41
құрал-саймандар мен жабдықтар, жөндеу
жұмысшыларының разрядтары
көрсетілетін технологиялық карталар (маршруттық карталар) жасалады.
Жөндеу-профилактикалық жұмыстарының барлық түрлерін жоспарлау
және қаржыландыру үшін кәсіпорындар өздері дайындайтын және бекітетін
жөндеуге кететін шығындар нормативтері негізінде
арнайы жөндеу қорын
жасайды.
Кәсіпорындағы капиталды жөндеуді қаржыландыру капиталды жөндеу
жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспарды қолданыстағы нормалар, бағалар,
тарифтер есепке алынған жекеленген объектілерді жөндеу бойынша сметалы-
қаржылық есептеулер негізінде құрады.
Капиталды жөндеу шығындарының құрамына кіреді:
- жобалық-сметалық
шығындар;
- жөндеу жұмыстарының төлемі;
- жаңа бөлшектердің, түйіндердің, агрегаттардың құны;
- ғимараттар мен құрылыстардағы тозған құрылымдар мен бөлшектерді
ауыстыру құны.
Капиталды жөндеуді қаржыландыру тәртібі оны жүргізудің тәсіліне
байланысты болады.
Келісімшарт негізінде машиналарға,
жабдықтарға, көлік құралдарына
мердігерлік тәсілмен капиталды жөндеуді іске асыру жағдайында есептесулер
толығымен жөнделген түйіндерді, агрегаттарды және т.б. қабылдау актілері
бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық тәсілмен іске асырылатын жөндеуге қатысты есептесулер
әдетте, шығындардың жекеленген элементтері бойынша жүргізіледі:
жалақыны төлеу, материалдық
құндылықтар, бөлшектер және т.б. төлемі.
Жалға алынған негізгі өндірістік құралдардың капиталды жөндеу
шығындары жалға алу келісіміне сәйкес есептеледі.
Негізгі өндірістік емес құралдарды жөндеу кәсіпорын иелігінде қалатын
пайдамен, сондай-ақ, аталған негізгі құралдардың
ағымдағы құрамын
қаржыландыратын басқа да көздермен қаржыландырылады.
Достарыңызбен бөлісу: