Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

Мазмұны 
 
1 дәріс. Курстың пәні мен міндеттері

2 дәріс. Кәсіпорынның негізгі және ағымдағы активтері 

3 дәріс. Кәсіпорынның еңбек ресурстары 
16 
4 дәріс. Өндірістің өзіндік құны, энергетикалық саладағы баға белгіленімі 
және тарифтер 
21 
5 дәріс. Қазақстанның және энергокәсіпорындардың салық жүйесі 
33 
6 дәріс. Энергожабдықты ұйымдастыру, пайдалану және жөндеу 
экономикасы 
35 
7 дәріс. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздері 40 
8 дәріс. 
Жобалық талдау. Энергетикадағы техника-экономикалық 
есептеулер 
45 
Әдебиеттер тізімі
54 



1 дәріс. Курстың пәні мен міндеттері 
 
Дәрістің 
мақсаты: 
экономика, 
энергетиканың 
технологиялық 
ерекшеліктері және элекр энергиясының (қуат) нарық жағдайы туралы 
білімдер жүйесін қалыптастыру.  
Дәрістің мазмұны: 
1) Энергетика экономикасы курсының міндеттері және объектілері. 
2) Электр энергиясының тауар ретіндегі сипаттамасы. 
3) Қазақстанның электр энергиясының нарық жағдайы.
 
1.1 Пәнді зерттеудің міндеттері және объектілері 
 
Энергетика экономикасы – бұл саланың ел экономикасының басқа 
салаларымен өзара байланыста қызмет ету және даму заңдылықтарын, сондай-
ақ, нарықтық жағдайларда оны басқарудың ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. 
Электр энергетикасы субъектілерінің өзара, ресурстар нарықтарындағы 
басқа салалардың қатысушыларымен, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен 
экономикалық қарым-қатынастары энергетика экономикасының зерттеу пәні 
болып табылады. 
Пәннің негізгі мақсаты – өндіріс факторларын экономикалық талдау 
және энергияны орындау негізінде нарық субъектілерінің шаруашылық 
қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастарының экономикалық 
табиғатын, сондай-ақ, экономикалық табиғат білімдерін және өзіндік құнды, 
пайдалылықты (рентабельдік), баға белгіленімін және энергетикалық 
бизнестің тиімділігін ашып көрсету.
Энергетика экономикасының негізгі міндеттері – электр энергетикасы 
мен кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын, оның жеке элементтерін 
дамытудың және пайдаланудың оңтайлы бағыттарын анықтау, материалды, 
еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану әдістерін белгілеу.
XX ғ. басында белгілі ғалым Г.М. Кржижановскийдің еңбектерінде 
энергетика туралы негізгі ұғымдар табиғи энергетикалық ресурстан отынды 
және энергияны тұтынуға дейінгі біртұтас, ажырағысыз тізбек ретінде 
тұжырымдалды. Тап осы тұжырым «Отын-энергетикалық кешені» ұғымына 
негіз болды. Мұндай кешенді жүйелік-техникалық тәсіл қашан да жылу-
энергетикалық кешеннің экономикасы болған энергетика экономикасының 
негізгі жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтайды. 
Экономика үш анықтамадан тұрады:
Экономика – бұл біз орта мектептен бастап оқитын ғылым. Экономика 
шаруашылықты, адамдардың оны жүргізу тәсілдерін, тауар мен қызметті 
жасау 
процесінде 
адамдар 
арасындағы қарым-қатынастарды 
және 
шаруашылық процесстердің өту заңдылықтарын зерттейді.
Экономика – бұл шаруашылық, өмірін қамтамасыз ету және өз 
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдармен қолданылатын барлық 
проецесстердің жиынтығы.



Экономика (грекше οỉκος — үй және νόμος — ереже, заң, яғни 
«шаруашылықты жүргізу ережелері») – қоғамның шаруашылық қызметі, 
сондай-ақ, өндіру, үлестіру, айырбастау және тұтыну жүйелеріндегі қарым-
қатынастар жиынтығы. Қазіргі философияда экономика құн туралы ұғым 
позициясымен 
қаралған 
қоғамдық 
қатынастардың 
жүйесі 
ретінде 
қарастырылады. 
Экономиканың негізгі қызметі адамдардың тіршілік әрекеті үшін 
қажетті және оларсыз қоғам дами алмайтын игіліктерді тұрақты жасап отыру 
болып табылады.
Халық 
шаруашылығының 
барлық 
салаларының 
дамуындағы, 
адамдардың әл-ауқатының артуындағы жетекші рөл энергетикаға тиесілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет