Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Ж
қос
қ
Н
Э
Э
Т
Р
Т
Т




(4.2) 
мұндағы Т
н
- 1 кВт мәлімделген қуат үшін негізгі тариф (қуат мөлшерлемесі, 
теңге/кВт);
Р – мәлімделген қуат, кВт;
Т
қ
- қосымша тариф (тұтынылған энергия бірлігіне мөлшерлеме), 
теңге/кВт
·сағ; 
Э
ж
– бір жылда тұтынылған электр энергиясының көлемі, кВт
·сағ.
Екі мөлшерлемелі тарифті қолдану, біріншіден, электр энергиясын 
өндірушілердің шартты-тұрақты шығындарын өтеуді қамтамасыз етеді, 
екіншіден, тұтынушылардың жүктеме кестесін деңгейлестеруге жағдай 
жасайды.
Үш мөлшерлемелі (көп мөлшерлемелі) тарифтер – екі мөлшерлемелі 
тариф сараланған төлеммен толықтырылады: тарифті жүктеменің ең жоғарғы 
сағатына көтеру, тарифті жартылай пиктік (жартылай шарықтаулы) жүктеме 
сағатына және электр энергиясының жеңілдікті тарифін түнгі сағатқа, ал 
«түнгі тарифті» жүктеменің «құлау» тарифіне төмендету. Есептеудің мұндай 
тәртібі тек ірі тұтынушылар үшін ғана маңызға ие.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен көтерме сауда нарығында 
электр стансалырының топтары бойынша 2015 жылға дейінгі шекті тарифтері 
бекітілген.
Өкілетті орган электр энергиясы өндірушілерінің өзіне жыл сайын 
қабылданатын инвестициялық міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге 
асырады.
Электр энергиясы нарығының және қуаттың бағалар мен тарифтерге 
қатысты нарықтағы қазіргі концепцияына сәйкес қызмет ету үлгілерін 
жетілдіруге байланысты келесі тәсіл әрекет етеді: табиғи монополияның 
субъектілері бойынша.
Аймақтық электр желілік компаниялар тарифті есептеу кезінде 
инновацияны дамыту үшін ынталандырулар жасайтын салыстырмалы талдау 


31 
тәсілін қолдануы тиіс: нарықта басым орынды иеленетін нарық субъектілері 
бойынша.
Электр жабдықтаушы ұйымдармен түпкі тұтынушыларға өткізілетін 
электр энергиясына түпкі тарифтерді бекітудің орына, электр жабдықтаушы 
ұйымдар бойынша тарифтік үстемелерді бекіткуге көшкен жөн.
Электр энергиясын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша 
ынталандырулар жасау мақсатында электр жабдықтаушы ұйымдар үшін 
Үкімет тәулік уақыты және тұтыну көлемдері бойынша тарифтерді есептеу 
әдістемесін, сондай-ақ, бағаның орташа деңгейінен минималды және 
максималды ауытқулардың өлшемдерін (шектерін) бекітуі тиіс.
Бәсекелесуші ЭЖҰ-дармен жеткізілген қызметтер мен электр 
энергияларының бағасы Үкіметпен бекітілген ережелер шеңберінде олармен 
өз бетінше беллігеленеді. Бұл ретте ЭЖҰ тұтынушыларға жеткізілетін электр 
энергиясының бағаларына қатысты әртүрлі шарттарды ұсына алады: көтерме 
сауда нарығынан электр энергиясын сатып алуға, оны таратуға кеткен 
шығындарға және теңгерімсіздікті төлеумен байланысты шығындарға 
қарамастан баға ай сайын төмендеу жағына, әрі жоғарылау жағына қарай 
өзгеруі мүмкін; баға белгілі бір кезең бойына (жарты жыл немесе бір жыл) 
тұрақты болып табылады.
Бәсекелі (монополияға қарсы) саясатқа жауап беретін Мемлекеттік орган 
қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы нарықтағы бәсекелестік жағдайын 
бақылауды жүзеге асырады.
Дерекнама: ATFBank Reseerch «Корем» АҚ 
4.1 сурет – Қазақстандағы және Еуропа елдеріндегі электр энергиясы 
тарифтерін салыстыру мәліметтері 


32 
Электр энергиясын өндіру саласында әрекет етеді: 
⎼ инвестициялық құрауыштарды есепке алмайтын электр энергиясының 
шектік бағалары; 
⎼ қолданыстағы өндіріс активтерін жаңартуға, қолдауға, қайта 
құрастыру және техникамен қайта қаруландыруға салынған инвестицияның 
қайтарымдылығын қамтамасыз ететін электр қуатының дайындығын қолдау 
қызметтерінің шектік бағалары. 
Энергия өндіруші ұйымдар, әдетте, электр энергиясын өткізеді және 
шектік бағалардан төмен белгіленген электр қуатының даярлығын қолдау 
бойынша қызметтер көрсетеді.
Көтерме сауда базарында электр энергисының және электр қуатының 
даярылығын қолдау қызметтерінің бағалары белгілеу еркін болады және 
белгіленген ережелерге сәйкес орталықтандырылған элекронды саудаға 
шығарылады.
Нарықтағы тапшылық жағдайында электр энергиясы мен қуаты 
бағаларының бірден шашырауына тап болмау үшін Үкімет электр энегиясы 
мен қуатқа шектік баға деңгейлерін белгілейді.
Бөлшек сауда нарығында электр энергиясының бағасы екі жақты келісім 
негізінде жақтардың келісімі бойынша жасалады, бұл ретте электр энергиясын 
бөлшек сауда нарығында өткізетін энергия өндіруші ұйым оны белгіленген 
шекті бағалар деңгейінен аспайтын бағада сатуға міндетті. Егер электр 
энергиясын бөлшек сауда нарығында өткізетін энергия өндіруші ұйым 
аймақта электр энергиясын өндіру бойынша монополист ретінде мойындалған 
болса, онда ол электр энергиясын белгіленген бағасында өткізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет