Алматы энергетика


 Өндірістік өзіндік құнын төмендету жолдары



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

 
4.2 Өндірістік өзіндік құнын төмендету жолдары
Өзіндік құнды төмендету факторларын ұлғайтылған екі топқа 
біріктіруге болады: 
1) Техникалық деңгейді көтеру – техникалық базаның және техникалық 
деңгей өсімінің өзгеру процесі. Бұл өзгерістер ең алдымен мыналардың 
есебінен жүзеге асады: 
- негізгі қорларды пайдалануды жақсарту: керексіз және ескірген негізгі 
қорлардан, оларды рационалды пайдаланудан арылу, қызмет көрсетуші 
қызметкердің біліктілік деңгейін арттыру; 
- материалды ресурстарды тиімді пайдалану негізінде материал 
сыйымдылығын немесе материалдық шығындарды азайту: қоймадағы 
шығындарды, жарамсыз өнім ысыраптарын азайту, үдемелі/прогрессивті 
технологияларды қолдану, жаңа әлдеқайда тиімді жеткізушілерді іздестіру 
және т.б.; 
- еңбек өнімділігін арттыру, және сәйкесінше еңбек сыйымдылығын 
азайту. Нәтижесінде өнімнің жаңа көлеміне түзетілген тауар бірлігінің және 
т.б. есебінде еңбекақы төлеу және бірыңғай әлеуметтік шығындарын 
төмендету есебінен үнемдеу қамтамасыз етіледі.
2) Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдуру – өндірісті 
мамандандыру, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т.б. нәтижесінде 
өзіндік құнның төмендеуіне әсер етеді: 
- өнім бірілігі есебінде минималды орташа шығындар есебінен 
ұйымдастыру мен үнемдеудің ұтымды көлемін анықтау; 
- жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту: бос тұру/тоқтап қалуларды 
азайту, жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттыру, еңбек ұжымының 
оңтайлы санын анықтау, еңбекақы төлеудің экономикалық ақталған 
формаларын қолдану, еңбек жағдайын жақсарту және т.б. 


28 
4.3 Баға және тарифтер ұғымы. Электр энергиясына тарифтердің 
түрлері 
 
Баға – экономикалық қатынастар ең алдымен нарық (тауар құнының 
ақшалай көрінісі) арқылы көрінетін тауарлық өніммен шартталған 
экономикалық категория. Баға – нарық заңдарының: сұраныс және ұсыныс, 
бәсекелестік, монополиялау әсерінде болатын нарықтық фактор.
Бағаны белгіленімінің екі негізгі жүйесін ажыратады: сұраныс пен 
ұсыныстың өзара әрекеттестігі негізіндегі нарықтық баға белгіленімі және 
мемлекеттік органдармен бағаны белгілеу негізіндегі орталықтандырылған 
мемлекеттік баға белгіленімі.
Энергетикалық салада бағаны белгілеудің екі тәсілі де қолданылады. 
Электр энергетикасы саласында энергонарықтар жүйесі жұмыс жасайды. Ол 
бөлшектік, көтерме (ЭҚКН – Электр энергиясы және қуаттың көтерме 
нарығы) және ұйымдасқан бәсекелі нарықтарынан тұрады.
Бөлшектік және көтерме энергонарықтарда бағаны белгілеу арнайы 
мемлекеттік органдардың тарифтік реттеу формасымен жүзеге асырылады. 
Бәсекелі нарықта бағаны белгілеу нәтижесінде тепе-теңдік баға орнатылатын 
бағалық бәсекелестіктің әсерімен іске асырылады. Энергетикалық тарифтер 
бағалар болып табылғандықтан, нарықтық баға белгіленімі заңдарына 
бағынуы тиіс.
Әдетте, нарықта кез келген өнімнің бағасы сұраныс пен ұсыныстың 
арақатынасына байланысты жасалынады. Кез келген өндіруші өз өнімі үшін 
өндіріс шығындарын жабатындай және жабдықты жаңарту, өндірісті дамыту, 
нарық жағдайларында күн көріс үшін ең төменгі пайда алатындай соманы 
алуы тиіс. Сонда энергокәсіпорын өнімінің бағасы, яғни өндіріс бағасы (Б) 
өзіндік құн (Ө) мен минималды нормативтік пайданың (П
н
) қосындысы 
ретінде көрсетілуі мүмкін:
н
П
Ө
Б


, теңге. 
(4.1) 
Нормативтік пайда – бұл кәсіпорынның нарықтың қазіргі заманғы 
талаптарына сай келу үшін өз өнімінің қажетті бәсекеге қабілеттік деңгейін 
қолдай отырып және технологияны уақытылы жаңартатын және басқа да 
әрекеттерді орындай отырып, кәсіпорынның нарық жағдайларында аман қала 
алатын, қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ете алатын пайданың ең 
төменгі деңгейі.
Нарыққа шыға отырып, өндірушілер ең жоғарғы пайданың 
экономикалық заңдарына сүйенеді, яғни ең жоғарғы (максималды) пайда 
табуға ұмтылады, сондықтан да баға сәйкес өнімнің сұранысы мен 
ұсынысының арақатынасына байланысты белгіленеді.
Энергетикалық өнімнің бағалары мен тарифтері нарық жағдаятына 
айтарлықтай аз ұшырайды, себебі, біріншіден, энергияға сұраныс іс жүзінде 


29 
тұрақты, «икемді емес» және, екіншіден, отын өнеркәсібі және энергетика 
негізінен табиғи монополистер болып табылады. Бұл жағдайларда 
энергетикалық өнімнің бағасын реттеумен энергияға және кейбір отын 
түрлеріне аймақтық тарифтерді белгілейтін мемлекет шұғылданады. 
Электр және жылу энергиясының тарифтері энергокәсіпорындармен 
белгіленген тарифтер деңгейін қарастыратын және реттеп басқаратын арнайы 
құрылған Республикалық Агенттікпен және оның аймақтық филиалдарымен 
реттеледі.
Сараланған баға ретінде баға және тариф ұғымы өндірістік-
шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері, яғни кәсіпорынның қаржылық 
және экономикалық орнықтылығы тәуелді болатын маңызды техника-
экономикалық категория болып табылады. Энергетикалық өнімнің баға 
сараланымы бірнеше себептер бойынша жасалады:
- ең жоғарғы (максимум) электртұтынуды қолдану сағаттарының саны 
бойынша;
- жүктеменің тәуліктік кестесін толтыру бойынша;
- тұтыну деңгейі бойынша және т.б. 
Белгілі аймақта (облыс, қала, ауыл) электр энергиясының бөлшек сауда 
жеткізілімін іске асыратын Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (ЭЖҰ) осы 
аймақтың тауарлық нарығында монополиялық немесе басымдық орынды 
иеленетін реттеуші нарықтың субъектісі болып табылады. Осыған орай 
энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жеткізілетін электр энергиясының 
бөлшек сауда бағалары (тарифтер) табиғи монополияларды реттеу бойынша 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу Агенттігінің (бұдан әрі 
Агенттік) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттемелі 
нарықтар туралы» Заңына сәйкес келеді. Электр стансалары үшін 13 топтарға 
таратылған шекті рауалы/мүмкін тариф ескерілген және одан жоғары электр 
энергиясын шығаруға станса құқылы емес.
Электр энергиясының тарифтерін және энергия тасымалдаушыларды 
келесі түрде жіктеуге болады.
Бір мөлшерлемелі тарифтер – белгілі мөлшерлеме бойынша іс жүзінде 
тұтынылған энергия төлемі. Электр энергиясының барлық тұрмыстық
ауылшаруашылықтық тұтынушылары, сондай-ақ, өнерәсіптік және оларға 
баламалы тұтынушылар да егер олардың жалғанған қуаты 750 кВА аспайтын 
болса жеткізушілермен осылай есеп айырысады.
Электр энергиясының бөлшек сауда тұтынушылар үшін төлем тәулік 
бойында тұтынған көлемі мен уақытына байланысты жүзеге асырылады.
ЭЖҰ жеткізілетін электр энергиясына бөлшек сауда тарифтерінің үш 
түрі бар: 
1) ЭЖҰ тиянақты жиынтық шығындары мен пайдаларына негізделген 
орташа сату/өткізу тарифі; 
2) тұтыну көлемі бойынша сараланған тариф; 
3) тәуліктік зона бойынша сараланған тариф. 


30 
Жеке тұлғалар электр энергиясын тұтыну көлемі бойынша сараланған 
тариф арқылы, және тәуліктік зона бойынша сараланған тариф арқылы да 
тқлей алады; ал заңды тұлғалар – тек тәуліктік зона бойынша сараланған 
тарифтер бойынша төлем жасай алады.
Екі мөлшерлемелі тарифтер – жүктеме (негізгі мөлшерлеме) 
максимумының шамасы қолданылып жатқаны не жатпағанына байланыссыз 
түрде мәлімделген максимумы үшін төлеу; және санауыш бойынша (қосымша 
мөлшерлеме бойынша) іс жүзінде тұтынылған энергия үшін төлем. Есептеудің 
мұндай тәртібі барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар және жалғанған қуаты 750 
кВА асатын оларға теңгерілген тұтынушылар үшін енгізілген.
,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет