Алматы энергетика


Кәсіпорынның энергия үнемдеу саясаты. Кәсіпорынның



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
 
7.3 Кәсіпорынның энергия үнемдеу саясаты. Кәсіпорынның 
энергоаудиті 
Әрбір кәсіпорында энергия үнемдеу саясаты жүргізіледі. Нәтижесінде, 
әдетте, баламалы бастапқы энергоресурстарды, энергетикалық және 
технологиялық жабдықты және олардың энергияны үнемдеу бойынша 
жүргізілетін науқандарды басқару әдістерін пайдалануды бағалау жүзеге 
асады.
Сонымен қатар, жұмыстың осы кезеңі барысында энергоресурстарды 
пайдаланудың алдыңғы қатынастарының айқын шығындарын жоюмен 
байланысты энергияны үнемдеу шығынсыз және аз шығынды тәсілдері 
байқалады.
Кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сәйкес олардың тиімділіг мен құнын 
ескере отырып, болжалды іс-шараларды саралау жүзеге асады. Өндірістік 
процестерді энергиямен қамтамасыз етудің жаңа, үздіксіз пайда болатын 
технологиялары ақшалай қаражатты қосымша салымдарын талап ететін 
болады. Сондықтан да, ең алдымен, барлық топтар үшін қажетті жедел, тегіс 
қамтитын ақпаратын қамтамасыз ететін энергетикалық басқарудың 
ақпараттық жүйесін жасау бойынша қадамдар жасау қажет. 
Ол үшін басшылықтың білікті энергетикалық қызметкерлер құрамын,
жұмыстың тиісті қаржыландырылуын тарту, жағдайды динамикалық зерттеу, 
соның ішінде, материалды өндірісті энергиямен жабдықтаудың жаңа 
технологиялары бойынша тұрақты қолдауы талап етіледі.
Дәстүрлі орталықтандырылған энергиямен жабдықтаудың баламасы 
кәсіпорынның жылумен және энергиямен қамтамасыз ету жүйелері үшін 
энергияның дәстүрлі емес және төмен әлеуетті түрлерін іздеу және пайдалану 
болып табылады.
Дәстүрлі емес жаңартылған энергия көздеріне жатады: күн энергиясы, 
жел энергиясы, жер астындағы сулардың, топырақтың, су қоймасының, 
қоршаған орта ауасының жылулықтары.
Энергошаруашылықтың объективьті жғадайын ұсыну, оның тиімділігін 
анықтау үшін кәсіпорындардың энергоаудитін жүйелі түрде өткізіп тұру 
қажет.
Энергоаудит – энергоресурстарды пайдалану тиімділігі үшін 
кәсіпорынды зерттеу және энергетикалық шығындарды қысқарту бойынша 
ұсыныстарды дайындау.
ҚР 13.01.2012 № 541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 
арттыру туралы» Заңына сәйкес 2012 жылдың шілдесінен бастап кәсіпорын 
энергоаудиті бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша 
әкімдердің ҚР қалаларындағы және өңірлеріндегі энергияны және энергия 


47 
ресурстарын үнемдеу мәселері бойынша атқарған қызметі бағаланатын 
болады.
Мақсаттары мен міндеттеріне байланысты энергетикалық зерттеудің 
келесі түрлерін ерекшелейді: іске қосылғанға дейінгі және пайдалануға 
дейінгі, бастапқы, периодтық (қайталанатын), кезектен тыс, жергілікті және 
экспресс (жылдам)-зерттеу (немесе тексеру).
Энергоаудитті жүргізу кезінде техникалық мәселелерден бөлек 
экономикалық мәселелер де пайда болады. Энергоаудит жұмысының нәтижесі 
болып 
табылады: 
кәсіпорынның 
энергетикалық 
паспорты, 
отын-
энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша 
жүргізілген зерттеу есебі және ұсыныстар.
Энергетикалық паспорт өнеркәсіптік тұтынушы үшін немесе энергетика 
кәсіпорыны үшін жасалынады. Энергетикалық паспорт кәсіпорынның 
энергошаруашылығы және оның тиімділігі туралы негізгі деректер жиналған 
құжатты сипаттайды. Энергоаудитті жүргізу нәтижелері бойынша 
компаниямен ұсынылған іс-шаралар кешені шығындардың (кіші-, орташа- 
және көпшығынды) және өтелу мерзімінің шамасы бойынша сараланады: бұл 
қаржыландыру көзін және оларды кезекті іске асырудың жабдығын анықтау 
үшін қажет.
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы нені сипаттайды? 
2) Кәсіпорын энергетикасын басқару функцияларын атаңыз. 
3) Қосалқы (екіншілік) энергетикалық ресурстар дегеніміз не? Қосалқы 
энергетикалық ресурстарды пайдаланудың қандай тәсілдері бар? 
4) Негізгі қорлардың деңгейін жоғарылату бойынша қандай іс-шаралар 
өнеркәсіптің ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет