Алматы энергетика


  4 дәріс. Өндірістің өзіндік құны, энергетикалық саладағы баға



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
 


24 
4 дәріс. Өндірістің өзіндік құны, энергетикалық саладағы баға 
белгіленімі және тарифтер
 
Дәрістің мазмұны: өндірістің өзіндік құнының құрауыштары және 
электр энергиясын тарату, электр энергиясының бағалары мен тарифтері, 
пайданың түрлері мен рентабельділіктің көрсеткіштері туралы білімдерді 
қалыпастыру.
Дәрістің мазмұны:
1) Өндірістік шығындарды жіктеу.
2) Өндірістік өзіндік құнын төмендету жолдары және электр 
энергиясын тарату және үлестіру бойынша қызмет көрсету. 
3) Баға және тарифтер ұғымы. Электр энергиясына тарифтердің 
түрлері.
4) Нарық жағдайларында бағаны белгілеу негіздері.
5) Пайда және рентабельділік (пайдалылық). 
 
4.1 Өндірістік шығындарды жіктеу 
Өндірістік процестің барлық құрауыштары өндірістік шығындарды 
жасайды және оларды энергетикада не өндірістің жылдық шығындары, не 
пайдалану шығындары, немесе ағымдағы шығындар деп атайды.
Шығындар – ұйымның өз қызметін ұйымдастыруға қажетті өндірістік 
факторлар шығындарының ақшалай көрінісі.
Өзіндік құн – ақшалай формада көрсетілген өндірісті ұйымдастыруға 
және өнімді өткізуге кеткен ағымдағы шығындар. Өзіндік құнда өндіріс 
процесінде пайдаланылатын еңбек құралдары мен заттары, нақты еңбектің, 
сатымдық бұйымдар және жартылай фабрикаттар құнының бөліктері, 
көлденең ұйымдардың өндірістік қызметтері қамтылады.
Электр стансаларындағы өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін 
есепшілермен (бухгалтер) және жоспарлау бөлімімен (белгіленген тәртіпте 
ресімделген бастапқы құжаттардың негізінде) екі құжат жасалынады: 
шығындар сметасы және өзіндің құнның калькуляциясы.
Өнімді өндірудің және өткізудің шығындар сметасы – бұл өнім және 
қызметтің түрлері бойынша шығындарды бөлмей-ақ, өнімнің өзіндік құнына 
қатысты ағымдағы шығындар бір аттас экономикалық элементтер бойынша 
топтастырылатын құжат. Аттас шығындар бұл элементте барлық 
шығындардың осы ресурс түрінің шығындары бойынша есептелуін талап 
етеді.
Шығындар сметасы –тозуды өтеудің материалдарына, құралдарына, 
еңбекақыны төлеу қаражатына және жалпы кәсіпорын бойынша (электр 
станса) басқа да қажеттіліктерді анықтайтын қаржылық есепті немесе 
жоспарды дайындауға арналған бастапқы құжат.


25 
Шығындардың жоспарлы сметасы жоспарлық кезеңдегі шығындардың 
нормативтері негізінде, ал есепті сметасы өткен жылдағы есептердің 
нәтижесінде жасалады.
Жалпы сметалар энергокәсіпорын бойынша ай сайын және өспелі 
жиынмен не нәтижемен жасалынады. Кез келген саланың шығындар 
сметасында компоненттері өндіріс ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі 
болатын бес стандарттық элементтер ерекшеленеді.
Электр энергетикасы үшін смета шығындардың келесі топтастырулары 
бойынша жасалынады: 
1) материалдық шығындар: 
⎼ шикізат және материалдарды сатып алуға кететін шығындар; 
⎼ қосымша материалдарға кететін шығындар; 
⎼ көрсетілген қызметке төлеу шығындары; 
⎼ жанармай шығындары; 
⎼ энергияны сатып алуға кеткен шығындар (энергия өткізумен 
есептелінетін электр стансаларының шаруашылық қажеттіліктеріне арналған 
тарифтер бойынша меншікті қажеттіліктер үшін сатып алынады); 
⎼ шаруашылық тәсілмен жөндеу; 
⎼ мердігерлік әдіспен жөндеу.
2) еңбекақыны төлеу шығындары; 
3) бірыңғай 
әлеуметтік салыққа аударымдар (БӘС – 11 %. 
Шығындардың осы бабында Республикалық заңға сәйкес 5 % өлшемінде 
қаражат өндірістегі жазатайым оқиғадан және кәсіби сырқаттардан міндетті 
әлеуметтік сақтандыруға есептеліп жазылады); 
4) негізгі қаржының амортизациясы (кәсіпорынның салықтық есеп 
саясатына сәйкес аударылады); 
5) басқа да шығындар.
Шығындар сметасының құрылымы энергокәсіпорынның өнімін өндіру 
және өткізудің жиынтық шығындарындағы әрбір элементтің үлес салмағын 
сипаттайды.
Калькуляция негізінде өнім бірлігінің өзіндік құны есептелінеді, 
шығындар өнім мен қызмет түрлерінің арасында үлестіріледі.
Калькуляцияда шығындар келесі баптар бойынша топтастырылады: 
⎼ технологиялық мақсаттар үшін жанармай; 
⎼ технологиялық мақсаттар үшін су; 
⎼ өндірістік қызметкерлердің негізгі жалақысы; 
⎼ өндірістік қызметкерлердің қосымша жалақысы (бұл жалақы 
жұмысшылардың еңбек демалыстарын төлеуге қажетті ақша қаражатының 
қорын жасауға арналған және еңбек демалысының ұзақтығына тәуелді 
болады. кәсіпорынның салықтық есеп саясатының ережелеріне сәйкес бұл 
қор жасалмауы да мүмкін); 
⎼ бірыңғай әлеуметтік салыққа аударымдар; 


26 
⎼ жабдықты ұстау/күту және пайдалану бойынша шығындар (күштік 
және 
жұмыс 
машиналарының, 
тарату/табыстау 
құрылғыларының, 
аспаптардың, цехішілік көліктің амортизациясы); 
⎼ өндірісті даярлау және меңгеру шығындары (жүргізілетін шығындар); 
⎼ цех шығындары (цехты басқару аппаратының жалақысы,жалпы 
цехтық мақсаттағы ғимараттар мен құрал-жабдықтарды ұстау және жөндеу 
амортизациясы мен шығындары, еңбек қорғау шығындары); 
⎼ жалпы зауыттық (жалпы стансалық) шығындар (әкімшілік-басқару 
аппаратының жалақысы, іссапар және кеңсе шығындары, жалпы стансалық 
құралдарды ұстау және жөндеу амортизациясы мен шығындары және т.б.); 
⎼ сатымдық энергия.
Өзіндік құнды калькуляциялау әдістемесі өзіндік құнның құрауыштарын 
олардың экономикалық мазмұндары бойынша ғана емес, шығындардың 
бағыты бойынша да бөлуге, өндірістің әрбір кезеңі және калькуляцияның 
жекеленген кезеңдері бойынша шығындардың нақты деңгейін белгілеуге, 
жоспарлық тапсырмалармен салыстырып қарағанда – ауытқуларды табуға, 
артық шығындарды немесе жұмсауларды жол бермеуге және олардың пайда 
болу себептерін жоюға мүмкіндік береді.
Калькуляциялаудың мақсаты өндірілген тауардың және тауар бірлігінің 
барлық көлемінің өзіндік құнының экономикалық негіздемелік есебі, 
белгіленген тапсырмалардың орындалуын бақылау үшін шығындардың 
жоспарлы көрсеткіштері бар тұтас және жекелеген баптары бойынша нақты 
өзіндік құнды салыстыру, олардың өзгерістерінің себептері мен шарттарын 
және олардың энергокәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсерін анықтау болып 
табылады.
Смета сияқты калькуляция да есепті, жоспарлы, жобалық болуы мүмкін. 
Басқа салалардан айырмашылығы электр энергетикасында өндірілген емес, 
сатылған тауар бірлігінің, электр стансалары үшін – станса шиналарының, ал 
энерго-АҚ үшін – тұтынушымен пайдалы сатылған тауардың өзіндік құны 
есепетелінеді.
Шығындарды біртектілік дәрежесі бойынша сапалы әр текті 
элементтерді біріктіретін элементтік (яғни, біртекті) және кешенді деп бөлуге 
болады. Элементтік шығындарға, мысалы, отын-жанармай шығындары, 
өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысына кететін шығындар жатады. 
Кешенді шығындарға қосымша материалдарға, жалақыға, энергияға және т.б. 
кететін элементтік шығындардан тұратын цех шығындары жатады.
Өнімді шығару көлемінің әсері бойынша шығындарды шартты-
тұрақты және шартты-айнымалы деп бөлуге болады. Энергокәсіпорындағы 
шартты-тұрақты шығындар шығарылатын өнімнің көлеміне тәуелді 
болмайтын (оған қызметкердің еңбекақысын төлеумен байланысты 
шығындарды, амортизациялық аударымдарды жатқызуға болады) шығындар 
болып табылады. Шартты-айнымалы шығындар – бұл негізінен өнімнің 
(энергия өндіру) көлеміне тура пропорционалды болатын шығындар, оларға 
отын-жанармай, суға төлеу және т.б. шығындар жатады.


27 
Өндіріс процесіндегі рөлі бойынша электр стансасының барлық 
шығындарын өндірістік және бейөндірістік немесе өндірістік емес шығындар 
болып бөлінеді. Өндірістік емес шығындар өнімнің өзіндік құнында есепке 
алынбайды.
Өндірістің сипатына қарай негізгі және үстеме шығындарды 
ерекшелейді. Өнімді өндіру процесіне тікелей байланысы бар шығындарды 
негізгі шығындарға (шикізат, материал, отын-жанармай шығындары, 
өндірістік қызметкердің жалақысы және т.б. шығындар) жатқызады. Қосымша 
өндіріс шығындарын үстеме шығындарға жатқызады. Солар және басқалары 
да өнімнің өзіндік құнында ескеріледі.
Кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын есептеу бірнеше себептер бойынша 
қажет: біріншіден, өнім бірлігінің өзіндік құны шығарылған өнімнің бағасын 
анықтаудың негізі болып табылады; екіншіден, өзіндік құнды есепту 
кәсіпорын 
жұмысының 
тиімділігі 
мен 
пайдалылығын 
бағалауда 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет