7.2 Кәсіпорындарды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырудың экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың ұтымды тәсілдерін таңдау әдістемесі Энергиямен жабдықтау объектілерінің экономикалық тиімділігі
қамтамасыз етіледі:
- тұтынушылардың энергиямен жабдықталу сенімділігін арттыру;
- электр энергиясының сапасын арттыру;
- пайдалану (эксплуатациялық) шығындарын үнемдеу;
- әрекеттегі кәсіпорын жағдайларында орналасытырудың ықшамдылығы
немесе тығыздығы.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығы негізгі міндеттері:
- кәсіпорынның энергоресурстарға және оны өтеудің ең үнемді
тәсілдеріне қажеттіліктерін анықтау;
- кәсіпорынды және оның бөлімшелерін қажеттіліктеріне сәйкес
тұрақты энергиямен жабдықтауды ұйымдастыру;
- кәсіпорында энергетикалық жабдықты және желілерді пайдаланудың,
техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуді ұтымды ұйымдастыру;
- энерготұтынуды қысқартуға, энергияны және отынның басқа түрлерін
үнемдеуге, қосалқы энергоресурстарды және энергияның дәстүрлі емес
көздерін пайдалануға, кәсіпорынның энергиямен жабдықтау және
энергошаруашылықты ұстау шығындарын азайтуға, өнімнің өзіндік құнында
энергияның жұмсалуын және энергетикалық құрамдасты қысқартуға
бағытталған іс-шараларды дайындау және жүргізу.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның энергия тұтыну көлемі мен құрылымы,
оның
энергиямен
жабдықтауын
ұйымдастыру
өндірістің
энергия
жұмсалымына, кәсіпорынның өндірістік қуаты мен өлшеміне шығарылатын
өнімнің түріне және технологиялық процестердің сипатына, сыртқы
энергетикалық
желілермен
энергоресурстарды
жеткізушілермен
байланысының дамығандығына тәуелді болады.
Энергиямен жабдықтау сұлбасын құрастырудың негізін қалайтын
қағидалардың бірі аралық трансформациялау және аппараттар сатысының ең
аз санды тұтынушыларға жоғарғы кернеу көздерін немесе аралық стансаларды
максималды мүмкін жақындатуды білдіретін терең енгізуді қолдану болып
табылады.
Кәсіпорында электр энергиясын бөлу немесе үлестіру радиалды,
магистральдық немесе құрама (комбинацияланған) сұлбалар бойынша жүзеге
46
асырылады. Сол не басқа сұлбаны таңдауға техникалық және экономикалық
факторлар әсер етеді.