Алматы энергетика


 Инвестиция тиімділігін есептеу



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
8.5 Инвестиция тиімділігін есептеу 
Бизнесте ұзақ мерзімді инвестициялар туралы шешімді қабылдау 
кезінде олардың тиімділіктерін болжау қажеттілігі туындайды. Ол үшін келесі 
көрсеткіштер есептелінеді: таза келтірілген құн – NPV; инвестицияның 


53 
рентабельдік индексі – PI; табыстылықтың ішкі нормасы – IRR
инвестицияның дисконтталған өтелу мерзімі – DPB
Жобалардың тиімділігін бағалаудың халықаралық тәжірибесі ақшаның 
уақыттық құнының концепциясына негізделеді.
Инвестицияланатын 
капиталды 
пайдалану 
тиімділігін 
бағалау 
инвестициялық жобаны және бастапқы инвестицияны іске асырупроцесі 
кезінде қалыптасатын ақша ағынын (cashflow) салыстыру жолымен 
жүргізіледі. 
Егер капиталды ұсынатын инвесторлар үшін инвестицияның бастапқы 
сомасы мен талап етілетін табыстылықтың қайтарылуы қамтамасыз етілсе, 
онда жоба тиімді деп танылады.
Инвестицияланатын капитал ақша ағыны сияқты қазіргі уақытқа немесе 
нақты есептік жылға (әдетте, жобаны іске асырудың басталуынан бұрын) 
келтіріледі.
Ақшаның келешектегі құнын ағымдағы (қазіргі) құнына келтіру (түзету) 
процесі дисконттау деп аталады.
Капиталды салымдарды және ақша ағындарын дисконттау процесі 
инвестициялық жобалардың ерекшеліктеріне байланысы анықталатын 
дисконттың әртүрлі мөлшерлемелері бойынша жүргізіледі. 
Дисконт нормасы инвестициялантын капиталдағы алғысы келетін 
немесе ала алатын жыл сайынғы қайтару пайызына байланысты инвестормен 
белгіленуі мүмкін. 
Дисконттау коэффициентін есептеу формуласы:


t
t
E


1
1


(8.8) 
мұндағы 


– дисконттау коэффициенті; 
Е – дисконт нормасы; 
t – дисконттауды есептеу уақыты. 
Е – қарастырылатын кезеңде экономикадағы дағдарыстық процестерді, 
жоба табыстылығының минималды кепілдік деңгейін және инвестициялық 
тәуекелділікті есепке ала отырып, әртүрлі уақыттағы шығындарды келтірудің 
нормативі.
Таза келтірілген құн (NPV) ақша ағындарын дисконттау әдісінің тобына 
жатады. I
0
бастапқы шығындардың сомасы, яғни жоба басындағы 
инвестиция сомасы, РV – жобаның экономикалық өмірі кезіндегі ақша 
ағынының қазіргі құны болсын. Дисконтталған табыстардың жалпы
жинақталған кірісі келесі формула арқылы есептеледі:




n
t
t
t
r
P
PV
1
,
)
1
(
(8.9) 


54 
мұндағы r –дисконт нормасы;
п – жобаны іске асыру кезеңдерінің саны
Р
t
– t кезеңіндегі төлемдердің таза ағыны.
Шығындардың ағымдағы құны (I
0
) табыстардың ағымдағы құнымен 
(PV) салыстырылады. Олардың айырымы жобаның таза ағымдағы құнын 
(NPV) құрайды:




n
t
t
t
r
P
PV
1
)
1
(

(8.10) 
Егер осылайша есептелген төлемдер ағымының таза қазіргі құны оң 
таңбаға (NPV> 0) ие болса, онда жоба өзінің экономикалық өмірі бойында 
бастапқы шғындардың I
о
орнын толтырады, белгіленген стандартқа сәйкес 
пайданы және де оның NPV-ға тең кейбір қорын алуды қамтамасыз етеді деп 
түсіндіріледі. Егер < 0 болса, онда жоба нарықтықтан төмен табысқа ие 
болады және сондықтан да мұндай жағдайда жобадан бас тартқан жөн.
Рентабельдік индексі (PI) келтірілген нәтиженің инвестициялық 
шығындар өлшеміне қатынасымен анықталады: 
.
)
1
(
I
r
PV
PI
t
t
t



(8.11) 
Демек, егер РI> 1 болса, жобаны қабылдау керек, ал егер РI< 1 болса, 
жобадан бас тартқан жөн. РI = 1 болса, жоба не пайдалы, не залалды 
болмайды. РI өлшемінің логикасы былай: ол шығындар бірлігіндегі табысты 
сипаттайды. Таза келтірілген нәтижеден айырмашылығы рентабельдік индексі 
салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.
Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы (IRR) жобадан түскен 
дисконтталған табыстарының инвестициялық шығындарға тең кезіндегі 
дисконт нормасын сипаттайды: NPV = 0, ал IRR = Е. Табыстылықтың ішкі 
нормасы меншік иесі үшін ешқандай ысырапсыз қаражатты инвестициялауға 
болатын дисконттың ең жоғарғы тиімді мөлшерлемесін анықтайды. Оның 
мәнін келесі теңдік арқылы табады:
.
0
)
1
(
1





n
t
O
t
t
I
r
PV
(8.12) 
PV мәнінің I

мәнімен шамамен теңесуі үшін IRR дисконт 
нормаларының (берілген Е-ден жоғары) мәндерін итарциялау әдісімен 
анықталады және ол сосын капиталға салынатын инвестормен талап етілетін 
табыс нормасымен теңестіріледі.


55 
Егер IRR инвестормен талап етілетін табыс нормасына тең немесе үлкен 
болса, онда бұл жобадағы инвестициялар ақталған болады, кері жағдайда бұл 
жобадағы инвестициялар мақсатқа сай емес болып табылады.
Бақылау сұрақтары: 
1) Капитал 
салымы 
және 
инвестиция 
ұғымдарындағы 
айырмашылықтарды анықтаңыз. 
2) Инвестициялық цикл қандай циклдарға бөлінеді? 
3) Уақыт факторын ескерусіз жобаны бағалауда қолданылатын негізгі 
көрсеткіштерді атаңыз. 
4) Уақыт факторын ескергендегі жобаны бағалауда қолданылатын 
негізгі көрсеткіштерді атаңыз. 
5) Экономикалық 
талдауды жүргізу кезінде нәтижелерді және 
шығындарды дисконттауды (есептеу) қандай мақсатпен қолданады? 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет