Алматы энергетика және байланыс унивеситеті


Есептік-сызба жұмыстарын орындауға арналған мәліметтер



бет2/9
Дата08.09.2023
өлшемі158,3 Kb.
#106647
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1 Есептік-сызба жұмыстарын орындауға арналған мәліметтер


5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері «Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнін оқу барысында, оқу жоспарына сәйкес үш есептік-сызба жұмысын орындауы керек, және олар есептік-сызба жұмысын орындау барысында кәсіорындарда экономикалық және ұйымдастыру жұмыстарының қалай жүргізілетінін қамтитын сұрақтарына жауап бере алатындығына даяр болуда.


№1 есептік-сызба жұмысында студент теориялық берілген бір тапсырманың мағынасын ашуы керек.



№2 есептік-сызба жұмысы бағдарламаның өзіндік құнын есептеуіне байланысты, №3 есептік-сызба жұмысы – ақпараттық жүйенің енгізуінің экономикалық тиімділігінің есептеуіне.

Бағдарлама өнімдерін дайындау барысында интелектуалды және еңбек шығындарын есептеп шығару және оған деген компьютер керектігінің, бағдарламаның өзіндік құнын ескеру ерекшеліктері және ақпараттық жүйенің енгізуінің тиімділігін есептеулер осы әдістемелік нұсқауда қарастырылған.


Ұсынылған тапсырманы орындау барысында студенттерден қойылған тапсырманың өзгешеліктерін ескере отырып, уақытты көп қажет ететін есептер ретін бұзбауын талап етеді, және №2 және №3 есептік-сызба жұмысты орындағанда студент керекті математикалық есептеулерді орындап қана қоймай, есептеу нәтижелерінің экономикалық мағынасын түсіндіре алу тиіс екенін ескерген жөн.


Есептік-сызба жұмыс тиянақты әрі түсінікті жазылу керек. Әр бетте стандартқа сай оқытыушының ескертпелеріне деген және т.б. орындар қалдыру керек және әр беттің номері жазылу керек. Барлық кестелер, суреттер және сұлбалар нөмірмен белгілену керек және олардың аталуы жазылуға тиіс.


Орындалған есептік-сызба жұмыс (ЕСЖ) кафедраға тексеру үшін тапсырылуға тиіс. Оқытушының барлық ескертпелері жөнделгеннен кейін ғана студент есептік-сызба жұмысын қорғай алады.


Жұмыс АЭжБУ стандарттарына сай орындалуы керек. Жұмыс АЭжБУ стандарттарына сай болмаған жағдайда, қорғауға жіберілмейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет