37
Бірыңғай жер салығы
Радиожиіліктік спектрді пайдаланғаны үшін
төлем
Телефондық және ұялы байланыс үшін
төлем
Кеме жүзетін су
жолдарын пайдаланғаны
үшін төлем
Сыртқы
(көрнекі)
жарнаманы
орналастырғаны үшін төлем
Салықтарды келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:
- төлеуші және мемлекет қарым-қатынасындағы салық салу объектісі
бойынша (тура, жанама);
- салық салатын органдар бойынша;
- пайдалануы бойынша;
- объектінің экономикалық белгісі бойынша (нақты және жеке);
- мөлшерлеме сипаты бойынша (үйлесімді, үдемелі/прогрессивті және
кемімелі/регрессивті).
Тура салықтар – салық төлеушінің табысты түгел
алмаған сияқты
сезінетіндей түрде салық төлеушінің табыстарынан немесе мүлігінен
алынады.
Жанама салықтар – басқалай әлдеқайда айқын жолмен алынады және
бағаға үсетеме ретінде белгіленеді. Олар салық төлеушінің табысымен немесе
мүлігімен тікелей байланыспаған.
Мемлекет салықты алу үшін үш тәсілді қолданады:
1) негізден – иесі табысты алғанға дейін салықты алу;
2) декларация бойынша – иесі табысты алғаннан кейін салықты алу;
3) кадастр бойынша –сыртқы белгілері бойынша жіктелген,
объектінің
орташа табыстылығы көрсетілген, салық салу объектілерінің типтік тізімінен
тұратын тізілім салықты бойынша алу.
Салық есебі – салық салумен байланысқан нысандар/объектілер туралы
ақпаратты жалпылау және жүйелеу, сондай-ақ, салықтарды және басқа да
міндетті төлемдерді бюджетке есептеу және салық есеп-қисабын жасау
мақсатында ҚР Салық Кодексінің талаптарына сәйкес салық төлеушінің есеп
құжатын жүргізу процесі.
Бақылау сұрақтары:
1) Салықтың маңызы неде?
2) Салық қандай қызметтерді атқарады?
3) Салықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі?
4) Салық алудың қандай тәсілдері бар?
5) Алымдардың, төлемдердің, баждардың мәні не?