және бір
мезгілде олардың ресурстары мен данныйларын пайдалана алады. Пайдаланушының атынан
сервердің қызметін алатын қолданбалы бағдарламаны да клиент деп атайды.
Осыған
сәйкес, бағдарламамен қамтамасыз етілген компьюитерді басқа компьютерге қызметкӛрсетуі
сервер деп аталады-және де компьютерді де атауға болады.
Телефон жүйесінің кӛмегі арқылы байланыс. Алшақтағы жеке компьютермен уақытша
байланыс модем деп аталатын қондырғы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. (АТС арқылы
телефон жүйесі) (факс модем). Бұндай байланыс тәсілі коммутирлік канал бойынша
байланыс деп аталады. Бірнеше компьютерлерді біріктіретін жүйелермен қоса терминалдар
жүйесі де бар немесе қуаты күшті (мэйнфеймдар) компьютерлерді арнайы қондырғылар мен
байланыстыратын жүйесі бар. Бұл жүйелер ӛте күрделі, алайда қысылмаған кезде олардың
жұмыс істеуі мүмкін емес немесе типті мәнін жоғалтады. Терминалдық қондырғылар мен
жүйелерге банкоматтар, дүкендегі кассалық аппараттар жүйесі және т.б мысал бола алады.
Терминалдар жүйесі кең тарағанымен олар компьютерлер жүйесінің принциптерінен, типті
басқа санау техникаларында құрылады.Жүйе қондырғыларын ӛзара қосу үшін арнайы құрал-
жабдықтар пайдаланылады: жүйелік кабельдер-сыртқы түрі түтік тәріздес оқшауланған екі
коаксиальдық концентриялы ӛткізгіштер; кӛп тамшықты; айқасқан екі электр ӛткізгішінен
құралған қос кабелдер және т.б., коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге
қосатын коннекторлар; кабельдердің бӛліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар,
жүйелікинтерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жӛнелтуге арналған.
Мәлімметтер беру ортасына кіру белгілі бір протоколға сәйкестендіріле отырып жүзеге
асырылады. Олар жүйеге қосылған компютерлердің жүйелік блоктардың қондырылады.
Адаптерлердің алынып-салыныпажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады, трансиверлер
мәліметтерді кабельбойынша жіберу сапасының мӛлшерін арттырады, жүйеден келіп
67
түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді, хабтар(концентраторлар)
коммутирлік хабтар компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және
жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Әр типті хаб әр алуан кабельді системалар
жүйесінің сегменттерін біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ
басқа хабты да немесе кабельдің сегментін қосуға болады, қайталамалар(репитеры)
кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.Локальды жүйелерді
біріктіре қосу үшін ӛзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін
тӛмендегідей қондырғылар пайдаланады: кӛпір(англ.
Brіdge) — екі локальды жүйені
байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді ӛзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі.
Кӛпірлер барлық жүйелерді локальды мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді
фильтрден ӛткізе алады және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды
жібереді, маршрутизатор(англ. Router)жалпы протокол мен жүйелерді кӛпірге қарағанда
тиімді біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды ӛте ұсақ бӛлшектерге бӛлуге
мүмкіндік туғызады да осынысы арқылы әр түрлі кӛлемдегі пакеттері бар локальды
жүйелердің ӛзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-
жайға жібере алады, пакеттерді фильтрлейді пакеттердің адресін табуына ӛте жақсы жол
және басқа да әрекеттер таңдайды, кӛпірлік маршрутизатор (англ.
Brouter) — бұл кӛпір
мен маршрутизатордың гибриді. Ол мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға
талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай бола қалса кӛпір тәртібіне (режиміне) кӛшеді, шлюз
(англ.
GateWay), Шлюздың кӛпірден ӛзгешелігі–біріктірілетін жүйелер протоколдарының
әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына
сәйкестендіріліп ӛзгереді. Шлюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде
жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің кӛмегімен универсалды
қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады. Сымсыз жүйелер кабель ӛткізуге
қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған жағдайдағы орындарда
қолданылады.
―Барлығы-Бәрімен‖ топологиясы. Бұндай жағдайда жүйе радио – адаптерлер кӛмегімен
жүзеге асырылады. Жан-жақты бағытталған антенналармен жабдықталған жүйелік радио-
адаптерлер радиотолқындарды ақпарат жеткізу ортасы ретінде пайдаланады. ―Нүкте-
нүкте‖ топологиясы. Сымсыз жүйені қолданудың басты, маңызды аймағының бірі-
мәліметтерді жіберу инфраструктуралары болмаған жерлердегі локальды жүйелердің
шалғай сегменттері арасындағы байланыстарды ұйымдастыру болып табылады. ―Жұлдыз‖
тәрізді топология. Егер жүйеге бірнеше сегмент біріктірілсе, онда ―жұлдыз‖ типті
топология қолданылады.
Нег. әдеб.: 5, [223-289].
Қос. әдеб.: 29,17, [57-89], [15-33]
Бақылау сұрақтары:
1.
Компьютер аралық байланыстың қызметі қандай?
2.
"клиент–сервер" технологиясын суреттеп беріңіздер.
3.
Компьютер жүйесіндегі интерфейстердің сәйкессіздік мәселесі қалай шешіледі?
4.
Коммуникация протоколы деген не?Жүйелік топологияның негізгі түрлері.
13 – дәріс Ақпараттық технология түсінігі.Ақпараттық техника құрамы.
Программалық құралдар технологиялары. Ақпараттық технологиялардың даму
кезеңдері
Ақпараттық технология түсінігі
Экономикалық ақпараттық жүйелерді (ЭАЖ) жұмыс орнында қолдану үшін оны
ақпараттық технология құралдарының кӛмегімен жобалау қажет.
68
Қазіргі кезде кез келген тұтынушы қолдана алатын, жобалау процесіне мәліметтерді
ӛңдеу процесімен бірге ЭАЖ элементтерін орналастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық
технологиялар (АТ) құрылған.
Мысалы, электрондық пошта, мәтіндік және кестелік процессорлар, т.б. Қазір
ақпараттық технологияны құру және оны пайдалануды кез келген тұтынушы істей алуы
тиіс.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану жеке бастың шаруасы емес, осы
технологияны ӛмірге енгізумен бірге әрбір адамның мәдениеті, саясатқа араласуы,
денсаулық сақтау мүмкіндіктері, элект-рондық бизнес, коммерция, тамақ ӛндіру және тап-
сырыс бойынша қызмет кӛрсету жұмыстары да жылдам дамиды.
Ақпараттық технология – ақпараттық ресурстарды қолдану процесіндегі еңбек
шығынын төмендету, олар-дың жеделдігі мен сенімділігін арттыру мақсатында
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тара-туды қамтамасыз ететін
тәсілдердің, өндірістік процес-тердің және программалық-техникалық құрылғылардың
біріктірілген жиыны.
Ақпараттық технология – ЭЕМ-нiң кӛмегiмен ақпаратты жинау, енгiзу, тасымалдау,
сұрыптау, iздеу, реттеу, ӛзгерту және ӛңдеу жұмыстарының тiзбегi.
Ақпараттық технологияның ӛндiрiстiк технология-дан айырмашылығы оны адамның
қатысуынсыз роб-оттар iске асыратын үздiксiз процеске айналдыруға болмайды. Ӛйткенi ол
құжаттың кӛшiрмесiн алу, есепке енгiзу, есеп шығару секiлдi жұмыстармен қатар
шығармашылық iзденiстi талап ететiн шешiмдер қаб-ылдау, мәселенi жүргiзу жолын
ӛзгерту, бiрнеше мүм-кiндiктердi салыстыра отырып, олардың iшiнен ең тиiмдiсiн iрiктеп
алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңi-нен жүргiзумен ӛте тығыз байланысты болады.
Жалпы ӛндірістік технология мақсаты — адамның немесе кез келген жүйенің
талаптарын қанағат-тандыратын ӛнім шығару.
Ал ақпараттық технология мақсаты — талдауға болатын ақпарат ӛндіру (алу) және
соның негізінде белгілі бір әрекеттер орындауға бағытталған шешім қабылдау.
Ақпараттық технологияны қолдану мақсаты – ақпараттық ресурстарды қолдану
арқылы еңбек шығынын тӛмендету. Ақпараттық ресурс ретінде ұжым (мекеме) үшін бағалы
болып табылатын және материалдық ресурс ретінде қолданылатын мәлімет-тер жиыны
қарастырылады. Оған файлдар, мәлімет-тер базасы, құжаттар, мәтіндер, графиктер, аудио-
және бейнеақпараттар жатады.
Қазiргi кездегi АТ ұғымын мәлiметтер ӛңдеуге бай-ланысты үш түрге жiктеуге болады:
есепке алу, талдау және шешiм қабылдау.
Осы уақытқа дейiн бұл жұмыстар адамның басқа-руымен қағазға жазылған құжатты
ӛңдеу түрiнде ӛтетiн, ал ендi басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ кӛмегiмен автоматты
түрде атқару жаңа ақпа-раттық технологияның тууына себепшi болды.
Ақпарат ӛңдеуге дербес компьютерді пайдалану мен телекоммуникациялық байланыс
құралдарын қолдану ісі АТ-ның жаңа кезеңі, сондықтан оны жаңа ақпа-раттық технология
немесе компьютерлік технология деп атау қалыптасты.
Сонымен жаңа АТ тӛмендегi мынадай 6 түрлі мүмкiндiктердi орындауы тиiс:
- әрбiр адам мәлiметтердi дұрыс орналастыра бiлуi (программалау емес) керек;
- мәлiметтi ӛңдеу барысында оларды ӛрнектеу, сақтау, iздеу, бейнелеу және ӛзгерiстен
қорғаудың бiрыңғай үлгiсiне келтiрiп, жинақталған мәлiметтер қоймасын пайдаланатын
ақпараттық қолғабыс кӛрсету;
- кез келген құжатты қағазсыз ӛңдеу iсiн ұйымдасты-ру, мұнда қағазға құжаттың ең
соңғы нұсқасы ғана түсiрiледi, ал басқалары электрондық машинаның мәлiмет
жинақтағыштарында (дискiлер) сақталады да экранда кӛрсетiледi;
- адам үшiн кӛптеген жеңiлдiктерi бар есептi шығарудың сұхбаттасу режимiн
(интерактивтi режим) жүргiзу;
69
- бiр-бiрiмен байланысқан ЭЕМ-дердi пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде
даярлау;
-
есептi шығару барысында мәлiметтердi бейнелеу тәсiлiн жылдам ӛзгерту
мүмкiндiгi болу.
Бұл күндерi жаңа АТ информатиканың негiзгi бiр саласы болып табылады, оның
болашақта басқа салаларда iстейтiн мамандар жұмысына тигiзетiн әсерi зор болады деп
күтiлуде.
Ақпараттық техника
Ақпараттық техника (аппараттық құралдар) –- ақпаратты ӛңдеуге керектi
техникалық аспаптар жиыны.
Болашақта дискреттi (цифрлық) мәлiметтермен жұмыс iстейтiн аспаптар кӛбейе түсуi
тиiс, ӛйткенi олар жоғары дәлдiкпен сенiмдi түрде тыңғылықты қызмет атқарады. Сол
себептi қазiргi кезеңде цифр-лық телефондар мен теледидарлар шығарыла бастады.
Ақпаратты ӛңдеудің аппараттық құралдары: компьютер, енгізу-шығару құрылғылары,
ұйымдасты-ру техникасы (оргтехника), байланыс тораптары, желі жабдықтарынан тұратын
техникалық құралдар, т.б.
Қазіргі кезде әрбір он сегіз ай сайын микропроцес-сор қуаттылығы екі еселеніп
отырды. Ол қуатты бол-ғанымен, компьютердің бағасы арзандап, кеңінен қол-даныла
бастады.
Компьютерлер
оның
құрамына
енгізілген
коммуни-кация
құралдармен,
модемдермен, кӛлемді жадымен, сапалы суреттер кӛрсететін бейнелерді енгізу-шығару
құрылғыларымен, дауыс пен қолжазба мәтінді тану құрылғыларымен жабдықталды.
Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшiн оны сақтайтын, жеткiзетiн
және ӛңдейтiн құралдарды кӛптеп жасау керек болды. Соның нәти-жесiнде ақпараттық
техника күннен-күнге кӛбеюде, әсiресе оның iшiнде электрондық машиналарға ӛте кӛп кӛңiл
бӛлiнуде, ӛйткенi ақпаратты жылдам ӛңдеу үшiн қолданылатын негiзгi электрондық құрал
ком-пьютер болып табылады.
Сонымен қазiргi кезде информатиканы кеңiнен қол-данатын орындарға мыналарды
жатқызуға болады:
1) еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды
басқару;
2) ғылыми-зерттеу істерін жүргiзудi автоматтандыру;
3) ЭЕМ-дердi халық шаруашылығындағы экономика-лық ұйымдастыру, басқару
жұмыстарында пайдалану;
4) ЭЕМ-дердi оқыту және халық шаруашылығына керектi мамандар даярлауда
қолдану;
5) ЭЕМ-дердi халыққа ақпараттық қызмет кӛрсетуге пайдалану (медицина, сауда,
тұрмыс қажетiн ӛтеу, энергетика, т.б.).
Информатиканың дамуы елдiң экономикалық құры-лымының және еңбек
ӛнiмдiлiгiнiң ӛсу деңгейiн кӛр-сетедi, сол себептi ол елдiң экономикалық қуатты-лығының
кӛрсеткiшi бола алады.
Программалық құралдар технологиялары
Программалық қҧралдар кез келген жүйе құруды және экономикалық ақпараттық
жүйелердегі мәлі-меттерді ӛңдеуді қамтамасыз етеді. Тұтынушы мен компьютер
интерфейсін операциялық жүйе жүзеге асырады. Ол жұмыстың пакеттік режимін, сұхбат-
тық және желілік технологияларды жүзеге асыра-ды.
Сұхбаттық (диалог) технология нақты уақыт режи-мінде (интерактивті режимде, on-
line) тұтынушы мен программа арасында мәлімет алмасуды жүзеге асырады.
Программалық қҧралдар– компьютерде пайда-ланылатын программалар
жиыны.
70
Атқаратын қызметіне қарай программалық құрал-дар бірнеше топтарға бӛлінеді,
олар: жүйелiк прог-раммалық жабдықтамалар, программалау жүйелері, қолданбалы (кәделi)
программалық жабдықтамалар.
Жүйелiк программалар ЭЕМ-нiң жұмыс істеуі үшін керек. Олар операциялық
жүйелерге, драйверлер мен утилиттерге, тесттерге бӛлінеді.
Операциялық жҥйелер – компьютердi басқара-тын және құрылғыларды қолданбалы
програм-малармен байланыстыратын программалар.
Программалау жҥйелері – программалау тілдері мен трансляторлардан тұрады, олар
арқылы жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтамалар жасалады. Программалау
тілдері – ФОРТРАН, ПАСКАЛЬ, СИ, СИ++, ПРОЛОГ, ЯВА, т.б.
Қолданбалы (кәделi) программалық жабдықта-малар – белгiлi бiр мамандық
саласында нақты есеп-тер шығара алатын программалар жиыны. Оларға қарапайым
программадан бастап күрделi есептердi шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелер-
дi (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспа-ханалық жүйелер т.б.) – офистік
программаларды жатқызуға болады.
Программалау жҥйелері – программалау тілдері мен трансляторлардан тұрады, олар
арқылы жүйелік және қолданбалы программалық жабдықтамалар жасалады. Программалау
тілдері – ФОРТРАН, ПАСКАЛЬ, СИ, СИ++, ПРОЛОГ, ЯВА, т.б.
Қолданбалы (кәделi) программалық жабдықта-малар – белгiлi бiр мамандық
саласында нақты есеп-тер шығара алатын программалар жиыны. Оларға қарапайым
программадан бастап күрделi есептердi шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелер-
дi (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспа-ханалық жүйелер т.б.) – офистік
программаларды жатқызуға болады.
Word технологиялары мәтінмен жұмыстан (теру, ӛң-деу, форматтау, автоматты түрде
қатесін түзету, авто-реферат құру т.с.с) ӛзге мәтін ішіне әртүрлі кесте, гра-фика, кӛрнекі
матрериалдарды т.с.с. қосу, автоматты түрде нӛмірлеу, сілтемелерді енгізу т.с.с мүмкіндік-
71
терді береді. Күрделі, әрі кӛлемді құжат дайындауға болады, яғни Word мәтіндік,
графикалық және гипер-мәтіндік техногияларды біріктіреді.
Excel – кестелік түрде жазылған мәліметтермен эконо-микалық есептерді орындауға
арналған технология-лар. Ол әртүрлі формадағы басылымдар құруға, кесте-лік мәліметтерді
графиктер түрінде бейнелеуге мүм-кіндік береді. Оның кӛмегімен мәтіндік, графикалық,
гипермәтіндік технологияларды біріктіруге болады.
Access – мәліметтер базасын басқару жүйесі– гипермәтіндік технология құралдары
арқылы ақ-паратты құрылымдау технологиясын жүзеге асы-рады. Ол Excel сияқты
кестелермен жұмыс іс-тейді, бірақ мәліметтерді әр түрлі сұраныстарды оры-ндауға
мүмкіндік беретін сілтемелер арқылы байла-ныстырады. Access «үстелдегі» мәліметтер
базасын басқару жүйесі тобына жатады.
PowerPoint –дәрістер мен кӛрсетілімдерді, баянда-малардың негізгі тезистерін
кӛрнекі бейнелеу үшін қолданылады. Ол гипермәтіндік және мультиме-диалық
технологиялары бар мәтіндік және граф-икалық редакторлар
Publisher – үстелдегі баспа жүйесі Word техноло-гиясының кӛпшілігін орындайды.
Оның жұмысы-ның нәтижесі жоғары сапалы полиграфиялық басы-лым түріндегі құжат
болады: безендірілген буклет-тер, каталогтар, шақыру билеттері, қабылдауларға арналған
менюлер, құттықтау адрестері, т.с.с.
Барлық программаларда әр түрлі ортада дайын-далған объектілерді бір-бірімен
байланыстыру мүм-кіндігін беретін OLE (Object Linking and Embedding – объектілерді енгізу
және кірістіру) технологиясы қолданылады.Microsoft корпорациясы OLE техноло-гиясын
Интернет желісіндегі объектілерді біріктіру үшін жетілдірген болатын.
Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
Ақпараттық технологиялар ӛте ауқымды эволю-циялық даму кезеңдерінен ӛтті. Оған
адамзаттың материалдық объектілер мен энергияларды ақпар-аттық бейнелерге түрлендіру
жолындағы мыңжыл-дық тарихи тәжірибесі мысал бола алады. АТ даму кезеңдеріне
жазудың пайда болып, есептеу, ӛнер істерінің ӛркендеуін жатқызуға болады.
Ақпаратты материалдық түрде сақтау жолдары да – тасқа, сүйекке, ағашқа,
папирусқа, матаға, ақырында қағазға жазу тәсілдері де оның дамуы-ның мысалы бола алады.
Алғашқы ақпараттық технология атадан балаға ауыз-ша білім беруден басталды.
Білімді сақтаушылар – шешендер мен кӛсемдер болды. Кәсіби дағдылар жеке бастан ӛткен
тәжірибе арқылы берілді. Мәліметтерді ӛңдеу технологиясы қолмен жүргізілді.
Алғашқы баспа станогы мен кітап басудың шығуы (1445ж.) шамамен 500 жылға
созылған бірінші ақпа-раттық революцияға әкелді. Білімді баспа арқылы кӛбейтуге
мүмкіндік туды. Олар енді ӛндіріске әсер ете алатындай жағдайға жетті. Станоктар, бу
машиналары, фотография, телеграф, радиолар пайда болды. Ӛндіріс біртіндеп іріленіп,
ӛндіргіш күштер арта түсті.
XIX ғасырдың аяғына дейін шамамен еңбек ететін тұрғын-дардың 95% материалдық
ӛндірісте, тек 5 % ғана ақпарат-ты ӛңдеуде еңбек етсе, XX ғасырдың ортасына қарай дамы-
ған елдерде ақпарат ӛңдеумен айналысатын адамдар саны 30 % дейін жетті.
1946ж. – ЭЕМ эрасының басталуы. Адамзат тарихында алғаш рет формальды түрде
білімді ұзақ уақыт есте сақтау үшін жазу тәсілі пайда болды, осылар тікелей ӛндірістік
жабдықтың жұмыс режиміне әсер ете бастады. Алдын ала формалданған кәсіби білімді
тікелей машинаның жұмысы мен механизміне әсер ету үшін әрекеттерді жазу процесі
программалау деп аталды. Алғашқы ЭЕМ пайда болғаннан бастап, АТ бірнеше сатылардан
ӛтті.
I кезең 1960-шы жылдардың басына дейін жалғасты. Бірінші және екінші буын
(лампалық және жартылай ӛткізгішті) ЭЕМ-дері жасалды. Ақпараттық техноло-гияны
құрудың негізгі критерийі машиналық ресурс-тарды үнемдеу болып саналды. Бұл кезеңнің
негізгі сипаттамасы: машиналық кодтарда программалау, блок-схемалардың пайда болуы,
72
символдық адрестер-мен программалау, стандартты программалар кітапха-наларын жасау,
машинаға бағытталған тілдер мен Ассемблер тілінің автокодтарын құру. Программалау
технологиясының жетістігі оңтайландырылған транс-ляторлар мен нақты уақытта
басқарылатын алғашқы басқару программалары мен пакеттік режимнің құры-луы болды.
II саты 1980 жылдардың басына дейін жалғасты. Мини-ЭЕМ мен үлкен интегралдық
схемаларға негізделген үшінші буын ЭЕМ-дері жасалды. АТ құрудың негізгі критерийі
программалаушы еңбегін үнемдеу болды. Мақсат – программалаушының сай-мандық
құралдарын жасау болды. Екінші буынның үш режимде (нақты уақытта, уақыт аралығында
және пакеттік режимде) жұмыс істейтін операциялық жүйелері шықты. Жоғарғы деңгейлі
программалау тілдері (PL, Pascal және т.б.) жасалды. Осы кезде ЭЕМ жұмысын
автоматтандыруға арналған қолдан-балы программалар пакеті (ППП) пайда болды.
IIIсаты 1990-жылдарға дейін созылды. 1975ж. дербес компьютер шықты. ДК – адам
жұмысын кӛпшілік қолда-на алатындай түрде автоматтандыру мүмкіндігін беретін құрылғы
болды. Мұның критерийі – білімді қалыптасты-ру үшін ақпараттық технологияны құру,
мақсаты – АТ-ның адам қызметінің барлық аймағына енуі болып таб-ылды. Операциялық
жүйелер, мысалы, Unix, автоматтан-дырылған жұмыс орындары (АРМ), кестелік және
графи-калық процессорлар, эксперттік жүйелер, білім базасы, жергілікті есептеу желілері,
автоматтандырылған ӛнді-ріс, мәліметтерді ӛңдеудің таратылған жүйелері кеңінен
қолданыла бастады. Егер бұрын ақпараттың бір түрін (мәтін, кесте, графика, мәліметтер
базасы және т.б.) ӛңдеу үшін жеке технология болса, енді олар қолданбалы
программалардың біріктірілген пакетіне жинақтауға мүмкінді пайда болды.
IVсаты – 1995 жылдарға дейін созылды. Бұл аралықта білімді автоқалыптастыруға
арналған АТ-лар құрылды. Мақсаты – қоғамды ақпараттандыру. Гипермәтіндік техно-
логияның пайда болуы жаңа программалық құралдар мен бұрынғылардың сапалы түрде
ӛзгеруіне әсер етті. Ол муль-тимедиа технологиясының тууына себеп болды.
Графикалық операциялық жүйелер Windows, OS-2, объ-ектіге бағытталған
технологиялар, жобалауға арналған CASE-технологиялар құрылды.
Экономикалық аймақта бұл корпоративті және транс-ұлттық ақпараттық
жүйелердің пайда болуына әкелді. АТ ортасында басқарудың жаңа әдістері жүзеге асты:
реинженеринг, интеллектуалдық ақпараттық технологиялар, шешім қабылдауды қолдау
және талдау, т.с.с.
Жалпы білім беруде қашықтан оқыту құрыла бастады. Ақпарат стратегиялық
ресурсқа айналды. Күрделі процес-тер мен жүйелерді модельдеу мүмкіндігін беретін
виртуал-ды орта құрылды. Мемлекеттер ақпарат кӛздеріне, ақпарат-ты ӛңдеу мен тарату
құралдарын қолдану тиімділігі мен даму деңгейіне тәуелді болды. Қоғамды ақпараттандыру
жүзеге аса бастады. Электрондық мемлекет, электрондық университеттер пайда болды.
Vсаты – 1995 ж. басталатын Жаһандандыру процесіне айналды. Мобильді
телефондарға арналған IP хаттама-лардың пайда болуы олардың интернет желісіне
қосылуы-на есік ашып, электрондық мобильді бизнестің дамуына әсер етті. Мұндағы
критерий – ақпараттық ресурсқа қоғам-ның әрбір мүшесінің қол жеткізуі. Мақсат – қоғамды
жаһандандыру болды.
Ақпараттық технологиялар ЭЕМ-дер мен электрондық құралдарды ӛмірге кеңінен
енгізді. Қоғамды ақпараттандыру – заң бойынша құпия емес барлық ақпарат кӛздерін
қоғамның әрбір мүшесі емін еркін қолдана алатын, әлеуметтік-экономикалық, саяси,
ғылыми факторлардың ӛзара байланысқан жиынтығына айналды.
Ақпараттандыру
ақпараттық
технологияны
қызметтің
барлық
аясында,
жаһандандыруда кеңінен қолдануды білдіреді. Ӛндіріспен бірге, тұрмыста да ақпараттық
қызмет индустриясы пайда болды. Адамзат қызметінің барлық салаларында білім қорын
қалыптастыру жүріп жатыр. Тұрмыс, коммерция, бизнес, ойын, білімді қоса алғанда адамды
қызықтыратын барлық салалар бойынша мәліметтер қоры қалыптасуда.
73
Индустриалды қоғамда стратегиялық ресурс капи-тал болса, ақпараттық қоғамда –
ақпарат, білім, шығармашылық істері болып табылады.
Ақпараттық инфраструктураға телефон желісі, кабельдік теледидар және коммуникацияның
басқа түрлері, кӛбейтіп шығару техникалары, кітап шығару, бейне-аудиоаппаратура, ЭЕМ
паркі, программалық жабдықтама және ЭЕМ желісінің ақпараттық қызметтерін қамтамасыз
етуге арналған жабдықтар, сонымен бірге мәліметті магниттік және оптикалық құралдар
арқылы сақтау, тасымалдау істері жатады. Ақпараттық инфрақұрылым-ның дамуына оқыту
бағдарламаларын шығару, мәдениет пен ӛнерді дамыту жұмыстары әсер ете бастады.
14 – дәріс. Интернеттегі ақпараттық іздестіру жүйелері. FTP және Telnet
протоколдары. HTML туралы ұғым
Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі.Интернеттен жаңа ақпаратты тез алу
үшін ақпаратты іздеу жүйесі ӛңделген. Интернеттен ақпаратты іздеу жүйесінің барлығы
арнайы бӛлінген компьютерлердегі мықты жабдықталған каналдармен жабдықталуы керек.
Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет кӛрсетеді.Іздеу жүйелерін екі
топқа бӛлуге болады: адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар; адам
кӛмегінсіз компьютердің арнайы программаларымен қалыптастырылатын автоматты
индекстер.
Пәндік каталогқа негізделген жүйелер. Деректер қорын қолданатын, ақпаратты
таңдайтын, деректер қорымен байланыс жасайтын, сілтемелерді әлтүрлі іздеу
категорияларымен ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін арнайы редактор-мамандармен
қалыптастырылатын. Пәндік каталогы бар компаниялар WWW-cерверлер мен басқа да
желілік ресурстарды каталогтарға орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады.
Автоматты индекстер. Кілттік сӛз арқылы бір деректер қорынан бірнеше секунд
ішінде Интернет желісінің WWW- парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге
мүмкіндік береді.Автоматты индекс үш бӛліктен тұрады: робот - программалары; осы
роботпен жиналатын деректер қоры; пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу
интерфейсі.
Гипермәтіндік технология. HTML тілі.HTML құжаттары - бұл кез - келген мәтіндік
редакторда құрыла алатын (мысалы-NE, Лексикон, Emacs және тағыда басқа) жәй мәтіндік
форматтағы (сондай-ақ ASCII түрідегі) файл. Web қоршауларының кейбіреулері HTML
редакт орларын береді (tk WWW for X Window System және NEXT компьютерлері үшін )
олар WISIWYG стилінде жұмыс істеуге себебін тигізеді.. Қазіргі кезде WYSIWIG
редакторларының бірнеше түрі бар.
Интернет жүйесінің негізгі сервистері.World Wіde Web (WWW, ―Әлемдік ӛрмекші
торы‖) — гипертекстік, дәлірек айтқанда, Интернет ресурстарын іздеудің гипермедиалық
ақпараттық жүйесі және оған кіру.
Гипертекст— компьютер экранында текст элементтері арасындағы мағыналық
байланыстарды тауып кӛрсетіп отырып, бір элементтен екіншісіне оңай кӛшіруге жағдай
жасайтын ақпараттық құрылым. Гипертекстағы тәжірбиеде кейбір сӛздердің асты сызылады
немесе басқа түрге боялады.
Гипермедиа — егер гипертексті анықтауда ―текст‖ сӛзін кез-келген дыбыс графика
бейнелеу деген ақпараттық түрлеріне ауыстырғанда не шықса, сол текстік ақпараттпен қатар
басқа да кез-келген қос, мысалы, кодталған дыбыс немесе графиканы байланыстыруға
болатындықтан мұндай гипермедиалық нұсқаулар болуы мүмкін. Егер бағдарлама дүние
жүзілік картаны кӛрсетсе, компьютерді пайдаланушы мыштың кӛмегімен картадан қандайда
бір континенті таңдаса, бағдарлама сол мезетте ол туралы графикалық дыбыс және текстік
ақпарат бере алады. WWW жүйесі HTTP гипертекстің жіберетін протокол деп аталатын
мәліметтер жіберетін арнайы протоколда ұйымдастырылған. HTTP (HyperText Transfer
Даму кезеңі
1445ж. дейін
1946ж. дейін
1960ж. дейін
1980ж. дейін
1990ж дейін
74
Protocol). Барлық WWW жүйесінің ішіндегілері сайт деп аталатын. WWW-беттерден
тұрады.WWW-беттері (cайттар) — World Wіde Web жүйесінің гипермедиалық құжаттары.
Олар HTML гипертекстік таңбаларының тілінің кӛмегімен жасалады.
HTML–дің негізгі ұғымдары.HyperText Мarkup Language (HTML) - беттердің
гипертексті белгілеу тілі. Бұл тілдің негізгі элементі тег. Қандай да бір текстік немесе
графикалық бӛлімдердің белгілерін кәрсету үшін ол тег деп аталатын арнайы таңбалармен
қоршалады. Тегтер үшін мүмкін болатын тапсырманың қосымша күйі – атрибуттар.
Тегтер және Web-беттер құрылымы.НТМL-дің негізгі тегтері шрифттің размерін,
яғни ӛлшемін береді. Шрифттердің 6 ӛлшемі бар. -ден -ға дейін
ӛлшемнің ӛсу ретінде болады. Негізгі мәтінде абзацтарға дұрыс бӛлуді қамтамасыз ететін
<Р>-абзац тегі және қатардың соңын кӛрсететін
тегтері қолданылады. Текст түрін
форматтауда тӛмендегідей тегтер қолданылады: - - толық шрифт Bold; - -
курсивті Italic; - - мәтінді ортаға келтіру; - -
жыпылықтату. Нӛмірленген және маркирленген тізімдерді құру үшін тізімдер тегі
қолданылады.
Бетте
мәтіндерді
орналастырудың
қарапайым
операцияларын
тегтері
орындайды.
Егер
бет
тегтарының арасына орналасқан болса, ол мәтін HTML мәтіні екенін
кӛрсетеді, ал оның бӛлігі , Достарыңызбен бөлісу: |